kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жыр -мені? жал?ыз тарланым,жанымды жырмен жал?адым "?деби кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

« Жыр- мені? жал?ыз тарланым,жанымды жырмен жал?адым»

Ма?саты: Поэзия патшайымы ?аза?станны? халы? жазушысы Мемлекеттік сыйлы?ты?  лауреаты,?о?ам ?айраткері Фариза О??арсынованы? ?негелі ?мір жолын, ?нерін,?р мінезін,ас?а? рухын о?ушылар?а насихаттау. Поэзия ?леміне,с?з ?неріне с?йіспеншілігін арттыру.Аяулы а?ын апамыз?а деген о?ырмандар махаббатын одан ?рі ?стей т?су.

К?рнекілігі: а?ынны? суреті, «Поэзия падишасы» кітап к?рмесі,слайд,цитаттар.

Барысы
К?рініс:

Ортада ?йелі мен к?йеуі отырады.Ота?асы ?олында домбыра, отанасы ?олында кесте.
?йелі: Ота?асы, б?гін бір ?ажап т?с к?рдім. Т?сімде саялы ба?ты? ішінде ?ыдырып ж?р екенбіз. Айналамызда албырап пісіп т?р?ан алма а?аштары. Мен сол алмалар?а ?ызы?ып біреуін а?аштан ?зіп ал?ым келді. Бір уа?ытта к?зіме бір алма а?ашы т?сті. Ол а?ашта алманы? орнына том – том болып кітаптар ілініп т?р екен. Сол кітаптарды? арасында ?ып – ?ызыл алма к?зді? жауын алатындай болып т?р екен. Мен ?уанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жат?ан жерімде оянып кеттім.
Ота?асы (к?ліп): Ай, т?йірі – ай. Алла б?йыртса, екеуміз армандап ж?рген ?ып – ?ызыл алмадай ?ызымыз д?ниеге келеді екен. ?ызымыз жай ?ыз емес, том – том кітаптарды жазып ?алдыратын а?ын ба, жазушы ма болатын сия?ты.
?йелі: Айт?аны?ыз келсін, ота?асы, айт?аны?ыз келсін!
Кадрдан тыс дауыс: ?аза? даласын ?зіні? ??нарлы жырымен сусындат?ан ?аза?ты? ерке, а?ын ?ызы Фариза ту?ан елін ?з жырларына ?осып, ?р ?аза?ты? ж?регіне салма?ты ой сала білген, ?айталанбас дарын иесі. Оны? ?ле?дері ар?ылы к?ш алып болаша??а ны? сеніммен аттан?ан б?гінгі ?рпа?ымыз Фариза О??арсынованы? шы?армашылы?ы алдында та?зым етеді.
Ж?ргізушілер орта?а шы?ады: Абишев О мен Батырбекова М.
1-ж?ргізуші:
Армысыздар ??рметті ?стаздар,о?ушылар! Б?гінгі мектеп кітапханасында?ы кешімізді ж?ректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия ?леміні? биік шы?дарын ?з еркіне ба?ындырып,?иял?а ?анат сермеген ?аза?станны? халы? жазушысы,Мемлекеттік сыйлы?ты? лауреаты,?о?ам ?айраткері  а?ын Фариза О??арсынова?а арнал?ан «Жыр мені? жал?ыз тарланым,жанымды жырмен жал?адым» атты ?деби кешімізге ?ош келді?іздер!

1-о?ушы:  «Жыр мені? тарланым» ?уанышева Н?ршат

2-ж?ргізуші: Фариза О?гарсынова 1939 жылы 25желто?санда к?зіргі  Атырау облысыны? Нобогат ауданында?ы Манаш ауылында д?ниеге келген. Нарын ??мыны? арасында, асып-тас?ан байлы?ы болмаса да ?зіндік д?улеті бар отбасында д?ниеге келген. ?кесі еліне сыйлы, ашы?-жар?ын адам бол?ан. Ол ?кесіне арнап к?птеген ?ле?дер шы?ар?ан. Фариза ?кесінен жастай ?алып, анасы Халиманы? т?рбиесінде болады. Анасы к?п с?йлемейтін, с?йлесе ма?алдап с?йлейтін, аса а?ылды, рухани ?уатты, с?лу адам бол?ан. Фариза анасы ар?ылы ертегі, а?ыздарды кішкентайынан бастап ??ла?ына ??йып ?седі.

А?ынны?   бірнеше ?ле?деріне ар?ау бол?ан- аналар та?ырыбы.

 2-о?ушы: «Перзент с?зі» ?ле?і »   Турлыбаева  Жасн?р     

?кем –мені? т??ірім, пай?амбарым,

?мтылатын биігім, сайран ба?ым.

Ол білмейтін д?ниеде ??пия жо?,

біліп ал?ан,япыр-ау, ?айдан б?рін?!

К?шті де жо?,д?л ондай жер бетінде,

с?лу м?сін, бір мін жо? келбетінде!

Батыр,дана сол ?ана. Асы?амын

?кеме ??сап тезірек ержетуге.

Ол жо? болса, ?й?ы да ?ашты менен,

к?ріскенде ?уаныш шашты денем.

?кеме ??сап ?жемді ?адірлеймін,

анашымды ?кемше жа?сы к?рем.

ол т?р?анда сезінбей ?атер демін,

хандарды? да ?алпа?ын ?пермедім.

?діл шешім айтатын барлы? істе

бізді? ?йде бас ?азы- ?кем мені?.

?кем барда, ар?ам ке?, жо? ала?ым,

б?рі орнында: шаруа?, ?ора, малы?.

Т?рт жа?ымыз ??была. Мен ?скенде

?иындау ау ?кемдей бола аларым.

3- о?ушы «Анама» ?ле?і » Батырбекова  Мейірім

Кеуде?де мені тербетті?,

Жас шыбы? енді к?ктеді.

Мінеки, мен де ержеттім,

Е?бегі? бекер кетпеді.

?мірде мынау е? жа?ын

Аяулым сенсі?, анашым!

Болмаса мейлі зор да??ы?,

мен ?шін біра? данасы?.

Мейірім т?ккен н?р ж?зі?

т?р?андай сезем жанымда.

«Адал бол, - деуші е? – ж?лдызым».

са?талды с?зі? жадымда.

«Игі е?бек т?бі осы-ау», - дер

к?ргендер жеміс а?ашын.

?артаймай, м??гі жасай бер,

М??гілік  К?ндей анашым!

Фариза ?ле?дері 1958 жылдан басыла баста?ан. О?ан ал?аш?ы назар аудар?ан адамны? бірі ?аза?ты? ?лы а?ыны, жастарды? ?ам?оры ?бділда Т?жібаев еді. Ол Фаризаны? ал?аш?ы жырларынан-а? оны? бойында?ы талантын танып, оны ?кесіндей ?олдады ж?не ыл?и да ?ада?алап, ?уанып отырды.                     

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалы? институтын бітіргеннен кейін ?уелі мектепте м??алім,кейін облысты? «Коммунистік е?бек» газетіні? ?деби ?ызметкері болып е?бек етті.

1968-1970 жылдары республикалы? «Лениншіл жас» газетіні? А?т?бе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі, ал 1970-1978 жылдары республикалы? «?аза?стан пионері» газетіні? бас редакторы,1978-2000  жылдары «Пионер» журналыны? бас редакторы ?ызметтерін ат?арды.

2000-2004 жылдары ?аза?стан Республикасыны? Парламенті М?жілісіні? депутаты болды.

1-ж?ргізуші:  Т???ыш ?ле?дер жина?ы –«Санду?аш» 1966 жылы жары? к?рді.Ма??ыстау маржандары  1975, «Шілде» 1978, « Сені? махаббаты?» 1979, «С?хбат»1983,«Дауа» 1985 т.б ?ле? кітаптарымен ?атар к?рескер а?ын Махамбет ?теміс?лы туралы «Алмас ?ылыш» ?аза?ты? ?нері ?ыздары туралы Майра, Сара жайында «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайра?ан Жетісуды? б?лб?лымын», «?ар?ыс»,«?асірет пен ерлік жыры» сондай -а? «Дала та?дыры»,«А?б?бек» жырлары,«Жантолыны? монологы»,«Мен ?мірді сен деуші е?», «Интервью» т.б поэмалары  жарияланды.

2-ж?ргізуші: Б?гінде Фаризаны білмейтін о?ырман кемде-кем.А?ын-?з заманыны? ар-?жданы.Ол болаша? ?шін ?мір с?рді.?лденеден м??ай?ан кезінде біреуді? пасы?ты?ынан ж?регі м?зда?ан кезінде кешегі досыны? б?гін теріс айнал?анын к?ргенде Фаризаны? досы сенері м??дасы-поэзия еді.

Ендеше кезекті о?ушылар?а берейік

4-о?ушы:  «?ле?, мен сені аялап ?тем» Садыкулова Жанна

1-ж?ргізуші: ?ркімні? ту?ан жері, ту?ан ?лкесі бар. Ту?ан жерге, ту?ан елге деген махаббат ?р адамны? ж?регінен орын алады. О?ан а?ындар ?ле? жазса, сазгерлер ?н арна?ан.Сол сия?ты Фариза да ?зіні? ту?ан жерге деген ысты? ы?ыласын ?з ?ле?дері ар?ылы бере білді.

«Ауыл десе, жайлайды жанымды ?міт,

Сонда ?ана атардай та?ым к?ліп.

Жасыл шарды? бетінде жал?ыз но?ат

Мені м??гі тартатын са?ындырып.»деп ту?ан ауылына деген махаббатын білдіреді.

5- о?ушы: «О, ту?ан жер» Назарбаев  Ба?тыбай 

6- о?ушы : « Ту?ан жерге махаббат» ?онысбаев Асланбек

2- ж?ргізуші: А?ынны? беріліп,шабытпен ке? жырла?ан та?ырыбы-махаббат,с?йіспеншілік.А?ынны? жырлары ал?аш?ы      сезімді,??мартуды,адамны? басында?ы кейбір с?тсіз сезімдер,біреуі с?йіп,екіншісі с?ймеген,біреуі адал,екіншісі опасыз сия?ты ??лап жы?ылу с?ттерін бейнелейді.Ал?аш?ы махаббатты? алауына ?ртенген жастарды? сезіміне,?сіресе ?ыз баланы? ал?аш?ы сезіміне а?ынны? лирикасы шипа ем, жанына дауа болары аны?.А?ынны? махаббат,досты? жайлы жырлары«?ыз сыры»,«Те?із жа?асында», «?ыз?анып ?алма жаным сен»,«?ыз та?дыр» т.б

7-о?ушы: :«Б?лай с?ймейді жары?ты?ым»  Ж?мабаева А?сана

8- о?ушы :  «Білемін с?йем,с?йем ?йтуір. » Тор?аева Айгерім

9- о?ушы : « ?ыз махаббаты»Бейсенбаева Г?лайым

1-ж?ргізуші: Фариза- биік сезімні? а?ыны. Оны? к??іл-к?й ыр?ына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Фариза апамызды? к?п ?ле?дері ?йел та?ырыбына арнал?ан. Ол ?йел ана?а  та?зым белгісі. Оны? ?ле?дерінде ?уанышы мен ?ай?ысы аралас ж?ретін  азапты к?ндеріні? суреттері мол кездеседі.

10-о?ушы: «?йел»  Жиенгазиев Палуаняз

11-   о?ушы: «?кінбеймін» Амангелді Дастан

ФаризаО??арсынованы? с?зіне жазыл?ан «Айша бибі» ?ні

2- ж?ргізуші: А?ын Фариза О??арсынданы? мінезі

Фариза О??арсынова«  ?ыз ??мыр ?ле?дер мен эсселер жина?ында былай дейді:Мінезім ?ы?ыр болатын.Мені к?зіргі  ?алпымда са?тап келген ?ор?аным да –сол ?ы?ыр мінезім. Ж?рт б?л мінезімді сан жа??а ж?гіртіп, сыртымнан т?рлі ??гімелер  шы?арып, жа?сылы-жаманды аны?тауыштармен ма?ан айдар та?ып ж?реді.  Біреулер  тентек дейді, еді біреулер мінезі шата? дейді.  Мен б?ларды? еш?айсысына айылымды жыймаймын. Себебі ?зімізді? жан-д?нием, к??ілім ?зіме аян:с?л ?тірік, к?лгірсу жа?ымпаздану мен ма?танша?ты?-осыны? б?рімен ж?лдызын ?арсы ж?не жан д?ниесін сезіп ?алады да,ондай адамдарды ?абылдамайды.

И?, ол а?ынны? жан тазалы?ы! Осы ретте а?ынны? « Ж?рт мені ?атал дейді» деген ?ле?і ой?а оралады.

12- о?ушы : « Ж?рт мені ?атал дейді» Бисенбаева Г?лзина

1-ж?ргізуші: А?ын бойында?ы  сезімні? селін немесе жалынын еш н?рсемен ?лшеу,то?тату м?мкін емес. Сондай кезде  кеудесінде жыр тор?айын  шырылдатып на?ыз а?ын ?зіні? тілін ??атын а?ынды іздейді. ?аза?ты? а?иы? а?ыны М??а?али Фариза а?ынды солай тапты.Сезіміне ?ртеніп кеткен М??а?али а?асы, М??а?али досы б?л к?нде Фариза а?ынны? м??лы нотасы болды.Б?л ??былыс а?ындарды?  бір-біріне арна?ан арнау ?ле?дерінде к?рініс тапты.

Диалог «М??а?али мен Фариза» А?сана, Дастан

13- о?ушы: «Фариза апама хат»  арнау ?ле?і  Ж?мабаева Аксана

1-ж?ргізуші: ?асырдан ?асыр?а -?ткен сайын а?ынны? шы?армалары жа?а ?ырымен жар?ырай т?сер,егемен елімізді? жас ?рпа?ыны? жаттап ?сер жырына айналар. Фариза О??арсынова адалды?,намыс?ойлы?,жаны да таза, ары да таза ерлерге лайы? биіктерде ?ана к?рінетін а?ын. ?р?ашан да сол биігінен к?ріне берсін.А?ын апамызды? жар?ын бейнесі хал?ымызды? ж?регінде м??гі са?талады.

Кешімізді а?ын М.Ма?атаевты? с?зіне жазыл?ан  «Фариза» ?німен ая?таймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жыр -мені? жал?ыз тарланым,жанымды жырмен жал?адым "?деби кеші »

« Жыр- менің жалғыз тарланым,жанымды жырмен жалғадым»

Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін,өр мінезін,асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне ,сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру.Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу.

Көрнекілігі: ақынның суреті, «Поэзия падишасы» кітап көрмесі,слайд,цитаттар.

Барысы
Көрініс:

Ортада әйелі мен күйеуі отырады.Отағасы қолында домбыра, отанасы қолында кесте.
Әйелі: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті. Ол ағашта алманың орнына том – том болып кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып – қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.
Отағасы (күліп): Ай, тәйірі – ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып – қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том – том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.
Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!
Кадрдан тыс дауыс: Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.
Жүргізушілер ортаға шығады: Абишев О мен Батырбекова М.
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі мектеп кітапханасындағы кешімізді жүректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып,қиялға қанат сермеген Қазақстанның халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,қоғам қайраткері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр менің жалғыз тарланым,жанымды жырмен жалғадым» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

1-оқушы: «Жыр менің тарланым» Қуанышева Нұршат

2-жүргізуші: Фариза Оңгарсынова 1939 жылы 25желтоқсанда кәзіргі Атырау облысының Нобогат ауданындағы Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында , асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.

Ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған- аналар тақырыбы.


2-оқушы: «Перзент сөзі» өлеңі » Турлыбаева Жаснұр

Әкем –менің тәңірім, пайғамбарым,

ұмтылатын биігім, сайран бағым.

Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,

біліп алған ,япыр-ау, қайдан бәрін?!

Күшті де жоқ,дәл ондай жер бетінде,

сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!

Батыр,дана сол ғана. Асығамын

әкеме ұқсап тезірек ержетуге.

Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,

көріскенде қуаныш шашты денем.

Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,

анашымды әкемше жақсы көрем.

ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

хандардың да қалпағын әпермедім.

Әділ шешім айтатын барлық істе

біздің үйде бас қазы- әкем менің.

Әкем барда , арқам кең, жоқ алаңым,

бәрі орнында: шаруаң, қора, малың.

Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде

Қиындау ау әкемдей бола аларым.


3- оқушы «Анама» өлеңі » Батырбекова Мейірім

Кеудеңде мені тербеттің,

Жас шыбық енді көктеді.

Мінеки, мен де ержеттім,

Еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын

Аяулым сенсің, анашым!

Болмаса мейлі зор даңқың,

мен үшін бірақ данасың.

Мейірім төккен нұр жүзің

тұрғандай сезем жанымда.

«Адал бол, - деуші ең – жұлдызым».

сақталды сөзің жадымда.

«Игі еңбек түбі осы-ау», - дер

көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай , мәңгі жасай бер,

Мәңгілік Күндей анашым!


Фариза өлеңдері 1958 жылдан басыла бастаған. Оған алғашқы назар аударған адамның бірі қазақтың ұлы ақыны, жастардың қамқоры Әбділда Тәжібаев еді. Ол Фаризаның алғашқы жырларынан-ақ оның бойындағы талантын танып, оны әкесіндей қолдады және ылғи да қадағалап, қуанып отырды.



1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтын бітіргеннен кейін әуелі мектепте мұғалім,кейін облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің әдеби қызметкері болып еңбек етті.

1968-1970 жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі, ал 1970-1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы,1978-2000 жылдары «Пионер» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.

2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

1-жүргізуші: Тұңғыш өлеңдер жинағы –«Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді.Маңғыстау маржандары 1975, «Шілде» 1978, « Сенің махаббатың» 1979 , «Сұхбат»1983 ,«Дауа» 1985 т.б өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы «Алмас қылыш» қазақтың өнері қыздары туралы Майра , Сара жайында «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Қарғыс»,«Қасірет пен ерлік жыры» сондай -ақ «Дала тағдыры» ,«Ақбөбек» жырлары,«Жантолының монологы»,«Мен өмірді сен деуші ең», «Интервью» т.б поэмалары жарияланды.

2-жүргізуші: Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем.Ақын-өз заманының ар-ұжданы.Ол болашақ үшін өмір сүрді.Әлденеден мұңайған кезінде біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы сенері мұңдасы-поэзия еді.

Ендеше кезекті оқушыларға берейік

4-оқушы: «Өлең, мен сені аялап өтем» Садыкулова Жанна

1-жүргізуші: Әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Туған жерге , туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған.Сол сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы бере білді.


«Ауыл десе , жайлайды жанымды үміт,

Сонда ғана атардай таңым күліп.

Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат

Мені мәңгі тартатын сағындырып...»деп туған ауылына деген махаббатын білдіреді.


5- оқушы: «О, туған жер» Назарбаев Бақтыбай

6- оқушы : « Туған жерге махаббат» Қонысбаев Асланбек

2- жүргізуші: Ақынның беріліп,шабытпен кең жырлаған тақырыбы-махаббат,сүйіспеншілік.Ақынның жырлары алғашқы сезімді,құмартуды,адамның басындағы кейбір сәтсіз сезімдер,біреуі сүйіп,екіншісі сүймеген,біреуі адал,екіншісі опасыз сияқты құлап жығылу сәттерін бейнелейді.Алғашқы махаббаттың алауына өртенген жастардың сезіміне,әсіресе қыз баланың алғашқы сезіміне ақынның лирикасы шипа ем, жанына дауа болары анық.Ақынның махаббат,достық жайлы жырлары«Қыз сыры»,«Теңіз жағасында», «Қызғанып қалма жаным сен»,«Қыз тағдыр» т.б

7-оқушы: :«Бұлай сүймейді жарықтығым» Жұмабаева Ақсана

8- оқушы : «Білемін сүйем,сүйем әйтуір... » Торғаева Айгерім

9- оқушы : « Қыз махаббаты»Бейсенбаева Гүлайым

1-жүргізуші: Фариза- биік сезімнің ақыны. Оның көңіл-күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан . Фариза апамыздың көп өлеңдері әйел тақырыбына арналған. Ол әйел анаға тағзым белгісі. Оның өлеңдерінде қуанышы мен қайғысы аралас жүретін азапты күндерінің суреттері мол кездеседі.

10-оқушы: «Әйел» Жиенгазиев Палуаняз

11- оқушы: «Өкінбеймін» Амангелді Дастан

ФаризаОңғарсынованың сөзіне жазылған «Айша бибі» әні

2- жүргізуші: Ақын Фариза Оңғарсынданың мінезі

Фариза Оңғарсынова« Қыз ғұмыр өлеңдер мен эсселер жинағында былай дейді:Мінезім қыңыр болатын.Мені кәзіргі қалпымда сақтап келген қорғаным да –сол қыңыр мінезім. Жұрт бұл мінезімді сан жаққа жүгіртіп , сыртымнан түрлі әңгімелер шығарып , жақсылы-жаманды анықтауыштармен маған айдар тағып жүреді. Біреулер тентек дейді, еді біреулер мінезі шатақ дейді. Мен бұлардың ешқайсысына айылымды жыймаймын. Себебі өзіміздің жан-дүнием, көңілім өзіме аян:сәл өтірік, көлгірсу жағымпаздану мен мақтаншақтық-осының бәрімен жұлдызын қарсы және жан дүниесін сезіп қалады да,ондай адамдарды қабылдамайды.

Иә , ол ақынның жан тазалығы! Осы ретте ақынның « Жұрт мені қатал дейді» деген өлеңі ойға оралады.

12- оқушы : « Жұрт мені қатал дейді» Бисенбаева Гүлзина

1-жүргізуші: Ақын бойындағы сезімнің селін немесе жалынын еш нәрсемен өлшеу,тоқтату мүмкін емес. Сондай кезде кеудесінде жыр торғайын шырылдатып нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақынды іздейді. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Фариза ақынды солай тапты.Сезіміне өртеніп кеткен Мұқағали ағасы, Мұқағали досы бұл күнде Фариза ақынның мұңлы нотасы болды.Бұл құбылыс ақындардың бір-біріне арнаған арнау өлеңдерінде көрініс тапты.

Диалог «Мұқағали мен Фариза» Ақсана, Дастан

13- оқушы: «Фариза апама хат» арнау өлеңі Жұмабаева Аксана

1-жүргізуші: Ғасырдан ғасырға -өткен сайын ақынның шығармалары жаңа қырымен жарқырай түсер,егемен еліміздің жас ұрпағының жаттап өсер жырына айналар. Фариза Оңғарсынова адалдық ,намысқойлық ,жаны да таза, ары да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінетін ақын. Әрқашан да сол биігінен көріне берсін.Ақын апамыздың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

Кешімізді ақын М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза» әнімен аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Жыр -мені? жал?ыз тарланым,жанымды жырмен жал?адым "?деби кеші

Автор: Бахтыгереева Сания Байбозовна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185184


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства