kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жауға шаптым

Нажмите, чтобы узнать подробности

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей

беретініне сенемін.»

Н.Назарбаев 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жауға шаптым»

Жауға шаптым ту байлап...


«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей

беретініне сенемін.»

Н.Назарбаев



Жоспары:

  1. Кіріспе «Өр елдің өзекті тарихы»

  2. Негізгі бөлім

    1. Қазақстаным - Атамекенім

    2. Еркіндігім. Қасиеттім.Қастерлім.

  3. Қорытынды бөлім

Ұлы дала Елінің ұлы мұраты.



Ғасырлар толқыны өз бағытынан тайған ба? Біздің халық талай-талай қиындықтар мен жаугершілік замандарды басынан кешірген өр халық. Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, ширыққан уақыт біздің халықты қандай тезіне салмады десеңізші. Кешегі жыраулар жыры осының айғағы деуге әбден болады. Мәселен, ХVIII ғасырдағы Ақтамберді жырау:

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап,

Дұшпаннан көрген қорлықтан

Жалынды жүрек қан қайнап,

Ел-жұртты қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап, –

деп жырласа, жыраудың айтып отырғаны жеке өзінің ғана батырлық қимылдары емес, ел-жұртқа қорған болуды көксеген хас батырлардың бәріне ортақ жағдай. Шағын ғана жырдан «Елім!» деп туған ерлердің туған халқының тағдыры турасындағы жан айқайын сезіне аламыз.

Дәл осындай үлгіде жырлаудың өзі «сырты – құрыш, жүзі – болат» жыраулардың көксеген армандарынан туындаған, уақыттың өзі ерік - жігерін жанып, ел көңілін рухтандырып отыруды талап еткендіктен болар. Өйткені, жыраулар тірлік кешкен дәуір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай күндерінен гөрі, алабалта қолға алып, жауға аттануы көп болған аласапыран жылдар болатын. Ал, мұндай өмір көшпелі түркілер үшін де етене жәйт еді. Жыраулар мен көне түркі озандарының шығармаларында елжандылық, ел қорғау идеяларының алдыңғы қатарға шығу себебі де олардың өмір салтының, елдік мұраттарының ортақтығынан бастау алып жатқаны анық.

Жыраулар поэзиясын оқи отырып, көтерілген басты мәселелердің бірі – ел ішіндегі бірлік, елге тұтқа болар ер тәрбиелеу, ел ішінде адамгершілік қарым-қатынастың ұлықталуына жол ашу секілді жәйттардың оңтайлы жолын іздеген бабаларымыздың даналығына еріксіз сүйсінерсің. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңген сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан,ержүрек батыр апаларымыздың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.

Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының қалыптасуы, ұлттық мемлекеттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы, өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап, жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген, кемшілікті айта білген ұлы билердің дәстүрлері, ата-бабаларымыздың елімізге, халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан алып үлесін, батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы, тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы отан - Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.

Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,

Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.

Мыңғырған мал даласында жайылған,

Бабалардың болған сондай тұрағы.

Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,

Орыс патша арам ойлы бұзықты.

Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,

Сонда көрген сорлы Қазақ шыжықты.

Қазақта жер қалмады патша алмаған,

Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.

«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,

Отаршылдық қыр соңынан қалмаған…

Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, Қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды. Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды.

Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан атамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Мәселен, М. Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ», дейді. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық.



2. Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны. Біз өз халқымыздың ешкімге нақақ қиянат жасамағанын мақтан етеміз ал, қиянат жасамағанға Алланың көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз — жасампаз халықпыз.

Отан, Отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен! - деп өткен ғасырда жүрегі сыздай жырлаған ақын сөздері бүгінгі ұрпақтың санасында өшпестей жаңғырып тұрады. Қасиетті Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да, және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де — әрқашанда бәрінен де биік тұрады. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те, ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.

Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды… Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал, жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып, әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

Қазақстан — Қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, дербес, тәуелсіз ел. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған. Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да Қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.

Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда:

«Ұшса құстың қанаты талады,

Шапқан аттың тұяғы тозады,

Атырауы – айшылық,

Қаратауы – күншілік,» — деп толғаған. Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампаз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей.

Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов егеменді елдің ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. «Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» — деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», — дейді.


2.2. Қазақстан,

Қазақстан алтын күн,

Жанымызды жарылқайтын жарқын күн.

Аталдың сен барлық әлем тілінде,

Атыменен қазақ деген халқыңның.

Қазақстан елім менің берекем,

Татулыққа тұтқа болған жыр мекен.

Жер жаҺанға шашу болып шашылсын,

Арайланған Тәуелсіздік мерекем.


«Тәуелсіз Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі.

Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық.

Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп 50 елдің қатарына қосылуына, әр Қазақстан азаматы өз үлесін қосуы керек. Дана халқымыз: «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады». Біздің халық тарихын ғасырлар бойы жаспен жазып келеді. Тәуелсіздік жолы- азаматтық жол. Тәуелсіздік келді, енді бәрі болады, бәрі орнына өзінен- өзі толады деп, жігеріңді құм етуге болмайды. Ұлы Абай айтқандай, мал табу жолына түсу керек.

Егемен елдің азаматы- арлы, зейінді, пейілді, патриот жан.

Тәуелсіздік жолы- үміт жолы. Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен жарқын болашақ күтеміз, кейінгі ұрпақтан ата- баба аңсаған игі мақсатының орындалуын күтеміз.

Самұрық құс көлбей қағып қанатты,

Қонды келіп Бәйтерекке дарақты.

Шаңқылынан бүкіл дүние оянып,

Елімізде Тәуелсіздік таңы атты.


3. Жаңа ХХІ ғасырға бет алған сәтте нарықты экономиканың құдіретін де көруіміз керек. Біз осындай қоғам жасайтын болсақ қана тәуелсіздік баянды болады. Біздің жоғалтқанымыз ең асылымыз- тәуелсіздік еді. Біз тәуелсіздікті іздеп соқпақпен де, сүрлеумен де, жүрдік кейде жолға түскендей болдық, бірақ тығырыққа тіреле бердік. Осыдан 20 жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды. Ол тәуелсіздік даңғылы. Тәуелсіздік сапары тәуекелді керек етеді, жол көлігі керек, жол серігі керек, жол азығы керек, алыс жолға тәуекел етер жүрек керек, тірек керек жол бастайтын көсем керек. Біз тәуекел қайығына міндік, тәуелсіздік даңғылына түстік, 20 жылда басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жылдан өттік. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға -20 жыл. Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кие. Дүниедегі тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халықта жоқ. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз- тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша ұрпақтардың еңбегі. Басты мұрат- қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына мейлінше бекем болу. Тектілердің тұяғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында халқымыз- тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Аз ғана жылда аспанның астын жайнатып, Астана- шаһарын тұрғызды. Елдің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз- бейбіт. Күндеріміз нұрлы.

Елімізді әлемге танытып, Елбасымыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін әрбір адам өз алдына мақсат қоя отырып, Ұлы Дала Елінің қарыштап дамуына өз үлесін қсуы керек. Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Бақыт ол- сенің тәуелсіз Отаның, Ұлы тұғырың. Бақыттың кіндігі- Отан.

Көк байрақтың астындағы шуақтанған арайлы,

Қуанышын, мол бақытын сыйлайтындай таң саған.

Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой ? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін ! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін!

Жиырма бес жыл! Тәуелсіздік елімде,

Бақыт құсы самғап ұшты көгімде.

Қазақ деген ғажап халық қашаннан,

Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.

Тәуелсіздік ақ батасы атамның,

Күлімдейді менің Байтақ Отаным.

Жан жылытар сәбидің шат күлкісі,

Қашаннан қалған сынығымын мұраның.


Тәуелсіз қазақ елінің Ақордадай «Астана» атты рухани тұғыры бар. Ол бірлігімізді, тірлігімізді әлемге айшықты айғақтап тұр. Астана- тәуелсіздіктің тақ- тұғыры. Қазақ елінің дербес ел болуына орай байтақ та бағалы елден бата алған Нұрсұлтан Әбішұлындай Елбасының ел билігін ұстауы, біз сияқты ұрпақтарының бағы деп білемін. Тәуелсіздік тұғырын тарихи ерлікке жалғастырған Елбасымыздың парасаттылығы, ойшылдығы деп түсінемін. Елорда бірліктің, ерліктің арқасында қарыштап дамудың айқын дәлелін көрсетті, әрі бүкіл әлем назарын өзіне аударды. Сондықтан тұғырлы тәуелсіздік елдің тұғыры биік,бірлігі бекем, ерлігі ерен болуына тамшыдай болса да өз мүмкіндігімше үлес қосу үшін, білімді терең меңгеруге ұмтылудамын. Санам- сақ, халқымның- жақ боларына сенемін. Өйткені, мен тұғырлы тәуелсіз елдің тұяғымын. Халқымыз «тайында тасқа байла» деген. Тағдырдың тас қамалын бұзуға, білімді, өнерлі болуға күш- жігерімді жұмсаймын. Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде өмір сүріп жатқаныма өте ризамын. Тек әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, көк байрағымыз биікте желбіреп, жас ұрпақ өз елінің патриоты болып, әрқашан Қазақстанды мақтан тұтсын деймін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Жауға шаптым

Автор: Қуанышбекқызы Іңкәр

Дата: 13.08.2017

Номер свидетельства: 425346

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "А?тамберді жырау"
    ["seo_title"] => string(17) "aktambierdizhyrau"
    ["file_id"] => string(6) "293712"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455535063"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Ана – те?десі жо? ??дірет""
    ["seo_title"] => string(30) "ana-tien-diesi-zhok-k-u-diriet"
    ["file_id"] => string(6) "270064"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450978518"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Адам бойында?ы жа?сы ?асиеттер"
    ["seo_title"] => string(30) "adamboiyndagyzhaksykasiiettier"
    ["file_id"] => string(6) "279052"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453189797"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Сыныптан тыс ж?мыс. Та?ырыбы "?здік тарихшы" "
    ["seo_title"] => string(46) "synyptan-tys-zhu-mys-tak-yryby-uzdik-tarikhshy"
    ["file_id"] => string(6) "204907"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429769346"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«С?йлемдегі с?здерді? байланысы» 207-213-жатты?у."
    ["seo_title"] => string(46) "soiliemdieghisozdierdinbailanysy207213zhattygu"
    ["file_id"] => string(6) "320801"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461149601"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства