kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" ?сімдіктер ?андай болады "

Нажмите, чтобы узнать подробности

ппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" ?сімдіктер ?андай болады "»

Бастауышым-балбұлағым

  • mtm

  • 5 қыркүйек 2015

  • 369

  • 0

  • 0

Тақырыбы: Бастауышым – Балбұлағым
Мақсаты: а) оқушылардың төрт жылғы алған білімдерін тиянақтау, білімге құштарлығын арттыру, білімнің болашаққа қажеттілігін түсіндіру.
ә) ой - қиялдарын, түсініктерін, тілдерін, қызығушылықтарын, мектепке, ұстазға құрмет сезімдерін дамыту.
б) бастауыш сыныбымен, алғашқы ұстазымен қоштастыра отырып, ұстаздар еңбегін құрметтеуге,
Отанның адал ұл - қызы болуға тәрбиелеу.
Түрі: мерекелік - ертеңгілік
Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, аралас әдістер.
Көрнекілігі: мерекелік безендірулер, шарлар, гүлдер, «Біздің
жетістіктеріміз» көрме, қанатты сөздер, «Өнерлі бала
сүйкімді»- оқушылар шығармашылығы көрмесі, портфолиолары, мерекелік қабырға газеті.
Өту барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
КІРІСПЕ: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Баршаңыз да бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық,
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың,
Шашуды да шашайық!-
деп әжемізге шашу шашу рәсімін жолдайық!
Әже: Әр кезде алға баса бер,
Асулардан аса бер,
Таудай болсың талабың,
Құтты болсың қадамың!
Өсе берсін ойларын,
Құтты болсын тойларың!-(шашу шашылады)
Ұстаз: Ендеше, бүгінгі қуаныш иелері 4 - сынып оқушыларын ортаға шақырайық!
(Оқушылар көңілді әуен ырғағымен жұптасып кіреді)
1 - бастаушы Есендияр: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға!
2 - бастаушы Нұрзада: Шаттанамын, мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып бүгін міне, арта қалды!
1 - бастаушы: Өрден - өрге озсын деп,
Ертеңге жол сілтеген.
Біздің сынып жетекші!
2 - бастаушы: Қадірлі адам, сыйласың,
Оған адал сый басым.
Қоштасарда бастауышпен
Ата - анаңдай қимайсың
Біздің сынып жетекші!- дей келе ұстазымызға сөз береміз.
Ұстаз сөзі:(сыныптың 4 жылғы жетістіктеріне, оқушылар шығармашылықтарына тоқталу.)
1 - бастаушы:
Мектебім - мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды
Ақтаймыз талай әлі біз!
ән «Мектебім қуанышым»- барлығы орындайды.
2 - бастаушы:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық,
Не үйрендік, не білдік,
Кәне, ортаға салайық!- деп бүгінгі тамаша кешімізде 4 жыл бойы үйренген - білген өнерімізді ортаға салайық!
Оқушылардың тақпақтары:
№1 Рысбек
Қош келдің, деп балдырған,
Күліп шықтың алдымнан.
Шексіз сеніп ата - ана
Балаларын қалдырған.
№2 Ақжүніс
Сипап қойып басымнан,
Кетпей жүрген қасымнан.
Құрбы - құрдастарыммен
Достастырған асыл жан.
№3 Қайсар
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланның бүгін тойында
Арналды саған бұл әнім!
Ән: «Ұстазым» (барлығы қосылып орындайды)
№4 Арсен
Күн болып күліп балаға,
Ой жіберген санаға.
Мың бір сәлем жолдаймыз
Ардақты абзал Анаға!- бәрі
1 - бастаушы:
Бүгінгі салтанатымызда «біздер үшін түн ұйқысын төрт бөліп алаң болған, бізбен бірге оқып, бірге қуанған асыл жандар - ардақты аналарымызға мың алғыс!»- дей отырып әнмен сәлем жолдаймыз!
Ән:«Айналайын ақ мамам»- орындайтын Қайсар мен Арсен
№ 5 Есендияр
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл, қырағы
2 - бастаушы:
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.- деп биші қыздарымыздың орындауында «Үнді биін» тамашалаңыздар!
№6 Нұрзада
Жақсылықты көздеген,
Жамандыққа төзбеген.
Жаныңды әр кез ұғатын,
Жақын ұстаз өзгеден!
№7 Арсен
Ақылшым, асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың,
Қасыма келіп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.
№8 Ақжүніс
Алғаш рет өзіңнен,
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңнен,
Біліп алды балалар!
1 - бастаушы:-
Иә, Ақжүніс дұрыс айтады. Біз бастауыш сыныпта оқыған пәндерімізде де ұмытпай, құрметтейік!
№9 Рысбек
Оқи берсең ғылымды,
Артық болмас баршасы.
Математика өмірде
Бар ғылымның патшасы.
№10 Қайсар
Ойланатын есеп шығарып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы -
Математика деп білдім мен.
№11 Ақжүніс
Білу үшін жер жайын, дүниетану өтеді.
Музыканы оқуға, керек әннің жетегі.
Орыс тілін оқимыз - тану үшін әр ұлтты,
Компьютермен танысып, зердемізге тоқытты.
2 - бастаушы:-
Ендеше өзіміз оқыған аяулы пәндеріміз бізге тапсырмалар ала келіпті, сол тапсырмаларды орындап, ата - аналар мен ұстаздарымызға білімдерімізді байқатайық!
Ана тілі (Гүлназ. С)
- Балалар, өздеріңмен төрт жыл бойы дос болып, көп нәрсеге үйреткен Ана тілі достарың сендерге мынадай тапсырмалар беріп жіберді, кәне ала қойыңдар!
(Сандықшаның ішінен топшамалар суырып, сұрақтарға жауап беру).
1. Қазақтың бес арысын ата.
(Мағжан, Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек, Міржақып.)
2. Ана туралы мақал айт.
3. Шет ел әдебиеті өкілдерінен кімдерді білесің? Шығармаларын ата.
Шыңғыс Айтматов «Ақ кеме», Божена Немцова «Гонзик латын тілін қалай үйренді?», Армен Исаакян «Күн құшағында»т. б.
Математика: (Алтын Т)
1). Тоғыз қойдың ақпанда, егіз туды екеуі,
Қырға көшіп жатқанда, жалқы туды екеуі.
Тағы да бір тұсақ бар, қысыр қалды ол бірақ та,
Біздің үйде ұсақ мал жетті неше тұяққа?(19)
2). Ортаға әкеп тосты Оспан, 37 қаламды
Тиді әркімге қос - қостан, балалардың бәрі алды.
Өзгелерден 1 қалам артық тиді Күләшқа,
Береді айтып кім маған, неше жан бар сыныпта?(18)
Дүниетану: (Аягөз)
- балалар, енді менің кезегім. Менің де қояр сұрақтарым бар:
- еліміз қандай елдермен шектеседі?
- еліміздің қазба байлықтарын атаңдар?
- дүниетану тарих пәнімен байланысты екенін қайдан білеміз?
Осы кезде ортаға Орыс тілі шығады:(Ақнәзік)
Орыс тілі:- ей, сендер маған кезек бересіңдер ме?
Бәрі: - қане, орыс тілі, төрлет!
Орыс тілі: - мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын шарты былай: Мен сіздерге қазақша сөздер айтамын, ал сендер маған орысшасын айтасыңдар, немесе, керісінше, және ол өлең сияқты ұйқас болу керек, ал, бастайық!
Жол - дорога, мать - ана,
Сиыр -......... ребёнок -......
Есік - дверь, цветок - гүл,
Аң -........ слон -......
Орыс тілі: - тамаша, балалар. Мен сендерге ризамын. Алдағы сыныпта тағы да кездесеміз ғой.

Барлық пәндер қосылып:- жарайды, балалар, тойларың құтты болсын! Сендерге көп рахмет! 5 - сыныпта сендерге көп жетістіктер тілейміз! Сау болыңдар!
1 - бастаушы:
- ендігі кезекті 5 - сыныпта оқитын пәндерімізге береміз.
Арсен: шет тілінде сөйлейміз, Ақжүніс: қосылған көп жаңа пәнді,
«ху да ю, гуд монин» деп. Оқып, оқып үйренеміз!
Ағылшынша үйренеміз, Ерсейт ағай, сіз сияқты
Жамандықтан жиренеміз. тарихты оқып, меңгереміз!
Ержан ағай, біз айтамыз:
«сенк ю вери мач!», Нұрзада: Гүлжанат апай өнерлі,
Қайсар: дүниетану жалғасы, орыс тілін береді.
Жаратылыстануды оқимыз. Ән үйретіп, би үйретіп,
Қайыржан ағай, сөзіңізді қызықтырар біздерді.
Санамызға тоқимыз!
Есендияр: Музыка атты пәніміз, Рысбек: доп қуамыз, ойнаймыз
Айтылар онда әніміз. Қызығына тоймаймыз.
Әмина апай үйретеді, Біз Ерназар ағаймен
Ән шырқаймыз бәріміз! Шахмат та ойнаймыз!
Рысбек:
Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
5 - шіге барған соң,
Айгүл апай бағалар.
2 - бастаушы:
- ендігі кезекте ата - аналарға береміз! Ата - аналармен ойын ойнайық!
1. «Өз балаңызды дауысынан таны!»
2. «Тентек қораздар»
1 - бастаушы: - бізді 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан, анамыздай болған алғашқы ұстазымызды ортаға шақырып, Ұстазымызға болашақта жақсы оқып, тәртіпті боламыз деп уәде етейік!
«Жүректен - жүрекке»тренингі. 1 - бастаушы: ұстаздар, ата - аналар, асыл жандар,
Бала үшін бар өмірін арнағандар.
Сіздер үшін арналған ақ дастархан,
Баршаңыз да ақ дәмге жақындаңдар!- деп сіздерді мерекелік ақ дастарханға шақырамыз!
Дастархан мәзірі.
Бата.
Қорытынды. Соңы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
" ?сімдіктер ?андай болады "

Автор: Манашева Мерей

Дата: 09.05.2016

Номер свидетельства: 325067

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Б?лме ?сімдіктері ж?не оларды? т?рлері"
    ["seo_title"] => string(43) "bolmie-osimdiktieri-zh-nie-olardyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "302323"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457115404"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "?сімдіктерді? к?пт?рлілігі. ?сімдіктер ?сетін орта жа?дайларыны? алуан т?рлілігі"
    ["seo_title"] => string(78) "osimdiktierdinkopturlilighiosimdiktierosietinortazhagdailarynynaluanturlilighi"
    ["file_id"] => string(6) "280703"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453400061"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Қазақстандағы өсімдіктер әлемі"
    ["seo_title"] => string(34) "k_azak_standag_y_osimdiktier_liemi"
    ["file_id"] => string(6) "461555"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520873506"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Дала өсімдіктері мен жануарлары"
    ["seo_title"] => string(36) "dala_osimdiktieri_mien_zhanuarlary_1"
    ["file_id"] => string(6) "391222"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486979573"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Дала өсімдіктері мен жануарлары"
    ["seo_title"] => string(36) "dala_osimdiktieri_mien_zhanuarlary_3"
    ["file_id"] => string(6) "455460"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518000467"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства