(етістіктің түрлері,шақтары,етістік формалары,етіс категориясы,есімше,көсемше категориясы,болымды және болымсыздык категориясы,рай категориясы )
Етістік
Заттың қимылын, іс-әрекеті мен амалын білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.
Мысалы: Балалар мектепке келді.
Етістіктінң сұрақтары: не істеді? Не қылды?
Есім сөздерден етістік жасайтын жұрнақтар :
1)-да, -де, -та, -те, -ла, -ле: көкте.
2)-лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен: ойлан.
3)-лас, -лес, -дас, -лес, -тас, -тес: ойлас.
4)-лат, -лет, -дат, -дет, -тат, -тет: билет.
5)-а, -е: орна, теңе.
6)-ар, -ер, -р: көгер, жасар.
7)-ай, -ой, -й: азай, көбей.
Дара және күрделі етістіктер
Бір ғана түбірден тұратын етістіктер дара етістіктер деп аталады.
Мысалы: кел,бар,отыр т.б.
Екі немесе одан да көп сөздерден құралып, сөйлемде бір мағынаны білдіріп,барлығы бір сөйлем мүшесі болатын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: ойнап жатыр,алып кел т.б.
Етістіктің грамматикалық топтары
Болымды және болымсыз етістіктер.
Етістіктің грамматикалық топтары
Болымды және болымсыз етістіктер.
Етістіктің грамматикалық топтары
Есімше.
Етістіктің грамматикалық топтары
Есімше.
Болымды және болымсыз етістіктер
Іс-әрекет, қимылдың жүзеге асуын көрсететін етістіктер болымды етістіктер деп атайды.
Іс-әрекет, қимылдың жүзеге аспауын, болмауын көрсететін етістіктер болымсыз етістіктер деп аталады.
Тұйық етістік
Тұйық етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.
Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра -у , жүр -у , бар -у , шегеле -у , айт-қыз -у , сөйле-с -у , кел-ме -у , бөге-ме -у . Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу, қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр.
Салт және сабақты етістіктер
Табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктерді салт етістіктер деп атаймыз. Мысалы: Балалар ауылға келді.
Салт етістіктегі сөздер барыс, жатыс, көмектес септіктегі сөздермен байланысады
Қимылды, іс-әрекетті көрсетіп, табыс септіктегі сөзбен байланысып, табыс септіктегі сөзді қажет ететін болса, бұндай етістік сабақты етістік деп аталады. Сабақты етістік кімді? Нені? Деген сұрақтарға жауап беретін зат есім сөзбен байланысады
Салт және сабақты етістіктер
Табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктерді салт етістіктер деп атаймыз. Мысалы: Балалар ауылға келді.
Салт етістіктегі сөздер барыс, жатыс, көмектес септіктегі сөздермен байланысады
Қимылды, іс-әрекетті көрсетіп, табыс септіктегі сөзбен байланысып, табыс септіктегі сөзді қажет ететін болса, бұндай етістік сабақты етістік деп аталады. Сабақты етістік кімді? Нені? Деген сұрақтарға жауап беретін зат есім сөзбен байланысады
Етістіктерді іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өз ара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады:
амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше т. б.);
қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір т. б.);
қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай т. б.);
ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т. б.);
өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн т. б.);
бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт, әпер, әкет т. б.);
көңіл күйі етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан т. б.);
бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда, сыртылда, сырқыра т. б.);
дыбыс-сес етістіктері;
көру-есту етістіктері;
мінез-құлық етістіктері
Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты, тыйымды және т.б. білдіреді: «Сіз барыңыз!» «Бала кетсін» «Ол жаққа барма!» «Мүмкін, мен барармын» Хинди тілінде бұйрық рай көпше және жекеше түрде 2-ші жаққа ғана қолданылады. Бұйрық рай бірнеші түрде болады: бұйрық, өтініш, қалау, рұқсат, сақтандыру, т.б. Жекеше түрдің 2-ші жағында етістік түбіріне сәйкес келеді .
Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді
Етістіктің райлары
Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз. Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы аркылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрскет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, кимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуга тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашык райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді.
Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С)
Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді.
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалықкатегория . Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Осы шақ
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”. Осы шақтың 2 түрі бар: 1)Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ. Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”).
Өткен шақ
Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”. 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”. 3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”.
Есімше
Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткеншақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғыөткеншақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келершақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”.
Келер шақ
Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйықетістіктің тәуелдік немесе барыссептік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”. 3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.
Көсемше
Негізгі көсемшенің сөйлемдегі басты функциясы негізгі іс-әрекеттің өту амалын жанама түрде сипаттау. Негізгі іс-әрекет әр түрлі формада және түрлі қызметте тұруы мүмкін (әсерлене оқыды, сылдырап аққан су, ишаралап айтқанды түсінбедің т. б.). Негізгі көсемше сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарады. Бұл жағынан алғанда ол үстеу мен етістікті жалғастырушы буын ретінде әрекет етеді. Үстеулердің сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарып, етістіктің сын-сипатын, мақсатын, мезгілін т. б. амалдарын сипаттайтыны секілді негізгі көсемшелер де осы міндеттерді толығымен орындайды. Көсемше тұлғалы сөздер қосарланып та қолданылады. Бұл қасиеттеріне орай қайтапама ( "Көре-кере көсем боларсың..." ), және қосарлама (шаршап-шалдығып, еліп-ешіп), қос сөзді көсемшелер деп жіктеледі. Қосарлама қос сезді көсемшелердің екі сыңары да мәнді немесе мағыналары әр түрлі немесе бір сыңары мәнді екіншісі мәнсіз болып, сондай-ақ тұлғаласып та, тұлғалас болмай да қолданыла береді (өліп-талып, итере-митере, өле-өлгенше т. б.). Көсемшелер құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарумен қатар басыңқы сөйлемді байланыстыруға да белсенді түрде қатысады. Сонымен бірге күрделенген сөйлемде оралымдар тудыруға ұйтқы болып, өз алдына бөлек категорияның пайда болуына септігін тигізеді. Негізгі көсемше әрқайсысының басым мағыналық сипаттарына орай: амалды көсемше, мақсатты көсемше, мезгілді көсемше болып бөлінеді. Бұлар қайтіп? қалай? не істегелі? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Амалдық. көбінесе негізгі іс-әрекеттің алуан түрлі қимылдық сын-сипатын керсетеді. Тұлғалық, мағыналық өзгешеліктеріне қарай өз ішінде амалды Көсемше тұжырымды амал ( -ып, -іп, - п /ағаштар баяуқозғалылтұр), созылыңқы амал ( -а, -е, -й /құстар қанаттарын суылдата ұшты), болымсыз амал ( -пастан, -пестен, -бастан, - бестен, -мастан, -местен /жаңбыр тынбастан жауды) болып топтапады.
-Ып, -іп, -паффиксті көсемшелер көп жағдайда салыстырмалы түрде тия- нақтала айтылады, aн -а, -е, -й жүрнақты көсемшелердің -п формантты көсемшелерге қарағанда созылыңқылығы байқалады. Бұл айырмашылық біреуінің өткен шақты, екіншісінің келер шақты тудыруға қабілеттілігінен, аналит. етістіктегі түр жасау ерекшеліктерінен де айқын байқалады. -Қалы, -келі, -ғалы, -гелі қосымшалары түбір етістіктерге жалғанып, мақсатты көсемше жасалады (хал-жайыі-щы білгелікелдім). Мезгілді көсемше -қан- ша, кенше, -ғанша, -генше тәрізді күрделі қосымшалар арқылы көрінеді (Биыл жапырақтар қар түскенше сарғаймады).
Етіс
Етіс ( етіс категориясы ) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі
Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді :