kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?згеріс не ?шін керек?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім – мемлекетті? дамуына  негіз болады. Сол себепті мемлекет ?скеле? ?рпа?ына сапалы білім бергенде, ол ел болаша?та  озы? технологиямен жабды?тал?ан, ?ылымы, экономикасы дамы?ан елге айналады. Жас ?рпа?ы жо?ары білім к?рсеткішін к?рсеткен елдерді? барлы?ы экономикасы дамы?ан елдер. Я?ни мектептегі білім беруге ?лемні? барлы? елдері ерекше к??іл б?луде.

     Жылдам ?згерген  ?лем елдеріні?  білім саласында?ы ?згерістеріне елеулі реформа жаса?ан мемлекеттер ?атарына то?талма?пын. Олар: Жапония, Сингапур ж?не  Финляндия.

    Халы?аралы? тестілеуде о?ушылары  жо?ар?ы н?тиже к?рсеткен Сингапур елі, не б?рі  45 жыл ішінде ??рылып  ?лемдік  білім ж?йесінде жо?ары жетістіктерге  жетіп отыр.  Себебі білім саласында?ы эксперттер  б?л елді? білім саласын ?лемде жо?ары деп ба?алап отыр. О?ан д?лел  біріншіден Сингапурлы? о?ушылар сауаттылы?ы жа?ынан  жа?анда алды??ы ?атарларды? бірінде, екіншіден, сингапурлы? о?ушылар т?ра?ты т?рде 1995 жылдан бастап математика ж?не жаратылыстану ?ылымдарынан  халы?аралы? (TIMSS) тестілеуден  жо?ар?ы н?тиже к?рсетуде, ?шіншіден, консалтинг компаниясы  2008 жылдан бері Сингапурды?  білім ж?йесін ?лемдегі білім ?дерісіні?  е? тиімдісі деді, т?ртіншіден,  Менеджментті дамытуды? халы?аралы? институтыны? зерттеулері н?тижесінде б?л білім ж?йесі ке? ау?ымды экономикалы?  талаптарды орындайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?згеріс не ?шін керек? »

Суйербаева Жазира Едиловна 1- (ілгері) деңгейлі А есебі

3 топ 14.10.2014 жыл

Талдықорған қаласы


Өзгеріс не үшін керек?

Білім – мемлекеттің дамуына негіз болады. Сол себепті мемлекет өскелең ұрпағына сапалы білім бергенде, ол ел болашақта озық технологиямен жабдықталған, ғылымы, экономикасы дамыған елге айналады. Жас ұрпағы жоғары білім көрсеткішін көрсеткен елдердің барлығы экономикасы дамыған елдер. Яғни мектептегі білім беруге әлемнің барлық елдері ерекше көңіл бөлуде.

Жылдам өзгерген әлем елдерінің білім саласындағы өзгерістеріне елеулі реформа жасаған мемлекеттер қатарына тоқталмақпын. Олар: Жапония, Сингапур және Финляндия.

Халықаралық тестілеуде оқушылары жоғарғы нәтиже көрсеткен Сингапур елі, не бәрі 45 жыл ішінде құрылып әлемдік білім жүйесінде жоғары жетістіктерге жетіп отыр. Себебі білім саласындағы эксперттер бұл елдің білім саласын әлемде жоғары деп бағалап отыр. Оған дәлел біріншіден Сингапурлық оқушылар сауаттылығы жағынан жаһанда алдыңғы қатарлардың бірінде, екіншіден, сингапурлық оқушылар тұрақты түрде 1995 жылдан бастап математика және жаратылыстану ғылымдарынан халықаралық (TIMSS) тестілеуден жоғарғы нәтиже көрсетуде, үшіншіден, консалтинг компаниясы 2008 жылдан бері Сингапурдың білім жүйесін әлемдегі білім үдерісінің ең тиімдісі деді, төртіншіден, Менеджментті дамытудың халықаралық институтының зерттеулері нәтижесінде бұл білім жүйесі кең ауқымды экономикалық талаптарды орындайды.

Сингапур елі 45 жыл бұрын кеме жасау және жөндеу өндірісімен айналысқан. Елін дамытуға табиғат ресурстары да болмаған. Тек бір ерекшелігі мемлекет әлемдік сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Сингапурлықтар өз тәуелсіздіктерін алғаннан соң мемлекеттің дамыту көздерін іздестіре бастады. Табиғи ресурстардың тапшылығынан интеллектуалды модернизация жолы дұрыс деп тапты. Шетелдік инвестрларды тарта отырып, жоғарғы кәсіби нарық құруға және экспорттауға бағытталған экономикаға өту кезеңінде мемлекет білім беру жүйесінің алдына сауатты және техникалық білімді мамандармен қамтамасыз етуді міндеті етіп қойды. Сингапурде тұратын әр ұлт білім жүйесінің құрылымдарына мемлекет бекіткен біркелкі стандартты енгізуде оңтайландыруды қолға алды. Оқытылатын пәндерді ағылшын тілінде жүргізу көзделді. Сауда жасауда, халықаралық өндіріс және білім саясатын жүргізуде ағылшын тілінде сөйлеуге әзірлеу талап етіліп отыр.

Қазір таңда Сингапурда он жылдық білім алу алты жастан басталады. Оқушылар әртүрлі оқу бағдарламалар аясында сан қырлы, білім алады. Аталған жүйе әр оқушының өз таңдауларын қарай бейім-қажеттілігін қанағаттандыра отырып және мектеп кеңесінің берген бағдарламасымен білім алуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, әлемде шаршы топта өз мүмкіншілігін көрсете білетін көшбасшыларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Білімнің даму сатысындағы негізі идея жаңа технологияларды игерген қабілетті, дарынды көшбасшыларға қолдау көрсете отырып, олардың өмір бойы білім алуына және өздерінің алдына жауапкершілік пен міндеттер қоя білетін ортасын құруға тәрбиелеу болып табылады.

Жапония мемлекетінің білім саласындағы алғашқы реформалары ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдары жүргізілген. Бұл реформалардың мақсаты халық арасында жаңа идеология қалыптастыру да болатын. Шетелдік стандартты қабылдауда жапондықтардың әлеуметтік және тарихи құндылықтары кедергі болды. Сол себепті жапондық мектеп жүйесі құрылды. Ал жапон мектебі ұрпағының бойына ұлттық мінез- құлықтың нормаларын, ұлттық рухты сіңіру болды және ол мектептерде тікелей іс жүзінде асырылды.

Жапонияда оқыту он екі жылдық білім беру жүйесімен жүргізіледі. Бастауыш сынып-6 жыл, кіші орта мектеп- 3 жыл, жоғары орта мектеп жүйесі- 3 жыл. Бастауыш мектептен бастап мәдениет пен өнерге, бірінші және тоғызыншы сыныптарында адамгершілікке тәрбиелеу жүргізіледі. Гуманитарлық пәндер орта мектептерінде оқытылады. Ал бір және он екінші сыныптарында әлеуметтік пәндер оқытылады. Дене шынықтыру пәндерінде денсаулық сақтауға ерекше көңіл қойылған. Гуманитарлық пәндерінде жеткіншектерге ұлттық тәрбие берумен қатар, оларды отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелейді. Жапонияда шет тілін ана тілінің негізінде оқу тиімді деген қағида берік орныққандықтан шет тілі жетінші сыныптан бастап оқытылады. Жапонияда елінде 12 пән ғана оқытылады. 12 пәннің ішінде музыка, өнер, үй шаруашылығы пәндері де бар. Бұл мемлекеттің Білім және ғылым министрлігі 2007 жылы 28 шілдеде «Білім беру жүйесінің негіздемесі» тақырыбындағы бағдарламасын халқына таныстырды. Бұл бағдарламада мектептердегі сағат саны екі есеге көбейтілді. Осы реформаларын толық жүзеге асыру 1947 жылы қабылданған Білім беру туралы заңға өзгерістер енгізілді. Білім заңының жаңа нұсқасында дәстүр мен ұлттық мәдениетті қадірлеу, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерге баулу, дүниежүзілік қоғамдастықпен тиімді қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу қажеттілігі ашып жазылған.

Финляндияның қазіргі таңдағы білім саласында жеткен жетістігі кісі қызығарлықтай. Себебі Финляндия елі соңғы 70 жылда білім беруге көп көңіл аударғандықтан тамаша жетістіктерді бағындырған. Жан басына шаққанда Финляндияда ішкі жалпы өнім 32 мың еуро. Әлемдік экономикалық форумның әр жылдағы есебі бойынша әлемдік рейтингіде алтыншы орында тұр. Мұндай жетістіктің нәтижесі білім саласында жүргізілген реформалардың тиімділігінде. Мемлекеттің білім беру саласындағы ең негізгі ерекшелік - білім беру жүйесі бір-бірімен аса тығыз байланыста жүргізілуінде. Мектепке дейінгі білім ошақтары мектептерімен тығыз сабақтасып тұрса, ал мектеп жоғары оқу орындарымен жүйелі қатынас орнатқан немесе жоғары оқу орындары да мектептермен тығыз байланыс орната отырып, мектептің білім сапасының көтерілуіне жағдай жасайды. Оқушыға берілетін білім үздіксіз тізбектеліп берілгендіктен оқушы алғашқы баспалдақтан келесі баспалдаққа ешқандай кедергісіз өтеді. Жоғары оқу орындарының «әлеуметтік жауапкершілігі» - білім саясатының ең басты маңызды басымдықтары болып табылады. Әр алуан әлеуметтік топтардан тұратын жергілікті қоғамдастық жоғары оқу орындарымен үздіксіз байланыста болады.

Финдік білім жүйесінің тағы бірі ерекшелігі - оқушы негізгі орта мектепті аяқтағаннан кейін ешқандай емтихан тапсырмайды. Себебі, Финляндияның білім саясаты оқушыға, мұғалімге және мектепке деген үлкен сенім білдіру принциппен жұмыс істейді. Мектептегі оқу кезеңі 16 жылға созылады. 16 жыл бойы білім алып, мектепті аяқтаған оқушы, алған білімін одан әрі шыңдап, болашақ мамандығын анықтау құқығына ие болады. Мектепті аяқтаған оқушы өз мамандығын кәсіби училище мен гимназияларда жалғастырады. Бұл оқу орындарың да жағдайын мемлекет жасап беріп отырады.

Тәуелсіз сарапшылардың пайымдауынша Финляндия мемлекетінде қалыптасқан озық білімнің жүйесі үздіксіз, ұзақ жүргізілген саясаттың әсерінен деп баға береді. Олай дейтіні мемлекеттің ең маңызды басымдықтарының бірі- білім беру саласын дамыту және ұрпағын өркениет төріне көтеру болып отыр. Сол себепті, Фин үкіметі білім беру жүйесін қаржыландыру үшін жылма- жыл 5 млрд. 466 млн. еуро көлемінде немесе бюджеттің шығыс бөлігінің 15,5 пайызын жұмсап отырған. 17 мың еуро Финдік мұғалімдердің жылдық табысы екен.

Финляндия, Сингапур, Жапон мемлекеттерінің дамушы мемлекет болып қалыптасу мақсатында жүргізілген білім беру саласындағы реформаларын зерделей келе, өз еліміздегі білім жүйесіне қаншалықты өзекті және қолданбалы екеніне тоқталайын.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» деп көрсетілген. Қазіргі заман талабына сай еліміздің білім жүйесін дамытуда, көп өзгеріс енгізу қажеттілігі туындап отыр. Себебі осы уақытқа дейінгі дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» оқытуда алған білімдерін оқушылар өмірде тиімді пайдалана алмады. Тағы бір кемшілігі оқушыларға берілетін білім материалдарын игеру ауқымды және ақпарат көп, меңгеру қиындық туғызды, сондықтан білім сапасы төмендеп кеткен. Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттері мен математикалық қабілеттерінің жеткіліксіздігі, күнделікті өмірде алған білімдерін қолдану, ой толғап және өз көзқарасын білдіру деңгейі төмен болып отыр. 2009 жылғы жүргізілген PISA (Programme for International Student Assessment), халықаралық бағдарламасы зерттеулеріне қатысқан 65 елдің ішінде біздің оқушылар математикалық функционалдық сауаттылығынан 53-орын, жаратылыстану- ғылыми сауаттылығынан 58-орын, оқу сауаттылығынан 59-орын да тұруы бізді қатты қынжылтты. Осындай қиыншылықтарға қарамастан Қазақстан егемендігі өзінің білім жүйесіне үлкен үміт пен өзгерістер әкелуде.

Мемлекетіміз фин елі сияқты мектепке дейінгі білім беруді ерекше қолға алып отыр. Бұл уақытқа дейін мектепке дейінгі білім беру, біздің елімізде болған жоқ деп айта алмаймыз. Өйткені кеңес үкіметі құлағаннан кейін тоқырау басталғанда әр ауылды жердегі балабақшалар қирап, мектепке дейінгі тәрбие азайып, құлдырады. Бұл дегеніміз айналып келгенде мектепте білім алуға кедергі келтірді. Балалар отбасы тәрбиесімен ғана шектелді. Ал тәуелсіздігімізді алғаннан кейін мектепке дейінгі білім ошақтарын қайта қалыпқа келтіруді үкімет қолға алды. Оған дәлел Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы. Жапониядағы сияқты біздің елде 2003 жылдан бастап 12 жылдық білім берудің эксперимент сыныптары оқытылып жатыр. Биылғы жылы сол экспериментте оқып отырған алғашқы қарлығаштарды ұшырып, нәтижесін көреміз. Ал жаппай 2015 жылдан 12 жылдық білім беруге көшіп, 1- сыныпқа оқушыларды қабылдамақ. Елбасының 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жоба негізінде,
қазіргі таңда Сингапурдағыдай ағылшын тілі 2- сыныптан оқытыла бастады.   Яғни, бұл бағдарламаның басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту болып отыр. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет.

Білім беру жүйесіне енгізіліп отырған жаңалық төмендегі іс-шаралар арқылы жүргізіледі. Ең алдымен, оқыту үдерісіне жаңаша оқыту әдістемелері мен технологияларды енгізу. Дарынды оқушыларды халықаралық стандарттар шеңберінде оқытуда Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс атқаруда. Ал, бірақ мұндай барлық жағдайы жасалған білім ошағында оқуға көп оқушы қол жеткізе бермейді. Сол себепті бұл мектептердің озық тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне тарату және барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту көзделіп отыр. Екіншіден, педагогтардың кәсіби біліктіліктерін аттыруда деңгейлік курстар ұйымдастыру. Қалыптасқан дәстүрлі оқытумен оқытатын мұғалімдер ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды дайындағы келсе, өздерінің де өзгеруін қоғам талап етіп отыр. Қазіргі уақытта педагогикалық мамандарды республикалық қайта даярлау мақсатындағы деңгейлік оқыту курсында мұғалімдеріміз оқып жатыр.

Жоғарыда қарастырған дамушы елдер мен еліміздегі өзгерістердің менің мектебіме тигізер әсері қаншалықты екеніне тоқталсам.

Мен еңбек етіп отырған өз мектебімде төрт жүз отыз оқушы (430) бар, алпыс бестен астам мұғалім бар. Менің ең алдымен мектебімнің алдында тұрған мақсат пен міндеттерін айқындауым керек болды. Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінің ең басты міндеті, қайтсек білім сапасын арттырамыз деген ой болып отыр. Мектептің мәртебесі оқушы білімі мен ұстаз мәртебесінен көрінеді. Сондықтан менің де мақсатым мектебімнің мәртебесін көтеріп, оқушыларымыздың білім сапасын көтеруде шетел мектептері мен Қазақстан мектептері үшін тиімді болатын белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып және әріптестерімнің тәжірибелеріне енгізуіне ықпал ету. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде бұл тәсілдерді қолданудың теориялық, сонымен қатар практикалық жолдарын үйрене отырып, мектептегі тәжірибе кезеңінде қолданып, әріптестеріме түрткі бола білдім. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде бұл тәсілдерді қолдану жолдарын теориялық және практикалық жағын меңгерсек, «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде нақты тәжірибемізде қолдандық Біздің қолымызда мектеп директорлары сияқты басқару, шешім қабылдау өкілеттігі жоқ, бірақ біздің міндетіміз мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып мектепті дамыту жоспарын жасап, оқыту мен оқу саласына өзгеріс енгізуге ықпал ету. Оқуға бағытталған көшбасшылық туралы нұсқаулықтан мол ақпарат көзін алдым. Қайта шолу барысында кейбір түсінбеген ақпараттар сыры ашыла бастады.

Елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістің бірі 12 жылдық білім беру жүйесі. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы бойынша мектептің басты мақсаты: оқушыны әлемдік стандарт деңгейіне сай жоғары біліммен қамтамасыз ету, жан-жақты мәдени тұлғаны қалыптастырып өзін-өзі тәрбиелей алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар, кәсіби білім беру бағдарламасын меңгерген азамат тәрбиелеу, шығармашылықпен еңбектенетін қоғамдағы нарықтық бәсекелестікке қабілетті, өзін-өзі толық іске кірістіре алатын, функционалдық сауатты болашақ маманын дайындайды. 2003-2004 оқу жылынан бастап мектебімде 12 жылдық эксперимент сыныптары оқытылып жатыр. Дамыған елдерде (Финляндия, Жапония, Сингапур және т.б.) е-learning-ті инновациялық іс-әрекеттің машықтарын дамытуға көмектесетін негізгі әдіс ретінде мемлекеттік деңгейде қарастырады. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап мектебіме осы әлем елдеріндегі білім жүйелерінің жағымдысы, біздің талаптарға сәйкес келетіндерінің бірі, оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, білім алушыларды білім берудің жаңа мәнеріне бағдарлау үшін және бүкіл ғұмыр бойы одан әрі оқыту үшін олардың біліктері мен машықтарын дамытатын электрондық оқу жүйесі e-learning технологиясы еңгізілді. Менің мектебімде электронды оқыту бірінші кезекте, мұғалімдерді оқытуға және цифрлық білімдік ресурстарды дайындауды бағыттауға көмектеседі. 2011 жылдан «Балапан» бағдарламасы негізінде мектебімде 3-5 жас аралғындағы балаларға бір топтық шағын орталық ашылып, өз жұмысын жалғастыруда.

Менің мектебімде өзгеріс туралы толыққанды хабардар (ІІІ деңгей әріптесімнің бесеуі 2012 жылы сәуір айынан бастап бірлескен оқуды, топтық жұмыс түрлерін қолдануда. Кейін меңгерген 2 әріптесім 2014 жылдың қыркүйек айынан қолданысқа енгізді. Сонымен қатар, аталған әріптестер «Өз тәжірибесіне өзгелерді тарту!» ұранымен бірлескен жұмысты мектеп көлемінде қолданысқа енгізуді ұйымдастырды. Оның үстіне 7 әріптесімнің әрқайсысы кем дегенде 3-4-сыныпқа сабақ береді. Сонда менің мектебімдегі жалпы 21 сынып комплектінің 13 сыныбында тұрақты топтық жұмыс жүруде. Бұған менің тәжірибеден өту кезеңінде жүргізген өзгерістерімізді қосатын болсақ, тамшыдай болса да, өзгеріс лебі, өзгеріс қарқыны мектебіме жетті деп ойлаймын. Менің мектебіме өзгеріс енгізуде айтарлықтай қиындық туындамайды деп ойлаймын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?згеріс не ?шін керек?

Автор: C?йербаева Жазира Еділ?ызы

Дата: 16.08.2015

Номер свидетельства: 225546

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Коучингтер жоспары. "О?ытуда?ы ?згерістер""
    ["seo_title"] => string(48) "kouchinghtier-zhospary-ok-ytudag-y-ozghieristier"
    ["file_id"] => string(6) "301455"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456923368"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "О?ЫТУ МЕН О?УДА ?ЗГЕРІС ТУРАЛЫ М??АЛІМНІ? ЕСЕБІ "
    ["seo_title"] => string(55) "ok-ytu-mien-ok-uda-ozgieris-turaly-mu-g-alimnin-iesiebi"
    ["file_id"] => string(6) "208689"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430885426"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Білім беруді бас?ару ж?не к?шбасшылы? "
    ["seo_title"] => string(43) "bilim-bierudi-bask-aru-zh-nie-koshbasshylyk"
    ["file_id"] => string(6) "174701"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424170745"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Қазақстандағы білім жүйесіне өзгерістің қажеттілігі туралы ойлар"
    ["seo_title"] => string(76) "k_azak_standag_y_bilim_zhuiiesinie_ozghieristin_k_azhiettilighi_turaly_oilar"
    ["file_id"] => string(6) "372838"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482514336"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Баяндама "Мектепке ?згеріс не ?шін керек?" "
    ["seo_title"] => string(49) "baiandama-miektiepkie-ozghieris-nie-ushin-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "166069"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422897726"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства