1. С?лемдесу. Балалар ?р т?рлі ?лтты? киімдерін кию ар?ылы, сол ?лтты? ?кілдері ретінде бір- бірімен с?лемдесе отырып, елімізді? к?п ?лтты мемлекет екенін к?рсетеді.
Просмотр содержимого документа
«саба? жоспары "Досты?"»
Сабақтың тақырыбы: Достық.
Сабақтың мақсаты: Тақырыпқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді дұрыс пайдалана білу. Ауызекі сөйлеу, сауатты жаза білуге дағдыландыру.
Ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды туып-өскен жерін құрметтеуге, достықты бағалау білуге, адал дос болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс.
1Видео слайд.
1. Сәлемдесу. Балалар әр түрлі ұлттық киімдерін кию арқылы, сол ұлттың өкілдері ретінде бір- бірімен сәлемдесе отырып, еліміздің көп ұлтты мемлекет екенін көрсетеді.
Біздің Отанымыз – көп ұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдері тату тұрады. Достық болған соң, біздің Қазақстанымыз көркейіп, өсіп жатыр.
2. Тіл дамыту жұмысы
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер? (сыйластық, көмектесу, сырласу)
2. Шын достықты қалай білуге болады? (қиын кезде досың көмектеседі, досың сатып кетпейді)
3. Дос болу үшін адам қандай болу керек? (әділ, сенімді, адал болу керек.)
.., .
....,
..,,, ,,,..
3. Слайд. Ребус шешу.
..,,, ,,..
,,,..
,..,,
Үй тапсырмасын тексеру.
100бет 3тапсырма Өз досың туралы әңгімеле. «Туған күн» тақырып бойынша.
Жағдаят. Желтоқсан айында кімнің туған күні болды? (Алеша ортаға шығады) 5-желтоқсанда Алешаның туған күні болды.
Кім Алешаның туған күніне қонаққа барды? Ортаға шығып қалай демалғандарың айтыңдар.
- Мен Алешаның туған күніне бардым.Біз Алешаға жақсы тілектер айтық, әр түрлі қызықты ойын ойнадық.
- Мен де Алешаның туған күнінде болдым. Біз ойнадық, өлең, тақпақ айтық. Уақытты жақсы өткіздік.
- Ал саған Алешаның туған күнінде не ұнады?
Маған ойындар ұнады. Жеңімпаздарға сыйлықтар болды.
Алешаның әжесі пісірген торт өте керемет, тәтті болды.
Настя, Алеша қай жылы туған?
Екі мың бірінші жылы 5-желтоқсанда туған.
Дима, сен оған не сыйладың?
Мен Алешаға қызық кітап сыйладым.
Ал, тағы кім Алешаны құттықтайды? (оқушылар шығып құттықтайды).
Енді бірге құттықтайық.
Туған күніңмен құттықтаймыз! (хор арқылы)
Алеша: Рахмет, достарым тілектеріне. Сендерге де, денсаулық,қуаныш тілеймін.
Оқулықпен жұмыс.
101бет №1 тапсырманы оқып, өз досың туралы айту.
«Достық ағашы» шығармашылық жұмыс.
Оқушылар топ арқылы жұмыс жасап «Достық ережесін жазады.»
Тақтада «Достық ағашы» ілулі тұр. Оқушалар оған жазған ережелерді іледі.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, достықты не бұзады ?
- Оған қандай себептер бар?
-Достықты қалай сақтап қалуға болады?
Достықты сақтап қалу жолдарын қарастырайық. Қазір топтарға бөлініп, жұмыс істейміз. Жақсы дос болудың ережесін жасап көрейік. Сол ережені алдарыңдағы қағаздан жасалған кішкентай ғана жүректерге жазыңдар.
Достық ережесі.
1 Досыңды мазақтап, кемсітпе.
2 Досыңды алдама.
3 Досыңа адал бол.
4Досыңа сеніммен қара .
5 Досыңды бағалай біл
6 Досың қиналғанда қол ұшын бер.
7 Сыйлағанды сыйла
8 Басқа ұлттың баласына бауырмал бол.
9 Достықты бағалай біл.
10 Досыңды сатып кетпе.
Дәптерге достық заңдарды жазап, есте сақтайық.
Достық ережесі интерактив тақтаға жазылған.
(Өзіне ұнаған 4 - 5 ережені дәптерге жазу.)
Отан, туған жер, достық туралы мақал-мәтелдер жарысы.
Топтық жұмыс. Кім тез мақалды аяқтайды.
1. Жаман жолдастан таяғым артық.
2. Күлме досына келер басына.
3 Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
4 Жолдасы көптің - олжасы көп.
5 Татулық – табылмас бақыт.
6 Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
7 Адам досымен, ағаш тамырымен мықты.
8 Отан- елдің анасы
Ер- ердің анасы.
9 Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
10 Отанды сүю –отбасынан басталады.
11 Отан оттанда ыстық
12 Отансыз адам-
Ормансыз бұлбұл.
13 Ел іші –алтын бесік.
Біздің Отанымыз – алтын бесігіміз. Осы бесігімізде біз тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз. Отанымыз- тәуелсіз, егеменді Қазақстан.
Олеся Тәуелсіздік күніне арнап өлеңді жаттап келіпті.
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің мерекесі.
Қазақстан тек қана алға
Биіктерге самға!!!
«Чунго-чанго» өлеңі үш тілде орындалады
Слайд. «Сиқырлы қол» ойыны.
(Оқушылар достарына арнап бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнап тілектер жазады да, бір-біріне сыйлайды.)
Балалар қағазға қолдарының суреттерін салып, әрбір саусағына бір-біріне жақсы тілектер жазады .Ал енді жақсы тілектерді бір-біріне беріңдер.
Үйге тапсырма: 101бет 2 тапсырма жазбаша орындау. Қазақстан, достық туралы кітапханадан өлең, тақпақ тауып мәнерлеп оқып келу.