Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сабаққа ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сүрау.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру:
Сөзжасам дегеніміз не?
Сөздер тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
Қосымшаның қанша түрі бар?
Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді?
Мысал келтіріңдер
IV. Жаңа сабаққа мақсат қою кезеңі: Оқушылардың жаңа сабаққа қойған мақсаттарын айқындау.
V.Жаңа сабақты меңгерту:
Сөздің бастапкы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастъщ, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бүлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір магынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанган -дас, -тьщ(жолдастъщ деген сөзде), -ын, -щы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген сөзде), -ін, -ген(көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке түрганда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тың, -ын, т. б. косымшаларда ешбір мағына жок. Кей косымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа магына қосады. Мысалы, жол - із я сапар болса, жолдас - жолга бірге шығатын адам я серік дегенді білдіретін жаңа мэнге ие болған сөз; мектеп - оку окитын орын болса, -тер деген косымша сол мектептің біреу емес, көп екенін гана білдіреді.
Қосымша екі түрлі: журнақ жэне жалғау. Жүрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды. Жүрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жүрнақтар жэне сөз түрлендіруші жүрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оган жаңа магына беретін жүрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Мысалы: жол-дас-тьщ, сау-ын-шы деген сөздердегі -дас пен -тың, және -ын мен -шы жүрнактары жаңа сөз тудырып түр.
Жол деген із немесе сапар мағынасын береді. Оған -дас қосымшасы қосылса, жолдас - серік мэніндегі адам, оған -тық қосылса, жолдастық адамдар арасында болатын қарым-қатынас болып шығады. Сау деген сүт алу мэнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын косылса, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық үгымды, оган —шы косылып саууды іске асыратын адамды (сондай мамандықтың иесін) білдіреді. Осындай жүрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады Сөйтіп, жол, сау деген сөздер - негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастьщ, сауын, сауыншы деген сөздер - ту-ынды түбірлер.
Бір сөзге бірнеше жүрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған эр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі - өн.
VI. Жаңа сабақты бекіту: Оқулықпен жұмыс. Жаттығулар орындау.
49-жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.