Просмотр содержимого документа
«Жаныңда жүр жақсы адам»
Жанымда жүр жақсы адам
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді, жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді, ұлттық кодымызды сақтауды міндеттеді. «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деп жазды.
Иә, ақиқатында этносты (халықты) анықтаушы бір белгі, ол – этникалық мәдениет. Сол мәдениетке халықтың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет ғұрпы, музыкасы, өнері, т.б. кіреді. Бұлар ұлттық кодтың элементтері. Олай болса, ұлттық түп-тамырымызды, ұлттық құндылықтарымыздың бірі – ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміздің озық үлгілерін атадан балаға мирас етіп, жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жетелеп жүрген адам жоқ емес.Сондай жақсы жанның бірі - Аскенова Бәйгібала Әскенқызы.
Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған Аскенова Бәйгібала Әскенқызының да көктемі мен жазы, қыруар күзі жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған. «Ұстазым менің ұстазым,өзіңмен өткен қыс, жазым» деген ыстық махаббат осындай ұлағатты ұстаздарға арналса керек.
Өнегелі де ардақты жан Аскенова Бәйгібала апамыз – үлгілі отбасының қамқоршысы. Отағасы — Сұлтан атамызбен тату-тәтті өмір сүріп, перзенттерін ұяға қондырған бақытты ата-ана, бес-алты немерелі абзал жандар.
Аскенова Байгибала Әскенқызы 1942 жылы 13 ақпанда Алматы облысы Іле ауданы Жаңадәуір ауылында дүниеге келген. Ардагер ұстаз Жаңаталап ауылы № 25 орта мектебінде мектеп директоры болып 20 жылдан астам еңбек етіп, зейнетке шықты. Ұстаз- ардагер, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «ҚСРО білім беру ісінің үздігі» атақтарының иегері.Қазіргі таңда Байгибала Әскенқызы әлі де еңбек етуде: ауылдағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуда, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігі мен қоғамдық жұмыс жолында, жастар арасында патриоттық тәрбиені нығайтуда үлесі көп.
Ауылымызда жергілікті өзін өзі басқару қоғамдастықтың мүшесі ретінде ауыл зиратын қоршауға, мектептегі жөндеу жұмыстарына т.б. қосқан үлесі орасан зор.
Ерте кезеңнен ақ ата-бабаларымыз бала, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оларды үлкенге тағзым, кішіге ілтипат етіп, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған. «Тәрбие – тал бесіктен басталады», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөзді жадына әбден тоқыған. Сондықтан да баланың бауырмал, қайырымды азамат боп ержетуі, алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты.Осындай шешілуге тиісті түйіні қиын істердің басы-қасында болып,жүретін- апаймыз!
Қазақ арасында «әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», не «ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар», т.с.с. мақалдар көп сақталған. Осындай ұлағатты сөздердің арқасында ұлды батырлыққа, ептілікке, дала тіршілігіне баулыса, қызды – үй тіршілігіне үйреткен. Мәселен, «қыз – жат жұрттық» деп, нағыз жұртына (жігіт үйі) барғанда төселіп, бір үйдің тұрмыс тіршілігіне тез бейімделсін, отанасы болуға үйренсін деген тілекпен үй тұрмысына: кесте, киім тігуге, кілем тоқуға, тамақ пісіру, тазалыққа үйреткен. Ақылды, елге сыйлы, отбасының бірлігі мен ағайынның тұтастығы үшін қызмет ететін ақылгөй аналарды дәріптеп, ер азаматтың басын қадірлеуді де үйреткен. Ал ер-азамат отбасының тірегі дей отырып, ер балаларды түздің жұмысына, яғни, садақ, жамбы ату, атқа отыру, шаруашылықпен айналысу, үлкеннің сөзін бөлмеу, қарсы келмеу, ақылын тыңдау, т.с.с. қалыпта тәрбиелеген. Отбасында ер азамат сыйлы болса, содан бала үлгі алады, сол отбасының баласы тәрбиелі, өнегелі болып қалыптасады.
Сондықтан да ата-бабаларымыздың өмір тәжірибесімен қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді ұлттық кодымыздың анықтаушы бір элементі ретінде қоғамдық, отбасылық іс-әрекетімізде, тұрмыс-салтымызда ұстануды, ұлттық әдет ғұрып, салт дәстүрлер арқылы – қазақ халқының өзіндік дәстүрлерін бойына сіңіре білетін, салт-дәстүрлерімізді ұғына білетін, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруды дәріптеп, насихаттау жұмыстарын жүргізуден талмайтын жан!
Дәстүр – ұлтқа рух беріп, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Дәстүр – адамдардың ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы, әлеуметтік-мәдени мұрасы екендігін және салт-дәстүрлер арқылы ауылымызда осындай жұмысты шаршамай жүргізуде.Ұлттық кодымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін насихаттап, ұлттық тәрбиеміздің іргетасы етіп жүрген адамның бірі – Бәйгібала апамыз!
Атап айтсақ, ауылдағы өмірге белсене қатысып, барлық көмекке мұқтаж жандарға əрқашан көмек беріп жүреді.
Осыған қарап өмірде жақсы адамдар аз деп айта алмаймын. Сондықтан осындай жанымызда жүрген жақсы адамдардың қадірін біліп, құрметтеп, сыйлап жүрейік. Əрбір адамның қасында жақсы жанның жүруін тілеймін.
Алматы облысы
Іле ауданы Жаңаталап ауылы
№ 25 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жолдыбаева