Біріктірілген сыныптарда білім беру мәселелері мен шешу жолдары
Біріктірілген сыныптарда білім беру мәселелері мен шешу жолдары
Ауданымыздағы ШЖМ-гі білім беру процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен анықталған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде жүргізіледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Біріктірілген сыныптарда білім беру мәселелері мен шешу жолдары»
Біріктірілген сыныптарда білім беру мәселелері мен шешу жолдары
«Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»
М.Жұмабаев
Ауданымызда шағын жинақты мектептердегі білім беру процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен анықталған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта ауданымыздағы мектептердің басым бөлігін шағын жинақты мектептер құрайды.
2016-2017 оқу жылында 41 мектеп болса, оның 29-ы шағын жинақты мектеп 70,7% құрайды. Оның ішінде бастауыш мектеп – 10, негізгі мектеп – 7, орта мектеп – 12.
Оқыту тілі бойынша 19 қазақ тілінде, 2 орыс тілінде, 9 аралас тілде оқытады.
Шағын жинақты мектептердегі сыныптар саны – 276 болса, ондағы сынып комплектілері – 251. Онда 1717 оқушы білім алуда.
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып біріктірілген сыныптар саны - 19.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығының 3 қосымшасында сыныптарды бір сынып-кешенге қосу және біріктіру жағдайында әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10 адамнан аспауы тиістігі айтылған.
Оқушылардың жас ерекшеліктері бойынша оқыту әдістемесін қолдану кезінде 2-3, 3-4, 2-4, 5-6, 6-7, 7-8 сыныптар қосып оқытуға рұқсат етілген.
Осы орайда оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын ескере отырып біріктірілген сыныптар білім алуда.
2-4-сыныптары біріктірілген мектептер Ұзынкөл (барлығы 10 оқушы, 2-сыныпта 3 оқушы, 4-сыныпта 7 оқушы), Чапаев орта (барлығы 4 оқушы,
2-сыныпта 3 оқушы, 4-сыныпта 1 оқушы) және Донец бастауыш мектебі (барлығы 3 оқушы, 2-сыныпта 2 оқушы, 4-сыныпта 1 оқушы).
3-4-сыныптары Қоғалтүбек негізгі мектебінде (бұл сыныптарда барлығы 6 оқушы, 3-сыныпта 4 оқушы, 4-сыныпта 2 оқушы) біріктірілген.
5-6-сыныптар Богданов негізгі (барлығы 6 оқушы, 5-сын. 2 оқушы, 6-сын, 4 оқушы) мектебінде, 7-8-сыныптарда Ұзынкөл орта (барлығы 5 оқушы, 7-сын. 3 оқушы, 8-сын. 2 оқушы), Шөптікөл негізгі (барлығы 6 оқушы, 7-сын. 1 оқушы, 8-сын. 5 оқушы) мектебінде және 6,7-сыныптар Новопавлов орта (барлығы 10 оқушы, 6-сын. 8 оқушы, 7-сыныпта 2 оқушы) мектептерінде біріктіріліп оқытылуда.
Ал үш сынып біріктірілген мектептер саны – 6. Олар: Қызылжар, Донец, Қандық, Қонысай, Сатымшеген, Шалқар бастауыш мектептерінің 2-3-4 біріктірілген сыныптарында оқу процесі жүргізілуде.
Төмендегі кестеден көруге болады.
№
Мектеп атауы
Барлық оқушы саны
2-сынып
оқушы саны
3-сынып
оқушы саны
4-сынып
оқушы саны
1
Қызылжар НМ
9
2
3
4
2
Донец БМ
6
1
3
2
3
Қандық БМ
7
5
1
1
4
Қонысай БМ
7
4
2
1
5
Сатымшеген БМ
9
3
4
2
6
Шалқар БМ
8
2
4
2
ШЖМ кездесетін кедергілерді шешуді қажет ететін өзекті мәселелер қойылды.
Қосарланған сынып жаңашылдық пен шығармашылық әдіс-тәсілдері арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, білім деңгейін көтеру мақсатында нақты міндеттер мен жоспар қойды.
Шағын жинақты мектептердегі мәселені шешудің негізі – ресурстық орталық. Осы орайда Ақжайық орта мектебіне Еңбек, Абай, Восход магниттік мектептерді тартылып, өз жұмыстарын жүргізуде.
Осы орайда ауданда түрлі шаралар: семинар-практикумдар, байқаулар өткізілді. 2014 жылы шағын жинақты мектеп мұғалімдері арасында «Шағын жинақты мектеп және мен» байқауы өткізілді. Үш турдан тұратын байқауға 19 мұғалім қатысты. Бас жүлдені Еңбек орта мектебінен М.Ж.Тлеков алып, облыстық кезеңнен республикаға жолданды. Ал республикада өткізілген І Республикалық шағын жинақты мектеп слетіне қатысып, сертификатталды.
Шағын жинақты және біріктірілген сыныптарда оқу-әдістемелік кешендер құрылып, таратылды. Покатилов орта мектебінің мұғалімі Э.Б.Утепбергенованың «Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру», Долин орта мектебінен Ф.С.Дуйсенбаеваның 3-4-сыныптарға арналған ағылшын тілі пәнінен «Ағылшынша сөйлейміз», К.К.Баймуканованың «Қызықты математика»,
№1 Федоровка орта мектебінен И.Алимованың 2-сыныпқа арналған ағылшын тілі пәнінен біріктірілген сыныптарға арналған іс-тәжірибесі аудан, облыс көлемінде таратылды.
Әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес әр жыл сайын шағын жинақты мектептерге әдістемелік десант ұйымдастырылып тұрады. Десант барысында біріктірілген сыныптарда сабақ кестесін тиімді құру жолдары көрсетілді. Мұғалімдердің сабақтарына қатысып, өзіндік талдау және жалпы талдау жұмыстары жүргізілді.
Әр оқу жылының басында шағын жинақты мектептердің оқу жоспарлары бекітіліп, вариативті компоненттен алынған үйірме, факультативтерге аудан көлемінде бекітілген дайын бағдарламалар ұсынылады және жүзеге асуы назарда ұсталады.
Әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес шағын жинақты мектептерде химия, физика, биология пәндерінен Ы.Алтынсари атындағы орта мектепте Қоғалтүбек, Қызылжар негізгі мектептерінің және №1 Федоров, Федоров қазақ мектептерінде Богданов, Шөптікөл негізгі мектептерінің 8,9-сынып оқушыларына практикалық-лабораториялық жұмыстар жүргізілді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.