Ма?саты: о?ушыларды? ойлау ?абілетін, тап?ырлы?ын, жылдамды?ын, таным белсенділігін арттыру;
дамытушылы?: белсенділігін дамыту, ой-?рісін ке?ейтуге да?дыландыру, математикалы? с?ра?тар?а м?дени т?рде жауап беру, ?арым-?атынасты дамыту;
т?рбиелік: тез ойлай білуге, шапша?ды??а, ?з бетімен ж?мыс жасау?а, к?пшілік алдында ?з ойын еркін айта білуге т?рбиелеу;
Са?атты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і
Са?атты? жоспары:
1 — ?адам «Есте са?тайы?»
2– ?адам «Математикалы? термин ??растыру»
3 – «Кім тап?ыр? » Математикалы? с?зж?мба?
4-?адам – «Тарихи зал»
5-?адам – «О?у залы»
6-?адам – «Кім жылдам ?»
7-?адам– Же?імпазды аны?тау
Саба?ты? ж?рісі:
1-?адам. «Есте са?тайы?»
О?ушылар?а слайдтан 15 т?рлі зат к?рсетіледі. О?ушылар ол заттар?а 1 минут ?арайды. Содан со? слайдты жауып ?оямын. О?ушылар ?андай зат к?ргенін пара??а жаза бастайды. Осы он бес затты д?рыс тап?ан о?ушы екінші айналым?а ?теді. ?ал?ан о?ушылар к?рермен болып ?алады.
2-?адам. «Математикалы? термин ??растыру» :
Слайдта с?здер жазылады. О?ушылар осы с?здерден математикалы? термин ??растырады. С?здерді д?рыс ??растыр?ан о?ушылар келесі айналым?а ?теді.
Ге-нс-тан (тангенс)
Мет-диа-тр (диаметр)
Аки-тем-фира (арифметика)
Нал-ди-ого (диогонал)
Сия-грес-про (прогрессия)
3-?адам. «Кім тап?ыр? » Математикалы? с?зж?мба?:
О?ушылар математикалы? с?зж?мба?тар шешеді.
Бір а?ашты? он екі б?та?ы бар,
?р б?та?ында отыздан жапыра?ы бар.
Жапыра?ты? бір жа?ы а?,
Бір жа?ы ?ара к?неки ойлан тап.
Жыл, ай, т?улік, к?н мен т?н
Жо? ?зінде бас та, ?ас та, мойын да,
?зынды?ы жазулы т?р бойында
Сыз?ыш
Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
?осылып кейде басымыз,
Азайып кейде ?аламыз.
Б?лініп кейде арамыз,
К?бейіп те аламыз
Цифр
Мені к?рде — жерді к?р,
?оз?алысты? к?кесі.
Айналыстан туады,
Планеталар бір-бірін,
Шыр айнала ?уады.Ше?бер
4-?адам. «Тарихи зал?а» еніп, с?ра?тар?а жауап береді.
Русьта сыны? сан деп деп ?андай санды ата?ан? Б?лшек санды
Просмотр содержимого документа
«Математикалы? пирамида»
№19 орта мектебі
«Математикалық пирамида» ойыны
9-класс
Өткізген мұғалім: Елюбаева Ж.А.
2014-2015 о.ж
Математика 9 сынып.Сыныптан тыс жұмыс
9 сынып Сыныптан тыс жұмыс «Математикалық пирамида» ойыны
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру;
дамытушылық: белсенділігін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге дағдыландыру, математикалық сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым-қатынасты дамыту;
тәрбиелік: тез ойлайбілуге, шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, көпшілік алдында өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу;
Сағаттың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сағаттың жоспары:
1 — қадам «Есте сақтайық»
2– қадам «Математикалық термин құрастыру»
3 – «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ
4-қадам – «Тарихи зал»
5-қадам – «Оқу залы»
6-қадам – «Кім жылдам ?»
7-қадам– Жеңімпазды анықтау
Сабақтың жүрісі:
1-қадам. «Есте сақтайық»
Оқушыларға слайдтан 15 түрлі зат көрсетіледі. Оқушылар ол заттарға 1 минут қарайды. Содан соң слайдты жауып қоямын. Оқушылар қандай зат көргенін параққа жаза бастайды. Осы он бес затты дұрыс тапқан оқушы екінші айналымға өтеді. Қалған оқушылар көрермен болып қалады.
2-қадам. «Математикалық термин құрастыру» :
Слайдта сөздер жазылады. Оқушылар осы сөздерден математикалық термин құрастырады. Сөздерді дұрыс құрастырған оқушылар келесі айналымға өтеді.
Ге-нс-тан (тангенс)
Мет-диа-тр (диаметр)
Аки-тем-фира (арифметика)
Нал-ди-ого (диогонал)
Сия-грес-про (прогрессия)
3-қадам. «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ:
Оқушылар математикалық сөзжұмбақтар шешеді.
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара кәнеки ойлан тап.
Жыл, ай, тәулік, күн мен түн
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында
Сызғыш
Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз
Цифр
Мені көрде — жерді көр,
Қозғалыстың көкесі.
Айналыстан туады,
Планеталар бір-бірін,
Шыр айнала қуады.Шеңбер
4-қадам. «Тарихи залға» еніп, сұрақтарға жауап береді.
Русьта сынық сан деп деп қандай санды атаған? Бөлшек санды
Алғашқы қазақша алгебра оқулығын жазған кім? Қ. Сатпаев
“Трапеция” сөзін ежелгі гректер мына ұғымдардың қайсысымен атаған? үстел
Қандай гүл математик әйелдің құрметіне аталған? Гортензия
1723-1788 жылы өмір сүрген француз математигі Гортензин Лекот құрметіне аталған. Ол бұл гүлді Индиядан әкелген
Ондық бөлшекті алғаш рет ашқан XV ғасырда өмір сүрген өзбек математигі кім? Әл-Каши
Әділ қазылар келесі қадамға өткен оқушыларды анықтағанша
музыкалық үзіліс жасалынады.
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін «математика» деген сөзді қай ғалым айтқан? Ломоносов
Жанұяда 4 ұл және әр баланың бір әпексі бар. Жанұяда неше бала бар? 5
2 оқушы тоғызқұмалақты 4 сағат ойнайды. Оның әрқайсысы неше сағат ойнайды?4 сағат
Пифогор теоремасы с2=a2+b2
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 0
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800
tg450=1
Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300 болса…қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең
Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут
1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік
Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Абсцисса
1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр
Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)
2-нің 6 дәрежесі. 64
Екі қатынастың теңдігі пропорция
Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
Ең кіші жай санды атаңыз 2
7-қадам. Жеңімпазды анықтау. Марапаттау.
Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.
Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Команда құрамында: әкесі, шешесі, баласы және көмекші тобы.
Көмекші тобы: әр сыныптан 4 оқушы
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер
Сайыс барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Және олардың отбасының
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
2- жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз.
1- жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын
Әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім , терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпене қол соғылады.
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
8 «А» сынып-- отбасы
8 «Ә» сынып-- отбасы
9 «А» сынып -- отбасы
9 «Ә» сынып -- отбасы
10 «А» сынып -- отбасы
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар!
Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика- барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық-түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге үйретеді, анасы қызымен бірге киім тігеді , рецепт бойынша ас әзірлейді.
Отбасы деген сөз орыс тілінде «семья» деп аударылады.
«Семь» дегеніміз «жеті», «Я» дегеніміз «мен». Сонымен «семья» деген сөз мен жетеумін деген мағынаны білдіреді. Бірақ қазіргі заманда жеті адамнан тұратын отбасы көп емес, сондықтан біз әр сыныптан көмекші ретінде 4 оқушыдан алдық.
Сонымен сайысымызды бастаймыз.
Сергіту
Әр командаға кезекпен сұрақ қойылады. Жауапты тез қайтару керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Егер команда жауап бере алмаса ,
жанкүйерлер көмектеседі – онда жарты ұпай беріледі.
(0,5 ұпай)
Есептер:
1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
2. Әкесі 30 жаста , баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады. ( ешқашан)
3. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
4. Бір адамнан , қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:
«Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала? (6)
5. Алты ағайынды туралы, (Мальчик-с-пальчик) Перро ертегісінде автор не себептен екені белгісіз, бір отынкесуші (дровосек) отбасында жеті ағайын және әрқайсысында жеті қарындастан болғанын айтпапты.Сонда бұл ертегідегі отбасында неше бала болған ? (14)
6. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар? (3) ата , әке , немере
7. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын , бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?
(қызымсың дегені)
8 . Бір азаматтаың әкесі Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович .Ол азаматтың аты-жөні кім?
(Владимир Николаевич)
9 . Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім
Бұл шындық , басынан аяғына дейін.
Бірақ суреттегінің ұлы,
Менің әкемнің ұлы
Суреттегі кім? ( Менің әкем)
10 . Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліп алды. Әрқайсысы қанша алмадан алды?
(1) күйеуі, әйелі, ағасы (қарындасы)
11.Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
12. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? (9)
13. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты?
(13)
14. Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4)
15.Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды..Әрқайсысы неше партиядан ойнады?
(2)
«Бәрі бір әріптен» сайысы
Командалар «П» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп термин жазған команда- 5 ұпай, келесі- 4 ұпай , үшінші- 3 ұпай , т. с . с.
Командалар жұмыс шығарады істеп жатқанда, жанкүйерлерге есеп беріледі.
1. «Тыңдаңыздар, менің отбасым
Атам, әжем және ағам
Біздің үйде екі шеше
Екі әке, екі ұл, әпке, келін және қыз
Ең кішісі – мына мен!
Отбасында неше жан?
(6 адам, ата , әже, әке, шеше, қыз, ұл )
2. Ребус шешу (3 ұпай)
«Шығарма сайысы»
Команда капитандары «Менің отбасым және математика»
атты шығармаларын оқиды.
Шығарманың мазмұндылығы, қызықтылығы бағаланады.
«Капитандар сайысы»
Әр сөзге үш анықтама беріледі. Егер бірінші сөзден шешілсе - 3 ұпай, екінші сөзден – 2 ұпай, үшінші сөзден – 1 ұпай
1. Бұл саған ... дейді шешесі
Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай
Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың
( сабақ )
2. Өзі қарбызға ұқсас
Геометриялық дене
Біз онда өмір сүреміз
( шар)
3. Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...
1 сынып сонымен басталады
11 сынып сонымен аяқталады
(емтихан)
4. Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді
Онымен банк несие береді
Санның жүзден бірі.
( процент)
5. Бір амал бар
Оның кестесі де бар
Ал байлыққа байлық қосылса
(көбейту )
6. Бөлмеде ол төртеу
Бұзықтарды сонда қояды
Транспортирмен өлшенеді.
(бұрыш)
7. Бір, үш, бес, он
Жиырма, елу
Жүз, екі жүз, мың бар,
Әрқайсысының құны бар.
( теңгелер)
8. Сабақ арасындағы
Мектептегі ең жағымды сәт
Өзі тез аяқталады.
(үзіліс)
9. Үздіктер оны сирек жасайды
Содан сабақ алады
Ол үшін баға кемітіледі
( Қате)
10. Әр есепте бар
Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады
Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң .... бере біл.
(жауап)
«Команда мүшелерінің сайысы»
Команда мүшелері жеке-жеке тасаырмалар алады.
1. Көмекші топ тапсырмасы. Ребус шешу.
2.Отбасының балалары. Адам суретін салу.
( геометриялық фигуралар, цифрлар, математикалық символдар, таңбаларды пайдалану керек)
3. Аналарға тапсырма.
6 тоқитын сымнан сегіз үшбұрыш шығару.
4. Әкелерге тапсырма.
24 шырпы 9 шаршы құрап тұр. 8 шырпыны алғанда, 2 шаршы шығуы керек.
«Отбасылық викторина»
1. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік)
2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25)
3. Бір тонна темірмен, бір тонна мақтаның қайсысы ауыр?
( бірдей )
4. Тауық бір аяқпен тұрғандағы салмағы 5 кг, ал екі аяқпен тұрғандағы салмағы қанша? ( 5 кг )
5. Бес бұтақты теректе
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер берікке
Қалады сонда қанша алма?
( Теректе алма өспейді )
6.Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу .
Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек? ( 5)
7. Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды? ( 3 )