kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?нінен "Досты? ?ымбат ?мірде" та?ырыбына саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

7-саба?

               ДОСТЫ? ?ЫМБАТ ?МІРДЕ

Ж?з те?ге? бол?анша – ж?з досы? болсын.

                                             Ма?ал

Ма?саты: «Досты?», «?зара сыйласты?» ??ымдарыны? адамгершілік ??ндылы?тары ретіндегі м?нін ашу.

Міндеттері:                                               

- балаларды достарымен жа?ымды ?арым-?атынас  жасау?а ?йрету;

- ?зара сыйласты?, ?зара т?сіністік, ?зара к?мек ?арым-?атынастарын дамыту;

- татулы??а, досты??а, ?жымшылды??а т?рбиелеу.

К?рнекі ??ралдар: ?нтаспа сюжетті суреттер.

Шатты? ше?бері

Балалар ше?берге т?рып, бір-бірімен к?лімдеп с?лемдеседі. Барлы?ы ?осылып «Дос болайы? б?ріміз!» ?нін айтады. ?нтаспа?а ?осылып айту?а болады.

Дос болайы? б?ріміз!

С?зі – Х. Тал?аровтікі

?ні – И.Н?сіпбаевтікі

?р?ашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері ж?рі?дер,

Досты? жырын білі?дер.

Ту ?ып ?стап бірлікті,

Е?бекті с?йі?дер!

 

?айырмасы:

Дос болайы? б?ріміз,

Жарасып т?р ?німіз.

Тынышты?ты са?таймыз,

Атсын к?ліп та?ымыз.

Тапсырма

О?ушылар?а о?улы?та берілген «Мені? достарым» та?ырыбына ??гіме ??растыру тапсырылады. Суреттерде балаларды? балаба?шада?ы достары; аулада ойнайтын ??рбыластары; сыныптастары; бірге серуендейтін достары бейнеленген.

Балалар осы суреттерге ?арап, ?здеріні? балаба?шада бірге ойна?ан достарын к?з алдарына елестетіп, оларды? есімдерін естеріне т?сіреді; ?андай ойындар ойна?андарын; ?андай ойыншы?тары бол?анын айтады.    

Аулада?ы ??рбыларымен ?андай ойынды ?алай ойна?андарын, ойын кезінде ?андай ?ызы?тар бол?анын ??гімелеп береді.

Сыныптастарымен бірлесіп ?алай саба? о?итындарын, татулы??а, досты??а ?алай ?йреніп жат?андарын, сыныпта бір-біріне ?андай ?зара сыйласты?, ?зара к?мек жасауды білгендерін, бірлесіп ?андай істермен ш??ылдан?андарын с?з етеді.

Сондай-а? серуендеу кезінде достарымен ?алай ж?ргендерін, ?ызы?ты о?и?аларды естеріне т?сіріп ??гімелеп береді.

Д?йекс?з

М??алім саба? та?ырыбын ашу ма?сатында та?та?а  «Ж?з те?ге? бол?анша – ж?з досы? болсын» дейтін ма?ал с?зді жазады ж?не оны? м?нін т?сіндіреді:

–  Балалар, досты?ты? ?адірін білген, оны? м?ніне тере? ??іле білген хал?ымыз осы ма?ал с?зді ?рдайым ?неге етіп айтып отыр?ан. Досты? ?ашанда б?рінен де ?ымбат. Ма?алды? ма?ынасынан егер, ?алта?ды ж?з те?ге? болса, оны керегі?е ж?мсайсы?, ол тез-а? таусылып ?алады. Ол а?ша?а ал?ан заты?, ішкен-жегені? ?мытылып та ?алады.  Ал  соншама досы? болса, ол сені ?рдайым ?уаныш?а б?лейді, ?руа?ытта ?асы?нан табылады, сенімен ?рдайым бірге болады.

М??алім балалар?а д?птерді? со?ында берілген «Мені? д?йекс?здерім» айдарында?ы б?гінгі саба?ты? та?ырыбы к?рсетілген бетке осы д?йекс?зді жазу?а ке?ес береді

Жа?даяттарды талдау

О?ушылар?а о?улы?та?ы суреттер ар?ылы берілген жа?даяттарды талдау ?сынылады. Балалар суреттерге ?арап, «Суреттегі кейіпкерлер бір-бірімен ?айткенде достаса алады?» деген жа?даяттарды? шешімін табу тиіс. Суретте ?здеріне таныс, мультсериалдардан к?ріп ж?рген кейіпкерлері берілген. Олар ?немі бір-бірімен т?сінісе алмай, бір-бірімен келісімге келмей, шым-шытыры? о?и?алар?а тап болып, ?ашан к?рсе? де бірін-бірі ?уып, бір-бірімен алысып ж?ретін кейіпкерлер. Ендеше, балалар осы кейіпкерлерді достастыруды? амалдарын тап?андары д?рыс. О?ушылар жа?даяттарды? шешімін жекелей немесе бірлесіп іздестіріп, шешулеріне болады. Балалар ?з шешімдерін жария етеді.

Д?птермен ж?мыс

М??алім балалар?а д?птер бетіне ?з досына арнап  сурет салуды ?сынады.

?орытынды

М??алімні? с?зі:

– Балалар, біз б?гінгі саба?та досты? жайлы ??гімелестік. ?зімізді? достарымызды есімізге алды?. Достар арасында?ы ?зара к?мек, ?зара сыйласты? туралы білдік. Достарымызды сыйлауды, бір-бірімізден кешірім, р??сат с?рауды, ?олда бар заттармен б?лісуді, сыныптастарды ренжітпеуді, ?зара к?мектесуді барлы?ымыз білсек ж?не соны к?рсете алса?, онда біз сыйлы, ?йымшыл, тату боламыз.

Ж?ректен ж?рекке

О?ушылар м??аліммен бірге ше?берде т?рып, «Ризашылы?» ?нін айтады.

Ризашылы? ?ні

С?зі мен ?ні Луиза Хейдікі

Ризамыз б?гінге,

Ризамыз б?гінге!

Ризамыз б?гінге,

Ризамыз ?азірге! (2 рет.)

Ризамын, ризамын, ризамын б?гінге!

Ризамын, ризамын, ризамын ?азірге! (2 рет.)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?нінен "Досты? ?ымбат ?мірде" та?ырыбына саба? жоспары »

7-сабақ


ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ


Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын.

Мақал


Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;

- өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту;

- татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа сюжетті суреттер.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен күлімдеп сәлемдеседі. Барлығы қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады. Үнтаспаға қосылып айтуға болады.

Дос болайық бәріміз!

Сөзі – Х. Талғаровтікі

Әні – И.Нүсіпбаевтікі

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!


Қайырмасы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


Тапсырма

Оқушыларға оқулықта берілген «Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады. Суреттерде балалардың балабақшадағы достары; аулада ойнайтын құрбыластары; сыныптастары; бірге серуендейтін достары бейнеленген.

Балалар осы суреттерге қарап, өздерінің балабақшада бірге ойнаған достарын көз алдарына елестетіп, олардың есімдерін естеріне түсіреді; қандай ойындар ойнағандарын; қандай ойыншықтары болғанын айтады.

Ауладағы құрбыларымен қандай ойынды қалай ойнағандарын, ойын кезінде қандай қызықтар болғанын әңгімелеп береді.

Сыныптастарымен бірлесіп қалай сабақ оқитындарын, татулыққа, достыққа қалай үйреніп жатқандарын, сыныпта бір-біріне қандай өзара сыйластық, өзара көмек жасауды білгендерін, бірлесіп қандай істермен шұғылданғандарын сөз етеді.

Сондай-ақ серуендеу кезінде достарымен қалай жүргендерін, қызықты оқиғаларды естеріне түсіріп әңгімелеп береді.


Дәйексөз

Мұғалім сабақ тақырыбын ашу мақсатында тақтаға «Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын» дейтін мақал сөзді жазады және оның мәнін түсіндіреді:

– Балалар, достықтың қадірін білген, оның мәніне терең үңіле білген халқымыз осы мақал сөзді әрдайым өнеге етіп айтып отырған. Достық қашанда бәрінен де қымбат. Мақалдың мағынасынан егер, қалтаңды жүз теңгең болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез-ақ таусылып қалады. Ол ақшаға алған затың, ішкен-жегенің ұмытылып та қалады. Ал соншама досың болса, ол сені әрдайым қуанышқа бөлейді, әруақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады.

Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді

Жағдаяттарды талдау

Оқушыларға оқулықтағы суреттер арқылы берілген жағдаяттарды талдау ұсынылады. Балалар суреттерге қарап, «Суреттегі кейіпкерлер бір-бірімен қайткенде достаса алады?» деген жағдаяттардың шешімін табу тиіс. Суретте өздеріне таныс, мультсериалдардан көріп жүрген кейіпкерлері берілген. Олар үнемі бір-бірімен түсінісе алмай, бір-бірімен келісімге келмей, шым-шытырық оқиғаларға тап болып, қашан көрсең де бірін-бірі қуып, бір-бірімен алысып жүретін кейіпкерлер. Ендеше, балалар осы кейіпкерлерді достастырудың амалдарын тапқандары дұрыс. Оқушылар жағдаяттардың шешімін жекелей немесе бірлесіп іздестіріп, шешулеріне болады. Балалар өз шешімдерін жария етеді.


Дәптермен жұмыс

Мұғалім балаларға дәптер бетіне өз досына арнап сурет салуды ұсынады.


Қорытынды

Мұғалімнің сөзі:

– Балалар, біз бүгінгі сабақта достық жайлы әңгімелестік. Өзіміздің достарымызды есімізге алдық. Достар арасындағы өзара көмек, өзара сыйластық туралы білдік. Достарымызды сыйлауды, бір-бірімізден кешірім, рұқсат сұрауды, қолда бар заттармен бөлісуді, сыныптастарды ренжітпеуді, өзара көмектесуді барлығымыз білсек және соны көрсете алсақ, онда біз сыйлы, ұйымшыл, тату боламыз.


Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберде тұрып, «Ризашылық» әнін айтады.

Ризашылық әні

Сөзі мен әні Луиза Хейдікі

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге! (2 рет.)

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2 рет.)










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зін-?зі тану п?нінен "Досты? ?ымбат ?мірде" та?ырыбына саба? жоспары

Автор: Аргынбек Асем Сабыржанкызы

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245499


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства