Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сабаққа қонақтар келді, қонақтармен амандасайық. - Көңіл-күйлерің қалай? - Сыныпта кім кезекші? Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату «Шаттық шеңбері» (әр оқушы бүгінгі күнге жақсы тілек тілейді) (оқушылар назарын сабаққа шоғырландыру үшін) Үй жұмысын тексеру. «Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы. (сұрақ арқылы тексеремін) «Төрт сурет, бір сөз» әдісі арқылы жаңа сабаққа шығу. КБ Суреттерде сендер не көрдіңдер? Онда не сатылады? Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы « Ұлы Жібек жолы» 1-тапсырма Тапсырманы орындау бойынша саралау. Оқушылардың барлығы және көпшілігі «Ұлы Жібек жолы» дегенде нені елестетеді екенін айтады. «Дара диаграммаға» салады. жібек Ұлы Жібек жолы Сабақтың мақсатын анықтау. Топтарды атау. 1 топ – Лазурит жолы 2 топ – Нефрит жолы 3-топ – Құндыз жолы Балалар, бүгін біздің сабақ ерекше, біз Ұлы Жібек жолындағы қалаларға саяхат жасаймыз. Бірінші қала ол «Отырар қаласы». Оқушыларға жауап парақтары таратылады, дескрипторлар берілген, видео көреді. Видео бойынша өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді. Бағалау критерийлері | Дескрипторлар | Бейнебаянда берілген материалдың не туралы екенін түсінеді. | 1. Бейнематериалдың қарап мазмұнын түсінеді. 2. Айтылған сұрақтарды дұрыс түсініп, жауап береді. 3. Ойларын толықтырып айтады. | КБ смайликтерді бояу ( жасыл түс-түсінікті, сары-қиындық туғызды, қызыл- қиын) Сөздік жұмыс. Келесі қала «Испиджап». Оқушылар жаңа сөздермен танысады, тыңдайды. Кері байланыс: Өзара бағалау. |