kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зерттеу ж?мысыны? та?ырыбы: «А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды а?ылшын халы? ертегілері ар?ылы т?рбиелеу»

Нажмите, чтобы узнать подробности

+

?аза?стан Республикасы, ?ызылорда ?аласы,

№217 Б. Шал?ынбаев атында?ы орта мектепті? а?ылшын тілі п?ні м??алімі Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна

Зерттеу ж?мысыны? та?ырыбы: «А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды а?ылшын халы? ертегілері ар?ылы т?рбиелеу»

Мазм?ны:

1. Кіріспе...................3

2. А?ылшын халы? ертегілеріне жалпы талдау жасау.......4

 3. О?ушыларды т?рбиелеу барысында а?ылшын халы? ертегілерімен ж?мыс жасауды? негізгі ?дістері..6

 4. О?ушылармен а?ылшын халы? ертегілерін ?йрену барысында ?олданылатын ж?мыс ?дістері..10

 5. ?орытынды.................13

6. ?олданыл?ан ?дебиеттер тізімі............14

 Кіріспе

Осы зерттеудi? ?зектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап ?йрету ?ажеттілігінен келіп шы?ты. Баланы? тiлдiк тос?ауылын барынша ерте же?уге к?мектесетiн ж?не шет тiлiне бол?ан махаббатты? оянуына ?ластыратын, ерте жастан а?ылшын тiлiне ?йретудi? тиiмдiлiгiн е? жо?ары де?гейiне жеткізуге а?ылшын халы? ертегiлерiн пайдасы ?те ?лкен. Білікті ж?не білімді жастарды т?рбиелеп жеткізу - ?стаздарды? е? ал?аш?ы ма?саты. ?о?амда ?мiрге да?дылануды кiшi ?рпа?тан бастап дайындау ?ажет. Жеткiншектер т?рбиесі барысында ?о?аммен м?дениетті ж?не білікті т?рде ?арым-?атынас жасауды ме?геруi керек, ?йткенi жастарды? дамуына ?ол жеткiзетін де?гей - ?нер-бiлiмді ме?геру. Белгiлi бір е?бек т?рбиесіне ие болу ?шін, ?о?амда?ы мiнез-??лы?ты? нормаларын ме?гере отырып ж?не т?жiрибелерге с?йене отырып, алда?ы ?лкен ?мiрге о?ушыларды? пiкiрлеріні? жо?ары де?гейдегі ж?йесiн дамыту ?ажет. Жас жеткiншектерді? ал?аш?ы т?рбиесiне ?лкен ?сер ететін б?л халы? ертегілері ж?не оны? кейіпкерлері болып есептеледі. Ертегiлер ерте заманда?ы салт-д?ст?рлер, т?рбие ?дістері ж?не баланы? ой-?рістерін дамытатын ?асиеттерді ?з кейіпкерлерінде са?та?ан. Зерттеу ж?мысымны? ма?саты а?ылшын тілі саба?ында а?ылшын халы? ертегісіні? бала т?рбиесінде жа?сы ?серіні? басым болуын д?лелдеу. Ж?мысымны? ма?саты келесі міндеттерді орындау: • А?ылшын халы? ертегісіне жалпы талдау жасау; • А?ылшын халы? ертегісіні? бала т?рбиесіндегі р?лін ж?не ы?палын аны?тау ж?не оны? бала?а жа?сы ?сер ету ?дістерін аны?тау; • А?ылшын тілі саба?ы барысында а?ылшын халы? ертегілерін ?олдану ?дістерін аны?тау; • А?ылшын халы? ертегілерімен ж?мыс жасау ?дістеріні? м?мкіндіктері ж?не ?згешеліктерін аны?тау. 1. А?ылшын халы? ертегісіне жалпы талдау жасау Ресей, Германия ж?не Франция елдеріне ?ара?анда Англияда ертегілерді жина?тау ж?не жазып алу ж?мыстары ?лде?айда кеш бастал?ан. А?ылшын халы? ертегілеріні? ал?аш?ы топтамаларын жина?тау XIX ?асырды? со?ында бастал?ан. 1854-1916 жылдар арасында е? ал?аш?ы а?ылшын халы? ертегілеріні? жина?тал?ан екі томы Джозеф Джекобс?а тиесілі бол?ан [2, C.134]. А?ылшын фольклор ?йірмесіні? президенті Джозеф Джекобс?а а?ылшын халы? ертегілерін жина?тау ?те ?иын?а т?сті, ?йткені ертегілерді? к?бісі ?мытылып кеткен еді. Германиялы? а?алы-інілі Гриммдер, Франциялы? Шарль Перро немесе Ресейлік А.Н.Афанасьевтер сия?ты Джозеф Джекобс ертегілерді ?деби ??деуден ?ткізбеді. Ол ?зіні? алдына ертегілерді ?з ты?даушыларына халы? ?алай жарат?ан болса, солай жеткізуді ма?сат етіп ?ойды. К?птеген прозаиктерді, а?ындарды ж?не драматургтерді ?ана?аттандыр?ан н?рсе а?ылшын халы? ертегісіні? отанды? фольклор?а ?те бай к?йінде Англия?а танымалды?ы болды. ХIX-XX ?асырларда б?л жанр ?шін ?з а?ынды? шабыттарын тапсыр?ан албанды?тар ?атарына: Чарлз Диккенс,Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаны? ар?ы бетінде болып келген Алисаны?, Мэри Поппинсті?, ба?ытты Ханзада мен Питер Пэнні?, ?онжы? Винни-Пух ж?не ізгі ниетті ергежейлілер образдарыны? д?ниеге келуіне халы?тан шы??ан ?демі ?иялдар негіз бол?ан. Бас?а елдер сия?ты Англияда да ертегілерге бол?ан ?ызы?ушылы? сонау романтизм заманынан бастап ?р т?рлі кейіпте ?алыптасып келген. Жазушылармен бір сапта халы? жарат?ан образдар?а ?арсылы? жаса?ан, біра? ?здері ?иялмен жарат?ан ?лемдерін ж?н к?рген филолог-?алымдар да е?бек еткен.Олар ал?аш?ы д?ниеге келген кейіпкерлерді мойындамау ма?сатында к?птеген Британды? фольклорды? естеліктерін ж?не ал?аш?ы туындыларын жина?тап,оларды? диалектикасы ж?не этнографиялы? ?згешеліктерін зерттеп шы?ты. Сонымен фольклорлы? жазбаларды? ??деуге ?шыра?ан ж?не ал?аш?ы д?ниеге келген туындыларды? ортасында та?ы бір жі?ішке стилистикалы? ??деуге ?шыра?ан формасы пайда болды. Я?ни, ертегілер ал?аш?ы кейіпкерлерін са?тап ?ал?ан т?рде жа?адан жазылды. Б?л арада?ы е? ?лкен е?бек баспадан басып шы?арушылармен аудармашыларды? еншісіне тиді. Аудармашыларды? е?бектері халы??а ?нады. ?йткені ертегілерді о?ып-т?сіну о?ай болу ма?сатында аудармада жалпы а?ылшын тілін ?олданылды. Британия аралдарында халы? ертегілеріні? жина?талуы ж?не дамуы е? к?рделі тарихи кезе?ге тура келді. Ол кезе?дегі халы? ертегілерге, мифтерге ж?не онда?ы орындал?ан діни р?сімдерге сенген ж?не дамытып бар?ан. Осыдан христиандарды? д?ниетанымыны? басталуы ?алыптас?ан. Сол кездегі ертегілердегі кейіпкерлер, а?ыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, си?ыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шы?арыл?ан а?дар халы? арасында ?мір с?руді жал?астыра берді. А?ылшын халы? ертегілеріндегі жауыздар?а ?арсы к?реске ?иялдан ту?ан алып батырлары, мейірімді жануарлар, ??дайлар немесе жай ?ана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер ?мір с?рді. Мысалы: а?ылшан халы? ертегісіндегі адам жегіштерге ж?не ?ара к?штерге ?арсы к?ресуші кейіпкерді жай шаруаны? ?лы Джек деп таныстырыл?ан. Джек ?те к?ш-?айратты, е?бекс?йгіш, мейірімді, адал ж?не шыншыл бол?анды?тан, халы?ты? арасында м?ндай адамдарды халы? батырлары деп ата?ан. "Adventures of Jack the Giant-Killer" ертегісіндегі Джек ?з Отаныны? азатты?ы ?шін к?рескен революционеріне айналады [1,C.174]. А?ылшын халы? ертегілеріндегі кейіпкерлер барлы? кезде м?ндай батырлар?а айнала бермей, кейде оларды шы? бермес Шы?айбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. М?ндай кейіпкерлерді Англияда?ы буржуазиялы? капитализмні? дамуыны? бірінші кезе?індегі капиталистерге те?ейді. Мысалы: "Molly Whuppie" ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алда?ан ?ыз Молли ж?не "Jack and the Beanstalk" ертегісіндегі Джек ?здеріні? жа?ын жуы?тарына, дос-жарандарына сонымен ?атар айналасында?ы барлы? адамдар?а ?здеріні? ерлігімен ба?ыт сыйлайды [1,C.175]. А?ылшын хал?ына т?н к?лкілі кейіпкерлерді я?ни юморды да осы ертегілерден таба аламыз. А?ылшын халы? ертегісі барлы? кезде бай?а?ан болса?ыз, ?те ба?ытты ж?не баянды ая?талады. Ертегілердегі кейіпкерлерді? ертегі со?ында ?ай?ы-?асіретке ?шыраудан аула? болады. Ертегіні? со?ында еш?ашан жаман мотивтерді ?олданбайды. М?ны? б?рі ертегі о?ушыларыны? т?рбиесіне жа?сы ?сер етеді. Ертегідегі кейіпкерлер сия?ты ма?саттарына жетуді армандайды. 2. О?ушыларды т?рбиелеу барысында а?ылшын халы? ертегілерімен ж?мыс жасауды? негізгі ?дістері К?пшілік адамдар ертегілерге ?з салт-д?ст?рлеріне ?ара?андай ?арауды ?дет етеді. М??алімні? б?л арада?ы бірден бір ма?саты – баланы ертегіні? мазм?нымен таныстыру, ертегі туралы ??гімелесу, ертегіні? т?рінде жат?ан ма?ызды а?параттарды баланы? санасына енгізу, кейіпкерлерді? р?лдеріне еніп ойын т?рінде сахнада к?рсету. Б?л ?діс ертегілермен ж?мыс жасауды? д?ст?рлі ?дісі деп аталады. Ал мына ?діс д?ст?рлі емес деп аталады, ?йткені балалар б?л жерде ертегіні ты?дап ?ана ?оймай,?здері ертегіні? со?ын ?з ойларынан шы?арып, бірнеше к?ріністерді араластырып, ертегідегі кейбір іс-?рекеттерді ?згертуі де м?мкін. Б?л жерде та?ы да бір д?ст?рге айнал?ан ?діс - с?ра?-жауап ?олданылады. Е? алдымен бала ?зіне осындай рухани т?рбиеге бай д?ст?рлі емес саба?тарды? неге ?ажет екендігін ??ыну керек. М??алім мен о?ушыны? арасында?ы д?ст?рлі емес ?арым-?атынас е? алдымен ертегідегі кейіпкерді? нені д?рыс, нені б?рыс жаса?анын ажырату?а, оны? ?ай жерде ?ате жібергенін аны?тау?а, ?ателерді ?алай жою?а болатынды?ын, ?аталды?пен жауызды?ты ?алай же?у жолдарын ?йрену м?мкіндігін береді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зерттеу ж?мысыны? та?ырыбы: «А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды а?ылшын халы? ертегілері ар?ылы т?рбиелеу» »

+

Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы,

217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна



Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу»


Мазмұны:


1. Кіріспе..................................................................................................................3

2. Ағылшын халық ертегілеріне жалпы талдау жасау.......................................4

3. Оқушыларды тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасаудың негізгі әдістері.....6

4. Оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын жұмыс әдістері.......10

5. Қорытынды...................................................................................................13

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................14



Кіріспе


Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiн пайдасы өте үлкен. Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу - ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей - өнер-бiлiмді меңгеру. Белгiлi бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мiнез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжiрибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмiрге оқушылардың пiкiрлерінің жоғары деңгейдегі жүйесiн дамыту қажет. Жас жеткiншектердің алғашқы тәрбиесiне үлкен әсер ететін бұл халық ертегілері және оның кейіпкерлері болып есептеледі. Ертегiлер ерте замандағы салт-дәстүрлер, тәрбие әдістері және баланың ой-өрістерін дамытатын қасиеттерді өз кейіпкерлерінде сақтаған. Зерттеу жұмысымның мақсаты ағылшын тілі сабағында ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесінде жақсы әсерінің басым болуын дәлелдеу. Жұмысымның мақсаты келесі міндеттерді орындау: • Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау; • Ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесіндегі рөлін және ықпалын анықтау және оның балаға жақсы әсер ету әдістерін анықтау; • Ағылшын тілі сабағы барысында ағылшын халық ертегілерін қолдану әдістерін анықтау; • Ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасау әдістерінің мүмкіндіктері және өзгешеліктерін анықтау. 1. Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау Ресей, Германия және Франция елдеріне қарағанда Англияда ертегілерді жинақтау және жазып алу жұмыстары әлдеқайда кеш басталған. Ағылшын халық ертегілерінің алғашқы топтамаларын жинақтау XIX ғасырдың соңында басталған. 1854-1916 жылдар арасында ең алғашқы ағылшын халық ертегілерінің жинақталған екі томы Джозеф Джекобсқа тиесілі болған [2, C.134]. Ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді. Германиялық ағалы-інілі Гриммдер, Франциялық Шарль Перро немесе Ресейлік А.Н.Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына ертегілерді өз тыңдаушыларына халық қалай жаратқан болса, солай жеткізуді мақсат етіп қойды. Көптеген прозаиктерді, ақындарды және драматургтерді қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте бай күйінде Англияға танымалдығы болды. ХIX-XX ғасырларда бұл жанр үшін өз ақындық шабыттарын тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс,Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни-Пух және ізгі ниетті ергежейлілер образдарының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған. Басқа елдер сияқты Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген. Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдарға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн көрген филолог-ғалымдар да еңбек еткен.Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап,олардың диалектикасы және этнографиялық өзгешеліктерін зерттеп шықты. Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды. Бұл арадағы ең үлкен еңбек баспадан басып шығарушылармен аудармашылардың еншісіне тиді. Аудармашылардың еңбектері халыққа ұнады. Өйткені ертегілерді оқып-түсіну оңай болу мақсатында аудармада жалпы ағылшын тілін қолданылды. Британия аралдарында халық ертегілерінің жинақталуы және дамуы ең күрделі тарихи кезеңге тура келді. Ол кезеңдегі халық ертегілерге, мифтерге және ондағы орындалған діни рәсімдерге сенген және дамытып барған. Осыдан христиандардың дүниетанымының басталуы қалыптасқан. Сол кездегі ертегілердегі кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмір сүруді жалғастыра берді. Ағылшын халық ертегілеріндегі жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып батырлары, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер өмір сүрді. Мысалы: ағылшан халық ертегісіндегі адам жегіштерге және қара күштерге қарсы күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырылған. Джек өте күш-қайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. "Adventures of Jack the Giant-Killer" ертегісіндегі Джек өз Отанының азаттығы үшін күрескен революционеріне айналады [1,C.174]. Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде мұндай батырларға айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: "Molly Whuppie" ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және "Jack and the Beanstalk" ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды [1 ,C.175]. Ағылшын халқына тән күлкілі кейіпкерлерді яғни юморды да осы ертегілерден таба аламыз. Ағылшын халық ертегісі барлық кезде байқаған болсаңыз, өте бақытты және баянды аяқталады. Ертегілердегі кейіпкерлердің ертегі соңында қайғы-қасіретке ұшыраудан аулақ болады. Ертегінің соңында ешқашан жаман мотивтерді қолданбайды. Мұның бәрі ертегі оқушыларының тәрбиесіне жақсы әсер етеді. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты мақсаттарына жетуді армандайды. 2. Оқушыларды тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасаудың негізгі әдістері Көпшілік адамдар ертегілерге өз салт-дәстүрлеріне қарағандай қарауды әдет етеді. Мұғалімнің бұл арадағы бірден бір мақсаты – баланы ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегі туралы әңгімелесу, ертегінің төрінде жатқан маңызды ақпараттарды баланың санасына енгізу, кейіпкерлердің рөлдеріне еніп ойын түрінде сахнада көрсету. Бұл әдіс ертегілермен жұмыс жасаудың дәстүрлі әдісі деп аталады. Ал мына әдіс дәстүрлі емес деп аталады, өйткені балалар бұл жерде ертегіні тыңдап қана қоймай,өздері ертегінің соңын өз ойларынан шығарып, бірнеше көріністерді араластырып, ертегідегі кейбір іс-әрекеттерді өзгертуі де мүмкін. Бұл жерде тағы да бір дәстүрге айналған әдіс - сұрақ-жауап қолданылады. Ең алдымен бала өзіне осындай рухани тәрбиеге бай дәстүрлі емес сабақтардың неге қажет екендігін ұғыну керек. Мұғалім мен оқушының арасындағы дәстүрлі емес қарым-қатынас ең алдымен ертегідегі кейіпкердің нені дұрыс, нені бұрыс жасағанын ажыратуға, оның қай жерде қате жібергенін анықтауға, қателерді қалай жоюға болатындығын, қаталдықпен жауыздықты қалай жеңу жолдарын үйрену мүмкіндігін береді. Мысалы «The Cat booted» атты ағылшын ертегісіндегі «By stranger hands well to rake up a heat» деген мақалға назар аударайық. Бұл ертегідегі мысық ешқандай еліктеуге мысал бола алмайды. Өйткені, мысық өз мақсатына жету үшін кінәсіз жандарды алдайды. Өзін-өзі дөрекі көрсететін бұл мысыққа ешкандай еліктеуге болмайды.Осы мысалдан келіп шыққан қорытындыда жоғарыда назар аударған мақаланың мағынасы «Өзгелердің қолымен өз пайдаңды жасау» деген мағынаны ұғуға болады. Ал «Adventures of Jack the Giant-Killer» ертегісіндегі Джек, жай шаруаның ұлы, ертегідегі жауыз адамжегіштерге қарсы күреске түскенде алғашқыда тек марапат туралы ойлаған, ал ертегі соңында ол бостандық үшін күресетін нағыз халық батырына айналады. Ертегіні оқыған балаларды бас кейіпкер айбындандырады, оның әрекеттерін жан-жақты талқылап дұрыс бағалай бастайды және бала өзіне қажетті жақсы және дұрыс тәрбиені алады. Жамандық пен жақсылық, қорлық пен зорлық, өтірік пен шындық, сүйіспеншілік пен жеккөрушілік ешқашан жауапсыз қалмайтындығына бала көз жеткізеді. Ертегідегі келесі қарап шығуды қажет ететін тағы бір қасиет - ол ізгі сезім тәрбиесі. Тәлім-тәрбие жұмысында ізгілікке жетелейтін сезімдер ертегіде ешқашан соңғы рөлді ойнамайды. Сол себепті оны оқыған бала ертегі кейпкерлерін өздерінің туыстарындай, өзіне ең жақын адамындай жақсы көреді және оған еліктейді. Мұғалімнің бұл жердегі алдына қойған мақсаты баланың сезімі мен ойын дұрыс бағыттау. Баладағы лингвистикалық білімнің элементтері дамуы өте ерте жастан басталатынын біз білеміз. Сондықтан балаға тек қана тыңдап, оқып, ойдан шығаруды ғана емес, ертегінің басқа да жаңа қырларын достарымен жазба түрде ашуына бағыт-бағдар көрсетуіміз керек. Оның ең қарапайым тәсілдері - бұрында хат жазу, телеграммалар жазу болса, қазір де смс арқылы пікір алмасу немесе түрлі ғаламтор желілерінде талқылау. Баланың сөздік қорын дамыту үшін, ертегінің мағынасын бұрмаламай өздері ертегі ойлап шығаруға үйретеміз. Ертегілермен жұмыс жасау, әрине дәстүрлі емес сабақтарға енгізіледі. Өйткені, баланың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру және ойлау қабілеттерін дамытуға көп еңбек керек болады. Балаға ертегідегі кейбір кейіпкерлердің іс әрекеттерін өзгерту немесе өзі кейіпкерге жаңа келбет беру үшін біз сол бұрыннан келе жатқан «ертегідегі зат есімдерді, етістіктерді және сөздің бөлшектерін табу» әдісін қолданамыз. Мысалы мынандай ойын ойнайық: «Балалар ертегіні оқу барысында кейбір сөздер немесе әріптер бізге ренжіп қашып кетті. Ал кәнекей, ойланып сол сөздерді тауып көрейік. «On – up – a – tme - hre- was – a – little - grl» мына сөздердегі қай әріптер жетіспейді? Балалар ертегіні қайта-қайта оқып сөздерді табуға немесе өздері ойдан шығаруға әрекет жасайды. Біреу ертегідегі сөздерді жазса, ал біреулері күлкілі сөздер жазып қояды. Ал ендігі бір ойын осы сөйлемдерде қанша дауысты және дауыссыз әріптерді табу болса, келесі ойында балалар сөйлемдегі артық сөздерді табады. Мысалы: fox, hare, house, dog, cock сөздерін оқып аударып, артық сөзді немесе жабайы және уй жануарларын топтастыру тапсырылады.Ол үшін Микки Маус немесе Винни-Пух ертегілерімен танысу керек. Оқушыға ең алдымен өзара әңгімелесу тапсырылады. Бұл үшін оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушылардың арасыннан ең белсенді екі оқушы Микки Маус және Винни Пух рөліне тағайындалады.Олар өздерінің топтарына бір-бірімен әңгімелесуіне көмектеседі. Тапсырма мынандай: Микки Маус өз үйінің алдында, көк шөптердің үстінде дем алып жатыр деп елестетеміз. Винни Пух оның жанына келіп онымен әңгімелеседі. Микки Маус пен Винни Пух яғни екі топ арасында шамамен мынандай диалог болады. Винни-Пух: Hello! I’m a little brown bear. My name is Winnie-the-Pooh. And who are you? Микки: Hello! I’m a little grey mouse. My name is Micky. I live in this big house. Nice to meet you! Винни-Пух: Have you got a family? Микки: Yes, I have. I've got a father, I've got a mother and I've got a pretty little sister. I love my family very much. Have you got a brother? Винни-Пух: No, I haven't. But I've got a friend. M и к к и : I love my friend very much too. Look, I've got a long tail. Have you got a long tail? Ойын барысында оқушыларға сұрақ қоюға және жауап беруге көмектесіп тұру қажет. Келесі бір ойынымызда оқушының ойлау қабілетін дамытуды көздедік. Ол үшін балаға бұрын естіген және оқыған ертегідегі кейіпкерлерді немесе көріністерді өзгерту, кішігірім екі әңгімеден бір әңгіме жазу тапсырылады. Әрине, бұл оңай тапсырма емес. Бұл әдіспен біз баланың сөйлеу, жазу және ойлау қабілетін дамытамыз. Ойлау қабілетін дамытудың тағы бір әдісі ертегінің атауын шифрлеу. Оқушы шифрлеу мақсатында сандарды қолданады және оны есте сақтап қалуы қажет болады. Немесе ертегідегі күлкілі сөздерден сол ертегінің өзіне жаңа атау беру. Шифрлеу дегеніміз мынандай жолдармен іске асырылады, мысалы: («duck» -«kcud»); ("pig" - "big")... Мұғалім оқушыларға беретін тапсырмаларының алдымен жоспарын жасап алады.Әрбір ертегінің өзіне тән бағытымен тапсырмалар жасау керек. Бір ертегіде математикалық қабілет жеткіліксіз болса ал басқа бір ертегіде экологиялық қабілеттің жеткіліксіз екендігін байқауға болады. Осының бәріне мән бере отырып, мұғалім өз тапсырмаларын жасайды. Баланың тапсырманы оңай орындауға, дұрыс ойлауға бағыт береді. Мұның бәрі оқушыны географиялық саяхат жасауға, тарихи маңызы бар өткен шаққа көз тастауға, Отанды сүюге, салт-дәстүрлерді қадірлеуге итермелейді. Мұғалімнің мақсаты - осы әдістермен ертегілер арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту. 3. Оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын әдістері. Жоғарыда біз мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерін қолданудың негізгі әдістерін көріп шықтық. Ал енді оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын әдістерді анықтаймыз. Оқушылармен сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын негізгі әдістер мыналар: І. Бағыт бағдар беретін қадағалау әдісі: 1) Мұғалім, ата-ана және балалармен біргелікте қандай ертегілер (ертегідегі кейіпкерлердің, кейбір көріністердің, суреттердің, әзіл-қалжыңдардың, мұңды көріністердің...) бала тәрбиесіне қандай лайықты әсер ететінін көріп, үйреніп шығады; 2) Оқыған ертегісін ауызша айтып беру, кейбір эпизодтарына мән берудің өзі бала тәрбиесіне маңызды әсер етуін анықтау; 3) Ертегідегі кейіпкерлердің мүсіндерін лай және саздан жасау, суреттерін салу, маскалар жасау, костюмдарин тігу, баланың шығармашылығын дамыту; 4) Ертегілердегі іс-әрекетінің орнына немесе мінездеріне сай әуендерін таңдау ІІ. Салыстыру әдісі: Ойын. "Кім неге ұқсайды? Кім кімге ұқсайды?" Әр түрлі суретшінің бір ертегіге салған суреттерін салыстыру. ІІІ. Танымдық және стильдік өзгешеліктерін дамыту әдісі: 1) Бұрында оқыған ертегілеріндегі көріністің, суреттердің немесе орындардың кітаптың қай жерінде екенін еске түсіру, көз алдына елестету оқушының есте сақтау қабілетін дамытады. 2) Оқыған ертегілерді сахналау, викторина түрінде ойын көрсету, ертегіден үзінді көрсету арқылы жұмбақ жасыру, ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады. 3) Әдеби театр: өлеңдерден үзінді оқу, суреттерін салу, суреттер туралы әңгіме айту немесе музыкасын тыңдау баланың дүниетанымын тереңдетеді. ІV. Көркемдік бейнелермен тәжірибе жасау әдісі: 1) Ертегідегі кейіпкердің бейнесінде үзінді оқып беру баланың сол бейнеге енуіне, оның мінез-құлқын терең үйренуіне бағыттайды. 2) Оқыған ертегідегі батырларды өз арамыздан іздеу, қазіргі замандағы қаһармандармен ертегідегі кейіпкерлерді салыстыру, өзін кейіпкердей ұстау, ескіні жаңашаландыру әдісі. 3) Ертегідегі кейіпкердің келешектегі тағдырын болжау әдісі автордың идеясын әрі қарай автор рамкасынан тыс шығарманы дамытуға жетелейді. V. Сараптау және бағалау әдісі: 1) Менің сүйікті кейіпкерім: барлық жастағы оқушылар өздері таңдаған қаһармандарын көрерменге танытып, оның іс-әрекетінің дұрыс екендігі, нағыз батыр екендігін дәлелдеу, жоғары бағаға сай екендігін көрерменге жеткізу. 2) Менің сүйікті авторым және ертегім: бала өзі таңдаған автордың ертегілерін оқушыларға өте тамаша ертегі ретінде таныстыру және жоғары дәрежедегі шығарма екендігін дәлелдеу. 3) "Ертегідегі оқиға не туралы? Ондай оқиғалар басқа ертегілерде кездесе ме?" тақырыптарында әңгімелесу және оқыған ертегіге баға беру. 4) Әдеби қаһармандар туралы "Бұрын оқыған ертегілердегі қай қаһарман немесе батырға ұқсайды? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?" деген сұрақтарға жауап табу. 5) Ертегіні жазған жазушы туралы әңгіме: оқушылар өздері оқыған ертегілерді жазған авторлар туралы мағлұматтар жинақтап айтып береді, оларға қойылған ескерткіштер немесе сол автордың атымен байланысты жерлер туралы әңгімелеп береді (Атап айтсақ, "Питер Пэн"-нің Лондондағы ескерткіші, "Нильс Хольгерсон жабайы қаздармен" атты Токиодағы ескерткіші, "Жабайы аққулар" атты ескерткіш Оденсте, "Пиноккио"ескерткіші Коллодиде, "Русалочка" және Андерсеннің Копенгагендегі екі ескерткіші; Санкт-Петербургтағы Андерсенград ескерткіші, АҚШ-тағы Диснейленд, Оденстағы Андерсенның Үй-музейі). 6) Ең күлкілі немесе ең қорқынышты ертегі: "Қандай қорқынышты немесе күлкілі кітаптарды оқыдың?" тақырыбына әңгімелесу. Осындай әдістермен жұмыс жасау баланың әдеби-ассоциативтік ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуда, шығармашылық қабілетін дамытуда, жан-жақты жетіскен, білімді келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде маңызды рөл ойнайды. Қорытынды Ертегі баланың өмірінде маңызды рөл ойнайды. Ертегі баланың рухани әлемін, Отаншылдық тәрбиесін, өз халқының өткенін қадірлеуін, адамгершілік тәрбиесін, қоғамға деген сүйіспеншілігін нығайтады. Ертегі бала тілінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ой-қиялын, қоғамға деген көзқарасын, өнер тапқыштығын дамытуда ертегінің орны өте маңызды. Ертегі арқылы атадан балаға мұра болып келе жатқан ақыл-кеңестерді, мақал-мәтелдерді, әдет-ғұрыптарды жеткізе аламыз. Ертегі оқу арқылы тарихта сақталып қалған құнды ақпараттармен танысамыз. Білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақ тәрбиесінде ертегінің орнын ешбір шығарма баса алмайды. Әрине бала тәрбиесіндегі бірден-бір жұмыс әдісі емес, бұдан да басқа маңызды әдістер де бар. Мен әңгіме еткен бұл әдістер сабақ барысында немесе сабақтан тыс ертегіні сүйіп оқуға,одан керекті құнды ақпараттарды алуға көмектеседі. Оқушы ертегіні тек оқып, әңгімелеп қана қоймай, әңгіме жазуға да үйренеді.


















Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Гордон Д. Терапевтические метафоры: оказание помощи другим посредством зеркала. - СПб.: Белый кролик, 1999, - 252б.

2. Джекобс Д. English fairy-tales. – UK,- 1999, – 208б.

3. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. - М.: Просвещение, 1999, - 222б.

4. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранного языка. - М.: Академия, 2004, - 264б.

5. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. - М.: Русский язык, 1997, - 216б.

6. Щерба Л.В. Преподавание языков в школе. - М.: Академия, 2003,- 160б



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна

Дата: 26.03.2015

Номер свидетельства: 191608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства