kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сұрау есімдігінің түрленуі. 7-сынып Сұраулы сөйлем. 8-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәнінен Сұрау есімдігінің түрленуі. 7-сынып   Сұраулы сөйлем.  8-сынып арналған кіріктірілген сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сұрау есімдігінің түрленуі. 7-сынып Сұраулы сөйлем. 8-сынып»



Қостанай облысы

Жангелдин ауданы

Шұбалаң негізгі мектебі




Махина Зоя Сапаровна

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі



Сыныбы: 7-8

Сабақтың тақырыбы: Сұрау есімдігінің түрленуі. 7-сынып

Сұраулы сөйлем. 8-сынып

Сабақтың мақсаты: білімділік– сұрау есімдігі туралы білімдерін тереңдету,оның түрленуін үйрету,сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру, сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталан- дыру, сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға, көркем, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;

тәрбиелік – ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,көркем жазуға тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер,топтастыру әдісінің мысалдары жазылған плакаттар,үлестірмелі қағаздар, кеспелер

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет


Сабақтың барысы

І. Кіріктірілген- кіріспе бөлім

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

7-сынып 8-сынып
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 1. Синтаксис деген не?

2.Есімдік деген не? 2. Сөйлем дегеніміз не?

  1. Есімдік нешеге бөлінеді? 3. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

  2. Жіктеу есімдігі дегеніміз не? 4. Хабарлы сөйлем қалай жасалады?

3. Жаңа сабақ түсіндіру

Сұрау есімдігі сұрау сөздерден тұрады. Кім? Не? Қай? Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші? Қашан? т.б сұрақтарға

жауап береді. Сұрау есімдіктерінің түрленуі зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше тәуелденеді,септеледі, жікте-

леді.

Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі

Тәуелдіктің жақтары

Кім?

Не?

І. Менің,

біздің

Кімім?

Кіміміз?

Нем?

Неміз?

ІІ. Сенің

Сіздің

Сендердің

Сіздердің

Кімің?

Кіміңіз?

Кімдерің?

Кімдеріңіз?

Нең?

Неңіз?

Нелерің?

Нелеріңіз?

ІІІ. Оның

Олардың

Кімі?

Кімдері?

Несі?

Нелері?





Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі

А. Кім? Не?

І. Кімнің? Ненің?

Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі Б. Кімге? Неге?

Тәуелдіктің жақтары

Кім?

Қайсысы?

І. Мен

біз

Кіммін?

Кімбіз?

Қайсымын?

Қайсымыз?

ІІ. Сен

Сендер

Сіз

Сіздер

Кімсің?

Кімсіңдер?

Кімсіз?

Кімсіздер?

Қайсысың?

Қайсысыңдар?

Қайсысыз?

Қайсысыздар?

ІІІ. Ол

Олар

Кім?

Кімдер?

Қайсысы?

Қайсысы?

Т.Кімді? Нені?

Ж.Кімде? Неде?

Ш.Кімнен? Неден?

К.Кіммен? Немен?











Сұрау есімдігінің адамға қатыстылары ғана 1 және 2 жақта айтылса, 3 жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді. Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем негізгі, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.

Негізгі сұрақ

Жетек сұрақ

Анықтауыш сұрақ

Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақ.

Мысалы: Сен тамақ іштің бе?


Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты туған сұрақ.

Мысалы: -Кеште кімдер өлең айтты?

-Ұлдар өлең айтты.

-Қыздар ше?

Екі жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақ.

Мысалы:

-Бұл кісілер қай жердікі?

-Жетісудікі.

-Жетісудікі?

-Иә, Жетісудікі.



ІІ. Сараланған-негізгі бөлім

1.Оқулықпен жұмыс

7-сынып

8-сынып

83-жаттығу (ауызша)

Мәтіннен сұрау есімдіктерін тауып, мағыналық ерекшеліктеріне және қолданысына назар аудару.

Қайда? не? неге? па? қай ? кім? қанша? қалай?


19-жаттығу (ауызша)

Мәтінді оқып тақырыбын өздерің қойыңдар.

Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді тауып, қандай сұрақ екенін анықтаңдар.

Қалай? неғып? ма?



2.Топтастыру әдісі

7-сынып Есімдік түрлерін топтастыру.

8-сынып Берілген сөйлемдерден сұраулы, хабарлы сөйлемдерді табу.

Мен,сол,осынау,нешеу. Біз,сіздер,қанша. Сіз,ол, барлық, өз, қайсы. Сендер,қайдан,кім не,сен, бұл,анау, нешеумін,кіміміз, олар т.б.

Сұрау

жіктеу

сілтеу





Көкек айы. Мал төлдеп, жер көгеріп, құс ұялаған кез.Әмірқан, Дәулетжан үшеуміз Керуенкөлге құс атуға бардық.

Ең алғаш шапшаң үн қатқан Дәрмен еді.

- Кімнің бұйрығы солай етті. Абай аға-ау?

- Өлтірген кім?

- Өлтірткен кім?-десіп, Кәкітай, Мағаш қатар сұрасты.


3. Кім жылдам? ойыны

7-сынып Жаңылтпаштарды айтып үйрену. Құрамындағы сұрау есімдіктерін табыңдар.

8-сынып Мәтіндегі сұрақ түрлерін ажыратыңдар. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын айтыңдар.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?!


Шеше, кеше неше есе кесе көп алдыңыз?

Шеше, кеше неше есе кесе кем алдыңыз?


Менің нем кем деп ең,

Бер үйді ең кең деген!

Бер үйді ең кең деген,

Менің нем кем деп ең?!


Қиясбайдың есебі

Абайдың Қожанасыр мінездес Қиясбай деген досы болған. Бірде Абай үй ішімен есеп жөнінде әңгімелесіп отырса:

  • Абай аға, сіз есеп білесіз бе?-деп сұрапты Қиясбай қасында шынтақтап жатып.

  • Аздап, Қиясжан,-депті Абай.

  • Аздап білсеңіз, екі жүз ешкінің мүйізі қанша болады?

  • Төрт жүз болады да.

  • Пәлі, Абай аға, Сіз де есеп білемін деп мақтанасыз-ау!-депті Қиясбай. – Сонша көп ешкінің ішінде мүйізі жоқ тоқалы, мүйізі сынған кемдері болмай ма екен?-деп мырс-мырс еткенде, үй іші де ду күліпті.

(Ел аузынан)





4. Оқулықпен жұмыс

7-сынып

85-жаттығу. Нешінші? Қайсысы? деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып, мағыналық, тұлғалық жағы- нан салыстырыңдар.

8-сынып

21-жаттығу. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар.

Жіктеу: нешіншімін? қайсысымын?

нешіншісің? қайсысысың?

нешіншісіз? қайсысысыз?

нешінші? қайсысысы?


Тәуелдеу: нешіншім? қайсысым?

нешіншің? қайсысың?

нешіншіңіз? қайсысыңыз?

нешіншісі?қайсысы?

Бақыттың кіндігі-Отан

  1. ХХ ғасыр қандай ғасыр болды?

  2. Қазақ халқы өз елін, тәуелсіздігін қалай сақтап қалды?


  1. Қазақта бақыт деген қандай ұғым?

  2. Бақытты болудың негізгі факторы қандай?



5. Семантикалық карта

7-сынып 8-сынып


Есімдік


мысал

жіктеу

Сілтеу

Сұрау

Сөй. түр

Мысал

Хабар-лы

Сұрау-лы

Лепті

Бұйрық-ты

Ол оқыған азамат.




Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады.





Мынау не сарқыраған?

Қалайша сарқылмаған?




Түйенің көзі соқыр ма еді?-дейді.





Мен мына ауылға соға-мын.




Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырсын!





Анау не жарқыраған?

Аспаннан тартып алам!




Бұл оқушылар қай мектептен келгендер?





Бұл ұрыста біз жеңеміз.




Жанып тұрған от!





Самғай бер асқардан асқарға мынау қырандай.




Далада жаңбыр жауып тұр.








ІІІ. Кіріктірілген – қорытынды бөлім

  1. Абай Құнанбаевтың «Балалық өлді, білдің бе?» атты өлеңіндегі сұрау сөздер қалай жасалып тұр?

Балалық өлді, білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті, көрдің бе?

Кәрілікке көндің бе?

Кім біледі, сен кәпір,

Баяғыдан сендің бе?

Баянсызға төндің бе?

Әлде айналып, кім білер,

Боталы түйе секілді

Қорадан шықпай, өлдің бе?

  1. Қорытынды сұрақтар

    7-сынып

    8-сынып

    1.Сұрау есімдігі қалай түрленеді?

    2.Сұрау есімдігіне мысал келтіріп,оны жікте.

    3.Қайсы сұрау есімдігін септе және ондағы өзгешелікті түсіндір.

    1. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

    2. Сұраулы сөйлем қалай жасалады?

    3. Негізгі, жетек, анықтауыш сұрақ дегеніміз не?

  2. Менің алған әсерім.

(Сабақтан алған әсерлерін оқушылар алдарындағы парақшаларға түсіреді.Соңынан жинап аламын)

4.Оқушыларды бағалау



5.Үйге тапсырма беру

7-сынып 8-сынып

Сыр толғау Ой толғау

«Туған жер-тұғырың» «Ауылым – алтын бесігім»

(Өлең,ой толғау жазу. Жазба жұмыстарынан сұрау есімдіктері мен сұраулы сөйлемдер тауып,талдап келіңіздер).

85-жаттығу. Берілген сұрау есімдіктерін 23-жаттығу. Сұраулы сөйлемдердің қандай жолдармен

қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар. жасалғанын айтып беріңдер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сұрау есімдігінің түрленуі. 7-сынып Сұраулы сөйлем. 8-сынып

Автор: Махина Зоя Сапаровна

Дата: 24.02.2017

Номер свидетельства: 395229


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства