kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің отбасым және математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ойын-сайыс  «Менің отбасым және математика»

Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.

Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Команда құрамында: әкесі, шешесі, баласы.

Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің отбасым және математика»

Ойын-сайыс  «Менің отбасым және математика»

Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.

Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Команда құрамында: әкесі, шешесі, баласы.

Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.

Әділқазылар алқасы: мұғалімдер

                          Сайыс барысы:

Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!

                       Нақты ғылымдарға қызығушылар

                       Естігенін есте тұтып

                       Оқығанын миға тоқушылар.


Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

                       Айтар ойын тұспалдар

                       Сіз оқытқан оқушылардың

                       Және олардың отбасының

                       Сәті келді сыналар.


Есепті түрлі-түрлі шығарамыз

                       Арасында ойын ойнап жарысамыз

                       Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.

                       Әзіл есепке де отырамыз.


Олай болса бұл не тұрыс

                        Кешімізді біз бастайық

                        Әділ бағаға қалтасы толы

                        Әділқазыларды шақырамыз.

Кешімізді бастамас бұрын

Әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.

Біреуінің жүрегінің түгі бар

                        Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

                        Біреуінің күмбірлеген күйі бар

                        Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

                        Әр команданы ортаға шақырамыз.  

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар!

                 Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана  оқушыларға емес,  ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика- барлық  ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық-түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге  үйретеді, анасы қызымен бірге киім тігеді , рецепт бойынша ас әзірлейді.

Отбасы деген сөз орыс тілінде «семья» деп аударылады.

«Семь» дегеніміз «жеті», «Я» дегеніміз «мен». Сонымен «семья» деген сөз мен жетеумін деген мағынаны білдіреді. Бірақ қазіргі заманда жеті адамнан тұратын отбасы көп емес, сондықтан біз әр сыныптан көмекші ретінде 4 оқушыдан алдық.

       Сонымен сайысымызды бастаймыз.

Сергіту

Сана: бірінші құс, бірінші жылан, екінші құс,…
Дұрыс санаса 1 ұпай, берілетін уақыт 30 секунд.

«Математика дүкенде»

  1. Қарбыздың, орамжапырақтың және ұнның массасын анықтау.

Қарбыз – 5 кг

Орамжапырақ – 3 кг

Ұн – 2 кг

  1. Жиһаздар дүкенінен үйге диван мен үстел сатып алуға 75000 тг жұмсалды.Үстелдің бағасы диванға қарағанда 2 есе арзан, диван қанша тұрады?

  1. Жаңа оқу жылына оқушыға жейде мен күрте сатып алуға барлығы 9200 тг ақша жұмсалды. Күрте жейдеден 3 есе қымбат тұрады. Сонда күрте қанша тұрады?





  1. Қысқа жеміс сусынын даярлау үшін анам базардан 1260 теңгеге шие және өрік сатып алды. Шиенің бағасы өрікке қарағанда 2 есе қымбат болса, шие қанша тұрады?



«Математика тұрмыста»

  1. Менің жанұямның айлық кірісі 96 000 теңге. Ал бір айлық шығысы: тамаққа коммуналдық қызметке қарағанда 2 есе артық жұмсалады, ал киім-кешекке 3 есе артық кетеді. Ал банкке коммуналдық қызметке қарағанда 5 000 теңге артық салынады. Банкке қанша ақша салынады?

  1. Менің бөлмемнің еденін сырлау керек. Бөлмемнің ұзыны енінен 3 есе артық, периметрі 16м. Егер 1м2 жерге 200г сыр жұмсалса, онда еденді сырлауға қанша сыр керек?

  1. Аптасына біздің жанұяда 7кг картоп пен сәбіз қолданылады. Егер картопты сәбізге қарағанда 3кг артық жұмсаса, онда 1 жылға қанша картоп, қанша сәбіз дайындау керек?



«Логикалық есептер»

Әр командаға кезекпен сұрақ қойылады. Жауапты тез қайтару керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Егер команда жауап бере алмаса , жанкүйерлер көмектеседі – онда жарты ұпай беріледі. (0,5 ұпай)

Есептер:

1.   5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады?           (18)

2.   Әкесі 30 жаста , баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады.        ( ешқашан)

3.  Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса?        ( 9)

4. Бір адамнан , қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:

«Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар».   Бұл отбасында неше бала?      (6)

 5. Алты ағайынды туралы, (Мальчик-с-пальчик) Перро ертегісінде автор не себептен екені  белгісіз, бір отынкесуші (дровосек) отбасында жеті ағайын және әрқайсысында жеті қарындастан болғанын айтпапты.Сонда бұл ертегідегі отбасында неше бала болған ?    (14)

6. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар?     (3) ата , әке , немере

 7. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын ,  бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені? (қызымсың дегені)

 8 .  Бір азаматтаың әкесі  Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович .Ол азаматтың аты-жөні кім? (Владимир Николаевич)

 9 . Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім

         Бұл шындық , басынан аяғына дейін.

         Бірақ  суреттегінің ұлы,

         Менің әкемнің ұлы

         Суреттегі кім?        ( Менің әкем)

10 . Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліп алды. Әрқайсысы  қанша алмадан алды? (1)  күйеуі, әйелі, ағасы (қарындасы)

11.Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады?  (2)

12.  20 метр матаны  10 бөлікке  2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек?   (9)

13.     Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты?

                            (13)

14.     Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады?    ( 4)

15.Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды..Әрқайсысы неше партиядан ойнады? (2)       

«Бәрі бір әріптен» сайысы

Командалар «П» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп  термин жазған команда- 5 ұпай, келесі- 4 ұпай , үшінші- 3 ұпай , т. с . с.

 Командалар жұмыс шығарады істеп жатқанда, жанкүйерлерге есеп беріледі.

  «Тыңдаңыздар, менің отбасым

                               Атам, әжем және ағам

                               Біздің үйде екі шеше

                               Екі әке, екі ұл, әпке, келін және қыз

                               Ең кішісі – мына мен!

                               Отбасында неше жан?

                                   (6 адам, ата , әже, әке, шеше, қыз, ұл )   

 «Шығарма сайысы»

Команда капитандары «Менің отбасым және математика» атты шығармаларын оқиды.

Шығарманың мазмұндылығы, қызықтылығы бағаланады.

 «Қане, ойлап көр сайысы»

Әр сөзге үш анықтама беріледі. Егер бірінші сөзден шешілсе - 3 ұпай, екінші сөзден – 2 ұпай, үшінші сөзден – 1 ұпай

 

  2.   Өзі қарбызға ұқсас

        Геометриялық дене

        Біз онда өмір сүреміз

                               ( шар)

3.   Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...

      1 сынып сонымен  басталады    

      11 сынып сонымен  аяқталады

                       (емтихан)

4.      Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді

Онымен банк несие береді

Санның жүзден бірі.

                    ( процент)                                 

5.   Жақшадан кейін орындалатын бір амал

      Оның кестесі де бар

    Ал байлыққа байлық  қосылса 

                                            (көбейту )

 6.  Бөлмеде ол төртеу

      Бұзықтарды сонда қояды

      Транспортирмен өлшенеді.

                                            (бұрыш)

7.   Бір, үш, бес, он

      Жиырма, елу

      Жүз, екі жүз, мың бар,

      Әрқайсысының құны бар.

                                    ( теңгелер)      

8.   Сабақ арасындағы

Мектептегі ең жағымды сәт

  Өзі тез аяқталады.

           (үзіліс)

9.   Үздіктер оны сирек жасайды

Содан сабақ алады

Ол үшін баға кемітіледі

                    ( Қате)



10.   Әр есепте бар

Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады

Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң .... бере біл».

                       (жауап)

   

«Команда мүшелерінің сайысы»

Команда мүшелері жеке-жеке тапсырмалар алады.

Отбасының балалары.       Адам суретін салу.

  ( геометриялық фигуралар, цифрлар, математикалық символдар, таңбаларды  пайдалану керек)

Ата-анаға тапсырма.    

6 шырпыдан сегіз үшбұрыш шығару.

Әділқазы мүшелері қорытындылағанша «Отбасылық викторина» ойнатылады.

1.   Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік)

2.   Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25)

3.    Бір тонна темірмен, бір тонна мақтаның қайсысы ауыр?

                                                                         ( бірдей )

4. Тауық бір аяқпен  тұрғандағы салмағы 5 кг, ал екі аяқпен тұрғандағы салмағы қанша?    ( 5 кг )

5. Бес бұтақты теректе

    Бұтақ сайын  5 алма

      Біреуін бер берікке

     Қалады сонда қанша алма?

                                  ( Теректе алма өспейді )

6. Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу .

Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек?       ( 5)

7. Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды? ( 3 )

  Қорытындылау.     Әділқазыларға сөз беріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің отбасым және математика

Автор: Билялова Гулзира Асылбековна

Дата: 28.02.2017

Номер свидетельства: 396470

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ойын-сайыс  «Мені? отбасым ж?не математика» "
    ["seo_title"] => string(44) "oiyn-saiys-mienin-otbasym-zh-nie-matiematika"
    ["file_id"] => string(6) "193823"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427700164"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Менің отбасым және математика""
    ["seo_title"] => string(30) "menin_otbasym_zh_ne_matematika"
    ["file_id"] => string(6) "526414"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1573383814"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Открытый урок на тему:" Мен және менің отбасым""
    ["seo_title"] => string(49) "otkrytyi_urok_na_tiemu_mien_zh_nie_mienin_otbasym"
    ["file_id"] => string(6) "419844"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496247251"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Разработка урока по казахскому языку "Кім не істейді?""
    ["seo_title"] => string(53) "razrabotka_uroka_po_kazakhskomu_iazyku_kim_ne_isteidi"
    ["file_id"] => string(6) "485129"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1542014878"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Ққ дыбысы мен әрпі""
    ["seo_title"] => string(21) "k_k_dybysy_mien_rpi_1"
    ["file_id"] => string(6) "440387"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1511439494"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства