Иә, дұрыс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тіл жанашыры – ел жанашыры». Сабағымыз тіл жанашыры Асылы Османға арналады.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны ретінде Асылы Османның : «Қазақ тілі жүрек, өзге тілдер оған тірек!» деген сөзін алдым.Қазақтың ана тілін бірден-бір дәріптеп, қорғап, болашағын ойлап жүрген, қаны қазақ болмаса да жаны қазақ Асылы Осман апамыз туралы біраз мәлімет алып отырайық.
Асылы Әлиқызы Осман 1941 жылы 13 тамызда Грузияның Ахалкалак ауданында Хавет ауылында дүниеге келген. 1944 жылы қараша айында отбасы Қазақстанға жер аударылады. Содан бері Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы Азаттық ұжымшарының Жаңаталап бөлімшесінде тұрады.
1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Жаңаталап жетіжылдық орталау мектебін тәмамдады. 1957-1961 жылдары Түрікстан педучилищесінде оқып, оны бастауыш мектеп мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Сол жылдың қыркүйегінен бастап 1963 жылдың шілдесіне дейін аталған облыстың Түлкібас ауданы Жаңаталап ауылында мұғалима болып қызмет істеді.
Ол қазақ тілінің мәртебесі жайлы өзекті мәселе көтеріп, Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысып, радио-теледидардан хабарлар беріп, газеттерге үзбей мақала жазып, «Қазақ тілі» мен «Қазақстан мұсылман әйелдері», «Адамын құқығын қорғау» қоғамдарына белсене ат салысып жүрген ғалымдарымыздың бірі.
Асылы Әлиқызы Алматы облыстық Әзірбайжан этно-мәдени орталығының, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, «Мемлекетік тіл» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Мемлекеттік тілді дамыту қорының» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының және Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағы берілген.
«Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен және Құрмет грамотасымен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Алғыс» грамотасымен, «Отан» республикалық саяси партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен, Қазақстан халқы Алматы облыстық кіші Ассамблеясының грамотасымен марапатталған.
IV.Түртіп алу стратегиясы Оқушылар слайдтан өздеріне керек мәліметті түртіп, жазып алады.
Мұғалім сөзі: Ендігі кезекте Асылы Османның тіл туралы, қазақ тілі туралы айтқан жүрекжарды сөздерін оқып, танысайық. (слайд)
V. Осы сөздерден не ұқтым? Тест-интервью.
Асылы Османның ерекшелігі
Оның сөздері бізге қандай тәрбие береді?
VІ. Кластер құру.
«Тілді сақтап қалу үшін не істеу керек?» тақырыбына кластер құру.
VІІ. Бекіту.
РАФТ стратегиясы бойынша Асылы Османға хат жазу
Рөл– оқушы
Аудитория – халық
Формасы – хат
Тақырыбы – тілді құрметтейік!
VІІІ. Қорытынды.
«Қазақ тілі – жүрек, өзге тілдер оған тірек!» сөзінің мәнін ашу (Оқушылар бір-бір сөйлеммен өз ойларын айтады)
IX. Бағалау.
Сабақ ұнаса – қызыл стикер, ұнамаса – жасыл стикер
X. Үй тапсырмасы.
«Тілім менің – тірегім» тақырыбына эссе жазып келу