. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп,бірдей тұлғада айтылған сөздердің,сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру.Бірыңғай мүшелердің тән ерекшеліктеріне сипаттама беру.
2.Оқушылардың танымын кеңейту,материалды тез қабылдауына жол ашу,өз пікірін айтуға төселдіру ойлау, тез есте сақтау қабілеттерін арттыру,тіл мәдениетін дамыту:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Сөйлемнің бірыңғай мүшелері" Қазақ тілі 4-сынып»
Ашық сабақТақырыбы:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Пән мұғалімі: Амирханова Феруза
Мақсаты:
1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп,бірдей тұлғада айтылған сөздердің,сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру.Бірыңғай мүшелердің тән ерекшеліктеріне сипаттама беру.
2.Оқушылардың танымын кеңейту,материалды тез қабылдауына жол ашу,өз пікірін айтуға төселдіру ойлау, тез есте сақтау қабілеттерін арттыру,тіл мәдениетін дамыту:
Көрнекілігі
Проектор,тірек сызбалар,суреттер
Психологиялық ахуал:
Біздің күлкіміз көңілді,
Жеткізсін жылу мен шаттықты.
Бөліскен жақсы ғой өмірде,
Қуаныш,мейірім,бақытты.
Өткен сабақты пысықтау
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дегеніміз не?
Олар қандай сұраққа жауап береді?
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін айт.
Жаңа сабақ
Бірдей сұраққа жауап беріп,сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді –сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Мысалы: Әсемнің әжесі мейірімді,
кеңпейіл,ақкөңіл жан.
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.Сөйлемде бірыңғай мүшелер санамалап оқылады.
Нанда жердің,күннің,гүлдің иісі бар.
Дәлелдеп үйрен:
Олардың бәрі бір ғана сұраққа жауап береді.
Бұл – бірыңғай мүше өйткені
Сөйлемде бір мүшенің ғана қызметін атқарады.
Бәрі бір сөз табынан болады.
1-жаттығу
Әр топтағы сөздерді оқы,сұрақ қой.Қай сөз табы екенін анықта.Артық сөзді тап.Ол сөздің неге артығын екенін дәлелде.
а) қарағай,қайың тербеледі, қарағаш,үйеңкі.
ә) ойнайды,секіреді,жүгіреді,ойнақтайды,қалың.
б) қыр мұрынды,ашық маңдайлы,он бес,жылы жүзді.
в) екі,жүз,көп, алпыс, мың.
Ойын:
“ Доп лақтыру”
2- жаттығу
Сөйлемдерді оқып,көшіріп жаз.Бірдей сұраққа жауап беретін сөздер,сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.
Құрт
Май
Ірімшік
Қаймақ
Кілегей
алынады
Оқулығын
Күнделігін
дәптерін
күтіп ұстайды
Сергіту сәті: 3- жаттығу
Мәтінді оқып көшіріп жаз.Бірыңғай мүшелердің астын сыз.
Күн шайдай ашық жылы еді.
Бұлт та,жел де жоқ.
Хамит бір ескілеу жолмен келеді.
Айнала қалың орман.
Бойлап,таласа,жарыса шыққан қайың,теректер көрінеді.
4 –жаттығу
Сурет бойынша сөйлем құрап жаз.Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер болсын.
Рефлексия
Ойын - жаттығу:
Аспан көгінде күн болсаңдар,адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?