kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстандағы білім жүйесіне өзгерістің қажеттілігі туралы ойлар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Д.М. Рахимжанова

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ

Казақстан, Өскемен қаласы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ ОЙЛАР

 Өзгеріс не үшін керек? деген сұраққа жауап беру үшін алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауына тоқталсам. Сол құжатта Елбасы «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Балаларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген екен.

 Сонымен Қазақстанның білім беру жүйесін осы үш елдің оқу жүйесімен салыстырсақ, әр елдің өзіндік ерекшеліктерін байқадым.  Білім беруде бірінші орында тұрған  Сингапур мемлекетінің білім беру жүйесіне тоқталсақ: Мектептік білім-беру жүйесі үш сатыдан тұрады: "Алғашқы білім-беру" - 6 жыл, "Орта білім-беру" - 4 жыл, "Екпінді білім-беру" - 2 жыл. Мектеп оқушылары "алғашқы білім-беру" сатысынан соң біріңғай ұлттық тестілеуден өтеді - өтеді, бұл тест оқушылардың бұдан кейін қай орта-білім алу мектебіне баратынын шешеді. Орта білім-беру кезеңін тамамдағаннан кейін - арнайы "орта білім-беру тестін" тапсырады, жоғарғы оқу-орнына тапсырмастан бұрын тағы бір тестілеу бұл - "озат тестілеу бағдарламасы" экзамендерінен өтеді. Осы реформаны біздің елдің білім жүйесіне енгізсек жаман болмас еді.

Ал, Финляндияның бүгінгі білім саласының жағдайы кісі қызығарлықтай. Тіпті, өзіндік дамудың өте қысқа тарихына ие болып отырған бұл мемлекет соңғы 70 жыл ішінде білім беруді қолдау арқылы кереметтей жетістіктерді бағындырған. Финляндия жан басына шаққандағы Ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші бойынша (32 мың еуро) жоғары қарқынмен дамыған елдердің қатарында. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы есебіне сәйкес, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингісі бойынша алтыншы орында тұр. Бұндай финдік жетістіктің бастауында білім саласындағы реформалардың тұруы да бекер емес.  Білім беру сапасының жоғарылығы, білім жүйесінің жоғары тиімділігінің қалыптасуы жағынан осы бір шағын мемлекет әлемдегі экономикалық және саяси даму жағынан алдыңғы орыннан түспей келетіні де рас. Мәселен, білім беру жүйесінің сапасына қатысты әлем елдерінде бірқатар тәуелсіз зерттеулер жүргізген орталықтар шындығында да Финляндияның білім-ғылым саласын жоғары бағалаған. Атап айтқанда, PISA-ның 2009 жылғы зерттеулеріне сәйкес, Финляндия мен Қытай бұл салада әлем елдерінің ішінде көшбасшы мемлекеттер ретінде танылып отыр. Жалпы, финдік білім беру жүйесінің басқалардан негізгі ерекшеліктері ретінде бірқатар мәселелерді аңғаруға болады. Біріншіден, білім беру жүйесі сегменттерінің бір-бірімен аса мығым байланыста болуы. Мәселен, финдіктердің балабақшасы мектептермен тығыз ықпалдасып тұрса, мектептің жоғары оқу орындарымен терең  қатынасы ыңғайлы жолға қойылған. Сәйкесінше, жоғары оқу орындары да мектептермен өзара ықпалдасып, ондағы білім сапасының артуына жағдай жасауға құлшынып тұрады. Осыдан-ақ үздіксіз білім тізбектеліп,  бірімен бірі жалғасып, оқушы бір сатыдан екінші бір сатыға ауысқанда ондағы үдерісті айтарлықтай сезбей өтеді. Бұл баланың оқу үлгеріміне ғана емес, басқа деңгейге көшудегі ерекшеліктеріне де еш әсер етпей, бұрынғы қалыпты дамуды қамтиды. Екіншіден, жоғары оқу орындарының «әлеуметтік жауапкершілігі» - бұл Финляндия білім саясатының ұлттық басымдықтарының бірі болып табылады. Білім институттары бұл ретте түрлі әлеуметтік топтарды құрайтын жергілікті қоғамдастықпен тығыз байланыста болады[3]. Сонымен бірге, мұғалім, ұстаз мәртебесінің жоғары болуы, бұндай мамандық иесіне деген құрметтің ерекшелігі де өзгеше. Соның айғағы болар, Фин еліндегі мектепті бітіруші түлектер арасында ұстаздыққа деген құлшыныс жоғары болатын көрінеді. Бұндағы қызығушылықты тудыратын нәрсе - елдегі мұғалімдер жалақысының жоғары болуы ғана емес көрінеді (фин мұғалімдерінің жылдық табысы 17 мың еуро). Финляндия Білім министрлігі педагогикалық кадрлар құрамын жасарту саясатын үнемі жүргізеді, нәтижесінде мектепке талантты әрі жас мамандар көп тартылады. Білім берудің осындай икемді жүйесі  арқылы Финляндия Еуропада халқының сауаты жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Мәселен, Еуропа елдерінде 15 жастан асқан азаматтар арасындағы жоғары білімді тұлғалар саны 16 пайызды құраса, Финляндияда бұл көрсеткіш 24 пайызға дейін жетеді. Сондықтан да, Қазақстанның әлемдегі озық үлгі орнатқан елдердің жолымен жүргені құптарлық шара. Бұл жайында былтырғы Фин еліне сапары барысында Елбасы: «Финляндиямен қарым-қатынас Қазақстан үшін аса қажетті. Себебі, бұл ел әлемде өзіндік орны бар, білім-ғылым саласында, инновация бағытында алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі. Егерде біз бәсекеге сай ел болғымыз келсе, Финляндияның жүрген жолымен өтіп, тәлім-тәрбие алғанымыз өте пайдалы болады», - деп атап өткен еді.

Келесі Жапон елінің білім жүйесімен таныссақ, бұл елде қиыншылықтарды балалар өздері шешеді екен. Көбінесе қиындықтар оқуда туындайды. Мысалы емтиханды жақсы тапсырса, мемлекеттік жоғары оқу орныны түсіп, бітірген соң,  мемлекеттік қызметке жұмысқа тұра алады. Ал егер оқу деңгейі төмен болса, ақылы оқып, еш жерге жұмысқа алмайды.

        Сонымен олардың бәсекелестікке қабілеттілігі, қоғамда өз орнын таба білуі бала кезінен айқындала бастайды. Білімді, бәсекеге қабілетті болсаң, жақсы жұмыста таба аласың. Жапонияда білім  мен тәрбие  қатар жүреді. Оның саясаты – ерекше ойлайтын, шығармашыл, жан дүниесі бай тұлға тәрбиелеу. Мақсаты – өскелең ұрпаққа дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету. Ата – аналар үшін өмірдің мәні балаларының тәрбиелі болуына байланысты екен[4]. Жапон елінде мектепке дейінгі білімге көп көңіл бөлінеді, кіші жастағы балаларда қарым – қатынас дағдысы қалыптасады, ұжымдыққа баулитын құндылықтар өте маңызды. Сабақ кіші және орта буындарда топтық тәртіппен оқытылып, бір топта 7-8 баладан болады. Мұғалім мен балалар тапсырмаларды бағалау кезінде тәртібі мен мәселелер туралы сұрақтар туындаса, ол жеке топқа емес бүкіл топқа қатысты болады, ол жүйе алшақтатудың, кикілжіңді болдырмай, балалардың денсаулығын сақтауңа ықпал етеді. Мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді: кез келген оқушы үстел теннисі, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін меңгереді.   Мектепте білім алу мерзімі 12 жыл, ана тілінің қиындығына байланысты оның жартысы бастауыш.Министрлікпен бекітілген бастауыш сыныпта минимум 1850 иероглиф меңгерілуі тиіс. Кітап оқу үшін 3 мыңнан артық білулері керек. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектептен кейін міндетті емес «шеберлік» мектебіне дайындыққа қатыса алады. Кіші және орта буында барлық бағдарламалар арқылы күнделікті өмірде өзін бақылай білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, әдемілікті сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды. Жоғары сыныптарында жоғары оқу орнына түсуге дайындайды. Қоғамда адам еңбекпен тәрбиеленген, тек іскер қабілетімен бағаланады. Жапон халқының тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін негізгісі қызмет емес,ана болу деп қарайды да, ер балаларға ерекше талаптар қояды. Ал енді Жапон елінде оқу – тәрбие үрдісі оқушылардың рухы мықты болуға бағытталған және әр бала міндетті түрде спорттың бір түрін игеруге, салауатты өмір салтын ұстануы бала жасынан басталады. Білім алуында иероглифтар өте көп, білімді игеру қиын, сондықтан көбінесе жаттанды білімге көп көңіл бөлінеді. Жапон елі де біздің елдегідей қыз балаға болашақ ана ретінде қарап, тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.Тағы да бір ұқсастығы ата – бабаларымыздың ежелден бүгінге жеткізіп берген төрт түлікке байланысты дәстүрлі ұстанымы мен сенімі, көзқарасы  мен түсінігі тәрізді ұғым жапон халқында да кездеседі екен.

Оқушылардың білім мен білігін бағалаудың PISA халықаралық бағдарламасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүзеге асырады. Зерттеулерінің түйінді мәселесі – «Жалпы міндетті білім алған 15 жастағы оқушы қоғамда толыққанды қызмет ету үшін қажетті білім мен білікке ие ме?» Зерттеу мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға емес, оқушылардың мектепте алған білімі мен білігін өмірлік жағдаяттарда қолдана алу қабілетін бағалауға бағытталған. Білім берудегі жетістіктерді бағалаудағы қазіргі заманғы үрдіс осыдан көрінеді. Математикалық және ғылыми-жаратылыстанулық білім беру сапасын бағала бойынша халықаралық зерттеулердін оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық жүргізеді. Зерттеудің басты мақсаты – бастауыш және негізгі мектептегі математикалық әрі ғылыми-жаратылыстану білім беру сапасын салыстырмалытүрде бағала. Оның мақсаты – оқу сапасы мен деңгейін салыстыру. Зерттеуде, негізінен, оқушылар оқу сабақтарында және мектептен тыс уақытта жиі пайдаланылатын оқудың екі түрі бағаланады:

  • Оқырман әдеби тәжірибесін жинау мақсатында оқуы;
  • Ақпараттарды білу және пайдалану мақсатында оқу

Осындай зерттеулердің нәтижесінде сынақтың барлық үш түрінде 9 ел ғана «орташадан жоғары» нәтижесін көрсетті. Олар Финляндия, Гонконг, Оңтүстік Корея, Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия, Нидерланд, Лихтенштейн, Жапония көрсетті. Көш басындағы 9 елдің ішінен алтауы Оңтүстік Шығыс Азиядан екені көрініп тұр. Олардың ішінде азиялық жолбарыстар: Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония,Тайвань бар.

     Үндістанның білім жүйесінде де жағымды нәтижелері бар. Соған тоқтала кетсек, Үндістандық білім беру жүйесі сарапшылардың жоғарғы бағасына ие болады. Дайындаудың деңгейі мен сапасы халықаралық стандарттарға сай. Global Competitiveness Report бәсекелестіктің әлемдік рейтингісі мәліметтеріне сүйенсек, 2007-2008 жылдары Үндістан математиканы  оқыту бойынша әлем бойынша 11-ші орынға ие болыпты (Жапония – 29, Германия – 36, АҚШ пен Ұлыбритания – 45 және 46 орында). Жалпы Үндістанда 250 университет бар, оның 20-30 ең үздігі. 2004 жылы Үндістанда жоғарғы оқу орындарын бітіргендер саны 53 миллионға жетті (халықтың 4,5%).

       Қазақстанмен көршілес елдердің бірі Ресейдің білім жүйесін қарастырсақ. Ресейдегі әлеуметтік-саяси өзгерістер және жарық экономикасына көшу білім жүйесін реформалау қажеттілігіне әкеп соқтырды. Білімнің бұрынғы орталықтандырылған жүйеге оқушымен оқытушы қызығушылығын ескеретін, білім беру бірлестіктер және жұмыс берушілер жүйесі енді. Мемлекеттік емес білім бөлімдері тез қарқынмен дами бастады. Оның ішінде жеке адамдармен мемлекеттік емес ұйымдармен білім мекемелері құрылды.

        Білім жүйесін реформалауды қамтамасыз ету мақсатында білімді дамытудың федеральды бағдарламасын қабылдады. Ол бағдарлама барлық құрушыларға дамуға инновациялық қатынас бағытталған. Соңғы жылдары елде кешенді білім аймағында Ресей Федерациясында тыңғылықты өзгерістер болды.

Негізгі өзгерістер мыналарға бағытталған:

1. Оқу бағдарламаларда мазмұнында да тыңғылықты өзгерістер.

2. Білімнің демократизациясы: академиялық еркіндік және ұйымдасқан өзбеттіліктің кеңеюі, қоғамдық және делдал ұйымдық санының өсуі.

      Білім сапасы: сапасын бақылау және бағаның механизмін бекіту.

      Білім мазмұны: көптеген пәндердің, әсіресе қоғамтану, тарих экономика, құқықтану және басқа пәндердің берілуінің мазмұнын терең қарап шығу. Осындай өзгерістер Қазақстанның білім жүйесіне де қажет деп есептеймін. Себебі, қай елдің білім жүйесін қарастырсақ та, негізгі мақсат баланы тәрбиелеу мен оған сапалы білім беру. Ойымды қорытындылай келе, әлем елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін білім беру желілерін дамыту қажет екендігіне көз жеткіздім. Білім беру жүйесінде бірлесіп жұмыс істеу арқылы мектептердің мұғалімдердің деңгейін көтеріп, оқушылардың білім деңгейін  көтеруге, олардың  алған білімдерін келешекте орынды қолдана алатын тұлға тәрбиелеуге жағдай жасаймыз деп ойлаймын   Білім беру жүйесін жаңғырту заманауи мектептердегі ұстаз туралы түбегейлі жаңа түсініктің пайда болуына негізделген.  Мен өз мектебіме Сингапур елінің қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды тәрбиелеуге арналған іс – тәжірибесін  немесе Жапон еліндегі балалардың қиыншылықтарды өздері шешіп, бәселестікке ерте жастан дайын болуын  енгізер едім. Бүгінгі таңда мен жұмыс істейтін мектепте де көптеген өзгерістерді байқауға болады. Оның бірі Кембридж технологиясы бойынша деңгейлік курсты бітіріп, сол бойынша жұмыс жасап жатқан 7 мұғалім бар. Әрқайсысы өздерінің көріп – білгендерін әріптестерімен бөлісуде және де жаңаша жұмыс жасауда. Осындай өзгерістерді енгізген жағдайда ғана білім беру жүйеміздің келешек ұрпаққа деген көзқарасы өзекті, бәсекеге қабілетті, құзіретті, демократиялық қатынаста болады деп ойлаймын.          

                                         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.      Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей. www.cpm.kz

2.      Неткалиева Г.Б. Жаңа форматтағы мұғалім – заман талабы \\ «Білім берудегі жоғары сапа және көшбасшылық - 2013» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. 2 том, 13-15 қараша 2013.

3.      Шетелдегі білім беру реформасы [Электронды ресурс]. – URL: htpp: \\ www.utmn.ru\ showdoc\8729

4.      Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы.          

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстандағы білім жүйесіне өзгерістің қажеттілігі туралы ойлар»

Д.М. Рахимжанова

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ

Казақстан, Өскемен қаласы


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ ОЙЛАР

Өзгеріс не үшін керек? деген сұраққа жауап беру үшін алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауына тоқталсам. Сол құжатта Елбасы «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Балаларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген екен.

Енді өзімнің алдыға қойған мақсатым – барша әлем елдері білім беру жүйесін неге өзгертетіндігін және Қазақстан білім берудің халықаралық реформасына қалай енетіндігін зерттеу. Осы орайда, мен Бірінші деңгей бағдарламасын меңгерудемін. Ал Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар нақты және күрделі жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды XXI ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілетінін қалай бағалау қажеттігін терең түсінуді көздейді»[1].

Білім беруді реформалау жағдайындағы айрықша өзекті мәселелердің бірі – қазіргі қоғамдағы мұғалімнің қызметі. Қазіргі мектеп қоғамдық өзгерістерге тез икемделетін, жаңалыққа құмар мұғалімдерге аса зәру болып отыр. Сол себепті кез-келген инновациялық тапсырмаларды шешуге ойлы, шығармашылық тұрғысынан қарайтын аса қабілетті мамандар қажет. Қазіргі кезде «Педагогикалық шеберлік орталығында» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі қарқынды қадамын бастады. Бұл өзгеріс білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен тікелей байланысты.

Қазақстандағы білім беру реформаларын қарастыратын болсақ. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында Елбасымыздың Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – азаматтардың материалдық және рухани әл-ауқатын жақсарту, экономиканы тұрақты дамыту үшін баршаға арналған сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту. Қазақстанда дарынды балалар мектептері жүйесі дамып келеді. Бұлардан өзге үш тілде оқытатын мектептер де пайда болуда. Білім жүйесін қаржыландыру, білім берудегі менеджмент, педагог мәртебесі, «E-learning» электронды оқыту, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім[2].

Сонымен Қазақстанның білім беру жүйесін осы үш елдің оқу жүйесімен салыстырсақ, әр елдің өзіндік ерекшеліктерін байқадым. Білім беруде бірінші орында тұрған Сингапур мемлекетінің білім беру жүйесіне тоқталсақ: Мектептік білім-беру жүйесі үш сатыдан тұрады: "Алғашқы білім-беру" - 6 жыл, "Орта білім-беру" - 4 жыл, "Екпінді білім-беру" - 2 жыл. Мектеп оқушылары "алғашқы білім-беру" сатысынан соң біріңғай ұлттық тестілеуден өтеді - өтеді, бұл тест оқушылардың бұдан кейін қай орта-білім алу мектебіне баратынын шешеді. Орта білім-беру кезеңін тамамдағаннан кейін - арнайы "орта білім-беру тестін" тапсырады, жоғарғы оқу-орнына тапсырмастан бұрын тағы бір тестілеу бұл - "озат тестілеу бағдарламасы" экзамендерінен өтеді. Осы реформаны біздің елдің білім жүйесіне енгізсек жаман болмас еді.

Соңғы жылдары барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы орта білім беру жүйсенің проблемалары туралы жиірек жазылып, қана қоймай тіпті айтылып жүр. Осындай түбегейлі өзгерістерді енгізу үшін алдымен кадрларды жақсылап дайындау қажет. Жалпы менің ойымша бізде кадрлар жеткілікті әрі білімді, бірақ соларға дұрыс бағыт-бағдар беру, яғни әртүрлі әдіс-тәсілдерді оқушылардың білім сапасын, өзіндік көзқарастарын дамытуда пайдалануды үйрету. Өзім жұмыс жасайтын мекетебімде ұжым мүшелері жас әрі жаңашыл. Осындай өзгерістер енгізуге материалдық база жағынан дайын болмаса да рухани адамгершілік жағынан дайын деп ойлаймын. Білім беру саласына өзгеріс енгізу үшін барлық нәрсе төменнен басталуы қажет, мысалы мектептердегі бастауыш буынында. Дегенмен, зерттеулер көрсеткендей бастауыш буынның білім деңгейлері жақсы, мәселе орта буын мен жоғары сынып болып отыр. Оның себебі бастауыш сынып кезінде ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі, ал орта буынға келгенде оқушы өзі алып кетеді деп ата-ана мұғаліммен қарым қатынасы нашарлайды. Жоғарғы сыныпқа келгенде оқушылар тіпті ата-анасын ұстаздарын тыңдаудан қалады.Олардың қорытындысы ҰБТ-дің нәтижесі, ОБСЖ –ның нәтижесі. Біздің оқушыларға не жетпейді? Деген сұрақ маңайында ойланып көрсек, менталитетімізге тән ұяңдық, өз ойын ашық айтып ортаға салмау, өздігінен оқу, сыни ойлау. Міне осының барлығының орнын толықтырсақ әрине бізде алдыға қойған мақсатымызға толық жетеміз.

Ал, Финляндияның бүгінгі білім саласының жағдайы кісі қызығарлықтай. Тіпті, өзіндік дамудың өте қысқа тарихына ие болып отырған бұл мемлекет соңғы 70 жыл ішінде білім беруді қолдау арқылы кереметтей жетістіктерді бағындырған. Финляндия жан басына шаққандағы Ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші бойынша (32 мың еуро) жоғары қарқынмен дамыған елдердің қатарында. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы есебіне сәйкес, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингісі бойынша алтыншы орында тұр. Бұндай финдік жетістіктің бастауында білім саласындағы реформалардың тұруы да бекер емес.  Білім беру сапасының жоғарылығы, білім жүйесінің жоғары тиімділігінің қалыптасуы жағынан осы бір шағын мемлекет әлемдегі экономикалық және саяси даму жағынан алдыңғы орыннан түспей келетіні де рас. Мәселен, білім беру жүйесінің сапасына қатысты әлем елдерінде бірқатар тәуелсіз зерттеулер жүргізген орталықтар шындығында да Финляндияның білім-ғылым саласын жоғары бағалаған. Атап айтқанда, PISA-ның 2009 жылғы зерттеулеріне сәйкес, Финляндия мен Қытай бұл салада әлем елдерінің ішінде көшбасшы мемлекеттер ретінде танылып отыр. Жалпы, финдік білім беру жүйесінің басқалардан негізгі ерекшеліктері ретінде бірқатар мәселелерді аңғаруға болады. Біріншіден, білім беру жүйесі сегменттерінің бір-бірімен аса мығым байланыста болуы. Мәселен, финдіктердің балабақшасы мектептермен тығыз ықпалдасып тұрса, мектептің жоғары оқу орындарымен терең  қатынасы ыңғайлы жолға қойылған. Сәйкесінше, жоғары оқу орындары да мектептермен өзара ықпалдасып, ондағы білім сапасының артуына жағдай жасауға құлшынып тұрады. Осыдан-ақ үздіксіз білім тізбектеліп,  бірімен бірі жалғасып, оқушы бір сатыдан екінші бір сатыға ауысқанда ондағы үдерісті айтарлықтай сезбей өтеді. Бұл баланың оқу үлгеріміне ғана емес, басқа деңгейге көшудегі ерекшеліктеріне де еш әсер етпей, бұрынғы қалыпты дамуды қамтиды. Екіншіден, жоғары оқу орындарының «әлеуметтік жауапкершілігі» - бұл Финляндия білім саясатының ұлттық басымдықтарының бірі болып табылады. Білім институттары бұл ретте түрлі әлеуметтік топтарды құрайтын жергілікті қоғамдастықпен тығыз байланыста болады[3]. Сонымен бірге, мұғалім, ұстаз мәртебесінің жоғары болуы, бұндай мамандық иесіне деген құрметтің ерекшелігі де өзгеше. Соның айғағы болар, Фин еліндегі мектепті бітіруші түлектер арасында ұстаздыққа деген құлшыныс жоғары болатын көрінеді. Бұндағы қызығушылықты тудыратын нәрсе - елдегі мұғалімдер жалақысының жоғары болуы ғана емес көрінеді (фин мұғалімдерінің жылдық табысы 17 мың еуро). Финляндия Білім министрлігі педагогикалық кадрлар құрамын жасарту саясатын үнемі жүргізеді, нәтижесінде мектепке талантты әрі жас мамандар көп тартылады. Білім берудің осындай икемді жүйесі  арқылы Финляндия Еуропада халқының сауаты жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Мәселен, Еуропа елдерінде 15 жастан асқан азаматтар арасындағы жоғары білімді тұлғалар саны 16 пайызды құраса, Финляндияда бұл көрсеткіш 24 пайызға дейін жетеді. Сондықтан да, Қазақстанның әлемдегі озық үлгі орнатқан елдердің жолымен жүргені құптарлық шара. Бұл жайында былтырғы Фин еліне сапары барысында Елбасы: «Финляндиямен қарым-қатынас Қазақстан үшін аса қажетті. Себебі, бұл ел әлемде өзіндік орны бар, білім-ғылым саласында, инновация бағытында алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі. Егерде біз бәсекеге сай ел болғымыз келсе, Финляндияның жүрген жолымен өтіп, тәлім-тәрбие алғанымыз өте пайдалы болады», - деп атап өткен еді.

Келесі Жапон елінің білім жүйесімен таныссақ, бұл елде қиыншылықтарды балалар өздері шешеді екен. Көбінесе қиындықтар оқуда туындайды. Мысалы емтиханды жақсы тапсырса, мемлекеттік жоғары оқу орныны түсіп, бітірген соң, мемлекеттік қызметке жұмысқа тұра алады. Ал егер оқу деңгейі төмен болса, ақылы оқып, еш жерге жұмысқа алмайды.

Сонымен олардың бәсекелестікке қабілеттілігі, қоғамда өз орнын таба білуі бала кезінен айқындала бастайды. Білімді, бәсекеге қабілетті болсаң, жақсы жұмыста таба аласың. Жапонияда білім мен тәрбие қатар жүреді. Оның саясаты – ерекше ойлайтын, шығармашыл, жан дүниесі бай тұлға тәрбиелеу. Мақсаты – өскелең ұрпаққа дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету. Ата – аналар үшін өмірдің мәні балаларының тәрбиелі болуына байланысты екен[4]. Жапон елінде мектепке дейінгі білімге көп көңіл бөлінеді, кіші жастағы балаларда қарым – қатынас дағдысы қалыптасады, ұжымдыққа баулитын құндылықтар өте маңызды. Сабақ кіші және орта буындарда топтық тәртіппен оқытылып, бір топта 7-8 баладан болады. Мұғалім мен балалар тапсырмаларды бағалау кезінде тәртібі мен мәселелер туралы сұрақтар туындаса, ол жеке топқа емес бүкіл топқа қатысты болады, ол жүйе алшақтатудың, кикілжіңді болдырмай, балалардың денсаулығын сақтауңа ықпал етеді. Мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді: кез келген оқушы үстел теннисі, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін меңгереді. Мектепте білім алу мерзімі 12 жыл, ана тілінің қиындығына байланысты оның жартысы бастауыш.Министрлікпен бекітілген бастауыш сыныпта минимум 1850 иероглиф меңгерілуі тиіс. Кітап оқу үшін 3 мыңнан артық білулері керек. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектептен кейін міндетті емес «шеберлік» мектебіне дайындыққа қатыса алады. Кіші және орта буында барлық бағдарламалар арқылы күнделікті өмірде өзін бақылай білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, әдемілікті сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды. Жоғары сыныптарында жоғары оқу орнына түсуге дайындайды. Қоғамда адам еңбекпен тәрбиеленген, тек іскер қабілетімен бағаланады. Жапон халқының тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін негізгісі қызмет емес,ана болу деп қарайды да, ер балаларға ерекше талаптар қояды. Ал енді Жапон елінде оқу – тәрбие үрдісі оқушылардың рухы мықты болуға бағытталған және әр бала міндетті түрде спорттың бір түрін игеруге , салауатты өмір салтын ұстануы бала жасынан басталады. Білім алуында иероглифтар өте көп, білімді игеру қиын, сондықтан көбінесе жаттанды білімге көп көңіл бөлінеді. Жапон елі де біздің елдегідей қыз балаға болашақ ана ретінде қарап, тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.Тағы да бір ұқсастығы ата – бабаларымыздың ежелден бүгінге жеткізіп берген төрт түлікке байланысты дәстүрлі ұстанымы мен сенімі, көзқарасы мен түсінігі тәрізді ұғым жапон халқында да кездеседі екен.

Оқушылардың білім мен білігін бағалаудың PISA халықаралық бағдарламасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүзеге асырады. Зерттеулерінің түйінді мәселесі – «Жалпы міндетті білім алған 15 жастағы оқушы қоғамда толыққанды қызмет ету үшін қажетті білім мен білікке ие ме?» Зерттеу мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға емес, оқушылардың мектепте алған білімі мен білігін өмірлік жағдаяттарда қолдана алу қабілетін бағалауға бағытталған. Білім берудегі жетістіктерді бағалаудағы қазіргі заманғы үрдіс осыдан көрінеді. Математикалық және ғылыми-жаратылыстанулық білім беру сапасын бағала бойынша халықаралық зерттеулердін оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық жүргізеді. Зерттеудің басты мақсаты – бастауыш және негізгі мектептегі математикалық әрі ғылыми-жаратылыстану білім беру сапасын салыстырмалытүрде бағала. Оның мақсаты – оқу сапасы мен деңгейін салыстыру. Зерттеуде, негізінен, оқушылар оқу сабақтарында және мектептен тыс уақытта жиі пайдаланылатын оқудың екі түрі бағаланады:

  • Оқырман әдеби тәжірибесін жинау мақсатында оқуы;

  • Ақпараттарды білу және пайдалану мақсатында оқу

Осындай зерттеулердің нәтижесінде сынақтың барлық үш түрінде 9 ел ғана «орташадан жоғары» нәтижесін көрсетті. Олар Финляндия, Гонконг, Оңтүстік Корея, Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия, Нидерланд, Лихтенштейн, Жапония көрсетті. Көш басындағы 9 елдің ішінен алтауы Оңтүстік Шығыс Азиядан екені көрініп тұр. Олардың ішінде азиялық жолбарыстар: Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония,Тайвань бар.

Үндістанның білім жүйесінде де жағымды нәтижелері бар. Соған тоқтала кетсек, Үндістандық білім беру жүйесі сарапшылардың жоғарғы бағасына ие болады. Дайындаудың деңгейі мен сапасы халықаралық стандарттарға сай. Global Competitiveness Report бәсекелестіктің әлемдік рейтингісі мәліметтеріне сүйенсек, 2007-2008 жылдары Үндістан математиканы оқыту бойынша әлем бойынша 11-ші орынға ие болыпты (Жапония – 29, Германия – 36, АҚШ пен Ұлыбритания – 45 және 46 орында). Жалпы Үндістанда 250 университет бар, оның 20-30 ең үздігі. 2004 жылы Үндістанда жоғарғы оқу орындарын бітіргендер саны 53 миллионға жетті (халықтың 4,5%).

Қазақстанмен көршілес елдердің бірі Ресейдің білім жүйесін қарастырсақ. Ресейдегі әлеуметтік-саяси өзгерістер және жарық экономикасына көшу білім жүйесін реформалау қажеттілігіне әкеп соқтырды. Білімнің бұрынғы орталықтандырылған жүйеге оқушымен оқытушы қызығушылығын ескеретін, білім беру бірлестіктер және жұмыс берушілер жүйесі енді. Мемлекеттік емес білім бөлімдері тез қарқынмен дами бастады. Оның ішінде жеке адамдармен мемлекеттік емес ұйымдармен білім мекемелері құрылды.

Білім жүйесін реформалауды қамтамасыз ету мақсатында білімді дамытудың федеральды бағдарламасын қабылдады. Ол бағдарлама барлық құрушыларға дамуға инновациялық қатынас бағытталған. Соңғы жылдары елде кешенді білім аймағында Ресей Федерациясында тыңғылықты өзгерістер болды.

Негізгі өзгерістер мыналарға бағытталған:

1. Оқу бағдарламаларда мазмұнында да тыңғылықты өзгерістер.

2. Білімнің демократизациясы: академиялық еркіндік және ұйымдасқан өзбеттіліктің кеңеюі, қоғамдық және делдал ұйымдық санының өсуі.

Білім сапасы: сапасын бақылау және бағаның механизмін бекіту.

Білім мазмұны: көптеген пәндердің, әсіресе қоғамтану, тарих экономика, құқықтану және басқа пәндердің берілуінің мазмұнын терең қарап шығу. Осындай өзгерістер Қазақстанның білім жүйесіне де қажет деп есептеймін. Себебі, қай елдің білім жүйесін қарастырсақ та, негізгі мақсат баланы тәрбиелеу мен оған сапалы білім беру. Ойымды қорытындылай келе, әлем елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін білім беру желілерін дамыту қажет екендігіне көз жеткіздім. Білім беру жүйесінде бірлесіп жұмыс істеу арқылы мектептердің мұғалімдердің деңгейін көтеріп, оқушылардың білім деңгейін көтеруге, олардың алған білімдерін келешекте орынды қолдана алатын тұлға тәрбиелеуге жағдай жасаймыз деп ойлаймын Білім беру жүйесін жаңғырту заманауи мектептердегі ұстаз туралы түбегейлі жаңа түсініктің пайда болуына негізделген. Мен өз мектебіме Сингапур елінің қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды тәрбиелеуге арналған іс – тәжірибесін немесе Жапон еліндегі балалардың қиыншылықтарды өздері шешіп, бәселестікке ерте жастан дайын болуын енгізер едім. Бүгінгі таңда мен жұмыс істейтін мектепте де көптеген өзгерістерді байқауға болады. Оның бірі Кембридж технологиясы бойынша деңгейлік курсты бітіріп, сол бойынша жұмыс жасап жатқан 7 мұғалім бар. Әрқайсысы өздерінің көріп – білгендерін әріптестерімен бөлісуде және де жаңаша жұмыс жасауда. Осындай өзгерістерді енгізген жағдайда ғана білім беру жүйеміздің келешек ұрпаққа деген көзқарасы өзекті, бәсекеге қабілетті, құзіретті, демократиялық қатынаста болады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей. www.cpm.kz

2. Неткалиева Г.Б. Жаңа форматтағы мұғалім – заман талабы \\ «Білім берудегі жоғары сапа және көшбасшылық - 2013» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. 2 том, 13-15 қараша 2013.

3. Шетелдегі білім беру реформасы [Электронды ресурс]. – URL: htpp: \\ www.utmn.ru\ showdoc\8729

4. Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстандағы білім жүйесіне өзгерістің қажеттілігі туралы ойлар

Автор: Рахимжанова Данара Мусратовна

Дата: 23.12.2016

Номер свидетельства: 372838

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(222) "«?аза? тілі мен ?дебиет п?ндерін о?ытуда ?олданылатын белсенді ?діс-т?сілдер ар?ылы сыни т?р?ыда ойлау да?дыларын жетілдіру »"
    ["seo_title"] => string(136) "k-azak-tili-mien-diebiiet-p-ndierin-ok-ytuda-k-oldanylatyn-bielsiendi-dis-t-sildier-ark-yly-syni-tu-rg-yda-oilau-dag-dylaryn-zhietildiru"
    ["file_id"] => string(6) "299528"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456552002"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Сындарлы о?ыту - заманауи білім талабы. Баяндама"
    ["seo_title"] => string(41) "syndarlyokytuzamanauibilimtalabybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "300261"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456680849"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "?лтты? спорт ойындары ар?ылы кіші мектеп жасында?ы о?ушыларды салауатты ?мір салтына ?алыптастыру."
    ["seo_title"] => string(107) "u-lttyk-sport-oiyndary-ark-yly-kishi-miektiep-zhasyndag-y-ok-ushylardy-salauatty-omir-saltyna-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "294273"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455629321"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства