Учителям по самопознание на начальных класс
Просмотр содержимого документа
«"бәрін жүрегіңмен өлше"»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды
«мейірімділік»,
«қамқорлық»
туралы
түсініктерін
кеңейту арқылы
«сүйіспеншілік»
құндылығының мәнін ашу.
Білімділігі:
Оқушылардың
мейірімділік,
қайырымдылық туралы
түсініктерін кеңейту ;
Дамытушылығы:
Тәрбиелілігі:
- Оқушыларды қайырымды
- қарым-қатынас
- жасау іскерліктерін
- дамыту ;
Оқушыларды сүйіспеншілікке,
өзіне деген сенімділікке,
қамқорлыққа, мейірімділікке
тәрбиелеу.
Дәйексөзбен жұмыс
“ Жа қсылықтан жақсылық туады”
Мақал
Жүрек жақындығы әпсана әңгіме
https://youtu.be/83ijGyo-HnQ
(Бейнеролик)
- Ұстаз шәкірттерінен не деп сұрады?
- Шәкірттерінің жауабына ұстаздың көңілі толды ма?
- Әпсанада не жайлы айтылған?
- Әпсанадан қандай ой түйдіңіздер?
- Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыздар?
Мәтінмен жұмыс
https://youtu.be/eCJYzzDQ3NA
тыңдау
- Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
- Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
- Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
- Өз өміріңнен мысал келтіріп айтып бер.
Мейірімді адам, өзге адамға, туған – туыстарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.
- Сөздер беріліп,сол сөздерден шығатын мақал -мәтел құрау. (сабыр, әдепті, қайырымдылық, кішіпейілділік, ана,жақсы)
Сен жолда келе жатырсың.
Шұңқырға түсіп кеткен балапандарды көрдің.
Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды.
Бірақ оған шамасы келмейді.
Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?
Ойын
А 4 қағазға үлкен етіп жүрек саламыз, сол жүректің ішіне гүлдің
суретін саламыз, сол гүлдің ішіне үйдегі адамдардың есімін жазамыз.
Есімін жазған адамға сыйға тартамыз. Одан алған қуанышыңызбен бөлісіңіздер.
Көрініс үзіндіге бөліп оқу .
Құттықтаймын, мама, туған күніңмен! Сөзін жазған: Мұқағали Мақатаев
Нұрын төккен маған
Шуағымсың – сен!
Айналайын мама,
Қуанышың – мен!
Шаттандырған мені
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!
Аялаған мені
Ән қанатымен.
Құттықтаймын сені
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді.
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді!
Үй тапсырмасы
«Менің асыл - Анашым» тақырыбында шағын эссе жазу .
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткет атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстаздарым мейірімді!
Тату – тәтті достарым мейірімді!
Бізді жүрегімен сүйетін отбасым мейірімді!
Қоршап тұрған табиғатым мейірімді!
Сау болыңыздар!!!