Просмотр содержимого документа
«?ыс?а мерзімді жоспар Ана тілі»
Есіркепова Гульнұр Мергенбайқызы
Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы
Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Қайрат Жұмағалиев. Туған өлкем.
Сабақтың мақсаты:
Танымдық: : Оқушыны Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.Сыни көзқарас білдіруді үйрету.
Әлеуметтік:өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу отырып, ой-өрісін дамыту.
Оқушы жаңа сабақ арқылы өлеңнің мазмұнды идеясын ашуды үйренеді, сөздік қоры молаяды, сыни көзқарас танытуды біледі және шығармашылық жұмыс арқылы ой-өрісін кеңейтіп,елін,жерін сүюге өзін тәрбиелей отырып, топтық ынтымақтастықты қалыптастырады.
Сілтеме
Оқулық «Ана тілі», Бастауыш сынып әдістемеліктері. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Оқушы анықтамалығы»
Негізгі идея:
Блум таксаномиясымен жаңа сабақты меңгерту арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тапсырма көздері:
Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар ,постер жұмысы
Негізгі ресурстар:
Кітап,дәптер,плакат,қима қағаздар, АКТ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Рефлексия
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу
а) Психологиялық сабаққа дайындық:
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Күлім қағып қолымды, Жылы-жылы сөзбенен
Бір –екі, үш деп соғайын. Жүрегімді сыйлайын,
Қарап тұрған көршіме, Ыстық алақаныммен
Қолымды мен бұлғайын Жылы-жылы жүзбенен,
Амандасып өзіңмен, Маңдайыңнан сыйпайын.
Қолыңды мен қысайын.
Оқушыларға көңіл- күйлерін «бармақпен» бағалату.
Ә) «Жол белестері» арқылы топтың ережесімен таныстыру.
Білу:
. Үй тапсырмасын сұрау: І. Мазмұнды тапсырма-(Үй тапсырмасының түсінігін сұрап,қадағалау.)
ІІ. Шығармашылық ізденіс-(үй тапсырмасына деген шығармашылық көзқарасын анықтау)
ІІІ. Ашық және жабық сұрақтар арқылы үй тапсырмасын бекіту.
. Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңі қандай шығармаға (лирикалық, драмалық) жатады?
Лирика деген сөздің мағынасын есіңе түсір. Ол не?
Ақын Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін қалай білдіреді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен өз еліңе, жұртыңа, Отаныңа деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіретін едің? Сенің өз ойың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Түсіну:2. Жаңа сабаққа даярлық Жаңа сабақты түрткі сұрақтар арқылы ашу.
Туған өлкем!» дегенде сен өзіңді қалай сезінесің?
Қандай әсер пайда болады?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңін оқып көрелік. Қандай әсер алады екенбіз.
Тізбектей оқу әдісін жүргізу.
Қолдану:Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңнің әр шумағын жеке оқу арқылы негізгі идеяны табуға ықпал жасау.
Талдау:Сөздік жұмыс: Кермиық – асыл, жақсы, әсем. Ықылым күн – өткен күн. Өлеңнің негізі неде? Ақынның Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін білдіретін сөздерді тап. (Қазақстаным – мұңдасым, досым, сырласым, кермиық Далам) , ( өмірден іздегенім – көлбеген көлдер, шөлдеген белдер, өр таулар, арда теңізде), (Адамзат білген, білмеген барша байлықтың, Киелі туған топырағым, Бәрі – бір сенде!)
Жинақтау:
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ақын өлеңде туған өлкенің қандай байлықтарын мақтаныш етеді? (көлдерін, белдерін, тауларын, теңізін, құмын, нуын, қиырсыз түзін, топырағын).
2.Өлеңге сүйеніп, берілген сөздерге көркем, бейнелі сөздерді сәйкестендіріп сызықпен қос.
Асау белдер
Кермиық көлдер
Көлбеген далам
Шөлдеген ну
Өр топырақ
Қып – қызыл таулар
Жап – жасыл құм
Киелі жыр
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы білдік? Өсы өлеңді оқығанда қандай сезімді сезіндің? Өзің алған әсерің жайлы не айтар едің?