Жаңа тақырып | Сұрау есімдігінің түрленуі Әр нәрсені білу мақсатында сұрақ қойып жүретін бүлдіршіндерді негеш деп еркелетеді емес пе? Есімдіктің ішіндегі негеші - сұрау есімдігі. Өзі аты айтып тұрғандай сұрау есімдігі сұрау сөздерден тұрады. кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы және т. б. сұрақтарға жауап береді. Тақтаға ілінген тірек сызбадан сұрау есімдіктерін көрсету. Мысалы: I жақ менің кімім? II жақ сенің кімің? Сіздің кіміңіз? III жақ оның кімі? Бұл тәуелдену үлгісі I жақ мен кіммін? II жақ сен кімсің? Сіз кімсіз? III жақ ол кім? Бұл жіктелу үлгісі Атау: кім? Ілік: кімнің? Барыс: кімге? Табыс: кімді? Жатыс: кімде? Шығыс: кімнен? Көмектес: кіммен? Бұл септелу үлгісі Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана I, II жақтарда жіктеледі. Cебебі I және II жақ, яғни айтушы(мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіздер) адам ғана болады. III жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді. Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі: Тәуелдіктің жақтары ------ Кім? ------------ Нешеу? ------------ қайсы? І менің ------------------------- Кімім? ------------ Нешеуім? ------------ қайсым? ІІ сенің ------------------------- Кімің? ------------ Нешеуің? ------------ қайсың? сіздің ------------------------- Кіміңіз? ------------ Нешеуіңіз? ------------ қайсыңыз? ІІІ оның ------------------------- Кімі? ------------ Нешеуі? ------------ қайсысы? Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі: Септік ------ Кім?--------------- Нешеу?------------ қайсы? А. ----------- Кім? ------------- Нешеу? ------------ қайсы? І. ----------- Кімнің? ----------- Нешеудің? ------- қайсының? Б. ----------- Кімге? ------------ Нешеуге? -------- қайсыған? Т. ----------- Кімді? ------------ Нешеуді? -------- қайсыны? Ж. ----------- Кімде? ---------- Нешеуде? ------- қайсыда? Ш. ----------- Кімнен? -------- Нешеуден? ------ қайсыдан? К. ----------- Кіммен? -------- Нешеумен? қайсымен? Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған барлық сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады. Сұрау есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше тәуелденеді, септеледі және жіктеледі. |
Сергіту сәті | Күнде аспанға қараймыз, Қайтқан құсты санаймыз. Үшбұрыш боп тырналар, Көк жүзінде сырғанар. Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан Қар лақтырып ойнасақ, Суық өтер қолғаптан. | Оқушылар сергіп, демалады |
Шығармашылық жұмыс | Жаңылтпаштарды айтып үйреніңіздер. Құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағынасын және сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіріңіздер. Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім, Неше кіші ішік піштім?! Шеше, кеше неше есе кесе көп алдыңыз? Шеше, кеше неше есе кесе кем алдыңыз? Менің нем кем деп ең, Бер үйді ең кең деген? Бер үйді ең кең деген, Менің нем кем деп ең?! Балаларға жаңылтпашты жатқа айтқызып, ішіндегі сұрау есімдіктерін тапқызу. Неше, нем,... «Есімдік» деген сөзжұмбақ беріліпті. 1. Заттың қимылын, іс - әрекетін, жай - күйін білдіретін сөз табы. (етістік) 2. Қимыл, іс әрекеттің әр түрлі белгілерін білдіретін сөз табы. (үстеу) 3. Заттың санын, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы. (сан есім) 4. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. (зат есім) 5. Толық мағынасы жоқ, тек адамның көңіл - күйін білдіретін сөз табы.(одағай) 6. Заттың түрін, түсін, сынын білдіретін сөз табы.(сын есім) 7. Естілген дыбысқа еліктеу арқылы пайда болған сөздер.(еліктеуіш) |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды |