"?лы жібек жолыны? ?алыптасуы ж?не тарихи ма?ызы."
"?лы жібек жолыны? ?алыптасуы ж?не тарихи ма?ызы."
Саба?ты? та?ырыбы: ?лы жібек жолыны? ?алыптасуы ж?не тарихи ма?ызы.
Саба?ты? ма?саты
Білімділігі: О?ушылар?а ?лы Жібек жолыны? пайда болуын ж?не тек сауда мен шаруашылы?ты дамытушы ?ана емес,халы?аралы? ?атынастар мен м?дениет таратушы жол ретінде ма?ызын ашып к?рсету.
Т?рбиелілігі: О?ушыларды? ?лтты? намысын ояту?а,адамгершілік,м?дениеттілік сана-сезімін ?алыптастыру?а,ту?ан елі мен жерін ??рметтеуге т?рбиелеу.
Дамытушылы?ы: О?ушыларды? ?з бетінше ж?мыс істеу да?дыларын жетілдіру,ж?йелі ойлау ?абілеттерін дамыту,?з бетінше ?орытынды жасау?а ж?не шы?армашылы?пен айналысуына ы?пал жасау,ба?ыт-ба?дар беру.
К?тілетін н?тиже:
1?лы Жібек жолыны? пайда болу кезе?імен танысады
2.О?ушы бойында м?дениеттілік сана сезімі ?алыптасады.
3.Отанс?йгіштікке т?рбиеленеді.
Саба?ты? т?рі: Аралас саба?
Саба?ты? типі: Жа?а білімді ме?герту
Саба?ты? ?дісі: СТО технологиясы,с?йкестендіру тесті,с?ра?-жауап,тарихи сына?хат,эссе,топтастыру,хронологиялы? кесте,семантикалы? карта.
Y. Бекіту 3 топ?а « ?лы Жібек жолыны? экономиканы? дамуына тигізген ?сері» та?ырыбында эссе жаздырамын ж?не о?ытамын.
YI. ?орытынды: Т?йіндеме
?лы Жібек жолы – б?л ежелгі д?уірде ж?не орта ?асырларда Шы?ыс пен Батыс арасын,елдер мен ?ркениеттер арасын жал?астыр?ан ??рлы?аралы? сауда жолы болды.Б?л жолды? ?ызмет ету мерзімі б.з.б. II – XV ?асырды? бас аралы?ы болып саналады.?азіргі та?да осы к?не керуен жолын жа??ыртуды? халы?аралы? м?дени-
экономикалы? байланыста?ы р?ліні? ма?ызы ж?нінде елімізді? Президенті Н.?.Назарбаев «Ежелгі Жібек жолыны? жалпы с?лбасымен XXI ?асырда м?най-газ ??бырлары тартылады,солар ар?ылы Орталы? Азияны? м?най мен газы экспортын
дамыту Орталы? Азия халы?тарына,ежелгі заманда?ы сия?ты,біры??ай сырт?ы экономикалы? саясат,біры??ай кеден,салы? ба?ылауы,біры??ай ?ауіпсіздік ж?йесі ?ажет,сол тиімді» деп к?рсетіп берді.
Расында,б?гінгі к?ні ?лы Жібек жолы халы?аралы? техникалы? ж?не м?дени алмасу жолы болады деген сеніміміз зор.
YII. ?йге тапсырма
параграф 15, XXI ?асыр ?лы Жібек жолы ж?нінде м?лімет жинап келу.
YIII. Ба?алау
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?лы жібек жолыны? ?алыптасуы ж?не тарихи ма?ызы."»
Сабақтың тақырыбы: Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Оқушыларға Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес,халықаралық қатынастар мен мәдениет таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың ұлттық намысын оятуға,адамгершілік,мәдениеттілік сана-сезімін қалыптастыруға,туған елі мен жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту,өз бетінше қорытынды жасауға және шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау,бағыт-бағдар беру.
Күтілетін нәтиже:
1Ұлы Жібек жолының пайда болу кезеңімен танысады
2.Оқушы бойында мәдениеттілік сана сезімі қалыптасады.
3.Отансүйгіштікке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы,сәйкестендіру тесті,сұрақ-жауап,тарихи сынақхат,эссе,топтастыру,хронологиялық кесте,семантикалық карта.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу
б) Оқушыларды 3 топқа бөлу (сабақтың құрылымына байланысты)
II Үй тапсырмасын сұрау (Бинго ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау)
I-топ
Қыпшақтардың этникалық құрамына қандай тайпалар кірген?
Хорезм мен Қыпшақ хандығы арасындағы шайқастардың себебі?
II-топ
Орыс деректерінде қыпшақтарды қалай атаған?
Қыпшақ хандығында құлдықтың болғанын жазған тарихшы?
III-топ
Қыпшақтардың шаруашылығы туралы не айтар едіңіздер?
«Қыпшақтардың жер жағдайы мал өсіруге қолайлы болған» деп жазған тарихшы?
III. Жаңа сабақ
Жоспары:
1.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.
2. Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізетін әсері.
3. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.
4. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы.
Қызығушылығын ояту
(Слайдта Ұлы Жібек жолының суреті көрсетіледі.)
Мына суреттің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар?Қалай ойлайсыздар?
Ендеше оқушылар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Ұлы Жібек жөнінде болмақ.
Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту мақсатында,өз беттерімен жұмыстану мақсатында әр топқа тапсырмалар беріледі.
I топ – Мәтінді оқи отырып,түсінгенін айту
«Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.»
II топ - тарихи сынақхат
1. Ұлы Жібек жолы б.з.б.------- ғасырда пайда болды.
2. --------ғасырда жібектің бүкіл еуразияға әйгілі болған кезеңі.
3. Жібек жолының басы Қытай жеріндегі --------------- өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады.
4. Жібек жолы ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп,Іле өзенімен ------------------ жетеді.
5.Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда,б.з.б.I ғ.ортасында алғаш рет ----------------- елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан.
6.------------Жібек өндірудің дамығаны сонша,жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен.
7.Деректерге қарғанда ------------- -------------- адамдар қуыс қурайдың ішіне салып,тіпті кейбір әйелдер шашының арасына тығып алып шыққан.
III топ - Семантикалық карта
Талғар
Тараз
568 ж
138 ж
Батыс елдеріне
Византия
Түркістан
Испиджаб
Отырар
Сауран
Күміс құмыралар табылды
+
Фарфордан жасалған ыдыстары табылды
+
+
+
Қытай императоры
елшілік
аттандырды
+
Мыс теңгелертабылды
+
+
+
+
Түрік қағанаты келісім жасады
+
+
IY. Жаңа сабақты бекіту
Жақсы оқушылар сіздер бүгінгі жаңа тақырыпты ойдағыдай меңгердіңіздер деп ойлаймын.Жаңа сабақты бекіту мақсатында мен сіздерге тапсырмалар беремін осы тапсырмалар арқылы сіздердің қаншалықты әлі де тақырыпты меңгергендеріңізді байқаймын.
I топ – Хронологиялық кесте
Кезеңі
Оқиғалар
138 ж
VII ғ
568 ж
Б.з.б. I ғ
VI ғ
Б.з.б II – I ғ
Б.з.б. II ғ.ортасы
II топ –Топтастыру
Ұлы Жібек жолы
III топ – сәйкестендіру тесті
Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?
Талғар,Отырар,Испиджаб
Жібек жолы қайдан басталды?
Тараз
Қытайдың әдемі фарфордан жасалған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған?
Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақ
Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекге түскен ел?
Б.з.б. II - I
Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?
Соғды
Б.з.б. II ғ.Қытайдан Батысқа қарай елшілік аттандырғанимператор?
Болгар бұрышы
Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған?
У - Ди
Y. Бекіту 3 топқа « Ұлы Жібек жолының экономиканың дамуына тигізген әсері» тақырыбында эссе жаздырамын және оқытамын.
YI. Қорытынды: Түйіндеме
Ұлы Жібек жолы – бұл ежелгі дәуірде және орта ғасырларда Шығыс пен Батыс арасын,елдер мен өркениеттер арасын жалғастырған құрлықаралық сауда жолы болды.Бұл жолдың қызмет ету мерзімі б.з.б. II – XV ғасырдың бас аралығы болып саналады.Қазіргі таңда осы көне керуен жолын жаңғыртудың халықаралық мәдени-
экономикалық байланыстағы рөлінің маңызы жөнінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ежелгі Жібек жолының жалпы сұлбасымен XXI ғасырда мұнай-газ құбырлары тартылады,солар арқылы Орталық Азияның мұнай мен газы экспортын
дамыту Орталық Азия халықтарына,ежелгі замандағы сияқты,бірыңғай сыртқы экономикалық саясат,бірыңғай кеден,салық бақылауы,бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет,сол тиімді» деп көрсетіп берді.
Расында,бүгінгі күні Ұлы Жібек жолы халықаралық техникалық және мәдени алмасу жолы болады деген сеніміміз зор.
YII. Үйге тапсырма
параграф 15, XXI ғасыр Ұлы Жібек жолы жөнінде мәлімет жинап келу.