kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?рау есімдігіні? т?рленуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «С?рау есімдігіні? т?рленуі» Саба?ты? ма?саты:(О?ушыларды саба?ты? ма?саты ж?не міндеттерімен таныстыру) Білімділік: О?ушылар?а есімдік туралы, соны? ішінде с?рау есімдігіні? т?рленуі туралы теориялы? білім беру. С?рау есімдігін есімдікті? бас?а т?рлерінен ажырата білуге ?йрету. Дамытушылы?: О?ушыларды? сауатты жазуын, с?йлеу м?дениетін дамыту, граматикалы? ??ымдарды ме?геру да?дысын ?алыптастыру, ой-?рісін, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту. Т?рбиелік: О?ушыларды елін, жерін с?юге, адамгершілікке т?рбиелеу. Саба?ты? типі: Жа?а та?ырыпты ме?геру. Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауап, саба?ты т?сіндіру, жеке ж?мыс, ж?пты? ж?мыс, сын-т?р?ысынан ойлау технологиясыны? стратегиялары. П?наралы? байланыс: ?аза? ?дебиеті, тарих, математика. К?рнекіліктер: Интерактивті та?та, слайд, о?улы?, семантикалы? карточка. Саба? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і. • О?ушылармен с?лемдесу • Жо? о?ушыларды белгілеу, аны?тау • Сыныпты?, та?таны? тазалы?ына к??іл б?лу • О?ушыларды? зейінін саба??а аудару ІІ. ?й ж?мысын тексеру. 1. Зат есімні? т?рленуі? Мысал. 2. Сын есімні? т?рленуі? Мысал. 3. Сан есімні? т?рленуі? Мысал. 4. Есімдік дегеніміз не? 5. Есимдік ма?ынасына ?арай нешеге б?лінеді? 6. Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтірін дер. 7. Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?рау есімдігіні? т?рленуі»

Сабақтың тақырыбы: «Сұрау есімдігінің түрленуі»


Сабақтың мақсаты:(Оқушыларды сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру)

Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде сұрау есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Сұрау есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін дамыту, граматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сабақты түсіндіру, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, математика.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, оқулық, семантикалық карточка.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау

  • Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  1. Зат есімнің түрленуі? Мысал.

  2. Сын есімнің түрленуі? Мысал.

  3. Сан есімнің түрленуі? Мысал.

  4. Есімдік дегеніміз не?

  5. Есимдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  6. Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтірін дер.

  7. Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:” Сұрау есімдігінің түрленуі”.

Сұрау есімдігі жауап алу мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше?нешеу? қай? қандай? қанша? қалай? қашан? Сұрау есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше тәуелденеді, септеледі және жіктеледі.

Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:

Тәуелдіктің жақтары

Кім?

Не?

Қайсы?

І менің

ІІ сенің

сіздің

ІІІ оның

кімім?

Кімің?

Кіміңіз?

Кімі?

нем?

Нең?

Неңіз?

несі?

қайсым?

Қайсың?

Қайсыңыз?

Қайсысы?













Тәуелдіктің жақтары

Кім?

Не?

Қайсы?

І біздің

ІІ сендерді

сіздердің

ІІІ олардың

кіміміз?

Кімдерің?

Кімдеріңіз?

Кімдері?

неміз?

Нелерің?

Нелеріңіз?

нелері?

қайсымыз?

Қайсыларың?

қайсыларыңыз?

Қайсылары?


Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі:

Сеп-

Тік

Кім?

Не?

Кімдер?

А.

І.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

Кім?

Кімнің?

Кімге?

Кімді?

Кімде?

Кімнен?

Кіммен?

Не?

Ненің?

Неге?

Нені?

Неде?

Неден?

Немен?

Кімдер?

Кімдердің?

Кімдерге?

Кімдерді?

Кімдерде?

Кімдерден?

Кімдермен?


Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі:

Жіктіктің жақтары

нешеу?

қандай?

І мен

біз

ІІ сен

сендер

сіз

сіздер

ІІІ ол

олар

нешеумін?

нешеуміз?

нешеусің?

нешеусіңдер?

нешеусіз?

нешеусіздер?

нешеу?

нешеу?

қандаймын?

қандаймыз?

қандайсың?

қандайсыңдар?

қандайсыз

қандайсыздар

қандай?

қандай?


Сергіту сәті

Полиглот ( асты сызылған сөздерді қазақ, орыс ,ағылшын тілдерінде айту керек)

Тарих қана , халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды ұлы ақын!

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ-шөл, ойлы-қырлы панасы бар Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген

Жәндіктің киік деген баласы бар


Дүние ойдан шығады

Өзімді өзім ұмытып

Көңілім әнді ұғады

Жүрегім бойды жылытып. ,

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен.

Жаттығумен жұмыс

84-жаттығу. Жаңылтпаштарды айтып үйреніңдер.Құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағынасын және сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіріңдер.

1. Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?!


2.Шеше, кеше неше есе кесе көп алдыңыз?

Шеше ,кеше неше есе кесе кем алдыңыз?


3.Менің нем кем деп ең,

Бер үйді ең кең деген!

Бер үйді ең кең деген,

Менің нем кем деп ең?!


85-жаттығу.Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.

Кімнің? қайсымыз? нешеуі? кімдермен?нешеуден? кімсіздер? қандаймыз?


Деңгейлік тапсырмалар

1. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз

..... айтып тұрған қасиеттер .... баладан табылмасына ... кепіл?

..... ертіп жүрген бала қазақтың белгілі ақыны болған Нұржан Наушабаев екен.

..... - Күршім өзені. .........

  • Ұлыстың ұлы күніне арналып құрылған киіз үйлер.

  • ... елің- алтын бесік.

Есімдіктер: осы, сіз, бұлар, өз, мына, мынау, кім


Есімдіктердің жасалу жолдарын сызып белгілеңіз

Оқушылар слайдта берілген сұрақтарға жауап береді.


Ашық формалы тест.

Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып жазу


1.Үлкенді сен сыйласаң,

Кіші.......сыйлайды

2.Біреу тойып секіреді,

........тоңып секіреді.

3.Балапан ұяда .....көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

4.Не ексең, ......соны орасың.


Бекіту.

Жаңа тақырыпқа байланысты оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


1.Сұрау есімдігі дегеніміз не?

2.Сұрау есімдігі қалай түрленеді?

3.Сұрау есімдігіне мысал келтір


VІІ Үйге тапсырма: Ереже жаттау. 86-жаттығу

VІІІ. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысына қарай білімдері бағаланады.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
С?рау есімдігіні? т?рленуі

Автор: Отарбекова Жанна Амангалиева

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 287125


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства