kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫ? ТАРИХ П?НІН О?ЫТУДА?Ы ТИІМДІЛІГІ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫ? ТАРИХ П?НІН О?ЫТУДА?Ы ТИІМДІЛІГІ. Жа?а ?асыр?а ?адам бас?ан бізді? еліміз ?шін ?о?ам ?міріндегі ?азіргі ?згерістер, экономиканы?, саясатты?, ?леуметтік-саяси саланы? дамуы ?о?амда?ы негізгі фактор болып табылатын жеке т?л?аны? жалпы даму де?гейіне байланысты болма?. Ал ол ?о?амда?ы білім беру талаптарын т?бегейлі ?згертуге алып келді. ?о?амды? ?мірдегі ?згерістер о?ытуды? жа?а технологияларын ?олдануды, жеке т?л?аны? жан-жа?ты шы?армашылы? т?р?ыдан дамуына жол ашуды к?здеп отыр. Б?л міндеттерді ж?зеге асырушылар білім беру ж?йесіні? к?рделі м?селелерін шешуші к?сіби – педагогикалы? шеберлігі жо?ары ?стаздар болма?. Міне, осы орайда ?Р Білім ж?не ?ылым Министрлігі ?зірлеген «?Р жо?ары педагогикалы? білім т?жырымдамасы» мен «?Р жа?а т?рпатты педагогіні? ?здіксіз педагогикалы? білімі т?жырымдамаларында» жа?а ?о?амда?ы м??алім моделіні? ?лгілері к?рсетіліп берілген. Болаша? педагогтерге ?ойылатын талаптар ?азіргі ?о?ам ?ажеттілігінен туындайды. Жа?а ?о?ам м??алімі тек к?сіби шеберлігі жо?ары адам ?ана емес, рухани дамы?ан, шы?армашыл, м?дениетті, білім ??ндылы?ын т?сінетін, педагогикалы? технологияларды ме?герген, ?ылым мен техника жетістіктері негізінде к?сіби даярлан?ан болуы тиіс. ?азіргі кезе?де білім беруді? сапасын жа?сарту, ?дістемелік негізін ?згерту заман талабына с?йкес туындап отыр?ан ?ажеттілік.?йткені, мектепті? ?р к?ні к?птеген ?ылыми жа?алы?тар?а, тере? ?леуметтік ?згерістерге толы. Б?рын о?у ?рдісінде м??алім басты роль ат?ар?ан болса, ?азір о?ушыны? белсенділік к?рсететін кезі туды. Саба? м??алімні? емес, о?ушыны? іс-?рекетімен ба?аланады. ?азіргі заманда нені о?ыту емес, ?алай о?ыту ма?ыздыра? болып отыр. Саба? барысында о?ушыны? ізденуі мен зерттеу да?дыларын ?алыптастыра отырып, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру ма?сатында ?олданылатын технологиялар баршылы?. Соларды? бірі сын т?р?ысынан ойлау технологиясы. Сын т?р?ысынан ойлау технологиясыны? м?мкіндіктерін ?олдану ар?ылы о?ушыны субъект ретінде ?алыптастыру ж?не дамыту. Б?л технология Ке?ес ?кіметі кезінде 1973жылдан, ?аза?станда 1997 жылдан бері таныла бастады. О?у мен жазу ар?ылы сыни т?р?ыдан ойлау,я?ни, RWCT жобасы 29 мемлекетте ?олданылады.Технологияны? негізін ?алаушылар американды? ?алымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ?сынылып, к?пшілікті? ?олдауын тап?ан б?л технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтарды?, бас?а да ?алымдарды? е?бектеріні? е? ??нды жерлері к?рініс тауып, идеялар то?ысып, біріктірілген іспетті. Сыни ойлау- ?зіндік ойлау.Сыни ойлау – с?ра? ?оюдан ж?не шешімін талап ететін проблемаларды ай?ындаудан басталады. О?ушы ?зі с?ра? ?ойып, шешімін ?зі ай?ындайды.Сыни ойлау- ?леуметтік ойлау, бірлесе о?ыту идеясы. Сыни т?р?ыдан ойлау технологиясын ?олдануымен ж?ргізілген саба?ты? жо?ары де?гейде ?туіні? ал?ы шарты оны? ?а?идаларында,я?ни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, ?дістемелік ?станым. М??алім мен о?ушы кез келген стратегияны? ?діс-т?сілін, ?ыр-сырын жетік т?сіне білуі ?ажет. Сонда ?ана ж?мыс н?тижелі болма?. Стратегиялар о?ушыларды шы?армашылы?пен ?рекет етуге, ізденімпазды??а баулиды, еркін, тере?, жан-жа?ты ойлауына, ?здіксіз ж?мыс жасауына жол ашады, стратегияны? 80-нен аса т?рі бар. Ж?мысты? ы??айына ?арай стратегияларды ?згертіп те жіберуге болады. «Сыни т?р?ыдан ойлау д?лелдерді немесе с?йлемдер мен пайымдауларды ба?алауды? т?ртіпке келтірілген ойлау ?ызметі болып табылады, б?л ?станымдарды дамытуды ж?не шешім ?абылдауды ба?ыттай алады» Эннис (1992). Сыни т?р?ыдан ойлау б?л сана шекаралары, сондай-а? ойлау м?мкіндіктеріні? кешені. «Сыни ойшылдар: фактілер мен пікірлер арасында?ы айырмашылы?ты к?реді; егжей-тегжейлі ?ада?алау жасайды; болжалдарды ашып, оларды? терминдерін аны?тайды; ж?не сенімді логикалы? ж?не салма?ты д?лелдер негізінде логикалы? пайымдау жасайды. Эллис Д, 1997 Ма?саты барлы? жаста?ы о?ушылар?а кез келген мазм?н?а сыни т?р?ыдан ?арап, екі ?й?арым бір пікірді? біреуін та?дау?а саналы шешім ?абылдау?а саба?тарда ?йрету. Сын т?р?ысынан ойлау – сынау емес, шы?дал?ан ойлау. Б?л де?гейдегі ойлау тек ересек адамдар?а, жо?ар?ы сынып о?ушыларына ?ана т?н деп ойлау аса д?рыс емес. Жас балаларды? да б?л ж?мысты д?рыс ?йымдастыр?ан жа?дайда ?з даму де?гейіне с?йкес ойы шы?далып, белгілі бір жетістіктерге жетері с?зсіз. О?ан осы жобамен ж?мыс жасау барысында к?з жеткіздік. Аталмыш ба?дарламаны? ішкі ??рылымында ерекшелік бар. Б?л ??рылым 3 де?гейден т?ратын о?ыту мен ?йретуді? моделі. Білімні? болаша?та пайда?а асуы, ?ажетке жарауын ?алыптастырады. К?п а?паратты талдай, жина?тай отырып, ішінен ?ажеттісін алу?а ?йретеді. Сын т?р?ысынан ойлау ба?дарламасы ?ызы?ушылы?ты ояту, ма?ынаны тану, ой тол?аныс кезе?дерінен т?зіледі. Д?ст?рлі саба?тан айырмашылы?ы т?мендегідей: Д ? с т ? р л і с а б а ? т а р М??алімні? ?дістері О?ушыны? іс-?рекеті Та?ырыпты т?сіндіреді Мазм?нын айтып береді Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме береді М?тінні? идеясын аны?тайды О?улы? бойынша м??алімні? т?сіндіргенімен байланыстырып айтады М?тінні? к?ркемдік ерекшелігін мысалдар ар?ылы т?сіндіреді М?тіндегі негізгі с?здерді тауып, айтып береді, д?птерлеріне жазады Та?ырып?а шы?арма жазуды тапсырады Шы?арма жазады Саба?ты ?орыту с?ра?тары жалпы ?ойылады Жауап береді RWCT с а б а ? т а р ы М??алімні? ?дістері О?ушыны? іс-?рекеті Топ?а б?ліп, ой ?оз?айды ?жыммен ж?мыс жасайды Та?ырып?а ?ызы?тырып ба?ыттайды М?тінмен ?здері танысады М?тіндегі е? ??нды н?рсені аны?тауды ?сынады ?р т?рлі ?дістер ар?ылы м?тінді зерттейді Кейіпкерді? ерекшеліктерін тану?а ба?ыттайды Жеке кейіпкерлерді талдайды, ?здерін оларды? орнына ?ойып, ?арайды, салыстырады М?тінні? тілдік ерекшелігі туралы с?ра? ?ояды ?р т?рлі ?дістер ар?ылы шы?арманы? негізгі мазм?нын аны?тайды ?з ойларын жазуды ?сынады Ойларын ?орытып, оны ?а?аз бетіне т?сіреді Ойларын ?орыту?а ба?ыттайды ?з т?жырымдамасын жасайды Саба?та о?ушы?а білім дайын к?йінде беріле салмау керек. М??алім шеберлігі ар?ылы баланы? білімді игеруге ?ызы?ушылы?ын ояту ?ажет. Ал ол с?ра? ?р т?рлі ?діс-т?сілдер ар?ылы баланы? алдына жан-жа?ты ма?сат ?ойып, іске асыруына жол к?рсетеді. Технологияны? басты ма?саты – дамыта о?ыту негізінде “Сын т?р?ысынан ойлау ар?ылы о?у мен жазуды дамыту” ба?дарламасын іске асыру, балалар?а тере? білім беру. Жа?а технология ретінде е? озы? ?дістерді дер кезінде игеру, іздену ар?ылы бала бойына дарыту, одан ?німді н?тиже шы?ара білу – ?рбір ?стазды? басты міндеті. Саба?ты? ма?саты: а) ?ызы?ушылы?ты ояту – с?ра? ?ою; б) ма?ынаны ажырату – жауаптар іздеу, м?селені зерттеу; в) ой тол?аныс – ойлау процесіні? е? жо?ар?ы сатысында м?селені тал?ылау, я?ни ?ш кезе?нен саба?ты б?ліп ?ту, о?ыту мен о?у процесін осындай ?ш сатыда ?йымдастыру. Мен ?з саба?тарымда, к?бінесе ?аза?стан тарихы п?нінде стратегияларды о?у ба?дарламасына с?йкес бірізді ж?йелі т?рде ?олданып ж?рмін. Саба?та ?олданып ж?рген ?дістерім мынадай: І – ?ызы?ушылы?ты ояту кезе?інде ой ?оз?ау (ша?ыру). ІІ – ма?ынаны ажыратуда т?ртіп алу ж?йесі. ІІІ ой тол?аныс кезе?інде Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар ар?ылы баланы? дамуына, оны? бойында?ы жеке ?абілеттерді? ашылуына, шы?армашылы?пен ізденуіне жол саламыз. СТО технологиясын пайдалана отырып, саба? ??рылымын жоспарлау?а шы?армашылы?пен ?арау, ?дістемелік лабораторияны жина?тау секілді м?мкіндіктерге ?ол жеткіздім. 8- сынып о?ушыларыны? жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен о?у ар?ылы сыни т?р?ыдан ойлау ?абілеттерін арттыру ма?сатында ?олданып ж?рген стратегияларды? м?мкіншіліктеріне то?талайын: РАФТ Б?л стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын т?рлендіруге м?мкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, ?тініш, б?йры?, жарнама. О?ушы ж?мыс?а кіріспес б?рын м?тінні? мазм?нын жетік т?сінуге тырысады, ол ?шін оны бірнеше ?айтара о?ып, ой елегінен ?ткізеді. Рафт о?ушыларды? тілін дамытады, ?иялын ?рбітеді, ?з ойларын ?а?аз бетіне т?сіру ар?ылы эссе жазу?а жетелейді, ресми іс ?а?аздары ж?нінде т?сініктері ?алыптаса т?седі. Осындай ж?мыстар ар?ылы е? ?уелі о?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ы артады, бір-бірімен пікір алмасып, с?здік ?оры молаяды, еркін с?йлеу, ?з ойларын жеткізе білу да?дылары ?алыптасады, о?улы?пен ж?мыс істеуге, бір-біріне ж?йелі с?ра? ?оя білуге да?дыланады. Б?л кестедегі к?рсеткіштер ар?ылы СТО технологиясыны? м?мкіндіктері негізінде о?ушыны? субъект ретінде ?аншалы?ты ?скенін а??ару?а болады. * Зейіні * С?здік ?оры * Танымы * Есте са?тауы * Ой-?рісі СТО ба?дарламасына ?атысуды? н?тижесінде саба?та жеткен н?тижелерім: 1. Саба?ымда саба?ты? жа?а ??рылымы пайда болды. Саба?ты? жоспары: 1. Психологиялы? дайынды?. 2. Ой ашар. 3. ?й тапсырмасын тексеру. 4. Жа?а саба?. І. ?ызы?ушылы?ты ояту. а) Ой ?оз?ау. ?) ?зіндік ж?мыс. б) Т?ртіп алу ? + ? v (INSERT) ІІ. Ма?ынаны тану сатысы. 1. Топпен ж?мыс. ІІІ. Ой тол?аныс сатысы. 1. Венн диаграммасы. 2. Ба?алау. 3. ?йге тапсырма. 2. Сын т?р?ысынан ойлауды дамыту саба?тарыны? негізінде мені? саба?ымда о?ушылар арасында: - бір-біріні? пікірін ты?дау, сыйлау?а ынтыма?ты ?арым-?атынасты? негізі ?аланды; - ?зін жеке дара т?л?а ретінде тану?а жол ашу?а; - бір-біріне ??рметпен ?арау?а; - ?з ойын ашы?, еркін айту?а, пікір алмасу?а; - ?зін-?зі, бірін-бірі ба?алау?а; - м??аліммен еркін с?йлесіп, пікір алмастыру?а; - достарыны? ойын ты?дай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, ?иынды?ты шешуге к?мектесуге; - белсенді шы?армашылы?ты ойлау?а негіз ?аланды. Бай?ап отырса?ыздар, ?ай ж?мыс болмасын о?у мен жазу ?атар ж?реді, о?ы?анын ?а?аз бетіне т?сіру, о?ушыны? ?аншалы?ты білімді екенін, шеберлігін бай?атады. Б?дан шы?атын ?орытынды, о?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан ойлауды ж?зеге асыру - технологияны? басты кілті. ?дебиеттер тізімі: 1. Н.Назарбаев ?аза?стан хал?ына Жолдауы. 2012ж. 14 желто?сан 2. ?Р 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту т?жырымдамасы. Егемен ?аза?стан 2003 ж. 23 желто?сан. 3. Г. Т?леубаев. Тарихты о?ытуда?ы ?дістемелік технологиялары. ?аза? тарихы, № 5,2009 ж. 4. Б.Жолдасов. Инновациялы? технологияларды білім беруде ?олдану. Білім, №5,2007 ж. 5. ?.К?неев, А.?алыкова. О?ыту ?рдісінде педагогикалы? технологияларды ?тымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж. 6. Г.А?панбетова. Саба?та жа?а технологияны ?олдану. ?аза? тарихы,№3,2010ж.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫ? ТАРИХ П?НІН О?ЫТУДА?Ы ТИІМДІЛІГІ.»

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ.


Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушыны субъект ретінде қалыптастыру және дамыту.

Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.

Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.

«Сыни тұрғыдан ойлау дәлелдерді немесе сөйлемдер мен пайымдауларды бағалаудың тәртіпке келтірілген ойлау қызметі болып табылады, бұл ұстанымдарды дамытуды және шешім қабылдауды бағыттай алады» Эннис (1992) . Сыни тұрғыдан ойлау бұл сана шекаралары, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктерінің кешені. «Сыни ойшылдар: фактілер мен пікірлер арасындағы айырмашылықты көреді; егжей-тегжейлі қадағалау жасайды; болжалдарды ашып, олардың терминдерін анықтайды; және сенімді логикалық және салмақты дәлелдер негізінде логикалық пайымдау жасайды. Эллис Д, 1997

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Дәстүрлі сабақтан айырмашылығы төмендегідей:

Д ә с т ү р л і с а б а қ т а р

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді

Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді

Кейіпкерге мінездеме береді

Мәтіннің идеясын анықтайды

Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді

Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады

Шығарма жазады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады

Жауап береді


RWCT с а б а қ т а р ы

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

Өз ойларын жазуды ұсынады

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды

Өз тұжырымдамасын жасайды

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.

Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

Сабақтың мақсаты:

а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;

б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;

в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш кезеңнен сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.

Мен өз сабақтарымда, көбінесе Қазақстан тарихы пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып жүрмін. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:

І – қызығушылықты ояту кезеңінде ой қозғау (шақыру).

ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі.

ІІІ ой толғаныс кезеңінде Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.

СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 8- сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

*** Зейіні

*** Сөздік қоры

*** Танымы

*** Есте сақтауы

*** Ой-өрісі

СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:

  1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.

Сабақтың жоспары:

  1. Психологиялық дайындық.

  2. Ой ашар.

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

  4. Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту.

а) Ой қозғау.

ә) Өзіндік жұмыс.

б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)

ІІ. Мағынаны тану сатысы.

  1. Топпен жұмыс.

ІІІ. Ой толғаныс сатысы.

  1. Венн диаграммасы.

  2. Бағалау.

  3. Үйге тапсырма.

2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

  • бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

  • өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

  • бір-біріне құрметпен қарауға;

  • өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

  • өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

  • мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

  • достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

  • белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

Байқап отырсаңыздар, қай жұмыс болмасын оқу мен жазу қатар жүреді, оқығанын қағаз бетіне түсіру, оқушының қаншалықты білімді екенін, шеберлігін байқатады. Бұдан шығатын қорытынды, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асыру - технологияның басты кілті.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. 2012ж. 14 желтоқсан

  2. ҚР 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы . Егемен Қазақстан 2003 ж. 23 желтоқсан.

  3. Г. Төлеубаев. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялары. Қазақ тарихы, № 5,2009 ж.

  4. Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5,2007 ж.

  5. Қ.Көнеев, А.қалыкова. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж.

  6. Г.Ақпанбетова. Сабақта жаңа технологияны қолдану. Қазақ тарихы,№3,2010ж.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫ? ТАРИХ П?НІН О?ЫТУДА?Ы ТИІМДІЛІГІ.

Автор: Сыдыгалиева Гульнар Сериковна

Дата: 02.01.2016

Номер свидетельства: 271753


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства