kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад на тему "? .Б?кейхан-?лт м?ддесіні? жанашыры"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лихан Б?кейхан - ?лт м?ддесіні? жанашыры.

?аза? азатты? ?оз?алысыны? е? салма?ты ж?не к?рделі кезе?і ?ткен ?асырды? ал?аш?ы ширегінде д?ниеге келді. ХХ ?асырды? басында ?аза? даласында екі а?ымны? бол?аны белгілі. Бірі Б??арменТ?ркістан ?лкесіне бет б?р?ан д?ст?ршіл, панисламшыл а?ым, екіншісі негізінен Батыс ?ркениетін ?лгі т?т?ан жа?ашыл, пант?ркішіл а?ым. Осы екінші а?ымны? басында ?лихан баста?ан орыс мектептерінен т?лім т?рбие ал?ан озы? ойлы ?аза? зиялылары т?рады. Б?л - ?аза?ты? тарихи зердесіндегі ?лт зиялыларыны? отарлы? езгіге т?скен халы?ты? бостанды?ы мен ?лтты? рухын ?алпына келтіруге тырыс?ан ?о?амды? – саяси іс-?рекеттері болатын. Осы ел ?шін басын ??рбан ?ыл?ан ат т?беліндей зиялылар тобын баулы?ан – ?. Б?кейхан еді. ?. Б?кейхан баулы?ан ХХ ?асыр басында?ы ?аза? зиялылары ?ай жерде ж?рсе де, ?ай салада е?бек етсе де ту?ан хал?ыны? та?дыры туралы ойлануды бір с?т те ?мыт?ан жо?. ?лтты? мемлекет ??ру ?лихан Б?кейхан ж?не сонынан ерген буржуазиялы?-демократиялы? ба?ытта?ы интелегенция ?кілдеріні? т?пкі ма?саты болды. ?.Б?кейхан ?лт м?селелеріні? жо?таушысы ?ана емес, б?кіл ?аза? еліні? саяси ?айраткері ретінде осы к?рес жолында?ы к?ш бастаушысы да болды. О?уын бітіріп,Омбы?а орал?анда ?. Б?кейхан Ресей империясыны??аза? даласына ж?ргізген отаршылды? саясатына деген ?зіндік к?з?арасы ?алыптас?ан, марксизмні? экономикалы? ?а?идаларымен ?арулан?ан, саяси астыртын к?ресті? т?рлері мен ?дістерін ?йреніп, білген, к?рес тартыстан біршама т?жірибесі бар саяси к?рескер болатын. Ол Омбы?а келісімен ?аланы? саяси ?леуметтік, ?о?амды? ж?мысына белсене араласады. «Народная свобода»(Халы? бостанды?ы) партиясыны??атарына ?тіп, ?зі ?аза? зиялылары мен саяси белсенділеріні? арасында осы партияны? ша?ын тобын ?йымдастырады. ?лиханны? саяси к?з?арасыны? пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, ?о?ам, мемлекет ?айраткері ?рі ?аза? ?лт азатты? ?оз?алысыны? ?йымдастырушысы ж?не к?семі ретінде танылуына, саяси к?рескер ретінде шы?далуынаОмбыда?ык?ндері ерекше ы?пал етеді. ?сіресе ?лт к?семіні? Омбы б?ліміндегі ?ызметі туралы то?тап кетуге болады.

?. Б?кейханны? саяси ?мірбаянында 1916-жылды? д?рбеле?і ж?не майданда?ы ?ара ж?мыс?а алын?ан ?аза? жастарына к?рсеткен азаматты? ?ызметі ерекше орын алады. ?аза? хал?ыны? 1916 жыл?ы ?арулы к?терілісіне ?лихан Б?кейхан баста?ан ?лт зиялыларыны? «?аза?» газеті ар?ылы ?зілді-кесілді ?арсы шы?уы да ?лтты жаппай ?ыр?ыннан аман алып ?алуды? саяси бейбіт жолын ?сынуынан еді. ?. Б?кейхан А?пан т??керісінен?лкен ?міт к?теді. Осы кезден бастап ?.Б?кейхан Уа?ытша ?кіметті? саяси ?міріне белсене араласа бастайды. Біра? ол ?міті а?талмайды.Уа?ытша ?кімет, оны? ішінде ?зі м?шесі болып ж?рген кадет партиясыны? к?семдері ?аза??а автономия беруге ?арсы болады. «Мен кадет партиясынан неге шы?тым?» деген «?аза?» газетіне берген ма?аласында: «Кадет партиясы жер адам?а меншікті болып берілсе де, ж?н дейді. Бізді? ?аза? жерді меншікті ?ылып алса, баш??ртша к?рші м?жы??а сатып, біраз жылда сыпырылып, жала?аш шы?а келеді», - дей келе: «Кадет партиясы ?лт автономиясына ?арсы. Біз алаш ?ранды ж?рт жиылып, ?лт автономиясын тікпек болды?»,-дейді. ?лихан ?аза? тарихында?ы т???ыш саяси ?йымАлаш партиясын?йымдастыру?а кіріседі. Артынша,1917 ж. желто?санындаб?кіл ?аза?тарды? ??рылтайындаАлаш автономиясын жариялады. «?аза?» газеті ?зіні? бас ма?аласында партияны? атын «Алаш» ?ойып, о?ан тілектестерді ??рылтай жиналысына депутатты??а кандидаттар тізімін осы партияны? атынан жасау?а ша?ырды. Сонымен бір мезгілде «?аза?» бас?армасынан барлы? облыстарда?ы ?аза? комитеттеріне ?аза? саяси партиясыны? атын «Алаш» деп ?ою туралы жеделхаттар жіберілді. ?з кезегінде ?. Б?кейхан ?шін кадет партиясынан шы?ып, ?лтты? Алаш партиясын ??ру мемлекеттік егемендікке жету жолында жасал?ан келесі саяси ?адам еді.   1917 жыл?ы 20 – 21 шілдеде Орынборда ?ткен І Б?кіл?аза? съезде ?алыптасты. Орынбор ?аласында ?ткен Жалпы ?аза? съезі ?аза? саяси партиясын ??ру туралы м?селе ?арап, мынадай шешім ?абылдайды: «?аза? хал?ыны? ?з алдына саяси партиясы болуын тиіс к?ріп, б?л партияны? жобасын жасауды съезд партия?а сайлан?ан ?аза? ?кілдеріне тапсырды. Партияны? негізі демократиялы? федеративтік парламенттік республика?а ??рылма?.». Алаш партиясыны? облысты? ?йымдары 1917 жылды? ?азан айынан ?алыптаса бастады. ?.Б?кейхановты? тікелей ?йымдастыруымен ж?не басшылы?ымен ?азанны? 12 – 20 аралы?ында партияны? 10-на ?арай Орынборда ашылды. Семей облысты? партия комитетіні? т?ра?асы болып Халел ?аббасов, Омбы обкомыны? т?ра?асы болып Айдархан Т?рлыбаев,  ал Тор?ай обкомыны? т?ра?асы болып ?. Б?кейхан сайланды. Партияны? арнайы съезін ша?ырып, бас?ару орындарын сайлау?а, жар?ысы мен ба?дарламасын бекітуге ?олайлы жа?дайды? болмауынан Б?кілресейлік ??рылтай жиналысына депутатты??а кандидат есебінде тіркелген топ партияны? бас?арушы ?йыт?ысы саналды. Алаш орда ?кіметіні? ??рылуына тікелей т?рткі бол?ан, 1917 жыл?ы 5-13 желто?сан аралы?ында Орынборда ?ткен ?аза? мемлекеттілігі туралы м?селе ?арал?ан ІІ Жалпы?аза? – ?ыр?ыз съезіні? ?йымдастырушылар - ?. Б?кейхан, А.Байт?рсынов, М. Дулатов бол?ан. Ендігі м?селе Алашорданы? (Алашты? ордасы ж?не ?кіметіні?) т?ра?асын балама негізде сайлау басталады: ?кімет т?ра?асына 3 ?айраткерді? – ?. Б?кейханны?, Б.??лмановты? ж?не А.Т?рлыбаевты? кандидатуралары ?сынылды. Жасырын дауыс н?тижесінде ?лихан Б?кейхан – 40 дауыс, Айдархан Т?рлыбаев – 20, Ба?тыгерей ??лманов – 19 дауыс алды. К?п дауыс ал?ан ?. Б?кейхан Алаш автономиясыны? ?кіметі – Алаш орданы? т?ра?асы болып сайланды. Ал?аш?ы баяндаманы ?. Б?кейхан жасап, ол ж?нінде: «Алашорда б?гіннен бастап ?аза? – ?ыр?ыз хал?ыны? билігін ?з ?олына алады»-деп ?аулы ?абылдады.[5] 

?лихан Б?кейханны? бес ?станымы болды. Е? бірінші – Алаш ?лтты? демократиялы? мемлекет болуы тиіс. Ол ?шін е? алдымен жер болуы тиіс. Жерсіз Отан жо?. ?лихан Б?кейханны? ?й?арымы бойынша, ?аза?ты? байыр?ы жерін ?ашан ?аза?ты? ?зі ?ылым мен техника?а с?йеніп, толы? игермейінше, жер жекеменшікке, ?оныс аударушылар?а берілмеуі тиіс. Жер – Отан. Жерді сат?ан Отанды сат?анмен бірдей. Екінші ?станымы – Алаш жеріні? астында?ы, ?стіндегі, к?гіндегі барлы? байлы? ?аза?ты? ?зіне ?ызмет етуі тиіс. ?шінші ?станымы –?аза?ты? жерінде ?ндірілген бір уыс ж?н сол мемлекетті? азаматтарыны? ?стіне то?ыма болып то?ылып киілуі керек. Т?ртінші ?станымы – ?аза? мемлекетінде мемлекет ??рушы ?лтты? тілі, діні, ділі ?зге ?лттар?а ?ара?анда ?стем болуы керек дегенге сайды. Бесінші – е? негізгі ?станымы бойынша ?ылым?а, соны? ішінде т?уелсіз ?ылым?а, ?лтты? д?ст?рге негізделген, за??а с?йене отырып, ?лтты? демократиялы? мемлекет ??рылуы керек.    Алаш ?оз?алысы 1917-1919 жылдары халы?ты? ы?ыласына ие бол?ан, ?аза? ?о?амын д?р сілкіндірген, ел азаматтарыны? Алаш партиясы, Алашорда ?кіметіне ризашылы?ын білдіріп, ??птап ?ол со??ан кезі болды. ?аза? автономиясы м?селесін т???ыш к?теріп, оны іске асыр?ан ?. Б?кейхан найзаны? ?шымен, айбалтаны? ж?зімен бол?ан ?кіметке ?ызмет етуден бас тартады. ?. Б?кейхан баста?ан ?аза? зиялы ?ауымы тапты? м?дде емес, т?тас ?лт м?ддесін ?ор?ады. Осы ?ылы?ы ?шін 1920-22 жылдары «?лтшыл» деп жала жабылып, М?скеуге жер аударылды. Большевиктер ?кіметіні? б?рын?ы алашордашылар?а жаса?ан кешірімнен кейін ?лихан Б?кейхан ?ал?ан ?мірін ?ылыми зерттеушілікке арнады. Б?кіл ма?ыналы ?мірін хал?ыны? азатты? алып, еркін ел болуына арна?ан аяулы азаматты? со??ы демі біткенше сол ма?сат жолында жаса?ан ?ызметі сан ?илы. Ке?ес билігі т?сында да елі ?шін белсенді ?ызметтен бас тарт?ан жо?. Ке?естік ?лгідегі Каза? автономиясы ??рыл?ан кезде, ?лихан Б?кейханны? тікелей ке?есімен ?лімхан Ермеков ?аза? автономиясыны? территориясы туралы баяндама?а дайынды??а кірісті. (Голощекин ?аза?станда жер м?селесін аны?тау комиссиясыны? м?шесі ?лихан Б?кейхан?а барып жолы?уына мынадай ба?а береді: «?аза? ?айраткерлері, министрлер Алматыдан шы?ып М?скеуге барады да, пойыздан т?сіп Кремльге бармай бірден ?лихан Б?кейхан?а барып, содан кейін ?ана Кремльге келеді. Б?л мас?ара емей не?»)  ?аза? еліні? м?ддесіне т?нген ?ауіпті тура т?сінген ?лихан Б?кейхан осы т?ста жа?адан отарлау саясатына жол бермеу ?шін ?аза?тар?а ?ажет жер нормасын аны?тауда белсенділік танытады. ?. Б?кейхан сыртта ж?рсе де ?аза? ?лтыны? дамуы мен м?дделі м?селелерін, соны? ішінде ел мен жер та?дыры шешілетін саяси шараларды? ?арса?ында, мысалы солт?стік ж?не о?т?стік облыстарда?ы шекаралы? межені халы? сана?ын ж?ргізу ар?ылы белгілеу нау?аны алдында тиісті ма?л?маттарды баспас?з ар?ылы ?алы? ?ауым?а жеткізіп отыр?ан. С?йтіп ке?ес ?кіметіні? ?з баспас?зін пайдалана отырып «астыртын н?с?ау» берген. Т?ркістан мен ?аза? автономиясыны?, ?аза? автономиясы мен Батыс Сібір ?лкесіні? шекарасын аны?тайтын мемлекеттік комиссия ??рыл?ан т?ста «Е?бекші ?аза?» газетіні? 1924 жыл?ы 28 ?азанда?ы санында М.Дулатовты? тапсырмасымен «?аза? ?анша?» атты ша?ын шолуын жариялады. Онда ?р с?з бен с?з тіркесіне саяси, тарихи, ?лтты?, экономикалы?, мемлекеттік ма?ына мен астар берді. ?сіресе, ?оныстанушылар ?ордалана орналас?ан, ?ара топыра?ты солт?стік облыстарды? шекарасын аны?тау?а ж?не оларды ?аза? жеріні? ??рамында ?алдыру?а жанкешті д?лелдер іздестірілді. Ал жер ж?нінде, соны? ішінде солт?стік облыстарды? жер, экономика, шаруашылы?, этникалы? ??рамы мен м?дени шо?ырлануына ба?а беруде сол кездегі ке?ес ?кіметі ?алымдарыны? ішінде ?. Б?кейханмен те?десетін маман да, ?алым да, саясаткер де жо?ты? ?асы болатын. Ода?тас республикаларды? ?алымдары мен саясаткерлері Жер туралы за? мен ?аулы-?арар ?абылдар алдына ?лихан Б?кейханны? пікіріне ж?гініп барып тал?ы?а ?сынып отыр?ан.  Баяндамашы ?лімхан Ермеков ?аза? ревкомы мен ?лттар ж?ніндегі халы? комиссариатыны? ?сынысына ж?гіне отырып: Астрахань, Орал, Тор?ай, А?мола, Семей, Сырдария, Закаспий, Самар?ан, Фер?ана облысы мен губернияларын ?амтитын жалпы к?лемі 3 467 922 шаршы ша?ырым жерді ?аза? республикасыны? ??рамына  беруді ?сынды. К?рсетілген жерді? 81%-ын жан саны 5,5 миллион болатын ?аза?тар пайдаланатынын, б?л б?кіл т?р?ындарды? 54% - екенін атап ?тті. С?йтіп, 10 тамыз к?ні комиссия т?ра?асы А.З.Каменский барлы? ескертулер мен ?сыныстарды ?орыта келе: «?аза? республикасын ??ру- шешілген м?селе, ?орытындысы дайындалып, тиісті мекемелер ?кімет билігін республиканы? бас?аруына беруді? жолдарын ?арастырсын»,- деп жариялады. Б?л ?лкен же?іс еді.Алайда б?л же?істі тияна?ты ету ?шін автономияны? территориясы мен т?р?ындары туралы ?сыныстарды Ленинні? алдында ?ор?ап шы?уы тиіс болды. Ленин мен ?лімхан Ермековті? к?збе к?з тілдесуіні? н?тижесінде б?гінгі б?ткіл каза? ??ірі ?аза?станны? ??рамына м??гілік ?осылды. Автономия мен территория м?селесі 14, 16-17 тамызда тал?ыланып,  24 тамызда та?ы да Ленинні? ?атысуымен ?ткен е? со??ы шешуші м?жілісте т?бегейлі бекітілді.  «Тір болсам хан баласында ?аза?ты? ха?ысы бар еді, ?аза??а ?ызмет ?ылмай ?оймаймын.»-деген ?зіні? айт?ан с?зіне адал болып, ту?ан хал?ына а?ты? демі біткенше ?ызмет етіп ?тті. ?лы ?айраткерді? со?ына ерген інілері, азатты?ты? ??рбаны бол?ан Ж?сіпбек Аймауыт?лы о?ан арнау с?зінде: «?ара??ыда ?ан жылап, ?а??ыр?ан к?нде басы?ды ?аза? жолына ??рбан ?ыл?ан а?амыз ас?ар беліміз! ?мірі?де ж?рген жолы? біздей інілері?ізге жа?ып ?ой?ан шамшыра?»-дегенде, асыра айтып ?ателескен жо? еді. ?ошке Кеме?гер?лы ?зіні? «?аза? тарихынан» атты тарихи очеркінде былай деп жазды: «?кіметті? ?ара ?у?ын жаса?ан к?ндерінде, айдауына да, аба?тысына да шыдап, ел ?шін басын ??рбан ?ыл?ан ат т?беліндей ?ана азамат тобы болды, б?л топты баулы?ан – ?леке?»-деп хал?ына ?алт?ысыз еткен ?ызметіне ?діл ба?асын берген. Ешкімні? ?лихан?а бар ма с?зі, Демейді ?андай ?аза? оны о? к?зі. Семей т?рсын, жеті облыс – бар ?аза?тан, Талассыз жеке-дара т?р ?ой ?зі, – деп С.Торай?ыров айт?андай,  ?лихан ?р?ашан да ?аза? ж?регінде жеке-дара т?л?а болып ?ала бермек. Осындай ж?регі елім-жерім, хал?ым деп со??ан, б?кіл саналы ??мырын ?лтыны? бостанды?ы мен дербестігі ?шін арна?ан асыл азаматтарымызды? ?лтжанды пікірлері, ?рекеттері жас ?рпа??а ?лгі, ?неге. Ел еркіндігі мен ?лт бостанды?ы ?шін ??рбан бол?ан ?лт зиялыларыны? артына ?алдыр?ан асыл м?расы ?рпа?тан ?рпа??а жал?асары аны?.

?олданыл?ан  ?дебиеттер тізімі:

1.  ?. Б?кейхан «Та?дамалы» Алматы, ?аза? энциклопедиясы, 1995, 31-б.

2.  ?шкеев Н. «?.Б?кейхановты? ?лтты? мемлекет ??руда?ы ?стан?ан негізгі принциптері» // А?и?ат, 2002, №3, 50 -55 б.

3.  ?ойгелдиев М. «Алаш ?оз?алысы»  Алматы, Санат, 1995, 23-28 б.

4.  Н?рпейісов К. «Алаш ??м Алашорда»  Алматы, Ататек, 1995, 156 б.

5.  Марат Ескендір?лы ?бдешев «Алаш Орда министрлері» Алматы, Раритет, 2008, 3-6 беттер

6.  ?ойгелдиев М. «?лтты? саяси элита» Алматы, Жалын, 2004, 170-178 бет

7.  Сонда, 163-165 бет

8.  Т?рсын Ж?ртбай «?раным-Алаш» Алматы, Ел шежіре, 2011,

9.  ?озыбаев М.?. «А?та?да?тар а?и?аты.»  Алматы, ?аза? Университеті  1992, 68 -71 б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад на тему "? .Б?кейхан-?лт м?ддесіні? жанашыры"»


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

Қармақшы аграрлы –техникалық колледжі














Баяндама

Тақырып Ә. Бөкейхан – ұлт мүддесінің жанашыры












Оқытушы Ускеленова Гульжанат

Мусагалиевна








Әлихан Бөкейхан - ұлт мүддесінің жанашыры


Қазақ азаттық қозғалысының ең салмақты және күрделі кезеңі өткен ғасырдың алғашқы ширегінде дүниеге келді. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі БұқарменТүркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл - қазақтың тарихи зердесіндегі ұлт зиялыларының отарлық езгіге түскен халықтың бостандығы мен ұлттық рухын қалпына келтіруге тырысқан қоғамдық – саяси іс-әрекеттері болатын. Осы ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей зиялылар тобын баулыған – Ә. Бөкейхан еді. Ә. Бөкейхан баулыған ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары қай жерде жүрсе де, қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды бір сәт те ұмытқан жоқ. Ұлттық мемлекет құру Әлихан Бөкейхан және сонынан ерген буржуазиялық-демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Ә.Бөкейхан ұлт мәселелерінің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Оқуын бітіріп,Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан Ресей империясыныңқазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода»(Халық бостандығы) партиясыныңқатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуынаОмбыдағыкүндері ерекше ықпал етеді. Әсіресе ұлт көсемінің Омбы бөліміндегі қызметі туралы тоқтап кетуге болады.

Ә. Бөкейханның саяси өмірбаянында 1916-жылдың дүрбелеңі және майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады. Қазақ халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісіне Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялыларының «Қазақ» газеті арқылы үзілді-кесілді қарсы шығуы да ұлтты жаппай қырғыннан аман алып қалудың саяси бейбіт жолын ұсынуынан еді. Ә. Бөкейхан Ақпан төңкерісіненүлкен үміт күтеді. Осы кезден бастап Ә.Бөкейхан Уақытша үкіметтің саяси өміріне белсене араласа бастайды. Бірақ ол үміті ақталмайды.Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген «Қазақ» газетіне берген мақаласында: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де, жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді», - дей келе: «Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық»,-дейді. Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйымАлаш партиясынұйымдастыруға кіріседі. Артынша,1917 ж. желтоқсанындабүкіл қазақтардың құрылтайындаАлаш автономиясын жариялады. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді. Өз кезегінде Ә. Бөкейхан үшін кадет партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік егемендікке жету жолында жасалған келесі саяси қадам еді.   1917 жылғы 20 – 21 шілдеде Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезде қалыптасты. Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд партияға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...». Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12 – 20 аралығында партияның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев,  ал Торғай обкомының төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды. Алаш орда үкіметінің құрылуына тікелей түрткі болған, 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен Қазақ мемлекеттілігі туралы мәселе қаралған ІІ Жалпықазақ – қырғыз съезінің ұйымдастырушылар - Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М. Дулатов болған. Ендігі мәселе Алашорданың (Алаштың ордасы және өкіметінің) төрағасын балама негізде сайлау басталады: Үкімет төрағасына 3 қайраткердің – Ә. Бөкейханның, Б.Құлмановтың және А.Тұрлыбаевтың кандидатуралары ұсынылды. Жасырын дауыс нәтижесінде Әлихан Бөкейхан – 40 дауыс, Айдархан Тұрлыбаев – 20, Бақтыгерей Құлманов – 19 дауыс алды. Көп дауыс алған Ә. Бөкейхан Алаш автономиясының өкіметі – Алаш орданың төрағасы болып сайланды. Алғашқы баяндаманы Ә. Бөкейхан жасап, ол жөнінде: «Алашорда бүгіннен бастап қазақ – қырғыз халқының билігін өз қолына алады»-деп қаулы қабылдады.[5] 

Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы болды. Ең бірінші – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен жер болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейханның ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер – Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Үшінші ұстанымы –қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, ділі өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек.   Алаш қозғалысы 1917-1919 жылдары халықтың ықыласына ие болған, қазақ қоғамын дүр сілкіндірген, ел азаматтарының Алаш партиясы, Алашорда үкіметіне ризашылығын білдіріп, құптап қол соққан кезі болды. Қазақ автономиясы мәселесін тұңғыш көтеріп, оны іске асырған Ә. Бөкейхан найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған үкіметке қызмет етуден бас тартады. Ә. Бөкейхан бастаған қазақ зиялы қауымы таптық мүдде емес, тұтас ұлт мүддесін қорғады. Осы қылығы үшін 1920-22 жылдары «ұлтшыл» деп жала жабылып, Мәскеуге жер аударылды. Большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Әлихан Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Кеңес билігі тұсында да елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан жоқ. Кеңестік үлгідегі Казақ автономиясы құрылған кезде, Әлихан Бөкейханның тікелей кеңесімен Әлімхан Ермеков Қазақ автономиясының территориясы туралы баяндамаға дайындыққа кірісті. (Голощекин Қазақстанда жер мәселесін анықтау комиссиясының мүшесі Әлихан Бөкейханға барып жолығуына мынадай баға береді: «Қазақ қайраткерлері, министрлер Алматыдан шығып Мәскеуге барады да, пойыздан түсіп Кремльге бармай бірден Әлихан Бөкейханға барып, содан кейін ғана Кремльге келеді. Бұл масқара емей не?»)  Қазақ елінің мүддесіне төнген қауіпті тура түсінген Әлихан Бөкейхан осы тұста жаңадан отарлау саясатына жол бермеу үшін қазақтарға қажет жер нормасын анықтауда белсенділік танытады. Ә. Бөкейхан сыртта жүрсе де қазақ ұлтының дамуы мен мүдделі мәселелерін, соның ішінде ел мен жер тағдыры шешілетін саяси шаралардың қарсаңында, мысалы солтүстік және оңтүстік облыстардағы шекаралық межені халық санағын жүргізу арқылы белгілеу науқаны алдында тиісті мағлұматтарды баспасөз арқылы қалың қауымға жеткізіп отырған. Сөйтіп кеңес өкіметінің өз баспасөзін пайдалана отырып «астыртын нұсқау» берген. Түркістан мен Қазақ автономиясының, Қазақ автономиясы мен Батыс Сібір өлкесінің шекарасын анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылған тұста «Еңбекші қазақ» газетінің 1924 жылғы 28 қазандағы санында М.Дулатовтың тапсырмасымен «Қазақ қанша?» атты шағын шолуын жариялады. Онда әр сөз бен сөз тіркесіне саяси, тарихи, ұлттық, экономикалық, мемлекеттік мағына мен астар берді. Әсіресе, қоныстанушылар қордалана орналасқан, қара топырақты солтүстік облыстардың шекарасын анықтауға және оларды қазақ жерінің құрамында қалдыруға жанкешті дәлелдер іздестірілді. Ал жер жөнінде, соның ішінде солтүстік облыстардың жер, экономика, шаруашылық, этникалық құрамы мен мәдени шоғырлануына баға беруде сол кездегі кеңес өкіметі ғалымдарының ішінде Ә. Бөкейханмен теңдесетін маман да, ғалым да, саясаткер де жоқтың қасы болатын. Одақтас республикалардың ғалымдары мен саясаткерлері Жер туралы заң мен қаулы-қарар қабылдар алдына Әлихан Бөкейханның пікіріне жүгініп барып талқыға ұсынып отырған.  Баяндамашы Әлімхан Ермеков Қазақ ревкомы мен Ұлттар жөніндегі халық комиссариатының ұсынысына жүгіне отырып: Астрахань, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана облысы мен губернияларын қамтитын жалпы көлемі 3 467 922 шаршы шақырым жерді Қазақ республикасының құрамына  беруді ұсынды. Көрсетілген жердің 81%-ын жан саны 5,5 миллион болатын қазақтар пайдаланатынын, бұл бүкіл тұрғындардың 54% - екенін атап өтті. Сөйтіп, 10 тамыз күні комиссия төрағасы А.З.Каменский барлық ескертулер мен ұсыныстарды қорыта келе: «Қазақ республикасын құру- шешілген мәселе, қорытындысы дайындалып, тиісті мекемелер өкімет билігін республиканың басқаруына берудің жолдарын қарастырсын»,- деп жариялады. Бұл үлкен жеңіс еді.Алайда бұл жеңісті тиянақты ету үшін автономияның территориясы мен тұрғындары туралы ұсыныстарды Лениннің алдында қорғап шығуы тиіс болды. Ленин мен Әлімхан Ермековтің көзбе көз тілдесуінің нәтижесінде бүгінгі бүткіл казақ өңірі Қазақстанның құрамына мәңгілік қосылды. Автономия мен территория мәселесі 14, 16-17 тамызда талқыланып,  24 тамызда тағы да Лениннің қатысуымен өткен ең соңғы шешуші мәжілісте түбегейлі бекітілді.  «Тір болсам хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.»-деген өзінің айтқан сөзіне адал болып, туған халқына ақтық демі біткенше қызмет етіп өтті. Ұлы қайраткердің соңына ерген інілері, азаттықтың құрбаны болған Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ»-дегенде, асыра айтып қателескен жоқ еді. Қошке Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде былай деп жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған – Әлекең»-деп халқына қалтқысыз еткен қызметіне әділ бағасын берген. Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі, Демейді қандай қазақ оны оң көзі. Семей тұрсын, жеті облыс – бар қазақтан, Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, – деп С.Торайғыров айтқандай,  Әлихан әрқашан да қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек. Осындай жүрегі елім-жерім, халқым деп соққан, бүкіл саналы ғұмырын ұлтының бостандығы мен дербестігі үшін арнаған асыл азаматтарымыздың ұлтжанды пікірлері, әрекеттері жас ұрпаққа үлгі, өнеге. Ел еркіндігі мен ұлт бостандығы үшін құрбан болған ұлт зиялыларының артына қалдырған асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғасары анық.






Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1.  Ә. Бөкейхан «Таңдамалы» Алматы, Қазақ энциклопедиясы , 1995, 31-б.

2.  Әшкеев Н. «Ә.Бөкейхановтың ұлттық мемлекет құрудағы ұстанған негізгі принциптері» // Ақиқат , 2002 , №3, 50 -55 б.

3.  Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы»  Алматы, Санат, 1995, 23-28 б.

4.  Нұрпейісов К. «Алаш Һәм Алашорда»  Алматы , Ататек, 1995, 156 б.

5.  Марат Ескендірұлы Әбдешев «Алаш Орда министрлері» Алматы, Раритет, 2008, 3-6 беттер

6.  Қойгелдиев М. «Ұлттық саяси элита» Алматы, Жалын, 2004, 170-178 бет

7.  Сонда, 163-165 бет

8.  Тұрсын Жұртбай «Ұраным-Алаш» Алматы, Ел шежіре, 2011,

9.  Қозыбаев М.Қ. «Ақтаңдақтар ақиқаты.»  Алматы, Қазақ Университеті  1992, 68 -71 б.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Доклад на тему "? .Б?кейхан-?лт м?ддесіні? жанашыры"

Автор: Ускеленова Гульжанат Мусагалиевна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312586


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства