Күні: 22.11.17 Сынып: 1 Пән мұғалімі: А.А.Тюлекбаева Пәні: “Сауат ашу” Қысқа мерзімді жоспар | Мектеп: Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп Қатысқандар саны: 11 Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту. 1.3.8.1 Жазу жолын, жол аралық кеңістікті жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллеграфиялық талаптарға сай жазу. |
Сабақтың мақсаттары: | Барлығы: Қ дыбысы және әрпімен таныс. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. Қ дыбысына қатысты мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрай біледі. |
Бағалау критерийлері: | Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи біледі, түсініп оқи алады) Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады. Жазу жолын, жол аралық кеңістікті жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллеграфиялық талаптарға сай жаза біледі. |
Құндылықтарды дарыту: | Мәңгілік Ел, бұл- Тәуелсіздік және Астана. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс: | Көркем еңбек, музыка, орыс тілі, ағылшын тілі және математика |
Тілдік мақсат: | Қ дыбысы мен әрпі, Қала-город – city, қол-рука-arm, қалам-карандаш-рencil |
Денсаулық қауіпсіздік техникасын сақтау: | Көрнекіліктерді дұрыс қолдану, партада дұрыс отыру. |
АКТ қолдану дағдылары: | Аудиожазба , таныстырылым, интербелсенді тақта, таратпа карточкалар. |
Алдыңғы білім: | Балалар Қ дыбысын таниды, оқиды, мысалдар келтіре алады. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: | Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут Сабақтың ортасы 35 минут | Шаттық шеңбері Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Таныстырылым -Әр сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой. -Қане, кім айтады дыбыс дегеніміз не? -Дыбысты біз естиміз, айтамыз, ал әріпті біз жазамыз, көреміз. Қазір біз дауыссыз дыбыстарды өтіп жатырмыз. -Балалар тақтаның алдында нені көріп тұрсыңдар? Ойыншықтар. -Қандай ойыншықтар бар екен? | Суреттер |
Саралау. Айтылым | Оқулықпен жұмыс Айтылым. ТЖ. «Менің отбасым» бөлімінің Ққ дыбысы мен әрпімен пысықтаймыз. /қарақат/ Дыбыстық талдау жасалады. “Менің отбасым” тақырыбында әңгіме құрау. (балаларды геометриялық фигураларды тарату арқылы топқа болу) 1-топ Суретте не көріп тұрғанын әңгімелейді. 2-топ Өз отбасымен байланыстырып айтады. 3- топ Мәтін құрап айтады. | Әріптер суреттер Суреттер |
Қалыптасты-рушы бағалау | Оқылым. Ж Ж. қа ла | қа ра | Қа лақ | Қал та | қо ла | қо ра | қо нақ | тақ та | а сық | қар мақ | тал қан | Қа нат | қа сық | сыл дыр мақ | тыш қан | Қу ат | мы сық | та мақ | а ла қан | Қа сым | та уық | ты мақ | қо ша қан | Қа лам қас | - Осы сөздердің ішінен адам аттарын тап? - Олар қандай әріппен жазылады? - Сылдырмақ сөзіде қ дыбысы қай буында тұр? | Кесте, интербел-сенді тақта |
Қалыптасты-рушы бағалау | | Сөздер суреттер |
| Дәптермен жұмыс Жазылым. ЖЖ. - Ққ әрпін ауада жазып үйрету, элементін пысықтау. -Үлгі дәптерге әріптерді жазу, - Сөздік диктант жазу. Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап. Белсенді оқу. ЖЖ. | жазу үлгісі |
| | Интербел -сенді тақта |
Қалыптастырушы бағалау | Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру. Қ дыбысы -Кәне, бәріміз Қ деп айтып көрейікші - Қ Қ Қ қалай айтылып тұр? -Қысқа кедергіге ұшырау арқылы айтылып тұр... -Қ дыбысы дауыссыз дыбыс. Қоян, қонжық, қасқыр сөздерін буынға бөлейік Қо-ян қас-қыр қон-жық | Әріптер, суреттер |
Кері байланыс 5 минут | | Әріптес-терімнің ықшам сабағынан алдым |
Рефлексия | Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған оқушылар әріпті таныды, ажырата алды. Сөз, сөйлем сызбасын оқып алды. Оқушылардың барлығын оқу мақсатына қол жеткізе алды. Сабақтың уақытының кезеңдері сақталды. Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ. Кейбір оқушыларға келесі сабақтарда жеке тапсырмалар дайындауым керек. | |
Қолдау көрсету қабілеті жоғары оқушылар сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Жалпы баға: Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл-күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Оқушылар бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |