kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білгір - биолог, Таби?ат жанашыры!!!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Білгір - биолог Таби?ат жанашыры» зияткерлік сайысы (Сыныптан тыс ж?мыс ) Саба?ты? ма?саты: 1. Білімділік: таби?ат туралы білімдерін ке?ейту, ой - ?рісін, белсенділік ?абілетін, танымдылы? ?ызы?ушылы?ын арттыру, логикалы? с?ра?тар?а д?рыс жауап беруге да?дыландыру 2. Дамытушылы?: о?ушыларды? тілдік ?орын дамыту, жарыстыру ар?ылы а??арымпазды? ?асиеттерін арттыру, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту. 3. Т?рбиелік: тап?ырлы??а, е?бекс?йгіштікке, ?йымшылды? пен шапша?ды??а, таби?атты аялап, о?ан жанашырлы? таныту?а т?рбиелеу Саба?ты? т?рі: сайыс – саба? Саба?ты? к?рнекілігі: на?ыл с?здер, суреттер, плакаттар, слайд Саба?ты? барысы ?йымдастыру кезе?і: (Жарыс 2 топ арасында ж?ргізіледі) І-топ.Ботаника ІІ-топ.Зоология
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білгір - биолог, Таби?ат жанашыры!!! »



Қалыбай негізгі мектебі












Сыныптан тыс жұмыс










Тақырыбы: «Білгір биолог, табиғат қорғаны»









Биология пәні мұғалімі: Кәкіш А.





2015 – 2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Білгір биолог

Табиғат жанашыры» зияткерлік сайысы (Сыныптан тыс жұмыс )
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: табиғат туралы білімдерін кеңейту, ой - өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру
2. Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа, табиғатты аялап, оған жанашырлық танытуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, плакаттар, слайд
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

(Жарыс 2 топ арасында жүргізіледі)

І-топ.Ботаника
ІІ-топ.Зоология

Табиғаттың бар байлығы даламда,
Жер - Ананың жаттығы жоқ адамға
Тамақ та, киім де, денсаулық та,
Бәрі, бәрі табиғаттың қолында.

Тапқыр, білгір дарынды
Жарыс бар бүгін арынды.
Сүйсең туған жеріңді,
Ортаға сал, барыңды.


Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар

Ендеше сайысымыз басталар.

Қадірменді ұстаздар, оқушылар

« Білгір биолог

Табиғат жанашыры» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.

Сайыс сабағымызды бастамас бұрын әділқазылар мүшесімен таңдап алайық. Ендеше сайысқа қатысатын топтарымызды қарсы алайық:

І – топ: Ботаника

1.Ербұланұлы Мейірлан - топбасшы

2.Сисенғалиева Диана

3.Амангелді Аңсаған

4.Бауыржанқызы Балнұр

ІІ – топ: Жануарлар

1.Берікқызы Диана – топбасшы

2.Жүніс Мақпал

3.Қуанышбай Аруна

4.Жүніс Ерболат

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.


1 – кезең. Таныстыру

2 – кезең. Білім минуты

3 - кезең. Білгенге маржан

4 - кезең. Танып біл

5 - кезең. Сиқырлы шеңбер

6 - кезең. Өз қолыммен

7 - кезең. Полиглот

8 – кезең. Зерттеушілік жоба

І кезең . Таныстыру. (2 топқа бөлінеді. Әр топқа 4 оқушыдан қатысады.) Жоғары ұпай 15 ұпай

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Сайыскерлер өздерін таныстырады.

Мұғалім:

Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды — деп, келесі кезеңімізіді бастаймыз.

2 – кезең. Білім минуты деп аталады. Бұл сайыста сайыскерлерімізге 2 минут ішінде сұрақтар оқылады, сұрақтар тек биологиядан ғана емес жан – жақты болады, әр дұрыс жауап 2 ұпай.

1 – топ.

1. Қалталы сүтқоректілер мекендейтін материк - Австралия

2. Қазан айының бірінші аптасындағы мереке – ұстаздар және қарттар күні мерекесі

3. Әлемдегі ең үлкен мемлекет - Ресей

4. Компьюетердің қағаз шығаратын бөлігі – принтер

5. Қазақ тіліндегі «Жануартану» оқулығының авторы - Х. Досмағанбетов.

6. Ырғыз ауданына көршілес экологиялық апатты аймақ - Арал

7. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтар - Семей,Нарын, Балқаш,Каспий.

8. Өсімдіктің әлемде қанша түрі кездеседі – 500 000

9. Ең алғаш қолға үйретілген жануар - ит

10. Түнде ұшатын құс - үкі

11. Әлемдегі ең биік ағаш - секвоя

12. Мақалды жалғастыр

Құты кеткен жердің,…………………….(Құсы кетер)

13. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым - микология

14. Әлемде ең биік және ең тез өсетін өсімдік - бамбук

15. Зоология сөзінің мағынасы - жануар

16. Ырғыз өңірінде шамамен қанша көл бар - 80

17. Құрлықта да суда да тіршілік ететіндер - қосмекенділер

18. Ең алып сүқоректі – кит

19. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі – 5

20. Бүкіл жер шарында өсетін өсімдік - қына

21. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова қай оқиғаның құрбандары – 1986 ж желтоқсан

22. Тұңғыш қорық? «Ақсу-Жабағылы»

23. Н.Ә.Назарбаевтың анасының аты кім? - Әлжан

24. Шаршының қабырғасының ұзындығы- 7см. Периметрі қанша - 28см

25. Оңтүстік жарты шарда ғана мекендейтін құс - пингвин

ІІ– топ.

1. Саусағы ерекше екі саусақтан тұратын құс - түйеқұс

2. Қазақ халқының ең алғашқы академигі - Қ. Сәтбаев

3. Үш көзді жорғалаушы – гаттерия

4. Бала кезінде Төле бидің түйесін баққан қай хан - Абылай хан.

5. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр – Қошқарбаев Р.

6. Қазақстанда өсімдіктің қанша түрі кездеседі? – 15 000

7. Құстарды зерттейтін ғылым қалай аталады? - орнитология

8. Қасқырдың күшігі қалай аталады? - бөлтірік

9. Жануарларды жүйелеудің негізін қалаған ғалым - К. Линней +

10. Мүшелдік жыл санауына кірген құс - тауық

11. Ботаника сөзінің мағынасы – өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым

12. Күйіс қайтармайтын үй жануары - жылқы

13. Жаңадан Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды? 2006 жылы 6-қаңтарда

14. Мақалды жалғастыр.

Ағаш ексең аялап,………………………..(Басында болар саябақ)

15. Дүние жүзінің негізгі наны деп аталатын өсімдік - бидай

16. Әлемдегі ең кішкентай құс - колибри

17. Экология апатқа ұшыраған теңіз - Арал

18. Сүйектің құрамындағы басты элемент - кальций

19. Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап - нағашы атасы

20. Ең ірі жылан - анаконда 6 - 10м

21. ҚР жер көлемі - 2 724 900 км²

22. Қан беруші адам - донор

23. Хат тасушы құс - көгершін

24. Арал теңізінің қасындағы қорық? Барсакелмес

25. Бір жылда не бар? ( 12 ай, 365 күн бар)

3 – кезең. Ғажайып ұяшықтар . Әр топқа кезек – кезек тақтадағы 10 – 50 баллдық сұрақтарды таңдап жауап береді. Таңдаған ұяшық ұпайын алады

10 – Қазақстанда қанша қорық бар - 9

10 – Бейнеленген жануарды тап – панда

10 – 500 ге жуық ядролық сынақ жасалған Қ.Р.аумағы - Семей

10 – Табиғат туралы өлең оқы

10 – Сыйлық ұпай

10 - Қазақстандағы ең таза , көркем облысы - Көкшетау

20 – Өлең сұрақ – М.Жұмабаев «Туған жер»

20 – Суретте бейнеленген кешен қалай аталады және қайда орналасқан – Медеу мұз айдыны, Алматы

20 – Ырғыз ауданында орналасқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін ашылған мекеме – Ырғыз – Торғай резерваты

20 – Экология сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді: «оikos» — үй – жай, қоршаған орта,табиғи орта туралы ғылым.

20 – Бейнедегі кім? Ы.Жақаев

30 – Қазақстан жеріндегі ядролық сынақ жасауға қарсы митингі шара қалай аталады, кім басқарды – невада – семей, О.Сүлейменов, 1989

30 – Қазақстанда жануарларға арналған қызыл кітап неше басылымнан тұрады және нешінші жылдары шықты? 1978, 1991, 1996

30 - суретте не бейнеленген - жұмбақтас

30 – 1945 жылы америкалық атомдық бомба қай мемлекеттің қандай қалаларына тасталды – Жапония - Хиросима, Нагасаки

40 – Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық - Наурызым қорығы

40 – бейне сұрақ [Слайд 30]

40 – «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР заңы қай кезде жарыққа шықты? 1997жылы 15 маусым

50 – Қай туындының үзіндісі, авторы кім – М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді,қарайды қарға, шыңға

Жалғыздықтан  жамандық бар ма, сірә.

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен,

«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?

«Жетім көлден»су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай ‐салада?

Қанатынан үзіліп ән‐самала,

Қаншама аққу кетті екен–аңсаған ән?

50 – Қоршаған ортаны қорғау министрі – Нұрлан Қаппаров

4 – кезең. Танып біл капитандар өз топтарына жасырылған сөздерді қимылмен білдіру немесе анықтама, жұмбақ күйде жасырып табу.

2 минут уақыт беріледі, әр дұрыс жауап 5 ұпай

1 – топ: қасқыр, қар, аю, кітап, жылан, табиғат, футбол, сиыр, кенгуру, қалам, темекі, нашақор, стол, машина, көктем, газ, қоқыс, өзен, боран, бомба, ақын, ұстаз, су, дос, тау, жапырақ, үй, көлік, бұлт, қалам, спорт, қызанақ

2 – топ: жүрек, мектеп, табиғат, адам, қоқыс, үй, телефон, жаңбыр, жер, мұз, ұстаз, тамақ, семіз адам, қол, ғалым, аспан, аяқ, спорт, директор, журналист, суретші, асаба,қарбыз, дәптер, телевизор, күз, доп, сумка

5 – кезең. Сиқырлы шеңбер 2 минут ішінде шеңбердегі әріптерден сөздер, сөйлемдер құрау. [Слайд 36] Ұпай сөздің мағыналылығына қарай беріледі

6 – кезең. «Өз қолыммен» қалдықтардан жасалған заттарды әділқазыларға көрсетеді. Ұпай әділқазылардың қанағаттануына қарай қойылады 10 – 30 ұпай аралығында

7 – кезең. Полиглот. Берілген сұрақ, жұмбақтарға 3 тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап береді, 5 – 15 ұпай арасында

1.Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар киеріне шапаны жоқ,

Пайдасы үй ішінен табылған соң

Далаға кіріп – шығар сапары жоқ. (Мысық – кошка - cat )

2. Улы газ да, су да оның қорегі,
Тіршілікке қоректік зат бөледі.
Сары менен қызыл түске боялып,
Күздің ызғар суығынан өледі. (Жапырақ – листь - leaves )

3.Төртқанаты тым әдемі өрнекті,
Тоқымайды бірақ олар өрмекті.
Ұшады олар қанаттарын себелеп,
Оның аты түрлі-түсті ... (Көбелек – бабочка - butterfly)
4 .Білімнен мол сый - асы, 
Балғындардың ұясы. (мектеп – школа - school) 

5 .Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем (Жер – земля - earth)

6. Ел жаусыз болмас, жер ____  болмас.   (Тау – гора - mountain)

7. Жас ағашқа сүйеніп, қу ......... күнелтер. (Ағаш – дерево - tree)

8. Тау кезеңсіз болмас,

Өлке ........ болмас. (Өзен – река - river)

9. Алпыс күн тасыған су,

Алты ......... қайтар. (Күнде – день - day)

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған тынысың.

Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың,

Ол – анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың!

8 – кезең. Ғылыми жоба - еркін тақырыпта биологияға, табиғатқа немесе қоршаған ортаны қорғауға байланысты. Ұпай 10 – 50

Табиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз,

Бір – бір ағаш егейік

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ау үшін терімізді төгейік.

Қорытынды бөлім

Әділқазыға сөз берейік.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Осымен сабағымыз аяқталды.Назарларыңызға рахмет!!!!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Білгір - биолог, Таби?ат жанашыры!!!

Автор: К?кіш Алмат Дархаг?лы

Дата: 28.10.2015

Номер свидетельства: 244809


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства