kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс ж?мыс. Та?ырыбы "?здік тарихшы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «?здік тарихшы» Сайысты? ма?саттары мен міндеттері: - ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ын ?лы?тау; - ?аза? хандарыны? сан ?ырлы сипатын ж?не ?айраткерлік т?л?аларын ?скеле? ?рпа??а ке?інен мазм?ндап, т?уелсіз ел руханиятын ?алыптастыруда?ы іс-?рекеттерін ж?не Елбасы Н.?.Назарбаевты? «Н?рлы жол - болаша??а бастар жол» атты Жолдауын насихаттау; - ?аза?стан тарихы бойынша о?ушыларды? о?у-танымды? ?абілеттерін дамыту; - е? талапты ж?не дарынды о?ушыларды іріктеу ж?не олар?а ?олдау к?рсету; - о?ушыларды? зияткерлік ?леуетін ?алыптастыру?а ы?пал ету; - о?ушыларды? ?ылыми а?паратты талдау, ??деу, жина?тай білу ж?не оларды ?олдана алу да?дыларын дамыту; - о?ушыларды елжандылы??а, жо?ары адамгершілік ?асиеттерге баулу; - о?ушыларды? ?ылыми-зерттеу ?ызметіне деген ?ызы?ушылы?ын арттыру ж?не тарихи білімдерді д?ріптеу. Саба?ты? т?рі: инттеллектуалды сайыс Сайыс кезе?дері: 1.Презентация ?ор?ау;( ?аза? ханыны? біріне презентация дайындау.?аза? хандары ?а?аз тастау ар?ылы аны?талады. 3- мин) 2. ?аза? хандарыны? хронологиясы 3. Математикалы? шкатулка 4.?лы т??аларды танисыз ба?(хандар туралы ?лы ойшылдарды? даналы? с?здерін ж?не хандарды? порттретін аны?тау) 5.?БТ с?ра?тары 6.?аза? хандарыны? за?дары Армысыздар ??рметті ?она?тар,?ла?атты ?стаздармен сайыс?а ?атысушы о?ушылар! ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына орай ?йымдастырылып отыр?ан «?здік тарихшы» атты инттеллектуалды сайысымыз?а ?ош келіпсіздер! Рухы мен тілін жанындай с?йген, Адамдар неге санаулы? ?лт ?шін д?уір отына к?йген, Аталар болды алаулы. Армандай ас?ар, Жолдар?а бастар, Ісі?нен ?рпа? от алар. ?алмайсы? к?штен, Шы?пайсы? естен, Та?дыры шыншыл аталар.- деп сонау тарх?а ??ілсек, 1465 - 66 жылдары ?озыбасыда ?аза? ханды?ы ??рылды. Жа?адан ??рыл?ан ?аза? ханды?ыны? та?ына Шы??ысханны? ?рпа?ы бол?анды?тан, Керей мен Ж?нібек с?лтандарды? екеуіні? де отыру?а ???ы болды. Біра? т?ртіп бойынша жасыны? ?лкендігі де ескерілді, сонды?тан хан та?ына Керей отырды. А?ылдасар тірегі Ж?нібек болды. Жер?йы?ты іздеген Асан ?ай?ы бабамыз Жетісуда бол?ан кезде: «Жетісуды? а?ашыны? басы жеміс екен» десе, екі с?лтан келіп орналас?ан жер Шу туралы: «Ей, Шу, аты?ды теріс ?ойыпты. Мына ну ?амысы? елді ешбір ж?т?а бере ?оймас» деген екен. ?асырды? ??рдасы, А?ындар жырла?ан, К?нені? сырласы Тарихты ты?да?ан. Шежіре шертеді, К?шесі, ?р тасы, ?ажайып ерте?і, Жетісу ал?асы.- жер?йы?ты іздеген Асан ?ай?ы ?аза? ханды?ы ??рыл?ан ?лке туралы осылай жырлапты. Олай болса кезкті ?аза? ханды?ыны? тарихын баяндайтын ?ле? жолдарына береміз. Орындайтын 10 сынып о?ушысы Таубек Жар?ынай ?ылымны? сырын ??ына, Шы?ы?дар білім шы?ына. ??ыптылы? пен зеректік, Жеткізер сіздердей ?ренді Же?істі? мынау шы?ына — деп б?гінгі ба? сынасар сайыскерлерімізді ?ол со?ып, ?ошеметтеп орта?а ша?ырайы?. Орнымыз?а жай?аспас б?рын ?діл-?азылар алдында?ы н?мірлерді? бірін та?дап сол н?мірге с?йкес орнымыз?а жай?асамыз. Сайыс?а ?атысатын о?ушылар: ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына Шайбани Абылхайр?а са?тадыма кек ?лы к?шті бастады Керей, Ж?нібек Болаша?ты болжа?ан, оны ?згерткен ?лылар?а ?рпа?тары табына бермек. Батыста шекара Жайы?тан ?айтты ?лы ?асым ханды?ты? жерін ?л?айтты. Т?укені? заманын дана хал?ымыз «Алтын ?асыр» болды деп, тауып айтты. М?мілегер, к?реген хандар т?сында Кетпеді ?аза? жері жау уысында Керісінше, М?скеумен, к?рші елдермен ?арым-?атынас орнады ?асым т?сында ?аза?ты? ба?ына ту?ан аналар ?аза?ты? хандары елге паналар Хал?ы?а ?ызмет ет, сені? міндеті? Деп, батасын берген ата-бабалар. Ж?нібек, Ха?назар орны бір б?лек Ханды??а ?осылды халы? лек боп лек Но?айлар, мон?олдар, Сібір халы?тары Тарихты? ба?ытын ??ынды, демек Т?нде ?йы?тамай, к?ндіз отырмай Жаулар?а со??ы берді ?лы Таукел Есімні? кезінде Ташкент ша?ары ?аза??а ?осылып шаттанды мы? ел. Тарих сахнасында міне, т?р Есім Т?рсын?а к?рсетпей зорлы? пен ?ысым Данышпан, к?реген ?асиеттерімен Же?ді ол жауларды са?аттарда сын. Отырар мен Т?ркістан Сайрам мен Соза? Атауын алды деп м??гіге ?аза? Жерінен шетінен жауын ?удалап Отанын ?ор?ады к?рседе азап «Абылайлап» жау?а шапты Абулм?нсурде Бабалар аруа?ы ?олдап ?мірде ?ш ж?зді? ханы болды, еді Сабала? Суреті аруа?ы тарих т?рінде Тарихта орны?ты, жері ке?ейді Жаулап алды жауыздар, бізді демейді. ?алалар, айма?тар ?олма-?ол ?тіп ?аза?ты? жаулары к?пке кемейді. Хандарды? ?айсысын айтпаса? та б?гін Аспанда б?лт тар?ап ашылады к?н Оларды? ерліктерін м??гі жырласа? М??гілік ел болу?а лайы?пыз, м?мкін ?ос?олан тауында жау ?скерімен мол Же?іске сеніммен бастап келді ?ол Он есе к?п жау?а тойтарыс берді Сал?ам Ж?нгір, батырлар, Орб?ла?та, сол Ол хандар м??гілік ?алды тарихта Ол хандар ?алмады ?иыннан ы?та ?ліде тере?ірек зерттесек та?ы Ашылады тарихты? ?арасы, а?ы ?аза?ты? хандары м??гі ма?таныш Хал?ыны? ерлігінен алып жігер-к?ш Олар за?гер, саясаткер, олар ?олбасшы Хал?ын біріктірді, ж?зге б?лмей ?ш. Сайыскерлер сіздерге с?ттілік тілейміз! Сайыста ба? сыналар,бап сыналар Бас ж?лдені ?нерлі,тап?ыр алар Кім ?нерлі,кім тап?ыр- шешу ?иын ?азылар ал?асы болмаса ны? саналар — дегендей кез – келген сайыс ба?алануы тиіс.Осыны? аражігін ажырататын ?азылар ал?асымен таныс болайы?. ?діл-?азылар: Ал ендеше сайысымызды бастамас б?рын ?атысушылар ?здерін таныстырсы.?мірлік ?станымдары,болшшша?та ?андай маман иесі болады. ?ылымны? сырын ??ына Шы?ы?дар білім шы?ына. ??ыптылы? пен зеректік Жеткізер сіздердей ?ренді Білімні? шы?ына-дей отырып б?гінгі сайысымызды бастаймыз! Сайыс кезе?дері: 1.Презентация ?ор?ау;( ?аза? ханыны? біріне презентация дайындау.?аза? хандары ?а?аз тастау ар?ылы аны?талады. 3- мин) 2. ?аза? хандарыны? хронологиясы 3. Математикалы? шкатулка 4.?лы т??аларды танисыз ба?(хандар туралы ?лы ойшылдарды? даналы? с?здерін ж?не хандарды? порттретін аны?тау) 5.?БТ с?ра?тары 6.?аза? хандарыны? за?дары І-кезе?. Презентация ?ор?ау; Шарттары: - ?аза? ханыны? біріне презентация дайындау. - ?аза? хандары ?а?аз тастау ар?ылы аны?талып алдын ала-дайынды??а берілген. - Регламинт 3минут.Е? жо?ар?ы ?пай 50 ?пай 1. ?бдік?рім Алтынай – ?біл?айыр хан 2. ?асым Ба?ытк?л- Б?кей хан 3. Рысбаева Аида- ?асым хан 4. М?рат ?лбике- Т?уке хан 5. ?уесбек Самат- Абылай хан 6. Абдиназарова ??ралай - Ж??гір хан 7. ?бдеш Ба?дат- Кенесары 8. Кемелбек Ба?ытжан- Керей мен Ж?нібек ІІ-кезе?.?аза? хандарыны? хронологиясы Сайыс шарттары: - Сайыскерлерге хандарды? хронологиясы бойынша 30 ханны? аты-ж?ні жазыл?ан тапсырма пара?шалары таратылады; - Сайыскерлер 7 минут ішінде хандарды? билік еткен жылдарын жазып ?лгерулері керек; - Ба?алануы 27-30 арасы-100 балл 26-20 арасы-80балл 19-15 арасы-60балл 14-10 арасы-40 балл 9-5 арасы -20балл 4-2 арасы-10 балл ІІІ-кезе?.«Математикалы? ?обдиша» Сайыс шарттары: -?пай саны белгіленген ?обдишаны? бірін та?даймыз - Берілген есепті шы?арып,шы??ан сан жылды к?рсетеді,я?ни сол жылы ?андай о?и?а бол?анын айтып береміз - тапсырма орындау?а 1минут беріледі - егер жауап бере алма?ан жа?дайда жалауды бірінші болып к?терген ?арсыластарыны? жауап беруіне болады Ерлерді ?мытса да ел, сел ?мытпас, Ерлерді ?мытса да ел, жел ?мытпас, Ел ?шін жанын ?иып, жауды ?у?ан, Ерлерді ?мытса да ел, ш?л ?мытпас-деп келесі кезе?іміз ?лы т?л?аларды танисыз ба? ІV-кезе?. ?лы т?л?аларды танисыз ба? V-кезе?. ?БТ с?ра?тары VІ-кезе?. ?аза? хандарыны? за?дарынан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс ж?мыс. Та?ырыбы "?здік тарихшы" »

Күні:24.02.2015

Сабақтың тақырыбы: «Үздік тарихшы»

Сайыстың мақсаттары мен міндеттері:


- Қазақ хандығының 550 жылдығын ұлықтау;

- Қазақ хандарының сан қырлы сипатын және қайраткерлік тұлғаларын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау;

- Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін дамыту;

- ең талапты және дарынды оқушыларды іріктеу және оларға қолдау көрсету;

- оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету;

- оқушылардың ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алу дағдыларын дамыту;

- оқушыларды елжандылыққа, жоғары адамгершілік қасиеттерге баулу;

- оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыру және тарихи білімдерді дәріптеу.


Сабақтың түрі: инттеллектуалды сайыс


Сайыс кезеңдері:


1.Презентация қорғау;( Қазақ ханының біріне презентация дайындау.Қазақ хандары қағаз тастау арқылы анықталады. 3- мин)

2. Қазақ хандарының хронологиясы

3. Математикалық шкатулка

4.Ұлы тұғаларды танисыз ба?(хандар туралы ұлы ойшылдардың даналық сөздерін және хандардың порттретін анықтау)

5.ҰБТ сұрақтары

6.Қазақ хандарының заңдары





Армысыздар құрметті қонақтар,ұлағатты ұстаздармен сайысқа қатысушы оқушылар! Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Үздік тарихшы» атты инттеллектуалды сайысымызға қош келіпсіздер!


Рухы мен тілін жанындай сүйген,

Адамдар неге санаулы?

Ұлт үшін дәуір отына күйген,

Аталар болды алаулы.

Армандай асқар,

Жолдарға бастар,

Ісіңнен ұрпақ от алар.

Қалмайсың көштен,

Шықпайсың естен,

Тағдыры шыншыл аталар.- деп сонау тархқа үңілсек, 1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығы құрылды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.


Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.

Ғасырдың құрдасы,

Ақындар жырлаған,

Көненің сырласы

Тарихты тыңдаған.

Шежіре шертеді,

Көшесі, әр тасы,

Ғажайып ертеңі,

Жетісу алқасы.- жерұйықты іздеген Асан Қайғы Қазақ хандығы құрылған өлке туралы осылай жырлапты.


Олай болса кезкті Қазақ хандығының тарихын баяндайтын өлең жолдарына береміз.

Орындайтын 10 сынып оқушысы Таубек Жарқынай



Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына — деп бүгінгі бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық . Орнымызға жайғаспас бұрын әділ-қазылар алдындағы нөмірлердің бірін таңдап сол нөмірге сәйкес орнымызға жайғасамыз.







Сайысқа қатысатын оқушылар:

  1. Әбдікәрім Алтынай – А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 11

сынып оқушысы

  1. Қасым Бақыткүл- Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 11 сынып

  2. Рысбаева Аида- Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып

  3. Мұрат Ұлбике- Лицей мектебінің 10 сынып оқушысы

  4. Әуесбек Самат- С.Сейфулин атындағы орта мектебінің 11 сынып

  5. Абдиназарова Құралай- А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 11

  6. Әбдеш Бағдат- М.Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сынып

  7. Кемелбек Бақытжан- М.Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сынып

Сайысымызды ашып беру үшін сөз кезегін:

  1. Аудандық білім бөлімінің бөлімінің ардагерлар кеңесінің төрағасы Нұрпейісов Құрал Қошанұлы

  2. Аудандық білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі: Сағынбек Сәуле Жақсылыққызы

  3. Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің директоры:Жанұзақов Елеукен Байжанұлы



Қазақ   хандығының  550   жылдығына

Шайбани  Абылхайрға  сақтадыма  кек

Ұлы  көшті  бастады  Керей,  Жәнібек

Болашақты  болжаған, оны  өзгерткен

Ұлыларға  ұрпақтары  табына  бермек.

 

Батыста  шекара  Жайықтан  қайтты

Ұлы  Қасым  хандықтың  жерін  ұлғайтты.

Тәукенің  заманын  дана  халқымыз

«Алтын  ғасыр»  болды  деп,  тауып  айтты.

 

Мәмілегер, көреген  хандар  тұсында

Кетпеді  қазақ  жері  жау  уысында

Керісінше,  Мәскеумен, көрші  елдермен

Қарым-қатынас  орнады  Қасым  тұсында

 

Қазақтың  бағына  туған  аналар

Қазақтың  хандары  елге  паналар

Халқыңа  қызмет  ет, сенің   міндетің

Деп,   батасын   берген  ата-бабалар.

 

Жәнібек,  Хақназар  орны  бір  бөлек

Хандыққа  қосылды  халық  лек    боп  лек

Ноғайлар, монғолдар, Сібір   халықтары

Тарихтың  бағытын   ұғынды,   демек

 

Түнде  ұйықтамай, күндіз  отырмай

Жауларға  соққы  берді  ұлы  Таукел

Есімнің  кезінде  Ташкент  шаһары

Қазаққа  қосылып  шаттанды  мың  ел.

 

Тарих  сахнасында  міне, тұр  Есім

Тұрсынға  көрсетпей  зорлық  пен  қысым

Данышпан, көреген  қасиеттерімен

Жеңді  ол  жауларды  сағаттарда  сын.

 

Отырар  мен  Түркістан  Сайрам  мен  Созақ

Атауын  алды  деп  мәңгіге  қазақ

Жерінен   шетінен  жауын  қудалап

Отанын  қорғады  көрседе  азап

 

«Абылайлап»  жауға  шапты  Абулмәнсурде

Бабалар  аруағы  қолдап  өмірде

Үш  жүздің  ханы  болды,  еді  Сабалақ

Суреті  аруағы   тарих  төрінде

 

Тарихта   орнықты, жері  кеңейді

Жаулап  алды  жауыздар,   бізді  демейді.

Қалалар, аймақтар  қолма-қол  өтіп

Қазақтың  жаулары  көпке   кемейді.

 

Хандардың  қайсысын  айтпасақ  та  бүгін

Аспанда  бұлт  тарқап  ашылады  күн

Олардың   ерліктерін   мәңгі   жырласақ

Мәңгілік  ел  болуға   лайықпыз, мүмкін

 

Қосқолан  тауында  жау  әскерімен  мол

Жеңіске  сеніммен  бастап  келді  қол

Он  есе көп  жауға  тойтарыс  берді

Салқам  Жәнгір, батырлар,  Орбұлақта,   сол

 

Ол  хандар  мәңгілік  қалды   тарихта

Ол  хандар   қалмады   қиыннан   ықта

Әліде  тереңірек  зерттесек   тағы

Ашылады  тарихтың   қарасы, ағы

 

Қазақтың   хандары   мәңгі   мақтаныш

Халқының   ерлігінен  алып  жігер-күш

Олар  заңгер, саясаткер, олар  қолбасшы

Халқын  біріктірді, жүзге  бөлмей  үш.



Сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз!

Сайыста бақ сыналар,бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі,тапқыр алар

Кім өнерлі,кім тапқыр- шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нық саналар —  дегендей кез – келген сайыс бағалануы тиіс.Осының аражігін ажырататын қазылар алқасымен таныс болайық.

Әділ-қазылар:

  1. Чабанбаева Ботагөз Бегімханқызы- аудандық білім бөлімінің тарих, құқық пәндерінің әдіскері

  2. Момбаева Ләйлә Жанысбаевна- Ақкөл орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

  3. Құрманбеков Ғабиден – Ойық аулындағы Д.Қонаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

  4. Бекберген Сағат Серікбайұлы- Көктал ауылы М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі


Ал ендеше сайысымызды бастамас бұрын қатысушылар өздерін таныстырсы.Өмірлік ұстанымдары,болшшшақта қандай маман иесі болады.

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Білімнің шыңына-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!

Сайыс кезеңдері:


1.Презентация қорғау;( Қазақ ханының біріне презентация дайындау.Қазақ хандары қағаз тастау арқылы анықталады. 3- мин)

2. Қазақ хандарының хронологиясы

3. Математикалық шкатулка

4.Ұлы тұғаларды танисыз ба?(хандар туралы ұлы ойшылдардың даналық сөздерін және хандардың порттретін анықтау)

5.ҰБТ сұрақтары

6.Қазақ хандарының заңдары


І-кезең. Презентация қорғау;


Шарттары:

  • Қазақ ханының біріне презентация дайындау.

  • Қазақ хандары қағаз тастау арқылы анықталып алдын ала-дайындыққа берілген.

  • Регламинт 3минут.Ең жоғарғы ұпай 50 ұпай


  1. Әбдікәрім Алтынай – Әбілқайыр хан

  2. Қасым Бақыткүл- Бөкей хан

  3. Рысбаева Аида- Қасым хан

  4. Мұрат Ұлбике- Тәуке хан

  5. Әуесбек Самат- Абылай хан

  6. Абдиназарова Құралай - Жәңгір хан

  7. Әбдеш Бағдат- Кенесары

  8. Кемелбек Бақытжан- Керей мен Жәнібек







ІІ-кезең.Қазақ хандарының хронологиясы

Сайыс шарттары:

  • Сайыскерлерге хандардың хронологиясы бойынша 30 ханның аты-жөні жазылған тапсырма парақшалары таратылады;

  • Сайыскерлер 7 минут ішінде хандардың билік еткен жылдарын жазып үлгерулері керек;

  • Бағалануы 27-30 арасы-100 балл 26-20 арасы-80балл

19-15 арасы-60балл 14-10 арасы-40 балл

9-5 арасы -20балл 4-2 арасы-10 балл



Қазақ хандарының хронологиясы

1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы
1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы
1518-1523ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды
1523-1532ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды

1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды
1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды

1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы
1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды
1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды
1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі
1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы
1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы
1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды
1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды
1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды
1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды
1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды
1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды
1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды
1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі
1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі
1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі
1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі
1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі
1812-1815ж – Бөкей билігі

1824-1845ж- Жәңгір хан билігі Бөкейдің баласы
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі,

Қасым төренің баласы



Бағалануы

27-30 арасы-100 балл 26-20 арасы-80балл

19-15 арасы-60балл 14-10 арасы-40 балл

9-5 арасы -20балл 4-2 арасы-10 балл

Билік еткен жылдары

Билік еткен хандар есімдері

1


Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.

2


Жәнібек хан – Барақ ханның баласы

3


Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы

4


Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы

5


Қасымның баласы Мамаш хан болды

6


Қасымның немере інісі Тақыр хан болды

7


Қожа Мақмұт хан болды

8


Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы

9


Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды

10


Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды

11


Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі

12


Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы

13


Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы

14


Батырдың билігі

15


Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы

16


Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды

17


Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды

18


Нұралы Кіші жүзге хан болды

19


Ералы Кіші жүзге хан болды

20


Есім Кіші жүзге хан болды

21


Айшуақ Кіші жүзге хан болды

22


Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды

23


Орта жүз ханы Қайып хан билігі

24


Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі

25


Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі

26


Орта жүз ханы Абылай билігі

27


Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі

28


Бөкей билігі

29


Жәңгір хан билігі Бөкейдің баласы

30


Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі Қасым төренің баласы



ІІІ-кезең .«Математикалық қобдиша»

Сайыс шарттары:

-ұпай саны белгіленген қобдишаның бірін таңдаймыз

- Берілген есепті шығарып,шыққан сан жылды көрсетеді,яғни сол жылы

қандай оқиға болғанын айтып береміз

- тапсырма орындауға 1минут беріледі

- егер жауап бере алмаған жағдайда жалауды бірінші болып көтерген қарсыластарының жауап беруіне болады







  1. 2*5+17*2*50+10+3*1=1723 (Ақтабан шұбыранды оқиғасының басталған уақыты)

  2. 10*10*(2*5+7)+4*5+16/2=1728(Бұланты шайқасы)

  3. 850/5+15*100+12*5+1=1731(Кіші жүздің Ресейге қосылуы)

  4. (2015-1997)*100-(10/15+7)=1643(Орбұлақ шайқасы)

  5. (13+5)*(27+73)+8*5+1=1841(Жәңгір ханның зайырлы мектеп ашуы)

  6. 15*200-599*2=1802(Кенесары дүниеге келген жыл)

  7. 1400+15*20+11*1=1711(Абылай ханның дүниеге келуі)

  8. 10000-(4094*2)=1812(Бөкей хандығының құрылуы)

  9. 5*20*(6*2+6)+7+15*2=1837(Тастөбе түбіндегі шайқас)

  10. 20000-(20*900+100*3+73)=1627(Қатағанның қырғыны)

  11. 1227+273+105*2=1710(Қарақұмдағы құрылтай)

  12. 25*56+20*15+3*10=1730(Аңырақай шайқасы)

  13. 25*60+124*2=1748(Нұралы ханның кіші жүзге хан сайлануы)

  14. 18*50+16*50+14*5+1=1771(Шаңды жорыққа қазақтардың қатысуы)

  15. 16*50+(1103-300)=1603(Ең алғашқы қазақ-бұқар соғысы болған жыл)

  16. 15*10+(4000-2639)=1511(Қасым ханның хан сайлануы)



Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,


Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,


Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,


Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас-деп келесі кезеңіміз Ұлы тұлғаларды танисыз ба?



ІV-кезең. Ұлы тұлғаларды танисыз ба?

Сайыс шарттары:

  • ұпай көрсетілген бір ұяшықты таңдап,сол ұяшықта берілген сұрақтарға жауап береміз

  • егер сұраққа жауап бере алмаса, жалауды бірінші болып көтерген қарсылыстарына мүмкіндік беріледі



  1. «Абылайдай шексіз билікке ие болған қазақ ханы болмаған»сөзінің авторы кім? (Ш.Уалиханов)

  2. «Кенесарыға көзсіз ерлік тән» - деп айтқан орыс зерттеушісі: (Л.Мейер)

  3. «Кенесары қырғыздармен үш тәулік бойы шайқасты... Ханның көптеген серіктері тұгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандармен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты» - деп жазған орыс зерттеушісі: (Л.Мейер)

  4. «Қазақ сұлтандары мен хандарының бірде біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы ааатты іскер саны 300 мыңға жуық еді» -деп жазған кім? (Бабыр)

  5. «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болған Қсым хан еді. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған» -деп жазған кім? (Қадырғали Жалайыри)

  6. ...Күңіреніп ойлағанда алаш жайын,

Жанымды орай берсе ұлы уайым.

Кеудемде күннің нұры толғандай боп,

Жырлаймын алты алаштың Абылайын.

Арсыға асқандаймын, тауап қылсам,

Абылайдың Бурабайын ...-деп жырлаған ақын:

(Мағжан Жұмабаев.)

«Хан Абылай атандың,

Дүниеден шықпай мініңіз.

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрады

Жетім мен жесірге,

Ешбір жаман қылмадың.

Әділдікпен жүргіздің,

Әдепті іске кіргіздің» - деп толғаған жырау. (Бұқар жырау)

  1. «Бұл Хакназар хандық мәртебеге көтерілген соң күшейгені соншалық, тек ноғайларды ғана емес, Башқұрт елін, Қазан, Сібір және Астрахан патшалықтарын, Бұхараны, Хиуаны, Ташкенді және басқа көптеген қалаларды өз билігіне қаратты және олардан алым-салық жинатты» — деп жазған орыс зерттеушісі (П.И.Рычков)

  2. «Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің белгісі- ол

халық сахнасында әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде

таңбаланған, ұлттық тарихымызды жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды,әз-Жәнібек хан деп аталады.»- деп жазған жазушы. (Жазушы М.Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі»)

  1. « Қасым хан тұсында Хан ордасы бірде Жетісуда, Қаратал өңірінде, бірде Шу бойында, енді бірде Арқада,Ұлытау етегінде, кейде батыста, Жайық жағасында болды»-деп жазған жазушы (Мұхтар Мағауин. «Қазақ тарихының әліппесі»)

  2. «Ол күнде қарындастан қайыр кетер, ханнан күш,қарағайдан шайыр кетер,ұлы, қызың орысқа бодан болып, қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?»-деп жазған жырау,абыз (Асан Қайғы)

  3. «Қанішер Абылай- ХVІІ ғасырдың басында Сауран мен Түркістанды билеген қазақ сұлтаны, батыр. Үргеніш өңірінде туған,Жәдік әулетінен.Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін де қанішер деген қаһарлы да, құрметті атаққа ие болған» -деп жазған ағартушы,ғалым (Ш.уалиханов)

  4. «Абылай қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға ,енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге де бас иген жоқ»- деп жазған орыс ғалымы (И.Крафт)

  5. «Абылай қазақ даласына ұлы істер тындыру үшін жіберілген құдәретті билеуші»-деп жазған ағартушы,ғалым (Ш.уалиханов)

  6. Тәуке хан туралы «Ол оларды, тайпаларды,өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылға созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді.»-деп жазған орыс тарихшысы (А.И.Левшин)

  7. Тәуке хан туралы «Ол....ру- тайпалар жерінің аумағын нақты белгілеп,жер пайдаланудың тәртібін енгізді»-деп жазған орыс зерттеушісі (И.Крафт)



V-кезең. ҰБТ сұрақтары

Сайыс шарттары:

  • ҰБТ –да кездесетін сұрақтардан тұрады

  • Әр сайыскер өзінің реттік нөмірі бойынша сұрақтарға жауап береді

  • Әр дұрыс жауапқа он ұпай

  • егер сұраққа жауап бере алмаса, жалауды бірінші болып көтерген қарсылыстарына мүмкіндік беріледі

1.Қазақ хандығының құрылған жері (Жетісудың батысы)

2.Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсу себебі (Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі)

3.Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күрес жүргізген қазақ ханы (Шығай)

4.Керей мен Жәнібек бөлініп шыққан мемлекет (Әбілқайыр хандығы)

5.Аббдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын қай ханға сыйға тартты? (Тәуекел ханға)

6.1643 жылы Арал өңірінің қазақтары сайлаған хан (Әбілғазы)

7.Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі (сұлтан)

8.Қазақ хандығында бірнеше ұлысты құрған басқару құрылымы (жүз)

9.ХVғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы (Мұхаммед Шайбани)

10.ХVІ ғасырдың басында сыр бойындағы қалалар үшін күрескен хандар (шайбани мен Қасым)

11.Хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты жазған жазушы (Ілияс Есенберлин)

12.1580 жылы Хақназар ханды астыртын өлтіруге бұйрық берген кім?(Баба сұлтан)

13.ХVІ ғасырдың соңында Қазақ хандығының астанасына айналған қаланы ата. (Түркістан)

14.1594 жылы Мәскеуге Тәуекел ханның елшілігін кім басқарып келді? (Құл –Мұхаммед)

15.1597-1598 жж.қысында Тәуекел хан абдаллах ханның әскерін талқандаған жер. (Ташкент қаласының түбінде)

16.Орта жүзде хандық билік қай жылы жойылды? (1822ж)

17.ХVІІ ғасырдың ортасында Қазақ хандығын басқарған, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырған ханды ата. (Жәңгір хан)

18.1603-1624тжылдары Қазақ хандығымен шайқасқа түскен хандық. (Бұқар хандығы)



VІ-кезең. Қазақ хандарының заңдарынан

Сайыс шарттары:

  • Әр сайыскер өзінің реттік нөмірі бойынша сұрақтарға жауап береді

  • Әр дұрыс жауапқа он ұпай

  • егер сұраққа жауап бере алмаса, жалауды бірінші болып көтерген қарсылыстарына мүмкіндік беріледі



  1. «Жеті жарғы» бойынша қанша куәгер болған жағдайда «Құдайға тіл тигізген кісі таспен атттып өлтіріледі, кәпір болған адам мал –мүлкімен айдалады» делінген. (7)

  2. Қасым ханның Қасқа жолы атты заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған деп айтқан академик кім? (Ә.Х.Марғұлан)

  3. Қазақша «Жарғы» деген қандай ұғымды білдіреді? (әділдік)

  4. Қасым ханның Қасқа жолы неше бөлімнен тұрады және оларды атап бер.

(5-бөлімнен,1-мүлік заңы,2-қылмыс заңы,3-әскери заң,4-елшілік жоралары,5-жұртшылық заңы.)

  1. «Жеті жарғы»бөлімдерін афтып бер.(1-жер дауы,2-үй іші мен бала тәрбиесі,3-Ұлық-қарлық барымта,4-Бір халықпен басқа ру арасындағы дау,5-Ұлтын жаудан қорғау,6-құн дауы,7-жесір дауы)

  2. Қасым ханның Қасқа жолындағы «жұржылық заңы» қандай мәселелерді қарастырады? (шүлен тарту,ас,той, мереке,думан үстіндегі ережелер,ат жарыс,бәйге ережелері, жасауыл)

  3. ХV-ХVІІІ ғасырларда қолданылған ежелгі жарғының үзінділері халық аузында мәтел сөздер қалпында сақталған.Сол мәтелдерді айтып бер. («Қара қылды қақ жарып», «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру», «Тура биде туған жоқ»)

  4. Қасым ханның қасқа жолы бойынша Әскери заң қандай мәселелерді қарастырды?(аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);

  5. Жеті жарғы бойынша көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге қандай жаза қолданған?Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туған. (Өлім жазасы)

  6. Жеті жарғы бойынша түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендерге қандай жаза қолданылған? Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі.(Өлім жазасы).

  7. Жеті жарғы бойынша христиан дінін қабылдаған адамға қандай жаза қолданылған? ( мал-мүлкі тәркіленген.)

  8. Жеті жарғы бойынша к үйеуін өлтірген ж.кті әйел қандай жазаға тартылған? ( елден қуылған)

  9. Жеті жарғы бойынша өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге қандай жаза қолданылған? Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күшіретіне бағаланады. (Өлім жазасы).

  10. Жеті жарғы бойынша төбелесте біреудің көзін шығарған кісі қандай айып төлеген? ( қызын береді,ал қызы жоқ болса, қыздың қалың малын береді.)

  11. Жеті жарғы бойынша төбелесте төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа не берген? (ат береді.)

  12. . Жеті жарғы бойынша әкесіне қол жұмсаған ұл балаға қандай жаза қолданылған? (қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған.)



Егерде ұпайлары тең түссе:

1.ХVІІ ғасырдың ортасында Қазақ хандығын басқарған, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырған ханды ата. (Жәңгір хан)

2.1603-1624тжылдары Қазақ хандығымен шайқасқа түскен хандық. (Бұқар хандығы)

«Білгенге білім,байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай,

Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің ордасындай»-

деп бабамыз Омар Шораяқұлы жырлағандай, бүгінгі күні өнер мен білімді бойына жинақтай білген сайыскерлеріміздің білімдерін қорытындылайық !

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші

Үздік тарихшы деп жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті

Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші.







Құттықтайық ал енді,

Үздік тарихшы болған ұланды.

Өрге жүзіп өнерлі,

Тауға өрлесін талабы.

Қуаныштан жанары

Шоқтай болып жанады, — дей отырып бүгінгі «Үздік тарихшы » атты интеллектуалды сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріліп,ойынның жеңімпазы анықталады. «Үздік тарихшы» лентасы,грамоталармен марапатталады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Сыныптан тыс ж?мыс. Та?ырыбы "?здік тарихшы"

Автор: Омарова Салтанат ?анатбек?ызы

Дата: 23.04.2015

Номер свидетельства: 204907


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства