Просмотр содержимого документа
«Ойын-сайыс «Мені? отбасым ж?не математика» »
Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.
Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Команда құрамында: әкше-шесі, баласы және көмекші тобы.
Көмекші тобы: әр сыныптан 2 оқушы
Әділқазылар алқасы: мектеп директоры Каленова С.М.
Жусупова Н.А.
Сайыс барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Және олардың отбасының
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім , терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
1. Танысу
2.«Бәрі бір әріптен» сайысы
Командалар «П» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп термин жазған команда- 5 ұпай, келесі- 4 ұпай , үшінші- 3 ұпай , т. с . с.
Командалар жұмыс шығарады істеп жатқанда, жанкүйерлерге есеп беріледі.
1. «Тыңдаңыздар, менің отбасым
Атам, әжем және ағам
Біздің үйде екі шеше
Екі әке, екі ұл, әпке, келін және қыз
Ең кішісі – мына мен!
Отбасында неше жан? (6 адам, ата , әже, әке, шеше, қыз, ұл )
2. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында Ұзындығы жазулы тұп бойында (сызғыш) 3. Алды - артымыз шексіз де Жете алмайсың біздерге Сәуле мен кесінді Шыққан тегін білсін де (түзу)
4. Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай Айтыңдаршы бұл қандай сан, Жан - жағына қарамай (натурал)
5. Айқасқан екі таяқ Тұрады жоқты сұрап (икс)
6. Сұр тырнамыз сабағына Ұшып келді отыз тырна Олардан тек он бесі Дайындалған сабағына Неше жалқау тырналар Дайын емес сабаққа? (15)
3. Сурет салу
Топтар кісінің суретті математикалық фигурамен салады