Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Дүниетану 4сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Жайлы кеңінен мағлұматтар беру, олардың адам өміріндегі
маңыздылығы жайлы әңгімелеу.
Дамытушылығы :Оқушылардың тілін дамыту,сөз қорын
молайту,ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін
жетілдіру,айналадағы дүниені тани біліп,өмірмен ұштастыра
білуге дамыту.
Тәрбиелілігі :Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға,
қоршаған ортаны таза ұстауға,еңбек сүйгіштікке,өзгенің еңбегін
бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс,
Көрнекіліктер:суреттер,сөзжұмбақ,интерактивті тақта.
Ыбырай Жақаев портреті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Күн жарғын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік,жарық мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
ІІІ.Сабақты бекіту:
Сұрақ-жауап:
Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата?
Су өсімдіктері жайлы айт.
Жантақтың тамыры қанша метрге жетеді?
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.
Ойын:
Ойланайық кім ойшыл:
1.Өсімдіктің жер астындағы бөлігі /тамыр/
2.Өсімдік тіршілігіне қажет нәрсе /ауа/
3.Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі /сабағы/
ІҮ.Жаңа сабақтың мақсатын қою:
Тақырыпты,мақсатты хабарлау.
Ү.Жаңа материалды өту:
Жылу сүйгіш өсімдіктер:жүгері,мақта,күріш.
Жылыжайда өсетін өсімдіктер:орамжапырақ,қызанақ, қияр.
Суыққа төзімді өсімдіктер жемістер: алма,өрік,алмұрт.
Суыққа төзімді көкөністер: сарымсақ,сәбіз,пияз,шалқан.
Суыққа төзімді астық дақылдас өсімдіктер: асбұршақ, сұлы,бидай.
Ыбырай Жақаев жайлы мәлімет.
Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға тізбектеліп кезекпеп оқыту.
ҮІ.Жаңа материялды пысықтау:
Суретпен жұмыс.
1.Көрсетілген суреттермен жұмыс жасау.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жылу сүйгіш өсімдіктер: асқабақ, мақта, күріш, үрмебұршақ,жүгері.
Суыққа төзімді көкөністер: сарымсақ, сәбіз, пияз,шалқан.
Топпен жұмыс
Жұмбақтар жасыру.
Көзі жасты,
Тура қашты.(Бұлт)
Жұрттың бәрі сүйеді,
Бірақ қарай алмайды.(Күн)
Постер қорғау:
1.Топ
Жылу сүйгіш өсімдіктердің суретін салу.
2.топ
Суыққа төзімді өсімдіктердің суретін салу.
(Салған суреттерін қорғау)
ҮІІ.Бекіту:
Тест:
1.Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар.
А.Су,жарық,қорек,ауа,жылу
Ә.құрғақшылық,жарық,қорек.
В.су,қараңғылық,қорек,ауа жылу.
2.Суыққа төзімді өсімдіктердің тұқымын қай мезгілде себеді.
А. ерте көктемде
Ә. жазға таман
Б.күзде
В. қыста
3.Суыққа түзімді өсімдіктерді тап.
А.жоңышқа,жалбыз,
Б. қоға,құрақ,
Ә. сүттіген,жантақ,
В. бидай,сұлы,арпа,
4.Мақта қай қалада өсіріледі.
А.Ақтау
Ә.Шымкент
Б.Өскемен
В.Алматы
ҮІІІ.Үйге тапсырма
(91-92 беттерді оқу мазмұндау)
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Бағалау:
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт