kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдану”

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ағылшын тілі сабағында қолданатын ойын түрлері,әдіс-тәсілдер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдану”»

Пәні:онтолингвистика

Орындаған:Мұатова А.Д

Тобы:Каус-21ДОТ

1.«Әдістеме» ұғымының әр түрлі мағынасын ашып көрсетіңіз.

Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.



Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның “Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы” деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы осы дәстүрді тереңдетіп, “Баяншы”, “Тіл жұмсартар” деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.



Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.



Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.





2. Әдістеме ғылымының жалпы дидактика, психология, лингвистика, психолингвистикамен,

мәдениетаралық қатысым, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, әлеуметтік психология, әлеуметтік лингвистика салаларымен байланысын нақты мысалдармен айқындап беріңіз.

Әлеуметтік лингвистика немесе социолингвистика – тілдің әлеуметтік табиғатын, қоғамдық қызметін, қоғам өміріндегі рөлін және оның дамуына әсер ететін факторлар мен оларды реттеу тетіктерін т.б. кең көлемдік проблемаларды кешенді түрде зерттейтін ғылыми пән.

Әлеуметтік лингвистика тіл білімі, әлеуметтану философия, әлеуметтік психология, заң ғылымы, салауаттану, демография, тарих, статистика, экономика, информатика, маркетинг, география т.б. ғылымдар тоқайласқан жерінен орын алып, пәнаралық байланыста дамиды. Жалпы әлеуметтік лингвистиканы кейбір ғалымдар лингвистиканың бір саласы ретінде қарастырса, басым көпшілігі жеке ғылыми пән ретінде қарайды. Ол негізсіз емес, өйткені оның әдіснамасы мен әдістері дәстүрлі лингвистикадан бөлек, өзіндік ерекшелікке ие. Басқаша айтқанда, әлеуметтік линвистиканың зерттеу нысанасы тіл емес, «Тіл – қоғам» деп аталатын кешенді жүйе, яғни тіл мен қоғамның әлеуметтік құрылысының барлық түрлерінің өзара байланысы болып табылады.

Әлеуметтік лингвистиканың ғылыми мәртебесі мен оның лингвистикалық және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны туралы қалыптасқан үш түрлі көзқарас бар. Бірінші көзқарас бойынша әлеуметтік лингвистика – тіл білімінің бір саласы. Өйткені ол күллі тіл біліміне тән болып табылатын тілді нысана ете отырып, оның әлеуметтік-қызметтік жағын қарастырады. Мұндай пікірді В.А.Аврорин қуаттайды. Ол былай деп жазады: «Своей методической стороной социолингвистика стоит значительно ближе к социологии и истории, но основным ее предметом явлается язык и его функционирования, а потому и наука эта представляет собой необходимую составную часть лингвистики в качестве ее части, социольная лингвистика признается все же особым, относительно самостоятельным направленинм в науке о языке «поскольку она занимается такими объектами (функционирование языков, языковая ситуации и др.), которыми специально не занимается ни одна наука, ни одно направление языкования» [11,7.]. Екінші көзқарасқа сүйенсек, әлеуметтік лингвистика – ғылымдардың шекаралық, пәнаралық саласы. Оның проблемаларымен лингвистер және өзге ғылым - әлеуметтану, тарих, психолингвистика, этнография т.б. өкілдері айналысады. Соған байланысты оның зерттеу нысаны мен әдістері жөнінде лингвистер мен өзге ғылым салаларының, мысалы, әлеуметтанушылардың көзқарастары әртүрлі деңгейде болып, бұл кең пәнаралық саладан өзіндік терминологиялық белгілері бар түрлі бағыттар шығады. Сондықтан неміс лингвистері Р.Горссе мен А.Нойберт әлеуметтік лингвистика мен тіл социологиясын (лингвосоциологияны) айырып көрсетуді ұсынады. Оның біріншісі, яғни әлеуметтік лингвистика тіл мен қоғамның өзара байланысы проблемасын лингвистикалық тұрғыдан зерттейді, ал екіншісі, яғни лингвосоциология оны әлеуметтану тұрғысынан қарастырады.

3. Шетел тілін оқыту әдістемесінің негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы (ағылшын тілі пәні бойынша)

Оқу-әдістемелік кешен

Мазмұны:

1. Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері.

2. Шет тілін оқытудың мақсаттары және мазмұны.

3. Тыңдауға және сөйлеуге, жазуға және оқуға үйрету.

4. Әдістемелік ойындар.

Тақырып: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі.

Мақсаты:

— Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың кезеңдері;

— Ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезенінің тарихы;

— Шет тілін үйретудің орта кезеңі;

— Шет тілін үйретудің жоғарғы кезеңі;

— Грамматикалық- аудармалық әдіс;

— Тура әдіс. Г.Пальмер әдісі;

— Қазіргі әдістер;

— Әдістеме және әдіс туралы түсінік;

— Сабақтағы мұғалімнің қызметтері және қолданылатын әдістері;

— Сабақтағы оқушының қызметтері;

— Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс.

Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:

Шет тілі орта мектепте үш кезеңге бөлінеді: бастауыш, орта, жоғарғы сыныптар. Әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан әр кезеңге кейінірек тоқталайық.

Бастауыш кезең

Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине, оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі.

1. Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді.

Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.

Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады.

Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. «Chair» сөзі

Teacher: This is a chair.

Is this a chair? Yes, it is.

Is this a table? No, it is not. It is a chair?

Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет естиді, жекелеп айтады.

Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезеңінің тарихы

Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. 1947 жылы Министрлер кеңесінің «Орта мектепте щет тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал еткен құжаттар болды.

Содан кейінгі 1961 жылы шыққан «Шет тілдерін оқытуды жаңарту» туралы қаулы кейінгі он жылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы «орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы» қаулыдан кейінгі көптеген өзгерістер болды.

Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалау арқылы анықталады. Осы бастауыш кезеңде әрі қарай шет тілін оқып-үйрену жалғастырылады. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға екі жылдай әзірлік курсы керек. Тілді пайдалану үшін тілді таңдау, сөйлеу, жазу, оқуды білу керек.

Біріңші кезең – тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезеңде оқу қалай қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген: “Take care of the first two stages and the rest will take care of itself”.

1947 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер.

Сол ғасырдың 50-жылдар кезеңі мектептерде ағылшын тілін оқыту әдістемесінің елеулі кезеңі болды.

1947 жылғы қаулыдан кейінгі орта мектпете ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады, ағылшын тілінде және ағылшын тіін оқытатын арнайы мектептер ашылды.

Орта мектепте шеті тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптардан басталды. Бұл кездегі бағдарламада қойылған негізге талаптар: оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінде аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау.

Бағдарламада білімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Бастауыш кезеңде де бірінші орынға оқып-түсіну және аудару қойылады.

— Оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу

— Сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу

— Шет тілін туған тіліне ауызша аудара білу

— Жабаша аудара білу

Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылады:

— мәтінді көшіріп жаза білу

— қысқа сөйлеуді жаза білу

Лексикалық талап: 5-сынып – 450 сөз, 3-сынып – 200 сөз білуі керек.

1955 жылы шет тілін оқытудың бір нұсқасы 5-сыныпта сақталып қалды

1955 жылғы бағдарламада бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Мұнда лексикаға қойылатын талап өзгеріп, 350 сөз білуге тиісті болды. Бұл кезеңге де негізгі талап оқу және аудару болды. Ауыша сөйлеу мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап берумен, сыныпта айтылатын сөздермен шектелді.

1961 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды.

Ауызша сөйлеуде шет тілінде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға (монолог) және шет тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. Аудармаға аз көңіл бөлінді. Тәжірибелік мақсатқа жету үшін бірінші рет магнитофон таспасын, күйтабақты қолдану және үйге оқуға берілетін мәтіндер пайдаланыла бастады.

Орта мектепте мынадай талаптар қойылды:

— Шет тілінде әңгімелесе білу

— Сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну

— Оқи білу

Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексикалық көлемі азайды.

Оқудың екі түрі: дауыстап және ішінен оқу бөлініп көрсетілді.

1. Оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге

2. Диктант жаза білуге тиіс болды (30 сөз)

Осы өзгерістер ескеріле отырып, С.К.Фоломкина, Э.И.Каар және Г.М. Уайзер сияқты авторлар 5 және 6-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар шығарды.

Халықаралық қатынастардың дамуына байланысты ағылшын тілін оқытудың маңызы өсті. Оқушылар мен бірге мұғалімге арналған әдістемелік кітап және үйден оқу кітабы шығарылды. Саны 25-тен асатын сыныптар екі топқа бөлінді. Балалар бақшасы мен бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту бағдарламасы жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі 2 бағыты:

1. Сөйлеудің барлық түрін бірге дамыту (ауызша алдын-алу, авт. Г.М.Уайзер)

2. Сан біртіндеп оқыту (кіріспе ауызша курспен, авт. А.П.Старков). шет тілі 5-10 сыныптар аралығында оқытылды. 1962 жылы ағылшын тілінен жаңа бағдарлама жасалып, оқулықтар шығарылды. Бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына баса назар аударылды.

2-ші сыныптың оқушысы ауызша сөйлеуден мынаны білуге тиіс:

1. Мұғалімнің сөзін түсіну

2. Өткен тілдік материалдар негізінде сұрақтарға жауап беру

3. Суретті бейнелеу және сұрақтарға жауап беру

4. Ауызша әңгіме айта білу

5. Тақпақты жатқа айта білу

3-сыныпта бұл талаптар ұлғайды:

1. Мұғалімнің айтқаның түсіну

2. Мәтінді түсіндіре білу

3. Сұрақ қою, оған толық және қысқа жауап беру

60-шы жылдар ағылшын тілін оқытудың әдістемесіндегі жемісті жылдар болып саналады. Осы жылдары әдістемеге байланысты көптеген ғылыми еңбектер жазылып, мектепте тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.

Қазіргі кезеңде орта мектепте ағылшын тілін оқыту 3 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – оқытудың бірінші жылы, екінші кезең – барлық 10 сыныпқа дейінгі сыныптар, үшінші кезең – 10-11 сыныптар. Оқытудың бірінші кезеңінде ауызша сөйлеудің және оқытудың негізі қаланады, өз атынан қысқаша сөйлемдер айту, берілген материалды қабылдау және дауыстап оқуға үйретіле бастайды. Бағдарлама бойынша бекітілген уақытқа дейін созылатын ауызша кіріспе бөлімнен басталатын бірінші кезеңнің негізі – аузыша сөйлеу болып табылады.

Екінші кезең қабылдау механизімі қалыптасады және өз атынан сөйлем айтуға дағдыланады, күнделікті қарым-қатынас тіліне үйренеді, тыңдап түсіну, дауыстап оқу, оқығаның аудармасыз түсіну іс-әрекеттері дамиды. Бұл кезеңде де ауызша сөйлеу негізгі іс-әрекет болып есептелінгенмен де, оқуға да үлкен ден қойылады.

Үшінші кезеңде ауызша сөйлеу күнделікті қарым-қатынас тілінен бағдарламада көрсетілген қоғамдық саяси тақырыптар бойынша сөйлеу деңгейіне дейін, сонымен қатар көркем әдебиет, ғылыми-ағарту тақырыптары да қамтылады. Бұл үшінші соңғы кезеңде ауызша сөйлеу мен оқу бірдей деңгейде алынады.

Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістемелер әртүрлі кезеңдерде оқыту мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырады: мысалы, логикалық қағидалар бойынша синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, т.б; тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, лексикалық әдіс, фонетиакалық әдіс, тілдің психологиялық қағидалары бойынша индуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты – жөні бойынша Коменский әдісі, Гуэн; Пальмер, Уэст, Фриз, т.б әдістері.Біз тек ең негізгі әдістерге ғана тоқталайық:

1. Грамматикалық – аудармалық әдіс - әдістеменің ең көне әдісі.

2. Тура әдіс 1870 жылдан бастап қолданыла бастады.

3. Қазіргі әдістер.

Грамматикалық аудармалық әдіс көбіне классикалық тілдерде әсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған. Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады. Ал, аударма жаңа сөздері, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады. Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.

Грамматикалық – аударма әдістің ерекшеліктері:

1. Грамматикалық талдаудың негізі;

2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар;

Грамматикалық – аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әрі қарай талдауды етістіктің шағын, етістікті анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыларға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.

Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Барлық ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдармен сәйкес келмейді.

Грамматикалық – аудармалық әдіс алғашында XVIII- XIX ғасырдың мектептерінде кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология, лингвистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX-XX ғасырдың соңында «екі грамматиканың» ара қатынасы ажыратылды.

Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық – аудармалық әдіс жиі кездеседі.

Бұл оқулық – ағылшын тілін мемлекеттік тілде меңгерудегі негізгі оқу құралы. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып, сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.

Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура әдіс грамматикалық – аудырмалық әдіске қайшы әдіс ретінде дүниеге келді.

Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекеттердің үлкен елдерді отарлауы сияқты процесстер шет тілін білетін мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінде жаңа әдістің пайда болуына себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың негізгі мәселесіне айналды.

Тура әдістің негізгі ерекшелігі мынадай:

1) Шет тілін оқытудың негізгі бағыты – тәжербиелік, яғни, бірінші орынға сөйлеу ойылуы;

2) Ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;

3) Тілді үйрету ісінде аудырманың өте аз мөлшерде, керісінше, ауызша – жазбаша жаттығулардың көп қолдануы;

4) грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы (грамматикалық әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте әуелі жаттығулар оындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады).

5) Айтуды үйренуге үлкен көңіл бөлінеді.

6) Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа байланысты мәтіндер құрасытыруға назар аударылады.

Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет тілін оқытуда, шет тілімен баратын түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрі пайда болды. Тура әдісті жинақтаущылар Г. Груэн, М: Вальтер т.б

Бұл әдісті пайдаланатын мұғалымдер тіл үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағынасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.

Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады.

Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен:

1) Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа сөз білуі керек.

2) Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.

3) Тәжірбиесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді.

Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағылшын әдсікерлері Г. Пальмер мен М. Уэст болды.

Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:

- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталды.

- Шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылды. Г. Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз болды.

Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынады:

-іс – қимыл арқылы (Мұндай арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады);

- сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі мысалдарға қарап, сөйлемдер құрауы тиіс).

Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:

- сөйлем үлгілеіндегі үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі;

- тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін түсінуге мүмкіндік береді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
“Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдану”

Автор: Өмірбаева Бегайым Жанботақызы

Дата: 15.05.2022

Номер свидетельства: 606945

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "А?ылшын  тілі  саба?тарында  ойын  ?дісін  ?олдану. "
    ["seo_title"] => string(48) "ag-ylshyn-tili-sabak-tarynda-oiyn-disin-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "177017"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424537163"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "А?ылшын тілі саба?ында білім сапасын арттыру ма?сатында инновациялы? технологияларды енгізу"
    ["seo_title"] => string(91) "agylshyntilisabagyndabilimsapasynarttyrumaksatyndainnovatsiialyktiekhnologhiialardyienghizu"
    ["file_id"] => string(6) "300394"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456725952"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(189) "Зерттеу ж?мысыны? та?ырыбы: «А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды а?ылшын халы? ертегілері ар?ылы т?рбиелеу» "
    ["seo_title"] => string(122) "zierttieu-zhu-mysynyn-tak-yryby-ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-ok-ushylardy-ag-ylshyn-khalyk-iertieghilieri-ark-yly-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "191608"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427349122"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "А?ылшын  тілі  саба?ында  о?ушыларды?  танымды?  ??зырлылы?тарын  ?алыптастыру  жолдары ."
    ["seo_title"] => string(90) "ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-u-zyrlylyk-taryn-k-alyptastyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "311390"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459187694"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Доклад на тему"саба? сапасы- ?стаз білігінде . " "
    ["seo_title"] => string(47) "doklad-na-tiemu-sabak-sapasy-u-staz-bilighindie"
    ["file_id"] => string(6) "165377"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422801453"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства