kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тиімді жоспарлау - нәтижелі сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепішілік семинар-тренингте сабақты жаңаша жоспарла, яғни 11 сынып қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ОМЖ және ҚМЖ жасау әдіс-тәсілдеріммен бөлістім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тиімді жоспарлау - нәтижелі сабақ»

Тиімді оқыту-нәтижелі сабақ

(Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қатысуымен семинар-практикум)



Мұғалім – қоғамдағы басты тұлға, себебі ол балаға білім мен тәрбие беруші. Білім мен тәрбиенің қалай берілуі – баланың кім және қандай болып өсуі, қалыптасуы сол алған білім мен тәрбиеге тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Мұғалімнің алдындағы әрбір бала – ертеңгі азамат.Олай болса, сол балаға берілетін білім мен тәрбие қандай мазмұнда жүргізілуі тиіс. Осы сұраққа еліміздің оқу жүйесінде болып жатқан өзгерістер, яғни ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы толық жауап бере алады деп ойлаймын. Бағдарламаның басты мақсаты мұғалімдерге сындарлы оқыту теориясын түсіндіру және жүзеге асыру.

Орта мерзімді жоспарды 9 - сынып, қазақ тілі пәні бойынша «Менің арман мектебім» тарауының 4 тізбектелген сабағына құрастырдым. Орта мерзімді жоспарлауды жасағанда әрбір сабақ мақсаты мен күтілетін нәтиже арасындағы байланыс болуын ескердім. Бағдарламаның 7 модуль идеяларының өзара ықпалдасуын жүзеге асыруға тырыстым, яғни оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай әдістер мен формативті бағалау түрлерін енгіздім, мақсатым - оқушыларды қалай оқу керектігін білетін, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе алатын, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптастыру.
Тараудың мақсатын оқушыларға білімді не үшін аламын, алған білімім өмірде қалай көмектеседі, мақсатқа жетер жолда білімнің маңызы қаншалықты деген сұрақтар төңірегінде ой салу үшін « Білім алудың адам өміріндегі маңыздылығын түсінуге жетелеу» деп алдым. Сол мақсатқа жету үшін жаңа сабақтарымды жоспарлағанда ең бірінші сабақта оқушы мен мұғалім арасында түсіністік аура қалыптастырып алуды ұйымдастырдым.Ол үшін «Жақсы сөз» деген әдісті пайдаландым. Әр жұп бір-біріне қарап, жақсы сөздер(комплимент) айтады, сондай-ақ мұғалім оқушыларға жақсы сөзін (Балалар, мен сендерді жақсы көрем, құрметтеймін) айтады. Осындай жұмыстар, шын мәнінде, сыныптағы қалыпты жағдайды оқушыларға серпіліс беретін, сабаққа деген ынтасын арттыратын жағдайға жетелейтініне көз жеткіздім.

Сабақтарымда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалануды мен мектебімізде деңгейлік курстардан өтіп келген мұғалімдердің сабақтарына қатысу барысында, үстіміздегі жылы республикалық «Жас ұлан» мектебі мен республикалық Педагогикалық Шеберлік Орталығы арасындағы меморандум негізінде мектебімізде өткен коучтар арқылы үйреніп, сабақтарыма енгізе бастаған болатынмын. Жаңа тәсілдер арқылы өтетін сабақтар оқушыларға оң әсер беретінін түсіндім. Атап айсам, оқушылардың барлығы сабаққа өз әлінше қатысады, топтық жұмыстарда өзіндік пікірін еркін ортаға салады, өзіне – өзі баға беруге дағдыланады. Бұл модульді мына әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырдым:«Сократтық семинар», «Ыстық орындық», «Сана аллеясы», әңгіме түрлері, пікірталастар, т.с.с.

Сабақтарымда әр оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін эссе жазғызу, топтық жұмыстар, постер қорғау, ой қозғау, «Қос шеңбер», «Сана аллеясы», «Сократтық семинар», «Стоп кадр», суреттерді сөйлету әдістерін қолдандым. Мысалы, «Менің арман мектебім» сабағында әуелі оқушыларға Алматы қаласындағы «Арыстан» әскери мектебінің тыныс-тіршілігін баян ететін бейнекөрсетілім көрсеттім. Содан соң оқушыларға өздері армандайтын болашақтағы әскери мектептің моделін жасауға және постер арқылы қорғауға тапсырма бердім. Топтық жұмысқа мынадай критерий қойдым: а) топтың әр мүшесі өз пікірін еркін айтуы ; ә)постерді қорғаған кезде топ мүшелерінің әрқайсысы қатысуы; б) тақырып мазмұнын ашу. Осы арқылы оқушыны алған ақпараты бойынша ой елегінен өткізіп, бірлесіп талдауға,ой тұжырым жасатуға талпындырдым. Мені қуанқаны оқушылардың топтық жұмысқа белсене қатысуы болды. Бұл белсенділікті мен қойылған критерийден деп топшыладым.

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша мен сабақтарымда «Жол стратегиясы», «Өмір шеңбері», «Бағдаршам», «Бас бармақ», мадақ сөздер айту әдістерін пайдаландым.Мысалы, тарауды қорытындылау сабағымда «Жол стратегиясы» әдісі арқылы грамматикалық тапсырмалар (Жалғаулар) бойынша оқушыларға тақырыпты қаншалықты меңгергендерін өздеріне бағалау жасаттым. Бұл әдістің тиімділігі оқушы өзі нені білмейтінін, қандай қателер жіберетінін анықтайды, сондай-ақ, анықталған кемшін тұстарын қайталау арқылы толықтыруға ықпалын тигізері сөзсіз.

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен талантты және дарынды балаларды оқыту модульдері бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Жалпы, бұл модульдерді өзім дәстүрлі оқытуда да қолданылатындықтан үнемі назарда ұстап, тапсырмаларды әр сыныпқа өз ерекшеліктеріне байланысты, талантты және дарынды оқушыларға арнайы тапсырмалар құрастырып отырамын. Мен тәжірибеге алған 9 «Б» сыныбында әр сабақты Блум токсономиясы бойынша өттім, соған қоса С деңгейдегі оқушыларға ( Полищук В. Ким А.Кенжебаев Д.) жеке тапсырмалар беріп отырдым.

Тапсырмаларды диалог-сұрақ, түрлі кестелер тұрғысында жүргіздім. Оқушыларға диалог әдісін пайдалана отырып, әр деңгейдегі сұрақтарды қою арқылы сөйлету тақырып бойынша өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіншілік беретініне көз жеткіздім. Сондай-ақ А деңгейдегі оқушылар (Архаров Н, Пазылов Ж, Серікбек Е) мәтін бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды орындауда («Стоп кадр» әдісімен суреттегі ойды түйіндеп айту) Блум токсономиясының анализ, синтез жасау деңгейіне жетті.

Мысалы «Өлеңді сөйлету» әдісі бойынша Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңіндегі ұлы ұстаз өсиеттерінің мәнін ашты. Серікбек Ерсін өлеңмен ой түйіндеді.

Ұлы ұстаз өсиетін ұстанамын,

Мен қалай арда сөзден тыс қаламын.

Білім менен тәлімді берік ұстап,

Солай мен өмірімнен бақ табамын.

Оқытуды басқару және көшбасшылық модулі бойынша сабақ процесінде өз-өзінен көшбасшылық қабілеті бар оқушылар іріктеледі. Өткізілетін топтық жұмыстарда көшбасшыларды ауыстырып отырдым. Топ жетекшісін енжарлық танытатын балалардың қарсылығына қарамай (Сенің қолыңнан келеді, топ мүшелерін бағалайсың деп) сайлап қойдым. Көшбасшы болу оларға айтарлықтай жауапкершілікті сезіндіргенін, соған байланысты едәуір белсенділік танытанын байқадым, бағалауда шынайылық танытқанына риза болдым. Бұдан шығатын қоры тынды - егер балаға сенім артсаң, олардың жауапкершілігі мен оқуға қызығушылығы, белсенділігі артатынына көз жеткіздім.



9 Б сыныбында қазақ тілінен «Менің арман мектебім» деп аталатын тараудың бір сабағына мынадай қысқа мерзімді жоспар құрдым. Сабақтың тиімді жоспарлануы, біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, . екіншіден, әр оқушының қарапайымнан күрделі тапсырмаларға көтерілуіне толық жағдай жасауға септігін тигізеді. Төменде «Мектептің жаны - мұғалім» деген сабақтың қысқа мерзімді жоспары беріліп отыр.

«Мектептің жаны-мұғалім» атты сабағымдағы оқу мақсатын «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген мақалдың мәнін түсіндіру деп алдым, мақсатым – оқушыларға берік ұстанымы бар адамның мақсатқа жету мүмкіншілгі жоғары деген ой тастау.

Осы сабақтан мен мынадай нәтиже күттім: Барлық оқушылар: Ұстаз туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен ұстаным деген маңызды қасиет туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Ұстаным туралы ой тұжырым жасайды. Кейбір оқушылар: Өз ұстанымдарының қалыптасуы туралы қорытынды жасайды.

Сабақты сыныпта жақсы ахуал туғызып алудан бастадым . Ол үшін доп лақтыру әдісі арқылы «Жанымда жүр жақсы адам» деген ойын ойнаттым. Допты алған оқушы өзінің ең жақсы көретін адамының атын атайды, ол адам мұғалімі, ата-анасы не жанына ізгі қасиетімен жақын адам болуы мүмкін екенін ескерттім. Мұндағы ойым, бала ойында ізгі қасиетімен есте қалған адамдары туралы естеріне түсіру де болды. Ойынды өзім бастадым, ұстаз болуыма тікелей әсер еткен сүйікті апайымды атадым ( Ол жайлы бір-екі ауыз айтып та бердім). Жақсы көретін адамды еске түсіру оқушылардың көңіл-күйін көтергені байқалды.

Үй тапсырмасын сұрауға «Сана аллеясы» әдісін пайдаландым. Оқушылар ұстаздар туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтты, қайтар жолда аллея ортасындағы оқушы мақалдарды қайталайды. (үйге берілген тапсырма ұстаздар туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жаттап келу болатын).

Сабақтың мақсатын айқындау барысында ұстаным сөзінің синонимін тапқыздым. Балалар іркіліп қалды. Орысшаға аударма жасағанда мағынасын түсінді.

«Менің досым» атты болған оқиға айтып бердім. Айтылған әңгіме бойынша пікірлерін айтқыздым. Пікірталасқа оқушыларды түгел қатыстыруды көздеп, «Ақылды таяқша» әдісін қолдандым. Әр таяқшада оқушының аты жазылған, пікірін айқанда таяқша қораптан шығарылады.

Оқушылар өз ұстанымдарына әсер еткен кісілер туралы айтты, эссе жазып келейікші деп өтінгендер де болды, бұған қуандым.

Сергіту сәтін өткіздім, ----оқушылар түстерді таңдады, таңдаған түстері бойынша мінез-құлығындағы ерекшеліктерін оқып бердім.

Түстер бойынша сынып екі топқа бөлініп, «Ұстазымның жақсы қасиеттері» деген сызбаны толтырды және «Қос шеңбер»әдісі бойынша бір-біріне айтып берді. Бұл жұмысты орындау барысында, біріншіден, балалар адам бойындағы асыл қасиеттер туралы жан-жақты талқылау арқылы өз бойындағы жағымсыз қасиеттері болса, соны тани білді. Екіншіден ұстаздардың еңбегін бағалады, оларға деген құрметі артты деп ойлаймын, себебі, «Ұстазым, менің ұстазым» атты сабақты қорытындылау кезінде оқушылар сүйікті ұстаздарына арнап керемет тілектер жазды. Жылы лебіздері жүректерінен шыққаны сезіліп тұрды.

Қорыта айтарым, «Тиімді оқыту мен оқу» курсы менің жұмыс жасау жүйеме елеулі өзгерістер ендірді, шығармашылық жұмыс жасауға итермеледі. Курстың негізінде өзімнің ұстаздық жолыма сыни көзбен қарауға, сабақты жаңашыл ұйымдастыруға жетеледі.


Орта мерзімді жоспар

Тараудың жалпы оқу мақсаты

Білім алудың адам өміріндегі маңыздылығын түсінуге жетелеу

р/с

Сабақ

тың тақы

рыбы

Оқудың негізгі мақса

ты

Оқу нәтижелері

Белсенді оқытуда қолданыла

тын әдіс-тәсілдер

Бағалау, оқыту үшін бағалау

Барлық оқушылармен жұмыс

Тапсырма

лары

Ресурстар

1

Менің арман мекте

бім

Оқушыларға болашақтағы әскери мектеп

тің моделін жасату

Оқушы өзі армандай

тын әскери мектеп туралы айтады;

Оның артықшы

лығын, тигізетін пайдасын дәлелдейді.



Эссе,

«Зерттеушілік әңгіме», постер қорғау

Мадақтау сөздер, бағалау парақша

лары

(топтық жұмысты бағалау критерилері)

ЖК: -Постердің мазмұны;

Мақсатқа сәйкестігі;


А. Өзі армандай

тын әскери мектеп туралы айтады;

В.Оның артықшы

лығын, тигізетін пайдасын дәлелдейді

Сөйлем

дерден жалғаулық шылауларды табады.

С.Өз арманындағы болашақтағы әскери мектептің моделін жасайды. Жалғаулық шылауларды қатыстырып мәтін құрайды.

АҚТ,

Плакат

тар

маркер

лер

Бағалау парақша

лары

2

Мектеп

тің жаны – мұғалім

Оқушы

ның арман мектебі

нің мұғалімі

нің образын жасату

Ұстаз туралы нақылдардың мағынасын ашады, қорытынды жасайды;

Арман-мұғалімнің образын жасайды,мұғалімді құрмет тұтады;

Етістіктің шақтарын меңгереді



«Ой қозғау»,

«Қос шеңбер»,

«Топтық жұмыс», «Сана алеясы», «Ақылды таяқша», «Бес жолды өлең»


Мадақ сөздер айту,

«Дос бағасы», «Бағдар

шам»


А. Ұстаз туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен ұстаным деген маңызды қасиет туралы біледі.

В. Ұстаным туралы ой тұжырым жасайды.

С.Өз ұстанымдарының қалыптасуы туралы қорытынды жасайды.

Түрлі-түсті қағаздар

Стикер

лер, әңгіме, таяқша

лар, оқулық

3

Білімнің іздеп пайда

сын...

Білім алудың өмірлік жетістіктер

ге апаратын баспалдақ екенін түсіндіру

Білім деген сөзге өздерінше сипаттама береді.Оқу-білімнің пайдасын нақыл сөздердің мағынасын аша отырып түсінеді.Өмірлік мақсаттарын саралайды;


«Ыстық орындық»,«Ой шақыру», «Өмір шеңбері»

Өзін-өзі бағалау

А. Білім деген сөзге өздерінше сипаттама береді.Оқу-білімнің пайдасын нақыл сөздердің мағынасын аша отырып түсінеді.

В.Өмірлік мақсаттарын саралайды; мәтін бойынша сыни тұрғыдан пікір білдіре алады;

С. Стильдік ерекшелігіне сай мәтін құрастырады, өлең жазады.Өлеңдегі ойды ашу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.

Сөздікпен жұмыс. Жұптық жұмыс жасайды.

Диалог-сұрақ.

Мәтін құрастырады немесе өлең жазып көреді.

Оқулық

Мәтін

дер, қима парақ

тар, маркер

лер

4

Қандай шәкірт болуымыз керек?

Оқушыларға жақсы шәкірт болу жолда

рын жүйелету

Оқушы өзіне сын көзбен қарауға, өзінің әр ісіне есеп беріп жүруге үйренеді.

Мақсаты мен ұстанымы айқын оқушы ең жақсы оқушы екенін түсінеді

«Саяхатқа шығу», «Стоп кадр», «Кері байланыс»


«Жол стра

тегиясы»

А. Оқушы өзіне сын көзбен қарауға, өзінің әр әсіне есеп беріп жүруге үйренеді.

В. Мақсаты мен ұстанымы айқын оқушы ең жақсы оқушы екенін түсіндіреді

С. Жақсы шәкірттің ұстазына деген ыстық лебізін ән-жыр арқылы білдіреді.



















Күні:18.05.2016ж

Мұғалім: Түменбай Ұлдана Ералықызы

Сынып: 9

Қатысқандар саны : Қатыспағандар -саны:17

Сабақтың тақырыбы

Мектептің жаны - мұғалім

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Оқушының арман мектебінің мұғалімінің образын жасату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ұстаз туралы мақал-

мәтелдер, нақыл сөздер мен ұстаным деген маңызды қасиет туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Ұстаным туралы ой тұжырым жасайды.

Кейбір оқушылар: Өз ұстанымдарының қалыптасуы туралы қорытынды жасайды.

Тілдік мақсат

Істей алады.

Ұстаз туралы нақылдардың мағынасын ашады, қорытынды жасайды;

Арман-мұғалімнің образын жасайды,мұғалімді құрмет тұтады.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Әл-Фараби, Абай, Ы.Алтынсарин,Мұғалім-мектептің жүрегі, Ұстаз-ұлы есім.


Сабақта айтылатын ең түйінді сөйлем(диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Ұстаз болу- өзінің бағытын аялау, өз уақытын аямау.


Талқылауға арналғаан тапсырмалар:

Ұстаз туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру, қима қағаздармен,сөздікпен жұмыс, тест, әңгімелеу.

Сабақта қойылатын сұрақтар:

Баланың арманы қандай, ол арманы қалай қалыптасты? Оның арманына жетуге көмектескен қандай күш?

А.Байтұрсынов мектептің жанын неге мұғалім деп санады екен?

Сен мұғалімнің ең асыл қасиетіне нені жатқызар едің?

Оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы ой тұжырымдау, мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

Сөйлесім: топтық жұмыстағы сұхбатқа


Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;


қатысу. Диалог-сұрақ.

Жазылым: Өз ұстанымдарының қалыптасуы туралы қорытындысын өлең, тілек, құттықтау сөз түрінде жазады.



Алдыңғы оқу

Менің арман мектебім

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар, жұмыстар

Ресурстар

Басталуы


Ұйымдастыру(2 мин).Оқушыларды түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау ( 10мин).

Ұстаздар туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтқызу. «Сана алеясы»


Сынып ережесі,тәртіп дәптері

Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Ортасы




1.Миға шабуыл. «Менің досым» деген әңгіме айтып беру. (2мин)

Айтылған әңгімедегі негізгі ой-ұстаным туралы әңгіме-дүкен құру(4 мин). «Ақылды таяқша»

Сыныпты топқа бөлу(түстер арқылы) (1мин).

2.Қызығушылықты ояту.Сергіту сәті(түстер бойынша мінез-құлық ажырату).2 мин

3. «Адам бойындағы қасиеттер» сызбасымен жұмыс «Қос шеңбер»(13мин)

4.«Ұстазым, менің ұстазым!» Сүйікті ұстазына арнау, тілек немесе құттықтау сөз жазады. (4мин)

Әңгіме

Оқулық, таяқшалар, түрлі-түсті қағаздар.







«Адам бойындағы қасиеттер» сызбасы

Аяқталуы

Кері байланыс . Бір-бірінің жұмысына пікір айту.(6мин)

Бағдаршам әдісі бойынша бағалау.(2мин)

Үйге тапсырма беру (1мин).

Білім-ғылым,ұстаз тақырыбына мақалдар, нақылдар жаттау

Стикерлер

Рефлекция

Оқушыларым ұстаздардың еңбегін бағалайды, құрмет тұтады (егер оны лайықты деп тапса).

Топтық жұмыста балаларды толық қатыстыру үшін «Ақылды таяқша» әдісін қолданғаным сәтті болды

Оқушылар тілек, құттықтау сөз жазғанда ауызекі сөйлеу стилінен аса алмайтыны қынжылтады, сондай-ақ, оқушыларды уақытпен санасып жұмыс жасауға, әділ бағалауға дағдыландыру керек.

Мен өз дағдымда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануды іске асырып жатырмын.









ҚР ҚК Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі







СЕМИНАР-КОУЧ



Тақырыбы:

Тиімді жоспарлау – нәтижелі сабақ





Дайындаған : Ұ.Е.Түменбай.



Шымкент

2016жыл












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тиімді жоспарлау - нәтижелі сабақ

Автор: Түменбай Ұлдана Ералықызы

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377616

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Конспект по теме " Мектепте т?лімгерлік ж?мыс ж?ргізуді? тиімділігі " "
    ["seo_title"] => string(78) "konspiekt-po-tiemie-miektieptie-t-limghierlik-zhu-mys-zhurghizudin-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "202549"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429276334"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "Балаларды? байланыстырып с?йлеуін дамытуда тиімді ?діс – т?сілдерді пайдалану "
    ["seo_title"] => string(76) "balalardyn-bailanystyryp-soilieuin-damytuda-tiimdi-dis-t-sildierdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "173024"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423918044"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫ? ТАРИХ П?НІН О?ЫТУДА?Ы ТИІМДІЛІГІ."
    ["seo_title"] => string(65) "synturgysynanoilautiekhnologiiasynyntarikhpninokytudagytiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "271753"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451754256"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "БИОЛОГИЯ САБА?ЫНДА А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? А?ПАРАТТЫ? ??ЗІРЕТТІЛІГІН ?АЛЫПТАСТЫРУ "
    ["seo_title"] => string(127) "biologiia-sabag-ynda-ak-parattyk-tiekhnologiialardy-paidalanu-ark-yly-ok-ushylardyn-ak-parattyk-k-u-ziriettiligin-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "191556"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427322499"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?аза? тілінен саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(30) "k-azak-tilinien-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "166329"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422950264"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства