Просмотр содержимого документа
«Ақан Серінің "Мақпал" әнін оқушыға үйрету тәсілдері»
Ашық сабақ жоспары
Пән: Домбырамен ән салу
Оқушы (тобы): Нурлан Инабат - 4 курс «Домбырамен ән салу» бөлімі
Өткізу мерзімі: 24 .10.2016. сағ.14.10-14.55
Өткізу орны: Колледждің бас ғимараты, 114 бөлме.
Сабақтың тақырыбы: Ақан Серінің «Мақпал»
Сабақтың мақсаты: Ән ерекшелігін ашу, композитордың ән нақыштарын орындауда көрсеткен ерекшелігін орындау.
Міндеттері:
Білімділік: Ән нақышын, иірімдерін шеберлікпен орындау тәсілдерін
меңгерту.
Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарды қабылдап, эстетикалық талғамын
өсіру.
Дамытушылық: Оқушының ән орындаудағы шеберлігін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекті құралдар және техникалық құрал-жабдықтар: Орындаушының суреті, аспап, әдеби құрал-жабдықтар, үн таспа.
Сабақ кезеңдері.
1)Ұйымдастырушылық кезең: Сәлемдесу, оқушының домбыра құлағын келтіріп, ән айтуға дайындау.
2) Бағдарлық-мотивациялық кезең: Әннің шығу тарихын айта отырып, қушының көңіл күйін ән орындауға икемдеу.
Сабақ барысы: Күйдің музыкалық желісімен жұмыс.
- Әнді орындаудағы нақыш иірімдерге, Ақан серінің ән айту мәнеріне мән беру.
- Аппликатурада негізгі қиындық тудыратын дыбыстар.
- Әннің шарықтау кезеңіндегі ән иірімдеріндегі және тыныс алудағы қиындықтармен жұмыс.
- Әнді аяқтау ерекшелігіне мән беру, әнді орындау барысындағы сезімталдықты, өзіндік ән орындау шеберлігін арттыру.
Орындаушылық кезең: Әнмен жұмыс: шығарманы толық орындау, әуендік тұрғыдан нақыш келтіре орындау, талап ету, Ақан сері әндерін танымла әншілердің орындауындағы жазбаны тыңдау, өз орындауымда ән ерекшелігіне мән беріп, әсірелеп орындауға оқушыны бағыттау, әнді оқушының орындауы.
Қорытынды: Ақан серінің ән орындау ерекшелігінің маңыздылығын сұрақ-жауап арқылы қорыту, бекіту.
Үй тапсырмасы: Әнді орындау ерекшелігін, әннің шығу тарихын есте сақтау, ән иірімдерінің маңызды тұстарына қойылған ән айту тәртібіне жаттығу, өзін-өзі тыңдап, нақыш иірімдерін сезіне орындау.