Просмотр содержимого документа
«Салалас ??рмаласты? тыныс белгілері »
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмаластың тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлемдердің ішіндегі тыныс белгілердің қойылу себебін меңгерту,сөйлем ішінде қолдану тәсілін үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, электрондық оқулық, үлестірмелі қағаздар, стикерлер,смайликтер, түрлі-түсті қағаздар, т.б.
Сабақтың барысы
Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру барысында оқушылардың көңіл-күйіне әсер ететін қазақтың атақты буындарды сергітетін «Қара жорға» биін билетіп,топқа бөлемін.
«Smart» мақсат арқылы жаңа сабақтың мақсатын балалар өздері тұйық етістіктерге сала отырып, бүгінгі жаңа тақырып жайлы біледі.
ә) Ойды аяқтап тұрады , жауап сөз қалап тұрады. (сұраулы сөйлем)
Осы жұмбақтардың салалас құрмаластың қай мағыналық түрі екендігін ажыратады , жұмбақтың шешімін табады , тыныс белгілердің қойылу себебін анықтайды .
Талдау: 1 топ. а) Қаленді жауапқа тартады деген ой оның басына
келген емес ...
ә) Біз Балқашқа баратын поезды күттік те ол Петропавл поезымен сол күні кешке Алматыға аттанды .
2 топ. а) Торыайғыр тауы желдің екпінді өзегінен бір қырындау тұрады ондағы жел әлдеқайда саябыр келеді .
ә) Мезгіл кешкіріп кетті ....
3 топ. а) Жаны шығып кете жаздады өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес .
ә) Маңайға мойнымды созамын....
Үш топқа берілген тапсырмаларды оқушылар талдайды , салаластың түріне қарай ажыратады , тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіреді , кей сөйлемдерді толықтырады .
Жинақтау : «Ребус» құрау . Үш топ салалас құрмалас сөйлемге байланысты мақал – мәтелдер құрап , әр топ өз тапсырмаларын бір – бірімен алмастырады .
Бағалау : Шығармашылық жұмыс . Әр топ өздерінің топ аттарын қорғап шығады , бір шумақ өлең жолмен құрастырады .
Кері байланыс : Әр түрлі бұлттың түсі арқылы балалар сабақты меңгергендіктері жайлы ой қалдырады .
Бағалау критерийі : Әр топтардың өздерін бағалаулары , қойылу себебі .