kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучингтер жоспары. "О?ытуда?ы ?згерістер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?згеріс не ?шін керек?
Бойымыз?а енген ?деттеріміз бен да?дыларымызды ?згертуге ?ор?атын халы?пыз ?ой. «Бой?а сі?ген ?дет с?йекпен кетеді» деген халы? на?ылы бар. Со?ан ?ара?анда таби?атымыздан ?згеріске к?п ??лшынбайтын халы? бол?анбыз ба деген ой?а кетем. Ал ?азіргі аумалы, ?згермелі заман ?з ?станымымыз бен к?з?арасымызды ?згерте алатынымызды, ?згерту ?ажеттілігін к?рсетіп, к?зімізді жеткізді. ?йткені, ?азіргі кезде бір орында тапжылмай отырып, заманнан ?алмай ілесемін деп айта алмаймыз. Себебі, к?н сайын, тіпті са?ат сайын техника дамуда, с?т сайын ?ажайып техника т?рі ойланып табылуда, ?азір адамны? ?ажеттілігін барлы?ын техника ат?арып, тауып беретін заман. Соларды ескере, екшей келе мынадай ой?а, т?жырым?а келесі?: осы техника заманында м??алімдер алдында?ы о?ушыларды біліммен бірге адамгершілік ??ндылы?тарды ?атар ?станып т?рбиелей білу ?шін, білім мен т?рбиені бірге беру ?шін ?зіміз ?згеріске т?суіміз ?ажет, ?лемдік білім ж?йесіндегі, ?аза?станда?ы білім беру ж?йесіндегі ?згерістерден шет ?алмауымыз керек. Ал егер ?аза?станны? білім ж?йесі дамып, ?арыштап алды?а жылжыса, ол ж?йені? ішінде ?з мектебім де ал?а басады, т?жірибе к?рсеткендей бізді? барлы? іс-?рекетіміз осы?ан ба?ытталуы тиіс. Сонды?тан да біз ?лемде болып жат?ан білім реформасы мен ?згерістерінен артта ?алмай, одан ж?йелі т?рде хабардар бола отырып, ?зімізге керегін ала отырып болаша??а ая? басуымыз керек деп ойлаймын. Бізді? ма?сатымыз алдымызда?ы о?ушыларымыз ал?ан білімін орынды, тиімді пайдалана білетін, ?лемдік білім ж?йесінен тыс ?алмайтын, ?згеріске тез бейімделе алатын, д?рыс шешім ?абылдай алатын, ?з жолын, ж?рек ?алауын д?рыс та?дай білетін т?л?а болып шы?уын к?здейді, соны о?ытады.
Жа?андануда ?рбір дамы?ан ел ая?ынан ны? басып т?руы ?шін, болаша?ын ай?ындау ?шін, алды?а жылжу ?шін ?рине білімі тере?, жан-жа?ты, АКТ т?р?ысынан жетік азаматтар ?ажет. 
І де?гей ба?дарламасыны? ма?саты ?ар?ынды ?згеріп жат?ан ?лем жа?дайында ?аза?станды? м??алімдерді? ?здіксіз к?сіби дамуына ы?пал ету болып табылады. Бізді? негізгі т?йінді функциямыз о?ыту мен о?у т?жірибемізге ?згерістер енгізу ар?ылы ?з мектептерімізді? даму ба?дарламасын жасау екен. ?азіргі ба?дарламаны? басым б?лігі сындарлы о?ыту теориясына негізделіп жасал?ан. Б?л теория ар?ылы о?ушыны? ал?ан білімін орынды, тиімді пайдалана білуге ?йретеміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коучингтер жоспары. "О?ытуда?ы ?згерістер"»






Коучингтер жоспары

Оқыту мен оқудағы өзгеріс не үшін қажет?


Өзара тәжірибе алмасу, үйрену мақсатында ой бөлісу.


Мурзабекова Г.З.




Акмола облысы

Жарқайың ауданы

Тасты-Талды орта мектебі





Мурзабекова Гулмира Загыперовна


І (ілгері) деңгей мұғалімі



Тақырыбы:
«Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?»







Өзгеріс не үшін керек?

Бойымызға енген әдеттеріміз бен дағдыларымызды өзгертуге қорқатын халықпыз ғой. «Бойға сіңген әдет сүйекпен кетеді» деген халық нақылы бар. Соған қарағанда табиғатымыздан өзгеріске көп құлшынбайтын халық болғанбыз ба деген ойға кетем. Ал қазіргі аумалы, өзгермелі заман өз ұстанымымыз бен көзқарасымызды өзгерте алатынымызды, өзгерту қажеттілігін көрсетіп, көзімізді жеткізді. Өйткені, қазіргі кезде бір орында тапжылмай отырып, заманнан қалмай ілесемін деп айта алмаймыз. Себебі, күн сайын, тіпті сағат сайын техника дамуда, сәт сайын ғажайып техника түрі ойланып табылуда, қазір адамның қажеттілігін барлығын техника атқарып, тауып беретін заман. Соларды ескере, екшей келе мынадай ойға, тұжырымға келесің: осы техника заманында мұғалімдер алдындағы оқушыларды біліммен бірге адамгершілік құндылықтарды қатар ұстанып тәрбиелей білу үшін, білім мен тәрбиені бірге беру үшін өзіміз өзгеріске түсуіміз қажет, әлемдік білім жүйесіндегі, Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерден шет қалмауымыз керек. Ал егер Қазақстанның білім жүйесі дамып, қарыштап алдыға жылжыса, ол жүйенің ішінде өз мектебім де алға басады, тәжірибе көрсеткендей біздің барлық іс-әрекетіміз осыған бағытталуы тиіс. Сондықтан да біз әлемде болып жатқан білім реформасы мен өзгерістерінен артта қалмай, одан жүйелі түрде хабардар бола отырып, өзімізге керегін ала отырып болашаққа аяқ басуымыз керек деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз алдымыздағы оқушыларымыз алған білімін орынды, тиімді пайдалана білетін, әлемдік білім жүйесінен тыс қалмайтын, өзгеріске тез бейімделе алатын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өз жолын, жүрек қалауын дұрыс таңдай білетін тұлға болып шығуын көздейді, соны оқытады.

Жаһандануда әрбір дамыған ел аяғынан нық басып тұруы үшін, болашағын айқындау үшін, алдыға жылжу үшін әрине білімі терең, жан-жақты, АКТ тұрғысынан жетік азаматтар қажет.

І деңгей бағдарламасының мақсаты қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында Қазақстандық мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету болып табылады. Біздің негізгі түйінді функциямыз оқыту мен оқу тәжірибемізге өзгерістер енгізу арқылы өз мектептеріміздің даму бағдарламасын жасау екен. Қазіргі бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясына негізделіп жасалған. Бұл теория арқылы оқушының алған білімін орынды, тиімді пайдалана білуге үйретеміз. Жалпы жеке түйсінуімше ХХІ ғасыр оқушыларын дайындау, оларға қалай оқу керектігін үйрету, олардан талап етілетін дағдыларды жаңа ұғым деп айтуға болмайды. Оның бәрі бұрыннан бар дағды, іс-әрекеттер.[1] Тек енді оларды осының бәрін орынды, тиімді пайдалана білуге үйретуге, әртүрлі стратегиялар қолданып, сыни ойлауға үйрету арқылы оқушының пәнді терең түсінуін, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуге үйретуге тырысуымыз керек. Ол үшін біз өзгеріс енгізуіміз керек. Ол өзгерісті әрине әркім өзінен бастауы қажет. Бағдарламаның 7 модулін оқыту барысында бір-бірімен ұштастырып қолдана білуіміз, кез келген нәрсеге сыни тұрғыдан қарау, сыни ойлауға үйрене білуіміз керек. Сапалы білім, табысты оқытуға қол жеткізу үшін мектепке, өз іс-әрекетімізге өзгеріс енгізуіміз қажет.

Алдағы кәсіби қызметті ойлау, яғни мектепке болашақта әсер етер өзгерісті енгізерде өзгеріс енгізудің үш түйінді тетігін атап өткен жөн. Бұл тетіктер мектеп аясында түрлі деңгейлерде түрліше көрініс табады, алайда олар өзара тығыз байланысты: Мектеп көшбасшылығы; мұғалімдердің коучинг үдерісін енгізу үшін Екінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдердің тәлімгерлік етуі; орта мерзімді жоспарлау арқылы оқыту тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу.

Мектебімізге осы үш деңгейдің бағдарламасында оқып, үйренген жаңа тәсілдерді енгізе алсақ мектебіміздің оқу тәжірибесі жақсарары, мұғалімдердің кәсіби дамуы артары сөзсіз. Сондай- ақ қазіргі заман талабы мектеп көшбасшылығына, мұғалімнің көшбасшылығының артықшылығы мен тиімділігіне баса назар аударады. Мектеп өз тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында басқа ұйымдармен кәсіби желілік қоғамдастықта болуы білім мен инновациялар алмасу үдерісінде маңызды орын алатыны көптеп айтылып отыр. Білім алушылардың қоғамдастықтары біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады. Бағдарламада меңгерген оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, көшбасшылықты дамыту, басқару мен көшбасшылықты дамыту арқылы өзгеріске қол жеткізуді өз іс-тәжірибемізге енгізу арқылы әріптестеріммен бірлесе жұмыс жасай отырып, күтілетін нәтижеге қол жеткіземіз деген сенім орната білдім. Синека «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» деген екен. Осы сөз біздің қазіргі ұстанымымыз болуы тиіс.

Сондықтан да өз мектебімізде қолымыздан келгенше жұмыс атқарып жатырмыз. Мен өзімнің өткізген коучингтердің ішінен екі коучингтің жоспарын ұсынып отырмын.













Мұғалімдерді бағдарламамен таныстыру мақсатында өткізілген семинар-таныстырылымның жоспары

















Аты-жөні: Мурзабекова Гулмира Загыперовна

Еңбек өтілі: 13 жыл

Жұмыс орны : Тасты-Талды орта мектебі

Лауазымы: мұғалім

Санаты: І

Таныстырылым жоспары

Тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?»

Жалпы мақсаты:

  • «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ ПШО ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы туралы жалпы түсінік беру

  • 7 модульмен таныстыру

  • Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін айту;

  • Тиімді стратегиялар тізбесімен таныстыру

Күтілетін нәтижелер:

  • Мұғалімдер деңгейлік бағдарлама туралы түсінік алады;

  • 7 модуль туралы түсінік алады

  • Өздерінің сабағына пайдалануға тиімді стратегиялармен танысып, сабақта қолдана алады



Ресурстар: Таныстырылым , маркерлер, стикерлер, постерлер.

Қолданылған әдістер мен тәсілдер: жағымды орта туғызу, топқа бөлу, таныстырылымдар көрсету.



Таныстырылым мазмұны:

Жұмыс кезеңдері

Кезеңдердің мазмұны

Қатысушылардың қызметі

Уақыты

Ресурстар

Кіріспе бөлімі

Мақсат

Міндеттер

Әдістер


Топқа бөлу

Топ ережесін құру

Жалпы деңгейлік бағ-н, оның әр деңгейінің мазмұны мен міндетін қысқаша айтып өту


Топқа бөлінеді

Топ ережесін құрады

Сұраққа – жауап


3 минут

5 минут


15 минут

1_L1W3D1_«Коучинг дегеніміз не» таныстырылымы

«Көбелек» бейнежазбасы,

«Он без ноги, она без руки, но это такой красивый танец» бейнежазба. ,

«Әлемнің 7 кереметі» бейнежазбасы


итертақта,

фотоаппарат, ерекшелегіштер, ақ қағаздар, маркерлер, стикерле р

Негізгі кезең

Мақсат

Міндеттер


Коучинг дегеніміз не түсінік беріледі оқытудағы сыни тұрғыдан ойлауды түсіндіру

Мұғалімдерге әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер оқыту мен оқудағы әдістерді өзгертуге себепші екенін түсіндіріп, әлемдегі өзгеріс пен бірге біз де, мектебіміз де өзгеруі қажеттігін түсіндіру, жеткізу.

Мұғалімнің қызығушылығы артады. Мұғалімдер деңгейлік бағдарламаның мақсатымен, сындарлы оқыту теориясымен, бағдарламаның түйінді идеяларымен танысады.




30 минут

Қорытынды кезең



Бір-бірін толықтырды Сұрақ қойып үйренеді

Рефлексия жазады

Екі жұлдыз, ұсыныс







Рефлексия

«Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?» деген тақырыпта өткен бұл кішігірім семинар-сабаққа мектеп әкімшілігі және қазақ сыныптарының мұғалімдерінің барлығы дерлік қатысты, соның ішінде менің тәлім алушыларым да бар. Бұнда мен әріптестеріммен деңгейлік бағдарлама туралы, соның ішінде бірінші (ілгері) деңгейлік бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін, көшбасшы деген не, мектеп көшбасшылығы, мұғалім көшбасшылығы, қоғамдастық және 7 модуль туралы қысқаша ақпараттар беріп өттім. Бейнефильм көрсеттім. Сабағымды әрі сергіту, әрі топқа бөлуге қолдануға болатын әдістен бастадым.













Бұл күні әр түрлі стратегиялар қолдану арқылы топқа бөлінуден бастап топ ережесін құру, топта бірлесе жұмыс істеу, сыни ойлану, ойын ашық айту, бір-бірін тыңдау, уақыт үнемдеу сияқты жұмыс істедік.



Мынадай стратегиялар пайдаландым: «Ой шақыру», «Инь-Янь», «Ойлан-жұптас-бөліс». Топтық жұмыс ұйымдастырдым.











Сәтті жағы: Сабақ өте қызықты болды, жалпы бағдарлама туралы түсінік алғандықтарын, көшбасшылықтың не екенінен хабардар болғандықтарын айтып ризашылықтарын білдірді әріптестерім. Коучинг соңында кері байланыс алдым.

Кері байланыста мұғалімдердің стратегиялар қолдануға қызығушылықтары оянғанын, кейбіреуі әлден оны сабақтарына қолдануға алғанын, тағы да қандай тәсілдер бар, соларды көрсете отырып сабақ өткізуімді сұраған.

Топтық жұмысқа, бірлескен оқу түріне қызығушылық танытқан, кері байланыс алу дұрыс екенін айтқан. Не байқадым: Осы жолы әр топты сырттай бақылай отырып мынадай ойға келдім. Біздің арамызда үшінші деңгейлік бағдарламасын оқып келген бірнеше мұғалім бар, солардың топтық жұмысқа жұмылуы, қабылдауы, ойлауы, талдауы, дәлелдеуі, ұйымшылдық, бірін-бірі, өзгені тыңдауы басқа әріптестеріне қарағанда анағұрлым кең, терең екендігін бақылап, бұл әріптестерімнің ұстанымы, көзқарастары әлдеқайда өзгергенін ұқтым. Осы өзгерісті басқа да әріптестерімнің бойынан көргім келетінін байқадым. Өйткені, айтары жоқ әріптестерімнің бойында сыни ойлау, мәселеге сыни тұрғыдан келу, креативті ойлау, ерекше көзқарастары, идеяшылдықтары терең, өз пікірлерін дәлелдеп бере алатындықтары керемет.



























Коучинг жоспары















Аты-жөні: Мурзабекова Гулмира Загыперовна

Еңбек өтілі: 13 жыл

Жұмыс орны : Тасты-Талды орта мектебі

Лауазымы: мұғалім

Санаты: І

Тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулімен таныстыру

Жалпы мақсаты:

  • Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін,

  • онымен ықпалдасатын модульдермен таныстыру,

  • Сабақта қолдануға болатын жаңа стратегиялармен таныстыру

Күтілетін нәтижелер:

  • . Мұғалімнің қызығушылығы артады

  • Сыни ойлайды

  • Идеялар туындады

  • Бір-бірін толықтырды

  • Өзіндік сана-сезім

  • Жан-жақтылық

  • Сұрақ қойып үйренеді

Ресурстар:, «Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлау» таныстырылымы, «.Муравьи_PocketPC» бейнежазбасы, маркерлер, стикерлер, постерлер, ғаламтор ресурстары.

Қолданылған әдістер мен тәсілдер: жағымды орта туғызу, топқа бөлу, таныстырылымдар көрсету.

Коучинг мазмұны:

Жұмыс кезеңдері

Кезеңдердің мазмұны

Қатысушылардың қызметі

Уақыты

Ресурстар

Кіріспе бөлімі

Мақсат

Міндеттер

Әдістер


Сергіту сәті

Топқа бөлу


формативті әдіс-тәсілдер



Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулімен танысады

5 минут


15 минут

L2W2D3_ «Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлау» таыстырылымы,

SMARTмақсат таныстырылымы

«.Муравьи_PocketPC» бейнежазбасы,

интер«Топтық жұмыс» таныстырылымы , тақта,фотоаппарат, ерекшелегіштер, ақ қағаздар, маркерлер, стикерле р

Негізгі кезең

Мақсат

Міндеттер


Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулімен мұғалімдерді тереңірек таныстыру, сыни ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын,баланың не үйренгені жайында сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.

Суретпен жұмыс

(жұппен жұмыс)

Сұраққа – жауап



Смарт мақсат құрып үйренеді

Кәсіби жетіледі

Түсінеді

Жан-жақты қарастырады

15 минут


15 минут


20 минут

Қорытынды кезең


Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қарастырып, сабақта пайдаланылатын жаңа тиімді стратегияларды қарастыру, кері байланыс алу

Бір-бірін толықтырды Сұрақ қойып үйренеді

Рефлексия жазады

Екі жұлдыз, ұсыныс


15 минут




5 минут











Рефлексия

Бұл коучингті мен сергіту сәтінен бастадым. Тиімді стратегия «Үш қол» стратегиясы бойынша амандасу түрлері, көңілді музыка қосып қойып өткізіп едім, әріптестерімнің көңіл-күйлері көтеріліп жақсы бір ортада бастадық. Кәмпит түрлері арқылы үш топқа бөлдім. Сосын ең алдымен коучингтың не екенін түсіндіру үшін «коучинг дегеніміз не таныстырылымын» көрсеттім. Бұл күні әріптестерімді сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулімен, онымен ықпалдастырылатын модульдерді атап, қарастырып өттім. Көптеген стратегиялар тізбесімен таныстырдым, мұғалімдер өздеріне салып алды және кейбіреуін сабақта қолдандым. Топтық жұмыстың артықшылығын, топтық талқылауда қолданылатын әдіс-тәсілдер қарастырдым. «Топтық жұмыс» таныстырылымын көрсеттім. «Суреттерді сөйлету» стратегиясын қолдандым.

Бұл стратегияға мектеп директоры, психолог бар бәрі қызыға кірісіп, әрқайсысы өз суретін сөйлетуге тырысты.

Сәттілігі: Сыни тұрғыдан ойлай білуге берілген бұл тапсырма арқылы мен өз әріптестерімнің бойында небір ойлар, асыл сөздер тұнып жатқанын байқадым, ал жас мамандардың сыни, креативті ойлай білулері тамаша екеніне көзім жетті.

«Мен кіммін?» стратегиясында 5 ашық сұрақ, 5 жабық сұрақ қойғызып үйрету арқылы ашық және жабық сұрақ қою дегеннің не екенін түсінді.

«Сұраққа жауап» стратегиясын пайдалану арқылы әрі сергіту сәтін істеп сергітіп алдым. Осы жолы пайдаланылған стратегиялардың барлығы мұғалімдерге ұнап, сабақтарына қолданатындықтарын айтты. Мұғалімдер топтық жұмыс барысында топ ережесін ұстануға тырысты. Оларға топтық жұмысты ұйымдастыру алдында топ ережесін құрып алу маңызды екенін, уақыт үнемдеуге және рөлдерге бөлу арқылы әрбір оқушыға тиімді жұмыс істетуге болатынын айтып, түсіндірдім.

Коучинг соңында кері байланыс алдым. Бұл жолы мұғалімдер кері байланысқа үйренісіп қалыпты, өз ойларын толығырақ жеткізді. Олар кері байланыста зерттеу тақырыбын дұрыс дәл алған екенсіз, біздің оқушыларымызда тіл байлығы, ойлау, ойлану, өз ойын жеткізе алу, ашық пікірлесу, топтық қарым-қатынас пен жұптық қарым-қатынасқа түсіру қиынға соғатынын жазыпты. Енді бірі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы, сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың бір түрі диалог арқылы жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетуге, тілдік, сөздік қорларын көбейтуге болатынын жазып, қолдайтындықтарын білдіріпті. Алдағы ісіме сәттілік тілепті. Егер мектебімде екінші деңгей мұғалімі болса коучинг өткізерде маған тіпті жақсы көмек болар еді. Бірақ амал жоқ өзім өткізуге тура келді. Сондықтан кей жерде қателіктер жіберіп алдым: Кейбір стратегияда уақытты дәлдеп өлшеп бере алмадым. Сондықтан коучинг 90 минут емес одан гөрі созылып кетті. Бірақ мұғалімдер уақыттың қалай тез өтіп кеткенін білмей де қалдық деп таңданыс білдірді. Олардың жүзінен шаршағандық емес, қайта жаңаны білуге, үйренуге деген құлшыныс байқалып тұрды.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Коучингтер жоспары. "О?ытуда?ы ?згерістер"

Автор: Мурзабекова Гулмира Загыперовна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301455


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства