І топ «Лексика», ІІ топ «Фонетика», ІІІ топ «Морфология», ІV топ «Синтаксис».
Жаңа сабақты жұмбақ, ребус арқылы бастау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Есімдіктер – есім сөздердің орнына жүретін сөз табы. Есімдіктер қандай сөздердің орнына қолдануына байланысты зат және заттық белгі деген ұғыммен ұштасып, жалпы зат және заттық белгі мағыналарына ие болады. Сол ұғымдардың жалпы түрдегі атауы есебінде айтылады.Мысалы, жіктеу есімдігі мен,сен; сілтеу есімдігі бұл, сол; сұрау есімдігі кім? не? қай? Сөздерін алайық. Осы есімдіктердің негізгі мағыналарын іштей топтастырып қарайтын болсақ, олардың кейбірі заттық ұғымдағы сөздер де, кейбірі белгісі ұғымындағы сөздер болып күрделі екі жікке бөлінеді. Яғни мен, сен, кім? не? есімдіктері заттық ұғымдағы сөздер де, бұл,сол, қай? есімдіктері заттың белгісі ұғымындағы сөздер қатарына жатады. Міне, осылай іштей заттық ұғымдағы (субстантивті) есімдіктер және заттың белгісі ұғымындағы (атрибутивтік) есімдіктер болып екі салаға бөлінеді.
Зат есімге және зат есім орнына қолданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын кейбір сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кімім? кімдер? кіммен? кімге?
Сұрау есімдігі сөйлемде барлық сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
Олар баяндауышқа жақынырақ тұруға бейім. Өйткені білуді мақсат етіп, сұрау қойған кісі сұрауға жауап беруді қалайды.
Сұрау есімдігі құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарында келсе, сұрау мағынасынан айырылып, қатыстық мағынаға ие болады. Мысалы: Кім еңбекті көп істесе, үлесті де мол алады.
Сұрау есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше тәуелденеді, септеледі және жіктеледі.
Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі
Тәуелдіктің жақтары
кім?
не?
қайсы?
нешеу?
І менің
біздің
ІІ сенің
сіздің
сендердің
сіздердің
ІІІ оның
олардың
кімім?
кіміміз?
кімің?
кіміңіз?
кімдерің?
кімдеріңіз?
кімі?
кімі?
кімдері
нем?
неміз?
нең?
неңіз?
нелерің?
нелеріңіз?
несі?
несі?
нелері?
қайсым?
қайсымыз?
қайсың?
қайсыңыз?
қайсыларың?
қайсыларыңыз
қайсысы?
қайсысы?
қайсылары?
нешеуім?
нешеуіміз?
нешеуің?
нешеуіңіз?
нешеулерің?
нешеулеріңіз?
нешеуі?
нешеуі?
Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі
Жіктіктің жақтары.
Кім?
Қайсы?
Нешеу?
Қандай?
Не?
I мен
біз
II сен
Сендер
Сіз
сіздер
III ол
олар
Кіммін?
Кімбіз?
Кімсің?
Кімсіңдер?
Кімсіз?
Кімсіздер?
Кім?
Кімдер?
Қайсымын?
Қайсымыз?
Қайсысың?
Қайсысыңдар?
Қайсысыз?
Қайсысыз?
Қайсы?
Қайсы?
Нешеумін?
Нешеуміз?
Нешеусің?
Нешеусіңдер?
Нешеусіз?
Нешеусіздер?
Нешеу?
Нешеу?
Қандаймын?
Қандаймыз?
Қандайсың?
Қандайсыңдар?
Қандайсыз?
Қандайсыздар?
Қандай?
Қандай?
-
-
Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі
Септік
Кім?
Не?
Кімдер?
Нелер ?
Нешеу ?
Қайсы ?
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
Кім?
Кімнің?
Кімге ?
Кімді ?
Кімде?
Кімнен?
Кіммен ?
Не ?
Ненің?
Неге ?
Нені ?
Неде ?
Неден ?
Немен?
Кімдер ?
Кімдердің?
Кімдерге?
Кімдерді ?
Кімдерде ?
Кімдерден?
Кімдермен?
Нелер
нелердің?
Нелерге ?
Нелерді?
Нелерде?
Нелерден?
Нелермен?
Нешеу ?
Нешеудің?
Нешеуге ?
Нешеуді?
Нешеуде?
Нешеуден?
Нешеумен?
Қайсы ?
Қайсының?
Қайсыған?
Қайсыны?
Қайсыда?
Қайсыдан?
Қайсымен?
«Артық білім кітапта»
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс.
84-жаттығу. Көшіріп жазып, есімдіктердің мағынасына қарай ажырату.
85-жаттығу. Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.
86-жаттығу. Нешінші?, қайсысы? деген сұрау есімдіктерін жіктеп, тәуелдеп жазыңдар.
87-жаттығу. Шешендік сөздерді оқып, сұрау есмімдіктерін табыңдар.