Просмотр содержимого документа
«"Менің отбасым және математика"»
"Менің отбасым және математика"
Ойын-сайыс: «Менің отбасым және математика»
Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Команда құрамында: 2 оқушы және әкесі, шешесі.
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер
Сайыс барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Және олардың отбасының
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
2- жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазылармен таныстырайық.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбастары: А.Т. Ержігітова
2. Математика пәні мұғалімі Ж.А. Бекмухамбетова
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім , терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпене қол соғылады.
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
6 «А» сынып-- отбасы
6 «Ә» сынып-- отбасы
6 «Б» сынып -- отбасы
І Сергіту
Әр командаға кезекпен сұрақ қойылады. Жауапты тез қайтару керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Есептер:
1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
2. Әкесі 30 жаста , баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады. ( ешқашан)
3. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
4. Бір адамнан , қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап: «Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала? (6)
5. «Тыңдаңыздар, менің отбасым
Атам, әжем және ағам
Біздің үйде екі шеше
Екі әке, екі ұл, әпке, келін және қыз
Ең кішісі – мына мен!
Отбасында неше жан?
(6 адам, ата , әже, әке, шеше, қыз, ұл )
6. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар? (3) ата , әке , немере
7. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын, бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені? (қызымсың дегені)
8. Бір азаматтаың әкесі Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович .Ол азаматтың аты-жөні кім? (Владимир Николаевич)
9. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір-бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)
10. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін, неше рет кесу керек? (9)
11. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)
12.Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды..Әрқайсысы неше партиядан ойнады? (2)
ІІ «Бәрі бір әріптен»
Командалар «П» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. 1 термин үшін команда 1 ұпай алады.
ІІІ «Шығарма сайысы»
Команда капитандары «Менің отбасым және математика» атты шығармаларын оқиды. Шығарманың мазмұндылығы, қызықтылығы бағаланады.
IV«Жұмбақтар сайысы»
1. Бұл саған ... дейді шешесі
Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай
Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың
( сабақ )
2. Өзі қарбызға ұқсас
Геометриялық дене
Біз онда өмір сүреміз
( шар)
3.Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді
Онымен банк несие береді
Санның жүзден бірі.
( процент)
4. Бір амал бар
Оның кестесі де бар
Ал байлыққа байлық қосылса
(көбейту )
5.Үздіктер оны сирек жасайды
Содан сабақ алады
Ол үшін баға кемітіледі
( Қате)
6. Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап
(х)
7. Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айналды.
(циркуль)
8. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?
(жүз-100)
9. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады.
(Дәреже)
10. Егіз тұған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін-бірі көрмейді,
Бір мәреге келмейді.
(Паралель түзулер)
11. 12 бұтағы бар алып емен,
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7-ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.
(Жыл, 12ай, 52апта, 7күн)
12. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтындаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай.
Финал! Қатысушылардың барлығына бірдей тапсырма беріледі. Дұрыс жауап берген жағдайда, 10ұпай беріледі.
Әр бөліктің қосындылары бірдей болатындай етіп сағатты 6 бөлікке бөл.
(Натурал сан)
Қорытынды
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыс болған жерде, әрине, жеңіс те болады, жеңіліс те болады. Ендеше, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
(Оқушыларды марапаттау)
2-жүргізуші: Математика ғылымы ермек емес балалық
Математика ғылымы көрегендік даналық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың ,қозғалыстың бәріде
Мүмкін емес есептеусіз түсіну
Математика дүние кілті әліде - дей келе математиканың барлық жерде қолданылатына көз жеткіздіңдер.
1-жүргізуші:
Білімді болыңдар.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.
Қосымша есептер:
10ұпай – Жұмадан кейін 4 тәуліктен соң қандай күн келеді? Жексенбіден 3 тәулік бұрын қай күн келеді? (Сейсенбі, бейсенбі)
20ұпай - Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Бұл қандай сандар? (1,2,3)
30 ұпай - 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
40 ұпай - Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады? (11)
50 ұпай - Түнгі сағат 12 – де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге болады ма?( Жоқ 72 сағат - 3 тәулік )