kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаларды? байланыстырып с?йлеуін дамытуда тиімді ?діс – т?сілдерді пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды? байланыстырып с?йлеуін дамытуда тиімді ?діс – т?сілдерді пайдалану

?апанова ?арлы?аш ?апан?ызы

                                                                             Ша?ын топ т?рбиешісі

              Жоспары:

    Кіріспе б?лім:

І.      Байланыстырып  с?йлеуін  дамытуда  тиімді  ?діс – т?сілдерді 

         пайдалануды?   т?рбиелік   м?ні.

    Негізгі б?лім:

І. 1. Тиімді - ?діс т?сілдері  пайдалана  отырып,  саба?тар да  балаларды?   

        байланыстырып     с?йлеуін  дамыту  жолдары.

 

 ІІ. 2. Балаларды?  байланыстырып  с?йлеуін  дамытуда  -    монологты?

          ж?не   диалогты?     с?йлесуді?   алар    орны.

 

ІІІ. 3. Сахналы?   ?ойылымдар   ар?ылы   ж?ргізілген   ж?мыстар.

 

   ?орытынды б?лім:

       І.  Т?рбиеші  е?бегі  -   н?тижелі  ж?мысымен  к?рінер.

        Б?гінгі та?да елімізді? білім беру ж?йесінде о?ыту ?рдісін ты? жа?алы?тар?а негізделген жа?а мазм?нмен ?амтамасыз ету міндеті т?р. Соны? бірі – ?о?амды?-саяси ?мірге белсенді араласу?а ?абілетті, ?зіндік пікірін ауызша ж?не жазба т?рде тияна?ты, аны?, ж?йелі жеткізе алатын жеке т?л?аны ?алыптастыру.

       ?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасында «бастауыш мектепті? мазм?ны баланы? жеке т?л?асын ?алыптастыру?а, жеке ?абілетін ашу?а ж?не дамыту?а ба?ытталып, оны? ?арапайым тілдік ?арым-?атынас т?жірибесін, шы?армашылы?пен ?зін-?зі к?рсетуін ?алыптастыру ?ажеттігі» к?рсетілді.

        Ол заман талабына орай барлы? мектеп жасына дейінгі балаларды жалпы?а бірдей міндетті мектепке дейінгі т?рбие ж?не біліммен ?амтамасыз ету болып табылады.    Осы орайда мектепке дейінгі ?йымдарды? негізгі ма?саты мен міндеттері б?гінгі ?о?ам м?ддесіне лайы?ты, жан-жа?ты жетілген, бойында ?лтты? сана мен психология ?алыптас?ан парасатты азамат т?рбиелеп ?сіру.  Заман ?ой?ан б?л міндеттерді ?з м?нінде шешу мектепке дейінгі т?рбие мен білім беру мазм?нын т?бегейлі жа?арту кезек к?ттірмейтін м?селе.   Бізді? экономикалы? ж?не ?о?амды? жа?ару с?раныстарына с?йкес келетін ?азіргі заман?ы білім беру ж?йесі ?ажет.      Осы ма?сат?а жеткізетін сара жолды? бірі ша?ын топта да о?у-т?рбие ж?мысын жа?аша ?йымдастырып ж?ргізу.   Ша?ын топ?а келген де  балаларды? тіліні? дамуында жеке ерекшеліктер бай?ала бастайды, олар балаларды? с?здік ?оры, байланыстыру ж?не грамматикалы? сауаттылы?, шы?армашылы? с?йлеу ?абілеттері жа?ынан айырмашылы?тары  ай?ын к?рінеді. Б?ндай айырмашылы?тарды балаларды? с?здік ?орларыны? де?гейлері ар?ылы аны?тау?а болады. 

Т?менгі де?гей. Бала ?ыс?а хабарламаларда, ??гімелегенде, ертегі, ??гімелер ??растыр?анда ?иналады, мазм?нды?, логикалы? ж?не грамматикалы? ?ателер жібереді. Монологты? с?йлеуде ?иналады, диалогты? с?йлесуде белсенділік, ?зіндік м?нер танытпайды, ??рбыларыны? ??гімелерін ?айталайды, дайын ?лгілерді ?олданады. Дыбыстарды айтуда ?ателіктер жібереді. С?здері аны?, м?нерлі емес.

Орташа де?гей. Бала ?ыс?а хабарлама, ??гіме, ертегілер ??растыру?а ?ызы?ушылы? танытады, грамматикалы?, логикалы? ?ателер жіберсе, ?зі ж?ндеуге тырысады. С?йлескенде белсенділік танытады, с?здік ?оры жа?сы, м?нерлеу ??ралдарын ?р?ашан ?олдана бермейді. С?здері таза, д?рыс, дегенмен, кейбір дыбыстарды айт?анда, с?здік екпіндерде ?ателер жібереді.

Жо?ар?ы де?гей. Баланы? с?здік ?оры жа?сы. ?ыс?а хабарламалар, ??гіме, ертегілер ойдан ??растыр?анда сипаттау, баяндау т?різді композициялы? за?дылы?тарды ?олданады. ?р т?рлі тілдік ??ралдарды ?олдана біледі, монологты? ж?не диалогты? с?йлесуді грамматикалы? д?рыс ??рады, с?здік ?оры мол, м?нерлі с?йлеу ??ралдарын ?олдануда белсенді. ?зіні? с?йлеудегі ?ателерін таба алады, оны т?зетуге тырысады.

Ша?ын топта  т?рбиелеу мен о?ыту?а к?шуіне байланысты, балаларды? с?йлеу дайынды?ына баса назар аударылады. Ол ?шін белгілі бір ?дістемелік ?діс-т?сілдерді ?олдана отырып, балаларды? тіліні? дамуын ж?йелі т?рде зерттеп отыру керек.

Ша?ын топта?ы тіл дамыту ж?мыстарыны? д?рыс ?йымдастырылып, жол?а ?ойылуы т?рбиешіні? топта?ы барлы? балаларды? тіліні? даму ерекшеліктерін білуімен ты?ыз байланысты. Б?л т?рбиешіні? ж?мысын д?рыс жоспарлау?а, балаларды? материалдарды ме?геруіне байланысты т?зету ж?мыстарын ж?ргізуіне жа?дай жасайды. Балаларды та?дау ар?ылы зерттеу т?рбиешіге балаларды? материалдарды ме?геру д?режесін ба?ылау?а, жекелеген ?дістемелік т?сілдерді?, дидактикалы? ойындарды?, жатты?уларды? тиімділігін аны?тау?а м?мкіндік береді .

Жан-жа?ты, жекелей зерттеулер баланы? тіліні? даму де?гейін д?лірек аны?тау?а м?мкіндік береді, біра? к?п уа?ыт ж?мсауды ?ажет етеді. Уа?ытты ?немдеу ма?сатында та?дау ар?ылы зерттеумен ?атар, с?йлеуді? ?р т?рлі тарауларын ме?геруін аны?тау?а м?мкіндік беретіндей біріктірілген тапсырмаларды ?олдану?а болады. Мысалы:  баланы? к?ркем ?дебиетті білуін аны?тау барысында, о?ан ?андай да бір ертегіні ??гімелеу (немесе ?ле? о?у) тапсырылады, т?рбиеші бір мезгілде дыбыстырды айтуын, дауыс ыр?а?ын, дауыс аппаратымен ж?мыс істей білуін белгілеп отырады. Бала сурет бойынша ??гіме ??растыру барысында (байланыстыра с?йлеу дамуын ай?ындау) т?рбиеші ?андай с?йлемдер ?олданатынды?ына (с?йлеуді? синтаксистік жа?ыны? ?алыптасуын аны?тау), ?андай лексикалы? ??ралдар пайдаланатынды?ына (с?здік ?орын аны?тау), ?андай дыбыстарды таза айтып, ?андайын айтуда ?иналатынды?ына назар аударады.

        Балаларды? тіліні? даму де?гейін аны?тау ?шін о?у-т?рбие ж?мыстарында ж?не к?нделікті ?мірде ж?ргізілетін арнайы ба?ылауларды? ма?ызы зор. Т?рбиеші белгілі бір уа?ыт аралы?ында тек ба?ылау ?ана ж?ргізбейді, бала тіліні? кемшіліктері мен ба?дарламалы? материалдарды ме?геруіндегі ал?а басуларын, грамматикалы? нысандарын ме?геруін де аны?тап отырады.                                                      

Балаларды? с?йлеуін зерттеу ма?сатында ?олданылатын т?мендегі материалдар балаларды? с?здік ?арым-?атынасыны? ?алыптасу де?гейін (?арым-?атынас м?дениеті) та?айындау?а, с?йлеуді ж?зеге асыру ж?не оны ?абылдау да?дыларын, лексикалы? ?орын, ??гімелей білуін аны?тау?а ба?ыттал?ан ?р т?рлі тапсырмалардан т?рады.

         Балалармен с?йлеуді? екі т?рін дамытуды жал?астыру диалогты ж?не монологты. К?ркем шы?армаларды мазм?ндау, суретке ж?не ойыншы?тар?а ?арап баяндау ??гімелерін ??растыру.  Ойдан ертегі ??растыру, ?иялдау, елестету да?дыларын дамыту. Т?рбиеші балаларды? тілі дамуыны? де?гейіне байланысты белгілі бір міндеттерге то?талады. Грамматикалы? норма?а сай с?йлеуін ?алыптастыру. К?рделі с?йлемдермен с?йлеуін жеделдету.  Лексикасыны? сапалы? жа?ын дамыту. К?нделікті о?у-т?рбие барысында, жа?а с?з ?йрету, зейін, ?абылдау ?абілеттерін  жетілдіріп  отыру  ?ажет. Ж?йелі ж?ргізілген  ж?мыстар  н?тежиесінде:

1.     Т?рлі заттар  туралы т?сініктері  ке?ейіп , оларды? т?р –т?сі , к?лемі, 

     пішіні   туралы  белсенді с?здермен  с?здік ?орлары молаяды.

2.  Антоним ,синоним с?здерді д?рыс айта білуге ?йренеді.

3.  Жалпы ??ым беретін –адам, отбасы, ?й жануарлары, ыдыс- ая?, та?ам,

    ??с,   а? т .б . с?здерді?  ма?ынасын т?сініп , д?рыс айту?а ?йренеді.

4.     Ертегі, ??гімелерді? мазм?нын ж?йелі , ?з ой-?иялы  бойынша айта

     білуге   ?йренеді.

5.     ?з ойынша  ??гіме ??рау?а ,??гімені ая?тау?а, логикалы?

байланыстыра   ??гімелеуге ?йренеді.

6. Монологты с?йлеуді? 2 т?рін   ??гімелеу ж?не ?айталап  айтып беру

   ж?не  диалогты с?йлесуді бір – біріні? с?зін к?тіп , ты?дай білуге

   ?йренеді.

Мен балаларды? жекелеген дыбыстарды  д?рыс айтып, толы? с?йлем ??рап, байланыстыра с?йлеу да?дыларын  жетілдіруде ашы? саба?тар, дидактикалы? тапсырмалар  мен  тілдік жатты?улар , ертегіден ?ойылымдар, ж?мба?, жа?ылытпаш, ма?ал –м?тел, ?ле?-та?па?тар, ойын  ?рекеттерін  тіл дамыту саба?ында ?ана емес, жекелеген ж?мыс т?рлері ар?ылы да, к?нделікті жоспарлы,  ж?ргізіп отырамын.

Сурет бойынша ??гіме балаларды? байланыстыра с?йлей білуімен ?атар с?здік ?орыны? молаюына ?сер етеді

      Мен  балалармен с?здік ж?мысын ж?ргізе отырып, оларды айналасында?ы заттармен таныстырып, атын атай білуге, ?асиеті мен сапасын, т?р-т?сі ж?не пішінін ажырата білуге, ?мірдегі, ?орша?ан ортада?ы т?рлі ??былыстар жайында?ы ??ым, т?сініктерін дамыта отырып, белсенді т?рде тілдік ?арым-?атынас жасай білуге ?йретемін.

      Ша?ын топта  балаларды? с?здік ?орларын дамыту ісінде т?рбиешіні?:

- балаларды? с?здік ?орларын  молайту;

- жа?а с?здерді ме?герту;

- байланыстырып с?йлеуін дамыту;

- ?йренген с?здерін тияна?тап, аны?тап, ?рі байытып отыру басты міндет саналады.

     Осы атал?ан міндеттерді т?рбиеші ?немі с?здік ж?мысын ж?ргізуде басшылы??а алып отыруы тиіс. Балаларды?  байланыстырып с?йлеуін дамытуда ойын, тапсырма, жатты?уларды? орны ерекше.   Соны? ішінде ойын – баланы? шын тіршілігі.  Ойын ар?ылы бала айналасында?ы н?рседен ?зіне ?ызы?тысына ы?ыласы ауып, та?дап алады. Баланы? бір ерекше ?асиеті с?йлеуден еш жалы?пайды. Ойын бала тіліні? дамуына ы?палын тигізіп, таным белсенділігіні? дамуына жол ашады. ?ай бала болмасын ойынмен ?седі, ?йткені бала таби?атыны? ?зі тек ойынмен байланысты. Ойын ?стінде бала еш н?рсеге т?уелсіз. Ол ?зін еркін ?стайды. Ал еркіндік дегеніміз барлы? дамуды? баспалда?ы, б?рін білуге деген талпынысы мен ??лшынысы. Баланы? білуге деген ??штарлы?ы, с?йлеуі ойын ?стінде ?алыптасады.

        Сонымен ?атар ойын барысында бала ?лкендермен, ?з ??рбыларымен ?арым-?атынас жасайды. ?р бала ?з жетістігіне ?уанып, м?з болады. Сонды?тан да ойын-тапсырмаларды та?дауда ж?не іріктеуде балаларды? жас ж?не жеке ерекшелігін ескерген ж?н.

         Т?рбиеші балалармен ойынды (заттармен, ?стел ?сті ж?не с?здік ойын) ?ш т?рлі етіп ?ткізуіне болады.

       Заттармен ойналатын ойын ойыншы?тарды, таби?и заттарды ?олдану ар?ылы ?тіледі. Мысалы: «Д?л осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «?ай а?ашты? жапыра?ы», «Бірдей ойыншы?ты тап», «?айсысы к?п, ?айсысы аз», т.б.

       ?стел ?сті ойынын ?йымдастыруда домино, лото, суреттер ?олданылады. Мысалы: «Суретті ??растыр», «?андай зат?а ??сайды?», «?ай сурет ты?ылды?», «Бір с?збен ата», «Кім бай?а?ыш», «?иыл?ан суреттер», «??сасын тап», «4-ші не арты??», «Есі?де са?та».

        Ал с?здік ойын ар?ылы с?зді орынды ?олдана білуге, д?рыс жауап айту?а, с?з ма?ынасын т?сінуге, орынды с?йлеуге ?йренеді. Мысалы«С?з ойла», «С?з ??ра», «Ж?мба? ойла», «Жа?сы-жаман», «Жал?астыр», «?ш с?з ата».

        Сонымен ?атар балаларды?  байланыстырып с?йлеуін дамыту ж?мысына ойындарды ?олданумен ?атар, «Пішіндер к?рмесі», «?рнекті есі?де са?та», «?иын жолдар», «Суретті жал?астыр», «Биші адамдар», «К??ілді тая?шалар» т?різді жатты?у тапсырмаларды да пайдаланып отыру ?з н?тижесін берді. Б?л атал?ан жатты?у, тапсырмалар балаларды?  байланыстыра с?йлеуін  дамыта отырып, таным белсенділіктерін ж?не сауса? б?лшы? етін дамытады.

        Сонымен балаларды? с?здік ?орларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жатты?уларды ?олдану ?лкен н?тиже береді. Ойын ар?ылы балаларды? с?здік ?оры дамып, ауызша с?йлеу машы?ын игереді, таным белсенділіктері  ?алыптаса т?сіп, а?ыл-ойы ?сіп жетіледі, ?рі адамгершілік ?асиеттер бойына сі?іреді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаларды? байланыстырып с?йлеуін дамытуда тиімді ?діс – т?сілдерді пайдалану »

Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану

Қапанова Қарлығаш Қапанқызы

Шағын топ тәрбиешісі

Жоспары:

Кіріспе бөлім:

І. Байланыстырып сөйлеуін дамытуда тиімді әдіс – тәсілдерді

пайдаланудың тәрбиелік мәні.

Негізгі бөлім:

І. 1. Тиімді - әдіс тәсілдері пайдалана отырып, сабақтар да балалардың

байланыстырып сөйлеуін дамыту жолдары.



ІІ. 2. Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда - монологтық

және диалогтық сөйлесудің алар орны.



ІІІ. 3. Сахналық қойылымдар арқылы жүргізілген жұмыстар.



Қорытынды бөлім:

І. Тәрбиеші еңбегі - нәтижелі жұмысымен көрінер.

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің мазмұны баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.

Ол заман талабына орай барлық мектеп жасына дейінгі балаларды жалпыға бірдей міндетті мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі мақсаты мен міндеттері бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру. Заман қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту кезек күттірмейтін мәселе. Біздің экономикалық және қоғамдық жаңару сұраныстарына сәйкес келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет. Осы мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі шағын топта да оқу-тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастырып жүргізу. Шағын топқа келген де балалардың тілінің дамуында жеке ерекшеліктер байқала бастайды, олар балалардың сөздік қоры, байланыстыру және грамматикалық сауаттылық, шығармашылық сөйлеу қабілеттері жағынан айырмашылықтары айқын көрінеді. Бұндай айырмашылықтарды балалардың сөздік қорларының деңгейлері арқылы анықтауға болады.

Төменгі деңгей. Бала қысқа хабарламаларда, әңгімелегенде, ертегі, әңгімелер құрастырғанда қиналады, мазмұндық, логикалық және грамматикалық қателер жібереді. Монологтық сөйлеуде қиналады, диалогтық сөйлесуде белсенділік, өзіндік мәнер танытпайды, құрбыларының әңгімелерін қайталайды, дайын үлгілерді қолданады. Дыбыстарды айтуда қателіктер жібереді. Сөздері анық, мәнерлі емес.

Орташа деңгей. Бала қысқа хабарлама, әңгіме, ертегілер құрастыруға қызығушылық танытады, грамматикалық, логикалық қателер жіберсе, өзі жөндеуге тырысады. Сөйлескенде белсенділік танытады, сөздік қоры жақсы, мәнерлеу құралдарын әрқашан қолдана бермейді. Сөздері таза, дұрыс, дегенмен, кейбір дыбыстарды айтқанда, сөздік екпіндерде қателер жібереді.

Жоғарғы деңгей. Баланың сөздік қоры жақсы. Қысқа хабарламалар, әңгіме, ертегілер ойдан құрастырғанда сипаттау, баяндау тәрізді композициялық заңдылықтарды қолданады. Әр түрлі тілдік құралдарды қолдана біледі, монологтық және диалогтық сөйлесуді грамматикалық дұрыс құрады, сөздік қоры мол, мәнерлі сөйлеу құралдарын қолдануда белсенді. Өзінің сөйлеудегі қателерін таба алады, оны түзетуге тырысады.

Шағын топта тәрбиелеу мен оқытуға көшуіне байланысты, балалардың сөйлеу дайындығына баса назар аударылады. Ол үшін белгілі бір әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілінің дамуын жүйелі түрде зерттеп отыру керек.

Шағын топтағы тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, жолға қойылуы тәрбиешінің топтағы барлық балалардың тілінің даму ерекшеліктерін білуімен тығыз байланысты. Бұл тәрбиешінің жұмысын дұрыс жоспарлауға, балалардың материалдарды меңгеруіне байланысты түзету жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасайды. Балаларды таңдау арқылы зерттеу тәрбиешіге балалардың материалдарды меңгеру дәрежесін бақылауға, жекелеген әдістемелік тәсілдердің, дидактикалық ойындардың, жаттығулардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді .

Жан-жақты, жекелей зерттеулер баланың тілінің даму деңгейін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді, бірақ көп уақыт жұмсауды қажет етеді. Уақытты үнемдеу мақсатында таңдау арқылы зерттеумен қатар, сөйлеудің әр түрлі тарауларын меңгеруін анықтауға мүмкіндік беретіндей біріктірілген тапсырмаларды қолдануға болады. Мысалы: баланың көркем әдебиетті білуін анықтау барысында, оған қандай да бір ертегіні әңгімелеу (немесе өлең оқу) тапсырылады, тәрбиеші бір мезгілде дыбыстырды айтуын, дауыс ырғағын, дауыс аппаратымен жұмыс істей білуін белгілеп отырады. Бала сурет бойынша әңгіме құрастыру барысында (байланыстыра сөйлеу дамуын айқындау) тәрбиеші қандай сөйлемдер қолданатындығына (сөйлеудің синтаксистік жағының қалыптасуын анықтау), қандай лексикалық құралдар пайдаланатындығына (сөздік қорын анықтау), қандай дыбыстарды таза айтып, қандайын айтуда қиналатындығына назар аударады.

Балалардың тілінің даму деңгейін анықтау үшін оқу-тәрбие жұмыстарында және күнделікті өмірде жүргізілетін арнайы бақылаулардың маңызы зор. Тәрбиеші белгілі бір уақыт аралығында тек бақылау ғана жүргізбейді, бала тілінің кемшіліктері мен бағдарламалық материалдарды меңгеруіндегі алға басуларын, грамматикалық нысандарын меңгеруін де анықтап отырады.

Балалардың сөйлеуін зерттеу мақсатында қолданылатын төмендегі материалдар балалардың сөздік қарым-қатынасының қалыптасу деңгейін (қарым-қатынас мәдениеті) тағайындауға, сөйлеуді жүзеге асыру және оны қабылдау дағдыларын, лексикалық қорын, әңгімелей білуін анықтауға бағытталған әр түрлі тапсырмалардан тұрады.

Балалармен сөйлеудің екі түрін дамытуды жалғастыру диалогты және монологты. Көркем шығармаларды мазмұндау, суретке және ойыншықтарға қарап баяндау әңгімелерін құрастыру. Ойдан ертегі құрастыру, қиялдау, елестету дағдыларын дамыту. Тәрбиеші балалардың тілі дамуының деңгейіне байланысты белгілі бір міндеттерге тоқталады. Грамматикалық нормаға сай сөйлеуін қалыптастыру. Күрделі сөйлемдермен сөйлеуін жеделдету. Лексикасының сапалық жағын дамыту. Күнделікті оқу-тәрбие барысында, жаңа сөз үйрету, зейін, қабылдау қабілеттерін жетілдіріп отыру қажет. Жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтежиесінде:

  1. Түрлі заттар туралы түсініктері кеңейіп , олардың түр –түсі , көлемі,

пішіні туралы белсенді сөздермен сөздік қорлары молаяды.

2. Антоним ,синоним сөздерді дұрыс айта білуге үйренеді.

3. Жалпы ұғым беретін –адам, отбасы, үй жануарлары, ыдыс- аяқ, тағам,

құс, аң т .б . сөздердің мағынасын түсініп , дұрыс айтуға үйренеді.

  1. Ертегі, әңгімелердің мазмұнын жүйелі , өз ой-қиялы бойынша айта

білуге үйренеді.

  1. Өз ойынша әңгіме құрауға ,әңгімені аяқтауға, логикалық

байланыстыра әңгімелеуге үйренеді.

6. Монологты сөйлеудің 2 түрін әңгімелеу және қайталап айтып беру

және диалогты сөйлесуді бір – бірінің сөзін күтіп , тыңдай білуге

үйренеді.

Мен балалардың жекелеген дыбыстарды дұрыс айтып, толық сөйлем құрап, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіруде ашық сабақтар, дидактикалық тапсырмалар мен тілдік жаттығулар , ертегіден қойылымдар, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал –мәтел, өлең-тақпақтар, ойын әрекеттерін тіл дамыту сабағында ғана емес, жекелеген жұмыс түрлері арқылы да, күнделікті жоспарлы, жүргізіп отырамын.

Сурет бойынша әңгіме балалардың байланыстыра сөйлей білуімен қатар сөздік қорының молаюына әсер етеді

      Мен балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретемін.

      Шағын топта балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

- балалардың сөздік қорларын молайту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

- байланыстырып сөйлеуін дамыту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

     Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі.  Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

        Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

       Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.

       Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

        Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

        Сонымен қатар балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың байланыстыра сөйлеуін дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.

        Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Балаларды? байланыстырып с?йлеуін дамытуда тиімді ?діс – т?сілдерді пайдалану

Автор: ?апанова ?арлы?аш ?апан?ызы

Дата: 14.02.2015

Номер свидетельства: 173024


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства