kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шы?арма жазу?а дайындау жолдары мен ?дістері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шы?арма жазу?а дайындау жолдары мен ?дістері

?азіргі та?да о?ытылатын п?ндер балаларды? болаша?ы, та?дайтын маманды?ына ?арай ба?ытталуда, я?ни ма?саты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке т?л?а, дарынды шы?армашылы? т?л?а ?алыптастыру білім мен т?рбие берудегі мемлекеттік істі? е? ма?ыздысы болып отыр.

Шы?арма дегеніміз – о?ушыларды? тілдік ж?не ?дебиеттік білімдері мен ?зіні? таным, т?йсік, к?з?арасыны? т?жірибелеріне с?йене отырып ?з ойын ж?йелі, ?деби тіл ?алыбында бере білуге машы?тандыратын жазбаша т?жірибелік ж?мысты? бірі. ?аза? ?дебиеті п?ндерінен шы?арма жаздыруды? ма?саты мен міндеті осы мазм?ннан туындама?.

  1. Шы?армадан баланы? тілдік м?дениеті, с?здік ?оры, теориялы? білімі, ?деби ??ым-т?сінігі, жазу?а икемі мен ойлау де?гейі бай?алады.
  2. Шы?арма – о?ушыны? жеке т?л?а ретінде ?зін к?рсете алуыны? белгісі, да?дылы ж?мысты? к?рінісі.

О?ушыны? ауызша с?з саптауын ?алыптастыруды біз ?иын дейміз, ал ойын жазбаша т?сіруге ?алыптастыру одан да ?иын. Олай болса, б?л – ж?йелі т?рде ж?ріп отыратын ?за? ?дерісті? т?пкі н?тижесі.

Н?тиже ?ай ж?мыста да н?тижелілігімен ба?алы. Алдында?ы о?ушысы а? ?а?аз?а ?з ойын, к?з?арасын, пікірталасында ту?ан шешімін т?сіріп, тіпті ?зіндік стиль айшы?ын танытып жатса, м??алім ж?мысыны? шынымен н?тижесі бол?аны ?ой. Жас ?рпа??а білім беруде оларды? п?нге деген к?з?арасын ?алыптастыру ?лкен р?л ат?арады. Шы?арма жазу ?шін ж?не о?ан жоспар ??ру ?дістері о?ушыларды? ой - ?абілеттерін арттыра т?сетіні белгілі.

?дебиет саба?ынан шы?арма жазу - ?дебиетті о?ыту процесіні? сапа?а айнал?ан н?тижесі болып табылады.
Мектепте шы?арма жазуды 7 - 8 - сыныптарда баста?ан ж?н деп ойлаймын. Біз к?бінесе 9 - 11 - сыныптарда шы?арма жазу?а ?йрете бастаймыз. Сонды?тан о?ушылар шы?арма жазуда к?птеген ?иынды?тар?а кездеседі. О?ушылар арасында ?лі де шы?арма жазып, жоспар ??ра алмайтын, ?з ойын жеткізе білмейтін, ора шола?тары жиі кездесіп отырады. ?азіргі уа?ытта жазу ж?мысына ?ойылатын талаптар к?шейді. Мектеп бітіретін о?ушылар мемлеткеттік

аттестат алу ?шін жазатын шы?арма ж?мысына берілген н?с?ауда былай делінген:

«Емтиханды? жазба ж?мыс – мектеп о?улы?ын немесе белгілі бір библиографиялы? - сын ма?аланы ?айталап, болмаса м??алімні? ой пікірін ??ін айналдырып жазып беру емес. О?ушыны? к?ркем ?дебиетті о?ы?анда ал?ан ?серін, жазушыны? ?мірімен, шы?армашылы? жолымен таныс?анда білген, жалпы ?дебиет п?нін о?уда к??іліне т?йген, таны?ан, ?зіндік ойлары мен сезімін д?рыс жазып беруін талап ететін уа?ыт жетті. Емтиханды? шы?арма сапалы болуымен ?атар, онда ??гіме етіліп отыр?ан м?селені тере? т?сіндіру ар?ылы эмоционалды? жа?тан ай?ын да аны? баяндалуы ж?не на?ты пікірі ?деби к?ркем тілмен берілуі ?ажет» делінген.

?рине, м?ндай талапты орындап шы?у – бір к?нні? немесе бір айды?, бір жылды? ісі емес, б?кіл орта мектеп к?лемінде ал?ан білімні? ?за? мерзімде ?ол жеткен н?тижесі болу керек. Емтихан уа?ытында о?ушыларды? шы?арма жазуда жіберетін, жиі кездесетін шы?арманы ?алай бастау керек екенін білмеу, бірінші бетті баста?анда алдымен жоспар, одан кейін та?ырыпты жазу сия?ты кемшіліктерді болдырмас ?шін шы?арманы ?алай жазу туралы арнайы н?с?ауды негізге алу ж?н.

Онда былай делінген:

  1. Бірінші бетті? ортасына ж?мыс иесіні? аты - ж?ні жазылады.
  2. Екінші бетке екі жол т?менірек ашы? ж?не ай?ын етіп та?ырып жазылады. Егер та?ырып ?зінді болып келсе, онда оны? астына авторды? аты жазылады.
  3. Та?ырыптан екі жол т?менірек шы?арманы? жоспары жазылады.

Мектептегі шы?арма ж?мысы о?ушыны? д?ниеге к?з?арасын ?алыптастыруда игі ы?пал ететіні с?зсіз. Олай болса шы?арманы? негізгі ма?саты – осы. Мектепте шы?арма жазу ж?мысыны? ?ай т?рі болса да ?те к?рделі ой е?бегі, шы?армашылы? іс. О?ушыны? а?ыл - ой ?абілетін дамытып, белсенділігін арттыруда шы?арма ж?мысы орасан зор міндет ат?арады. Сонды?тан м?ндай к?рделі а?ыл - ой е?бегін «шы?армашылы?» немесе «шы?армашылы? емес» деп атау ы??айсыз.

Шы?арманы? ?зін бірнеше топ?а б?луге болады:

  1. О?ушыны? ?з т?жірибесіне, ал?ан ?серіне байланысты.
  2. Еркін та?ырып?а жазыл?ан шы?арма.
  3. ?деби та?ырып?а жазыл?ан шы?арма.

Сонда о?ушыны? ?мірден к?рген, ба?ыла?ан ?з т?жірибесі, ?з ?міріне байланысты, осы негізде жаз?ан шы?армалары біры??ай ж?йеленеді.

Шы?армашылы? талапты орындау, о?ушыны? ал?ан та?ырыпты толы? ме?геріп, о?ан ?ажетті материалдарды саралап, та?ырып?а тікелей байланысы жо? жанама м?селелерден аула? болу жазу ж?мысыны? тиімділігін арттыруды? ай?а?ы екенін

мектеп т?жірибелерінен к?руге болады. Жо?ары сыныпта?ы шы?арма ж?мыстарыны? шы?армашылы? тол?аныспен жазылуы ?шін е? алдымен жазу

ж?мысыны? теориялы? негіздерін білу шарт. Сонды?тан шы?арманы? ??рылысына назар аударып, мына сызба ж?йені есте са?тау керек:

  1. ??гіме т?ріндегі шы?армаларды? сызбасы:

І. Кіріспе (экспозиция)

ІІ. Негізгі б?лім:

      а) о?и?аны? байланысы

      ?) о?и?а шиеленісіні? жеткен жері

      б) шешілуі

ІІІ. ?орытынды (эпилог)

  1. Талдау т?ріндегі шы?армаларды? сызбасы:

І. Кіріспе (та?ырып?а ж?ктелетін міндет)

ІІ. Негізгі б?лім:

     а) Та?ырып к?терген м?селе

     ?) ?сыныл?ан д?лелдер

     б) Д?йекс?з т?ріндегі мысалдар

     в) ?зіндік ойлар

ІІІ. ?орытынды (эпилог)

?рине, о?ушы шы?армасында осы схеманы орындау м?мкін емес. Алайда шы?арманы талдай білу ?шін осы жолдарды білген д?рыс.

Сондай-а?, шы?арма жазу ?шін о?ушы мынаны білгені ж?н:

1.Шы?арманы? та?ырыбын ?бден ойлап алып жазу керек.

2.Жоспар та?ырып?а сай на?ты жасалынуы тиіс.

3.Эпиграф та?ырып пен негізгі идеяны ашу?а с?йкес алынуы керек.

4.Та?ырып?а байланысты материалды іріктеген кезде е? негізгісін

алу ?ажет.

5.Шы?арманы? реті мен ж?йесін са?тау ж?не та?ырыптан ауыт?ымау керек.

6.Айтатын негізгі пікірлері шы?арманы? негізгі б?лімінде болатынын есте са?тау керек.

7.Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу керек.

8.?орытынды ой негізгі пікірлерді? т??ірегінде жазылуы ж?не айтылатын ой ай?ын, с?йлем орамды, т?сінікті болуы ?ажет.

9.?р с?йлемді д?птерге жазар алдында стильдік ?ате жібермеуді ойлау ?ажет.

10.?мытып кетпес ?шін бай?а?ан емлелік ?ателер мен тыныс белгілерін бірден ?ойып, сауатты жазу?а, д?птерді? сырт?ы к?рінісіне м?н беру керек.

Міне, осы талаптарды м??алім о?ушы шы?арма жазар алдында ?немі ескеруі керек.

Шы?арма ж?мысын тексергенде ?атедерді? т?рі шартты белгілер ар?ылы к?рсету д?рыс деп ойлаймын. М?ны? ?зіндік ж?йесі бар.

(/ ) - емле ?атесі белгіленеді.

(V) – тыныс белгісінен кеткен ?ате.

(Z) – абзац керек деген белгі.

(Z) – арты? ?ойыл?ан абзац.

(?) – к?м?нді, екі ?шты, осы с?йлемді ойлан деген белгі.

(?!) – пікірді немесе фактіні б?рмалаудан кеткен кемшілік.

(!) – осы жерге ерекше к??іл аудар.

(-) – с?з ?алдырып кетсе, т?сініксіз с?йлемдерді, стильдік жа?ынан д?рыс ??рылма?ан, ауыстыруды керек ететін, бірнеше ?айталан?ан с?здер мен с?йлемдерді белгілейді.

?рине, осы белгілерді ?ойып, о?ушыны? д?птерін ?айтару?а болмайды, м??алім осы шы?арма ж?нінде рецензия жазып ?айтарса, б?л белгілерді? о?ушы?а беретін ?сері ?те мол.

Сонды?тан шы?армада?ы кемшіліктерді жою ?шін, о?ушы- ларды? осы шартты белгілерді білгені д?рыс болар еді. Сонда ол о?ушыны? ойында м??гі ?алады деп ойлаймын. Б?л шартты белгілер де м??алімге ?те ?олайлы. Себебі ол м??алімні? уа?ытын ?немдейді. Шы?армада?ы кемшіліктерді жазып к?рсеткеннен шартты белгіні ?оя салу м??алім ?шін де же?іл.

  •  Енді осы шы?арманы м??алім тексергенде нені еске алу керектігіне назар аударайы?шы.
    1. Д?птерді? сырт?ы к?рінісіне назар аудару керек.
    а) тазалы?ы
    ?) ?ріптерді? д?рысты?ы
    2. Логикалы? жа?ынан
    а) та?ырып пен идеяны? ашылуын;
    ?) пікірді? молды?ын;
    б) д?лелді? д?рысты?ы;
    3. Пікірді? ж?йелігі
    а) жоспарды? ж?зеге асуы;
    ?) ?рбір б?лімні? м?лшері
    4. Грамматикалы? сауаттылы?ы
    а) емлелік жа?ынан
    ?) синтаксистік жа?ынан
    5. Стилі
    а) с?йлемдерді? д?рысты?ы
    ?) к?ркемдігі

Міне, осы ?атемен ж?мысты да ?немі о?ушылар?а ескертіп отыр?ан ж?н. Осы айтыл?андарды басшылы??а ал?анда шы?арма ж?мысы ойда?ыдай болады. Ж?йелі алын?ан білім о?ушыны? да, м??алімні? де ?здіксіз е?бегін к?рсетеді.

Баланы шы?арма жазу?а дайындау.

  1. С?з ?йрету:

*С?зді? ма?ынасын білдіру;

*С?здерді та?дай білу;

*?р шы?арманы? ?р б?ліміне лайы?ты с?здер ?олданысын ме?геру.

  1. Ой тастау:

*С?зден идея тудыру;

*Идеяны т?сіндіру;

*Идея мен та?ырып байланысын білу.

Шы?арма?а ?ойылар талап ?р т?рлі, тіпті к?п болуы м?мкін, біра? ма?сат – біреу: негізгі та?ырып не, соны басты та?ырып ету керек. Жоспарлау соны? айналасында ?ана болады.

Жоспар – шы?арма айнасы. Та?ырып?а сай жоспар ??ру, жоспар?а с?йкес шы?арма жаза білу, жоспарда к?рсетілген та?ырыпшаларды аша білу – о?ушылар?а ?лкен сын. Кейде о?ушыларды? жоспары та?ырыпты м?лде ашпайды, о?ан еш ?атысы жо? болып шы?ады. Кей жа?дайда шы?армаларыны? мазм?ны жоспар?а м?лде ?атыссыз болып шы?ады.

Та?ырып, жоспар, шы?арма – б?л ?шеуі бірімен - бірге біріктіріліп т?ратын ?зектес м?селелер. О?ушылар?а мазм?ндамадан г?рі шы?арма жазып ?йрету ш?кірттерімізді? ?зінше е?бек етіп, еркінше талаптануына, ?з пікірін, ойын сарап?а салуына ?серін тигізері с?зсіз. «Талапты?а н?р жауар» деген хал?ымыз, ?зінше талаптан?ысы келген ?рбір ш?кірттерімізге жол - жоба, ба?ыт беру, ?ш?ыр ?иялдарымен биікке сам?ай беруіне тілектес болып ?алу ?рбір ?стазды? борышы бол?анды?тан ж?мысымызды осы абыройлы міндет т?р?ысынан к?рсетуді ма?сат т?тып келеміз. ?стаз бен о?ушы арасында?ы осындай шы?армашылы? байланысты? т?ра?тылы?ы ?ана табысты жетістікке жол салады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шы?арма жазу?а дайындау жолдары мен ?дістері»

Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері


Қазіргі таңда оқытылатын пәндер балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсаты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке тұлға, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр.

Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.

  1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым-түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.

  2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі.

Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.

Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы оқушысы ақ қағазға өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының шынымен нәтижесі болғаны ғой... Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Шығарма жазу үшін және оған жоспар құру әдістері оқушылардың ой - қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі.

Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиетті оқыту процесінің сапаға айналған нәтижесі болып табылады.
Мектепте шығарма жазуды 7 - 8 - сыныптарда бастаған жөн деп ойлаймын. Біз көбінесе 9 - 11 - сыныптарда шығарма жазуға үйрете бастаймыз. Сондықтан оқушылар шығарма жазуда көптеген қиындықтарға кездеседі. Оқушылар арасында әлі де шығарма жазып, жоспар құра алмайтын, өз ойын жеткізе білмейтін, ора шолақтары жиі кездесіп отырады. Қазіргі уақытта жазу жұмысына қойылатын талаптар күшейді. Мектеп бітіретін оқушылар мемлеткеттік

аттестат алу үшін жазатын шығарма жұмысына берілген нұсқауда былай делінген:

«Емтихандық жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе белгілі бір библиографиялық - сын мақаланы қайталап, болмаса мұғалімнің ой пікірін өңін айналдырып жазып беру емес. Оқушының көркем әдебиетті оқығанда алған әсерін, жазушының өмірімен, шығармашылық жолымен танысқанда білген, жалпы әдебиет пәнін оқуда көңіліне түйген, таныған, өзіндік ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруін талап ететін уақыт жетті. Емтихандық шығарма сапалы болуымен қатар, онда әңгіме етіліп отырған мәселені терең түсіндіру арқылы эмоционалдық жақтан айқын да анық баяндалуы және нақты пікірі әдеби көркем тілмен берілуі қажет» делінген.

Әрине, мұндай талапты орындап шығу – бір күннің немесе бір айдың, бір жылдың ісі емес, бүкіл орта мектеп көлемінде алған білімнің ұзақ мерзімде қол жеткен нәтижесі болу керек. Емтихан уақытында оқушылардың шығарма жазуда жіберетін, жиі кездесетін шығарманы қалай бастау керек екенін білмеу, бірінші бетті бастағанда алдымен жоспар, одан кейін тақырыпты жазу сияқты кемшіліктерді болдырмас үшін шығарманы қалай жазу туралы арнайы нұсқауды негізге алу жөн.

Онда былай делінген:

  1. Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің аты - жөні жазылады.

  2. Екінші бетке екі жол төменірек ашық және айқын етіп тақырып жазылады. Егер тақырып үзінді болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.

  3. Тақырыптан екі жол төменірек шығарманың жоспары жазылады.

Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игі ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса шығарманың негізгі мақсаты – осы. Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі болса да өте күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс. Оқушының ақыл - ой қабілетін дамытып, белсенділігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор міндет атқарады. Сондықтан мұндай күрделі ақыл - ой еңбегін «шығармашылық» немесе «шығармашылық емес» деп атау ыңғайсыз.

Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:

  1. Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.

  2. Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.

  3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.

Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз өміріне байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.

Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін

мектеп тәжірибелерінен көруге болады. Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу

жұмысының теориялық негіздерін білу шарт. Сондықтан шығарманың құрылысына назар аударып, мына сызба жүйені есте сақтау керек:

  1. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы:

І. Кіріспе (экспозиция)

ІІ. Негізгі бөлім:

а) оқиғаның байланысы

ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері

б) шешілуі

ІІІ. Қорытынды (эпилог)

  1. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы:

І. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Тақырып көтерген мәселе

ә) Ұсынылған дәлелдер

б) Дәйексөз түріндегі мысалдар

в) Өзіндік ойлар

ІІІ. Қорытынды (эпилог)

Әрине, оқушы шығармасында осы схеманы орындау мүмкін емес. Алайда шығарманы талдай білу үшін осы жолдарды білген дұрыс.

Сондай-ақ, шығарма жазу үшін оқушы мынаны білгені жөн:

1.Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.

2.Жоспар тақырыпқа сай нақты жасалынуы тиіс.

3.Эпиграф тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынуы керек.

4.Тақырыпқа байланысты материалды іріктеген кезде ең негізгісін

алу қажет.

5.Шығарманың реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.

6.Айтатын негізгі пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде болатынын есте сақтау керек.

7.Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу керек.

8.Қорытынды ой негізгі пікірлердің төңірегінде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы қажет.

9.Әр сөйлемді дәптерге жазар алдында стильдік қате жібермеуді ойлау қажет.

10.Ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс белгілерін бірден қойып, сауатты жазуға, дәптердің сыртқы көрінісіне мән беру керек.

Міне, осы талаптарды мұғалім оқушы шығарма жазар алдында үнемі ескеруі керек.

Шығарма жұмысын тексергенде қатедердің түрі шартты белгілер арқылы көрсету дұрыс деп ойлаймын. Мұның өзіндік жүйесі бар.

(/ ) - емле қатесі белгіленеді.

(V) – тыныс белгісінен кеткен қате.

(Z) – абзац керек деген белгі.

(Z) – артық қойылған абзац.

(?) – күмәнді, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі.

(?!) – пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.

(!) – осы жерге ерекше көңіл аудар.

(-) – сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді, стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдерді белгілейді.

Әрине, осы белгілерді қойып, оқушының дәптерін қайтаруға болмайды, мұғалім осы шығарма жөнінде рецензия жазып қайтарса, бұл белгілердің оқушыға беретін әсері өте мол.

Сондықтан шығармадағы кемшіліктерді жою үшін, оқушы- лардың осы шартты белгілерді білгені дұрыс болар еді. Сонда ол оқушының ойында мәңгі қалады деп ойлаймын. Бұл шартты белгілер де мұғалімге өте қолайлы. Себебі ол мұғалімнің уақытын үнемдейді. Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу мұғалім үшін де жеңіл.

  • Енді осы шығарманы мұғалім тексергенде нені еске алу керектігіне назар аударайықшы.
    1. Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.
    а) тазалығы
    ә) әріптердің дұрыстығы
    2. Логикалық жағынан
    а) тақырып пен идеяның ашылуын;
    ә) пікірдің молдығын;
    б) дәлелдің дұрыстығы;
    3. Пікірдің жүйелігі
    а) жоспардың жүзеге асуы;
    ә) әрбір бөлімнің мөлшері
    4. Грамматикалық сауаттылығы
    а) емлелік жағынан
    ә) синтаксистік жағынан
    5. Стилі
    а) сөйлемдердің дұрыстығы
    ә) көркемдігі

Міне, осы қатемен жұмысты да үнемі оқушыларға ескертіп отырған жөн. Осы айтылғандарды басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай болады. Жүйелі алынған білім оқушының да, мұғалімнің де үздіксіз еңбегін көрсетеді.

Баланы шығарма жазуға дайындау.

  1. Сөз үйрету:

*Сөздің мағынасын білдіру;

*Сөздерді таңдай білу;

*Әр шығарманың әр бөліміне лайықты сөздер қолданысын меңгеру.

  1. Ой тастау:

*Сөзден идея тудыру;

*Идеяны түсіндіру;

*Идея мен тақырып байланысын білу.

Шығармаға қойылар талап әр түрлі, тіпті көп болуы мүмкін, бірақ мақсат – біреу: негізгі тақырып не, соны басты тақырып ету керек. Жоспарлау соның айналасында ғана болады.

Жоспар – шығарма айнасы. Тақырыпқа сай жоспар құру, жоспарға сәйкес шығарма жаза білу, жоспарда көрсетілген тақырыпшаларды аша білу – оқушыларға үлкен сын. Кейде оқушылардың жоспары тақырыпты мүлде ашпайды, оған еш қатысы жоқ болып шығады. Кей жағдайда шығармаларының мазмұны жоспарға мүлде қатыссыз болып шығады.

Тақырып, жоспар, шығарма – бұл үшеуі бірімен - бірге біріктіріліп тұратын өзектес мәселелер. Оқушыларға мазмұндамадан гөрі шығарма жазып үйрету шәкірттеріміздің өзінше еңбек етіп, еркінше талаптануына, өз пікірін, ойын сарапқа салуына әсерін тигізері сөзсіз. «Талаптыға нұр жауар» деген халқымыз, өзінше талаптанғысы келген әрбір шәкірттерімізге жол - жоба, бағыт беру, ұшқыр қиялдарымен биікке самғай беруіне тілектес болып қалу әрбір ұстаздың борышы болғандықтан жұмысымызды осы абыройлы міндет тұрғысынан көрсетуді мақсат тұтып келеміз. Ұстаз бен оқушы арасындағы осындай шығармашылық байланыстың тұрақтылығы ғана табысты жетістікке жол салады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Шы?арма жазу?а дайындау жолдары мен ?дістері

Автор: Ибраева Г?лназ Рыс?али?ызы

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312653


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства