kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Үй жануарлары "

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

 

 

​ 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Үй жануарлары "»

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі Зерттеу жұмысының тақырыбы: ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ Орындаған: Тұрғали Аружан Даниярқызы Жетекшісі:  Абильдина Камшат Сейтбековна

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

Зерттеу жұмысының тақырыбы:

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ

Орындаған: Тұрғали Аружан Даниярқызы

Жетекшісі: Абильдина Камшат Сейтбековна

АҢДАТПА

Зерттеу  мақсаты:

Төрт  түліктің  түрлерімен  таныстыру, адамға деген  пайдасын  зерттеу арқылы ұғымды кеңейте отырып ,  маңыздылығын айту мақсатында адам  өміріне  қажеттілігін көрсету.

Міндеттері :

1.Төрт  түліктің  шығу  тарихын,  түрлерін      анықтау.

2.Төрт  түліктің  адам  өміріне  пайдасы  туралы  мәлімет  жинау.

3.Төрт  түлікке  қатысты  ұлттық   ұғымдарды  ұғыну.

Гипотеза:

Төрт түліктің түрлерімен жан-жақты танысып, адам өміріндегі

маңыздылығын  анықтау.

Зерттеу кезеңдері:

-Дайындаушылық: тақырыпты  таңдау,мақсат  пен  талаптың  қойылуы.

-Зерттеушілік:төрт  түліктің  түрлерін,пайдасын  зерттеу,анықтау

-Тәжірибелік: Қазақ  тілі сабағында  төрт  түліктің  пайдасын  түсіндіру;

ұлттық  ұғымдар   арқылы  бағалау  сезімдерін  дамыту,қажетті  мәліметтер

беру; сабақта  қосымша  жұмыс  түрінде  қолдануға  болады.

Зерттеудің  жаңашылдығы.

Төрт  түліктің  маңыздылығын  түсіндіре  отырып, мәдени,рухани  дамыту

әдісі  ретінде  тиімді  қолдану  мүмкіншілігін  көрсете  білу.

Жұмыстың  нәтижесі  мен  қорытындысы.

Оқушылар  төрт түліктің  адамға  пайдасының  маңыз-

дылығын  жете  түсіне отырып ,сыни тұрғыдан ойлау арқылы ,мал  өнімдерінен жасалатын сусындар мен тағамдардан жақсы

мәлімет  алды.

                                       

 

 

«Мал  тұяғы – қазына».  Әлихан  Бөкейханов  Қазақ халқы ежелден – ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасылар бойы қалыптасқан   бай  тәжірибиесі   бойынша  олар    малдың өрісін, тіршілік  ету  сырын, жай- күйін, қадір- қасиетін әбден   зерттеп  білген.  «Малы  бардың- жаны  бар»,  « Елдің  көркі - мал» деген   халық  нақыл    сөздерінен ақ  қазақ   халқының  тұрмыс  тіршілігінде  төрт  түлік   малдың ерекше  орын  алатынын  түсінуге болады.Бабаларымыз  төрт түлікке  ерекше көңіл  бөлген.  Ас- ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат – жұрағатымен жасайтын   алыс -  берісінің   көзі, байлығы  болғандықтан,қазақ  үшін  осы  төрт  түлік  мал  аса  қымбатты   дүние  болғаны белгілі. Қайда  болмасын, бірін-бірі  танысын-танымасын, кездесе  қалған  қазақ «мал-жан  аман ба?» деп амандық - саулық  сұрасқан. Есен - саулығын «мал –жан   аман  ба?»деп   бас  тайтын     қазақ  үшін  төрт  түліктің  орны бөлек.

«Мал  тұяғы – қазына».

Әлихан  Бөкейханов

Қазақ халқы ежелден – ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасылар бойы қалыптасқан   бай  тәжірибиесі   бойынша  олар    малдың өрісін, тіршілік  ету  сырын, жай- күйін, қадір- қасиетін әбден   зерттеп  білген.  «Малы  бардың- жаны  бар»,

« Елдің  көркі - мал» деген   халық  нақыл    сөздерінен ақ  қазақ   халқының  тұрмыс  тіршілігінде  төрт  түлік   малдың ерекше  орын  алатынын  түсінуге болады.Бабаларымыз  төрт түлікке  ерекше көңіл  бөлген.

Ас- ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат – жұрағатымен жасайтын   алыс -  берісінің   көзі,

байлығы  болғандықтан,қазақ  үшін  осы  төрт  түлік  мал  аса  қымбатты  

дүние  болғаны белгілі. Қайда  болмасын, бірін-бірі  танысын-танымасын, кездесе  қалған  қазақ «мал-жан  аман ба?» деп амандық - саулық  сұрасқан. Есен - саулығын «мал –жан   аман  ба?»деп   бас  тайтын     қазақ  үшін  төрт  түліктің  орны

бөлек.

1.1 «Түйе - малдың    қасқасы »

Түйелер (латын тілінде Camelus)  ірі  табандылар  отрядының  түйе  тұқымдасына   жататын ашатұяқты  сүтқоректілердің бір  түрі. Қолда  өсірілетін   түйелердің   арғы  

  тегі - жабайы  түйелер.

Түйе  бұдан   4,5мың  жыл  бұрын  қолға  үйретілген.  Төрт  түлік  малдың 

ішіндегі  ең  қасиеттісі   түйе болып  есептелген.Ол  қырық  күн  шөлге  шыдамды  жүк,   артса – көлік, жесе – ет, ал  жүні  киімге  жараған. Қазақтар  түйенің  жүні-нен  шекпендер киген ол  жеңіл  әрі  жұмсақ  сырт  киім  болған.Жүні  қыс  та  суықты  өткізбейді.Түйелер қос  және сыңар  өркешті болып  келеді және азық  қорын  өзімен  бірге  алып   жүреді.100 килограмм  өркеші – азықтық майын  жинап   алатын   қоймасы  әрі   шөлдегенде  ішетін  суы.

Өркешіндегі  май  оған  екі  жұмаға  дейін  азық  болады.Түйе  шөлдеген   кезде он минутта  он  литр  су  іше  алады  екен. Ал  түйе  өзінің  өсу  жолында   бота, тайлақ, буыршын,  буырлыш, науша,бұзбаша, інген, атан, бура  деп  аталады. Түйенің  еті  мол, жүні  биязы болады. Түйе    30 - 35  жыл  өмір  сүреді.

Түйенің   пірі - Ойсылқара, төлі - бота.Түйені «көс-көс»  деп  шақырады.

Төлдеу  мерзімі – 12 ай.

Үй жануарларына

Үй жануарларына

Қазақстанда  түйенің  екі  түрі бар: 1. Жалғыз  өркешті  түйе (ғылыми  тілде  дромедар  дейді) - Қазақстанның кейбір  жерлерінде  өсіріледі. Ең  көп  өсірілетін  жері — Қарақұм. Қазіргі кезде  қолда  аруана  деп  аталатын  қолтұқымы  өсіріледі.Жабайы түрі жойы-лып кеткен. Оның жалпы аты - «нар».Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар  өркешті  түйе  ыстыққа  төзімді, бірақ  қатты  аязға шыдамайды.

Қазақстанда  түйенің  екі  түрі бар:

1. Жалғыз  өркешті  түйе (ғылыми  тілде  дромедар  дейді) - Қазақстанның кейбір  жерлерінде  өсіріледі. Ең  көп  өсірілетін  жері — Қарақұм. Қазіргі кезде  қолда  аруана  деп  аталатын  қолтұқымы  өсіріледі.Жабайы түрі жойы-лып кеткен. Оның жалпы аты - «нар».Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек».

Сыңар  өркешті  түйе  ыстыққа  төзімді, бірақ  қатты  аязға шыдамайды.

2. Қос өркешті түйе (ғылыми  тілде  Бактрия  түйесі  дейді)  немесе Айыр өркешті  түйенің  жабайы  түрі «қаптағай» деп  аталады. Айыр өркешті түйе-нің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді.Қазақстанда  қос өркешті түйенің  Қазақстан түйесі, Монғол түйесі, Астрахан  түйесі  деп  аталатын негізгі  үш  тұқымы  өсіріледі;   Ол құрғақ  далалы, шөл-шөлейтті  жерлердің табиғи  жағдайларына  жақсы  бейімделген. Аңызақ  ыстыққа, үскірік  аязға төзімді  келеді.

2. Қос өркешті түйе (ғылыми  тілде  Бактрия  түйесі  дейді)  немесе Айыр өркешті  түйенің  жабайы  түрі «қаптағай» деп  аталады. Айыр өркешті түйе-нің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді.Қазақстанда  қос өркешті түйенің  Қазақстан түйесі, Монғол түйесі, Астрахан  түйесі  деп  аталатын негізгі  үш  тұқымы  өсіріледі; 

Ол құрғақ  далалы, шөл-шөлейтті  жерлердің табиғи  жағдайларына  жақсы  бейімделген. Аңызақ  ыстыққа, үскірік  аязға төзімді  келеді.

Түйенің   қасиеті  Түйенің   жүні  мен  терісі – киім, сүті – сусын, еті– ас.Әсіресе,түйе  көш  көлігі   ретінде   бағалы. Ол – сиырдай   емес, сирақты  мал.Қыста   суыққа,жазда  ыстыққа  төзімді. Түйе  алпыс  күн  аштық- қа, отыз  күн  шөлге шыдайды.  «Айт-шу» десең атып  тұратын «тіл  алғыш», жуас, қайырымды   мал.  

Түйенің   қасиеті

Түйенің   жүні  мен  терісі – киім, сүті – сусын, еті– ас.Әсіресе,түйе  көш  көлігі  

ретінде   бағалы.

Ол – сиырдай   емес, сирақты  мал.Қыста   суыққа,жазда  ыстыққа  төзімді.

Түйе  алпыс  күн  аштық-

қа, отыз  күн  шөлге

шыдайды.  «Айт-шу» десең атып  тұратын

«тіл  алғыш», жуас, қайырымды   мал.

 

1.2. « Жылқы - малдың  патшасы »  Төрт  түлік  малдың  ішінде  қай  халықтың  болса  да құрмет  тұтатындарының  бірі- жылқы  малы. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана  халқымыз  жылқыны  өте  қастерлеген. Жылқы-мінсең  көлік, жесең ет.  Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір  қазақ  жанұясын біз көре  алмаймыз.Тарихи  деректер  бойынша  адам  баласы  жылқыны  біздің  жыл санауымыздан 3-4мың  жыл бұрын  қолға үйреткен. Жылқының  пірі  – Қамбар  ата, төлі- құлын.  Жылқыны-« құрау- құрау»  деп  шақырады. Қазақтың  қасиетті  малдарының  бірі-жылқы. Оны :  құлын, тай, жабағы,  құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр  деп  атайды.

1.2. « Жылқы - малдың  патшасы »

Төрт  түлік  малдың  ішінде  қай  халықтың  болса  да құрмет  тұтатындарының  бірі- жылқы  малы. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана  халқымыз  жылқыны  өте  қастерлеген. Жылқы-мінсең  көлік, жесең ет.

Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір  қазақ  жанұясын біз көре  алмаймыз.Тарихи  деректер  бойынша  адам  баласы  жылқыны  біздің  жыл санауымыздан 3-4мың  жыл бұрын  қолға үйреткен.

Жылқының  пірі – Қамбар  ата, төлі- құлын.

Жылқыны-« құрау- құрау»  деп  шақырады.

Қазақтың  қасиетті  малдарының  бірі-жылқы. Оны :  құлын, тай, жабағы,  құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр  деп  атайды.

Жылқының  жүрісіне  дейін  атаулары  болған.  Мысалы:  аяң жүріс, жорға  жүріс, жортақ  жүріс, бүлкек  желіс, бөкен  желіс, шоқыта  жүру,шабыс. Оның  түсі түрлі  теңеулермен  сипатталған:  торы, күрең, жирен, ақбоз, боз,көк,шұбар . Қазақ  халқы  жылқыны 3 топқа бөлген: 1.Жүйрік  аттар:  арғымақ, тұлпар ат , сәйгүлек  ат. 2.Күшті, еті тығыз  аттар: Ауыр жұмыстарға,жүк  артуға, көшкенде пайдаланған. Бұл  аттарды  Қазанат  деп  атаған. 3.Жүрдек  аттар: Күші  мығым  ат  пен  бәйге атының  арасындағы  салт жүріске  жарамды  жылқылар  Жабы  деп аталған. Жынысына қарай:  ат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады. Құлын  (биенің төлі) Жабағы (6 айдан асқан құлын) Тай (1 жастан асқаны)

Жылқының  жүрісіне  дейін  атаулары  болған.

Мысалы: аяң жүріс, жорға  жүріс, жортақ  жүріс, бүлкек  желіс, бөкен  желіс, шоқыта  жүру,шабыс. Оның  түсі түрлі  теңеулермен  сипатталған:

торы, күрең, жирен, ақбоз, боз,көк,шұбар .

Қазақ  халқы  жылқыны 3 топқа бөлген:

1.Жүйрік  аттар:  арғымақ, тұлпар ат , сәйгүлек  ат.

2.Күшті, еті тығыз  аттар: Ауыр жұмыстарға,жүк  артуға, көшкенде пайдаланған. Бұл  аттарды  Қазанат  деп  атаған.

3.Жүрдек  аттар: Күші  мығым  ат  пен  бәйге атының  арасындағы  салт

жүріске  жарамды  жылқылар  Жабы  деп аталған.

Жынысына қарай:  ат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады.

Құлын  (биенің төлі)

Жабағы (6 айдан асқан құлын)

Тай (1 жастан асқаны)

Жылқы     тұқымдары .  Алтай тұқымы.                            Қостанай тұқымы  Буденный  тұқымы.                        Қазақ  тұқымы

Жылқы     тұқымдары

.

Алтай тұқымы.                            Қостанай тұқымы

Буденный  тұқымы.                        Қазақ  тұқымы

Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері  тығыз.  Қазақ  жылқылары  ауа  райының  құбылмалы жағдайына  төзімді, жем -шөпті  талғамайды,үнемі  далада  жайылымда  жүріп   күнелтеді. Жылқының  қасиеті. Төрт  түліктің  ішіндегі  ең  таза  мал жылқы.Оның  тазалығы  соншалық- суды  да  кешіп  барып, таза  жерден  ішеді. Ол  өте  сезімтал  мал. Қолға тез үйренеді.Бір  ғажабы  жылқыда  өт болмайды.Төрт  түліктің  ішінде  жылқыны өсіру  жеңіл.Жылқы-жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.

Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері  тығыз.

Қазақ  жылқылары  ауа  райының  құбылмалы жағдайына  төзімді, жем -шөпті  талғамайды,үнемі  далада  жайылымда  жүріп  

күнелтеді.

Жылқының  қасиеті.

Төрт  түліктің  ішіндегі  ең  таза  мал жылқы.Оның  тазалығы  соншалық- суды  да  кешіп  барып, таза  жерден  ішеді. Ол  өте  сезімтал  мал. Қолға тез үйренеді.Бір  ғажабы  жылқыда  өт болмайды.Төрт  түліктің  ішінде  жылқыны өсіру  жеңіл.Жылқы-жеті қазынаның бірі.

Ол сезімтал, талғампаз жануар.

1.3.« Сиырдың  сүті – тілінде » Сиыр   малы  момақан, қазақтар  үшін  көбінесе  тамаққа   жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт,ірімшік   осы   сиырдың  берген  берекесі  болған. Сиырды  кейде  көшке  де, егіске  де  пайдаланып  отырған..Дегенмен, сиыр  да  үйдің  берекесі, айран - сүттің  көзі, балаларының   асыраушысы  ретінде  қадірлі  мал  болған. Сиырды   жасына   қарай:     бұзау,торпақ, тана, тайынша,қа- шар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа   деп  атаған. Сиырдың  пірі -Зеңгі баба, төлі-бұзау.Сиырды-«аухау-аухау» деп  шақырады. Сиырдың  төлдеу  мерзімі -9 ай. Сиыр   малы  момақан, қазақтар  үшін  көбінесе  тамаққа   жараған, е т, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік  осы   сиырдың  берген  берекесі  болған. Сиырдың  пірі -Зеңгі баба, төлі-бұзау.Сиырды- «аухау-аухау » деп  шақырады. Сиырдың  төлдеу  мерзімі -9 ай.

1.3.« Сиырдың  сүті – тілінде »

Сиыр   малы  момақан, қазақтар  үшін  көбінесе  тамаққа   жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт,ірімшік   осы   сиырдың  берген  берекесі  болған. Сиырды  кейде  көшке  де, егіске  де  пайдаланып  отырған..Дегенмен, сиыр  да  үйдің  берекесі, айран - сүттің  көзі, балаларының   асыраушысы  ретінде  қадірлі  мал  болған. Сиырды   жасына   қарай:     бұзау,торпақ, тана, тайынша,қа- шар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа   деп  атаған.

Сиырдың  пірі -Зеңгі баба, төлі-бұзау.Сиырды-«аухау-аухау» деп  шақырады.

Сиырдың  төлдеу  мерзімі -9 ай.

Сиыр   малы  момақан, қазақтар  үшін  көбінесе  тамаққа   жараған, е т, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік  осы   сиырдың  берген  берекесі  болған. Сиырдың  пірі -Зеңгі баба, төлі-бұзау.Сиырды- «аухау-аухау » деп  шақырады.

Сиырдың  төлдеу  мерзімі -9 ай.

Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  сиырдың   250 ге  жуық   түрі  бар.Сиырдың дене  бітімі  олардың   өнімділік    бағытына  (сүт, ет)  байланысты  болады. Сүт  бағытындағы  Сиырдың   денесі  ұзын, сүйегі  салыстырмалы  түрде жіңішке, терісі  жұқа, жұмсақ, түгі  жылтыр, қарыны  кең, басы  мен  мойыны ұзын, құрсағы  мен  желіні  үлкен  болады. Әулиеата     сиыры           Ет  бағытындағы Сиырдың  тұрқы  төртпақ  әрі  кең, омыраулы, аяғы  мен мойыны  қысқалау, желіні  кішілеу, сүтті  малға  қарағанда  бұлшық   еттері жақсы   жетілген, терісі  қалың  әрі  жұмсақ, тері  астындағы  май   қабаты  жақсы   дамыған. Әулиекөл   тұқымы

Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  сиырдың   250 ге  жуық   түрі  бар.Сиырдың дене  бітімі  олардың   өнімділік   

бағытына  (сүт, ет)  байланысты  болады.

Сүт  бағытындағы

Сиырдың   денесі  ұзын, сүйегі  салыстырмалы  түрде жіңішке, терісі  жұқа, жұмсақ, түгі  жылтыр, қарыны  кең, басы  мен  мойыны ұзын, құрсағы  мен  желіні  үлкен  болады.

Әулиеата     сиыры

 

 

 

 

 

Ет  бағытындағы

Сиырдың  тұрқы  төртпақ  әрі  кең, омыраулы, аяғы  мен мойыны  қысқалау, желіні  кішілеу, сүтті  малға  қарағанда  бұлшық   еттері жақсы   жетілген, терісі  қалың  әрі  жұмсақ, тері  астындағы  май   қабаты  жақсы   дамыған.

Әулиекөл   тұқымы

1.4.«Қойдың  сүті – қорғасын» Қой –   қуысмүйізділер    тұқымдасына   жататын, күйіс қайыратын  жұптұяқты   мал .Қой  бұдан   10-11 мың  жыл,бұрын  қолға  үйретілген. Қойдың  жабайы  арғы  тегі – жабайы  қой  муфлон  және  арқар таулы алқаптарда  таралған. Қойдың  алғаш  қолға  үйретілген  орталықтары: Жерорта   теңізінің    маңы,  Орта  Азия , Қазақстан,  Орталық   Азия ,  Оңтүстік Африка .  Қой –төрт   түлік   малдың   ішіндегі  қазақтың  ең  сүйіктісі. «Қойдың  сүті- қорғасын,  қойды   құртқан  оңбасын»  дейтін   қазақтың  қой  өсіруге  ынта-ықыласы  мол- ақ. Өзі  майда, өсімтал, момақан, тез  ет алып, қонақ   кәдеге  жарап  отыратын, сүті  майлы  әрі жұғымды  қой  малын  ата-бабамыз  ерек-ше  қастерлеген. Қой  өсу  жасына  орай  қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық  деп аталады. Қойдың  пірі- Шопан  ата,төлі-қозы.Қойды-«пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

1.4.«Қойдың  сүті – қорғасын»

Қой –   қуысмүйізділер    тұқымдасына   жататын, күйіс қайыратын  жұптұяқты   мал .Қой  бұдан   10-11 мың  жыл,бұрын  қолға  үйретілген. Қойдың  жабайы  арғы  тегі – жабайы  қой  муфлон  және  арқар таулы алқаптарда  таралған. Қойдың  алғаш  қолға  үйретілген  орталықтары: Жерорта   теңізінің    маңы,  Орта  Азия , Қазақстан,  Орталық   Азия Оңтүстік Африка .

Қой –төрт   түлік   малдың   ішіндегі  қазақтың  ең  сүйіктісі. «Қойдың  сүті- қорғасын,  қойды   құртқан  оңбасын»  дейтін   қазақтың  қой  өсіруге  ынта-ықыласы  мол- ақ. Өзі  майда, өсімтал, момақан, тез  ет алып, қонақ   кәдеге  жарап  отыратын, сүті  майлы  әрі жұғымды  қой  малын  ата-бабамыз  ерек-ше  қастерлеген. Қой  өсу  жасына  орай  қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық  деп аталады.

Қойдың  пірі- Шопан  ата,төлі-қозы.Қойды-«пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

Қойдың  пірі - Шопан  ата,төлі-қозы.Қойды-«пұшайт-пұшайт» деп шақырады. Қойдың  төлдеу  мерзімі – 5 ай. Қой  түрлері . Қазақстанда  өсірілетін  қой  тұқымдары:    Арқар -  меринос                            Алтай   қойы

Қойдың  пірі - Шопан  ата,төлі-қозы.Қойды-«пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

Қойдың  төлдеу  мерзімі – 5 ай.

Қой  түрлері . Қазақстанда  өсірілетін  қой  тұқымдары:

Арқар -  меринос                            Алтай   қойы

1.5.«Ешкі  төресі - серке»  Ешкі  де  қазақтар  үшін  өсімтал  малдың  бірі.Ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің  сүттісін  арнайы  ұстап, ана сүтіне  жарымаған  ба-ланы  ешкі  сүтімен  асырайды.  Ешкінің  серкесін  әрдайым  қойдың  отарына  қосып  отырады, оның  бүкіл  отарды  бастап жайылымға   апарып, әкелетін  қасиеті бар. Дегенмен  ешкіні  қонаққа  соймайды. Ешкі  жеңілтек  мал   деп есептеледі  де, мінезі  ұшқалақ, шыдамсыз  баланы  ( әсіресе  қыз баланы) «ешкі  құсап  селтеңдеп» деп, ешкіге  теңеп отыратыны  бар. Ешкіні  жасына  қарай:   лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. Ешкі  тоғыз – он  жыл тіршілік  етеді.

1.5.«Ешкі  төресі - серке»

Ешкі  де  қазақтар  үшін  өсімтал  малдың  бірі.Ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің  сүттісін  арнайы  ұстап, ана сүтіне  жарымаған  ба-ланы  ешкі  сүтімен  асырайды.

Ешкінің  серкесін  әрдайым  қойдың  отарына  қосып  отырады, оның  бүкіл  отарды  бастап жайылымға   апарып, әкелетін  қасиеті бар. Дегенмен  ешкіні  қонаққа  соймайды. Ешкі  жеңілтек  мал   деп есептеледі  де, мінезі  ұшқалақ, шыдамсыз  баланы  ( әсіресе  қыз баланы) «ешкі  құсап  селтеңдеп» деп, ешкіге  теңеп отыратыны  бар. Ешкіні  жасына  қарай:   лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. Ешкі  тоғыз – он  жыл тіршілік  етеді.

2.Төрт  түліктің  пайдасы  Әр мезгілде малдың жүнін,қылын,түбітін алудың да атау  түрлері көп. Түйені  -жүндейді Жылқыны -  күзейді Қойды мен ешкіні қырқады Ешкінің түбітін алу үшін -тарайды. Малдың сүтінен жасалатын тағамдар: Түйенің - шұбаты Жылқының қымызы- аса құнды,шипалы сусын. Ал сиыр мен қой сүтінен: уыз,айран, қатық,қаймақ, май, сүзбе,ірімшік, ақпақ, құрт,ежігей,сарысу,тосан осындай көптеген  дәмді тағамдар  жасалады.

2.Төрт  түліктің  пайдасы

Әр мезгілде малдың жүнін,қылын,түбітін алудың да атау

түрлері көп.

Түйені  -жүндейді

Жылқыны -  күзейді

Қойды мен ешкіні қырқады

Ешкінің түбітін алу үшін -тарайды.

Малдың сүтінен жасалатын тағамдар:

Түйенің - шұбаты

Жылқының қымызы- аса құнды,шипалы сусын.

Ал сиыр мен қой сүтінен: уыз,айран, қатық,қаймақ,

май, сүзбе,ірімшік, ақпақ, құрт,ежігей,сарысу,тосан осындай көптеген  дәмді тағамдар  жасалады.

Халық ұғымында малдың пірі,иесі бар .  Түйені - Ойсылқара  Жылқыны - Қамбар ата Сиырды - Зеңгі  баба Қойда - Шопан ата Ешкі-де - Шекшек ата

Халық ұғымында малдың пірі,иесі бар .

Түйені - Ойсылқара

Жылқыны - Қамбар ата

Сиырды - Зеңгі  баба

Қойда - Шопан ата

Ешкі-де - Шекшек ата

2.1.Жылқыны  күту, тамақтандыру Тау  бөктері  аймақтары  мен  қуаңшылық  жерлерде   ауа  райы жылы болған-дықтан  жылқыны жыл бойы  жайылымда бағады. Жылқыны бағудың бірнеше әдістері бар: үйірлеп бағу, бос бағу, табындап бағу.  Бос  бағуда  жылқыны жыл бойы жайылымда болады.Қатты  боран  немесе көк  тайғақ  болғанда пішен, жем беріледі. Табындап  баққанда  жылқы  жынысына және  жасына қарай  табынға бөлінеді.Боран және аяздан қорғау  үшін  қора, қолқа, ықтасын салынады, Құдық  қазылады, суаттар  жасалады. Жылқы өнімі  Еті менсүтінің  адам  ағзасына  пайдасы.Қазақ  халқы үшін жылқы  қасиетті  мал. Оның еті  мен сүті өте шипалы.  Еті жесең қорытуға  жеңіл, сіңуі  тез, өте пайдалы.Жылқы  етінің басты қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек  жұмысын  жақсартуға , буын  сүйек-терді  жібітуге т.б. қолданылады. Қымыздың  емдік  қасиеттері  әсіресе  туберкулез   ауруын  емдеуге    пайдалы.Қымыз  қазақ  халқының   сүйіп ішетін  сусыны.

2.1.Жылқыны  күту, тамақтандыру

Тау  бөктері  аймақтары  мен  қуаңшылық  жерлерде

  ауа  райы жылы болған-дықтан  жылқыны жыл бойы  жайылымда бағады.

Жылқыны бағудың бірнеше әдістері бар:

үйірлеп бағу, бос бағу, табындап бағу.

Бос  бағуда  жылқыны жыл бойы жайылымда болады.Қатты  боран  немесе көк  тайғақ  болғанда пішен, жем беріледі. Табындап  баққанда  жылқы  жынысына және  жасына қарай  табынға бөлінеді.Боран және аяздан қорғау  үшін  қора, қолқа, ықтасын салынады, Құдық  қазылады, суаттар  жасалады.

Жылқы өнімі

Еті менсүтінің  адам  ағзасына  пайдасы.Қазақ  халқы үшін жылқы  қасиетті  мал. Оның еті  мен сүті өте шипалы.  Еті жесең қорытуға  жеңіл, сіңуі  тез, өте пайдалы.Жылқы  етінің басты қасиеті : жүрек, қан,

тамыр ауруларына, бүйрек  жұмысын  жақсартуға , буын  сүйек-терді  жібітуге т.б. қолданылады.

Қымыздың  емдік  қасиеттері  әсіресе  туберкулез

  ауруын  емдеуге    пайдалы.Қымыз  қазақ  халқының  

сүйіп ішетін  сусыны.

2.2.Түйенің  күтімі. Түйе түлігі  күй таңдамайды,басқа  мал  жемейтін  қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе  күндіз  жайылып, түнде  жатып, күйіс қайырады. Бірнеше  тәулік  су ішпеуге шыдайды.Бұл  кезде  өркеш  майларынан  бөлінген суды  пайдаланады. Түйе   өнімдері.  Түйе  сүтінің  майлылығы  сиыр  сүтінен  әлдеқайда  жоғары. Оның   құрамында  адам  ағзасына  қажетті  нәруыз,  дәрумендер  мол.  Сүті  24  сағатқа дейін  ашымайды. Түйе  сүтінен  шұбат (қымыран) дайындалады . Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады.Шұбаттың  радиацияға  қарсы  әсері  болатыны да  анықталған.Түйе еті - түйе  өнімінің  бір  түрі, бағалы  тағамдық  шикізат.

2.2.Түйенің  күтімі.

Түйе түлігі  күй таңдамайды,басқа  мал  жемейтін  қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе  күндіз  жайылып, түнде  жатып, күйіс қайырады. Бірнеше  тәулік  су ішпеуге шыдайды.Бұл  кезде  өркеш  майларынан  бөлінген суды  пайдаланады.

Түйе   өнімдері.

Түйе  сүтінің  майлылығы  сиыр  сүтінен  әлдеқайда  жоғары.

Оның   құрамында  адам  ағзасына  қажетті  нәруыз,  дәрумендер  мол.  Сүті  24  сағатқа дейін  ашымайды. Түйе  сүтінен  шұбат (қымыран) дайындалады .

Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады.Шұбаттың  радиацияға  қарсы  әсері  болатыны да  анықталған.Түйе еті - түйе  өнімінің  бір  түрі,

бағалы  тағамдық  шикізат.

2.3.Сиырдың  сыры.  Сиырдың еті мен сүтінің адамға өте пайдасы зор.Сиырдың  сүті  бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі  шикізаты. Сиыр  сүтінен  айран, сары май, ірімшік, кілегей, құрт, сүзбе,сары су әзірлейді.Сүт  тағамдары  денсаулыққа  пайдалы  және  қоректі  қасиеті де  мол.Сиырдың  сүті  несеп ауруларына ем.Сары май әл ауқатты арттырады. Ал етінің құрамында белок  көп.Сиырдың  еті-салқын, майлы, дәмді болады.Сиырдың етінен шұжық жасалады.

2.3.Сиырдың  сыры.

Сиырдың еті мен сүтінің адамға өте пайдасы зор.Сиырдың  сүті  бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі  шикізаты. Сиыр  сүтінен  айран, сары май, ірімшік, кілегей, құрт, сүзбе,сары су

әзірлейді.Сүт  тағамдары  денсаулыққа  пайдалы  және  қоректі  қасиеті де  мол.Сиырдың  сүті  несеп ауруларына ем.Сары май әл ауқатты арттырады. Ал етінің құрамында белок  көп.Сиырдың  еті-салқын, майлы, дәмді болады.Сиырдың етінен шұжық жасалады.

2.4. Қойдың  қасиеті.

Қазақ  халқы  қой  мен  ешкіні  қосып «уақ мал» деп атайды.Қой-төрт түлік мал  ішіндегі  ең  жуасы. Қойдың  еті, жүні, терісі пайдалы. Жүнінен  киіз басады, түрлі киім-кешек тоқиды.

Қой  күтімі

Қой  шаруашылығы - мал шаруашылығының  бір  саласы. Малды  қыста қорада, қалған  уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық  

дақылдармен  қоректендіреді, мезгілімен  дәрігерлік  көмек  көрсетіледі.Қойдың салмағы тұқымына қарай  әртүрлі болып келеді.

Қой  өнімі

Қойды  ет, сүт, жүн, тері  өндіру  үшін  өсіреді.Қой  еті  бағалы  тағамдық

ши-кізат. Қойдың  еті – жылу  мен  әл-ауқатты  арттырады, денедегі  желді  баса-ды. Асқа  тәбетті  арттырады. Сүті  қою, емдік  қасиеті  бар.Қойдың  жүнін « жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні»,

«өлі жүн» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге  бөліп  атайды. Қойдың  жабағы  жүнінен  шидем  шапан, күпі  күседі, ішпек, терілік  жасайды, тыстап  күпсек (бөстек),көпшік, жеңіл байпақ тігеді, киіз жасайды. Қой  жүнінен  киіз басар,

Кисе –киім, жесе –тамақ,

Мал  жоқ  шығар  қойдан  асар  -  дегендей  үй жануарларына  адам  қандай

қамқорлық  жасасақ, сондай пайда  көріп  отырмыз.

2.5.Ешкінің  қасиеті.

Ешкі- өте  өсімтал  мал.Ешкінің  мүйізі  қырлы, дене  бітімі  жеңіл, құйрығы қысқа  келеді. Оның  түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде  бесеуден  лақтайды. Жақсылап  күтсе  жылына  екі  рет  төл-дейді.

Ешкілерді  көктемде, жылы  аудандарда  екінші рет тамыз – қыркүйек айларында  қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі  терісінен  сафиян, шевро сияқты  бағалы  былғары  жасалады.

Ешкі  күтімі

Ешкі  шаруашылығы - мал  шаруашылығының  бір саласы. Ешкі   малы - текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограмға  дейін тартады. Жемден-ген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май  алынады.Ешкі  тұқымын  асылдандыру, күтімі  мен  азықтандыруын дұрыс  ұйымдастыру  арқылы  оның  өнімділігін  арттырады

Ешкі  өнімі

Ешкі  еті  әсіресе  лақ, серке еті дәмді, сіңімді келеді. Сүті  емшектегі  балаға жұғымды, одан  қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т.б. тағамдар  дайындала-ды.Ешкінің  сүті  ентікпеге  ем.Өкпе  ауруына,  қан  аздық, рахит, буын, тері ауруына  шалдыққандарды  әу  бастан-ақ  ешкі сүтімен емдеген. Түбіті  мен жүнінен  жеңіл, әрі берік  орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылған.

III.Практикалық  бөлім.  Мал  шаруашылығы  біздің  еліміз  үшін  қазіргі  таңда  да  маңызды саланың бірі  болып  келеді.Сондықтан  біз  ұлтымыздың  қасиетті  төрт  түлікке қатысты  ұғымдары  мен  бай  тәжірибиесін  ұмытпай,күнделікті  тіршілігімізде қолдануымыз   керек.  Мен төрт  түлік  туралы  толығырақ  біліп, зеттеуді  алдыма  мақсат еттім.Бұл тақырып  маған  өте  қызықты.Зерттеу  барысында  кітапханаға,барып  керекті мәліметтер ала отырып, өзімнің төрт түлік туралы зерттеуімді жүргіздім.Бұл жинақталған  мәліметтерді   қазақ  тілі сабақтарында,сыныптан тыс сабақтарда  қолдансақ  екен  деген  игімақсатта  зерттеу  жұмыстары  атқарылды. Мен ,ағамның үйінде үй жануарларымен түскен фоталарым.

III.Практикалық  бөлім.

Мал  шаруашылығы  біздің  еліміз  үшін  қазіргі  таңда  да  маңызды саланың бірі  болып  келеді.Сондықтан  біз  ұлтымыздың  қасиетті  төрт  түлікке

қатысты  ұғымдары  мен  бай  тәжірибиесін  ұмытпай,күнделікті  тіршілігімізде қолдануымыз   керек.

Мен төрт  түлік  туралы  толығырақ  біліп, зеттеуді  алдыма  мақсат еттім.Бұл

тақырып  маған  өте  қызықты.Зерттеу  барысында  кітапханаға,барып  керекті мәліметтер ала отырып, өзімнің төрт түлік туралы зерттеуімді жүргіздім.Бұл жинақталған  мәліметтерді   қазақ  тілі сабақтарында,сыныптан тыс сабақтарда  қолдансақ  екен  деген  игімақсатта  зерттеу  жұмыстары  атқарылды.

Мен ,ағамның үйінде үй жануарларымен түскен фоталарым.

ҚОРЫТЫНДЫ  Төрт  түлік  ұғымына көңіл  бөлсек; түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малын қосып, «төрт  түлік  мал» деп  ата-бабаларымыз  атап кеткен.  Жер  жүзіндегі  барлық  жаратылыстың  түпкі  тегі төрт  нәрседен- топырақ, су, от, және  желден(ауадан) жаралды  десек, түйе - сордан, жылқы- желден, сиыр- судан, қой-ауадан  жаратылған  деп  төрт  түлікті  әртүрлі  нәрсенің   символы  деген.Бұл  ғылымизерттеу  жұмысы  төрт  түлік  туралы  тереңірек   білуге,оларды бағалап,құрметтеуге  септігін  тигізетіні  сөзсіз.  Оқушыларға  төрттүліктің  адам  өміріндегі  маңыздылығын   түсіңдіре  отырып,қазақ  тілін оқыту әр мұғалімнің   басты  міндеті.Келешектегі  мақсатым   осы  тақырыпты тереңірек  зерттеу. Сіздермен болған 2 «А» сынып оқушысы  Тұрғали Аружан Даниярқызы.    

ҚОРЫТЫНДЫ

Төрт  түлік  ұғымына көңіл  бөлсек; түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малын қосып, «төрт  түлік  мал» деп  ата-бабаларымыз  атап кеткен.

Жер  жүзіндегі  барлық  жаратылыстың  түпкі  тегі төрт  нәрседен- топырақ, су, от, және  желден(ауадан) жаралды  десек, түйе - сордан, жылқы- желден, сиыр- судан, қой-ауадан  жаратылған  деп  төрт  түлікті  әртүрлі  нәрсенің  

символы  деген.Бұл  ғылымизерттеу  жұмысы  төрт  түлік  туралы  тереңірек

  білуге,оларды бағалап,құрметтеуге  септігін  тигізетіні  сөзсіз.

Оқушыларға  төрттүліктің  адам  өміріндегі  маңыздылығын

  түсіңдіре  отырып,қазақ  тілін оқыту әр мұғалімнің   басты  міндеті.Келешектегі  мақсатым   осы  тақырыпты тереңірек  зерттеу.

Сіздермен болған 2 «А» сынып оқушысы

Тұрғали Аружан Даниярқызы.  

 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Үй жануарлары "

Автор: Абильдина Камшат Сейтбековна

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390701

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Жануарлар ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(28) "zhanuarlar-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "203719"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429535988"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Жануарлар ?ыста ?алай жылынады? "
    ["seo_title"] => string(34) "zhanuarlar-k-ysta-k-alai-zhylynady"
    ["file_id"] => string(6) "111365"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1407412497"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Жары? – жануарлар тіршілігіне ?ажетті жа?дай "
    ["seo_title"] => string(52) "zharyk-zhanuarlar-tirshilighinie-k-azhietti-zhag-dai"
    ["file_id"] => string(6) "111364"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1407411952"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Жануарлар қалай көбейеді?""
    ["seo_title"] => string(25) "zhanuarlar_kalai_kobeiedi"
    ["file_id"] => string(6) "538262"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1580702140"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Та?ырыбы	Жануарлар?а да ауа керек "
    ["seo_title"] => string(38) "tak-yryby-zhanuarlarg-a-da-aua-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "113846"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411069496"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства