Ашы? саба?ты? та?ырыбы:?лы Жібек жолы ж?не оны? тарихи ма?ызы
Білімділік: О?ушыларды ?лы Жібек жолы тарихымен таныстыру. ?аза?стан жеріндегі ба?ыттары мен тарма?тары,керуен жолы бойында?ы ?ала м?дениетiнi? ?алыптасуы ж?не ?азіргі та?да ?лы Жібек жолыны? ?айта жа??ыруы ж?нінде т?сінік беру.
Т?рбиелік:?лы Жібек жолыны? ма?ызын, халы?тар бірлігі мен м?дениетті? ?зара алмасуына ?серін сезіндіру ар?ылы д?ниетанымын ке?ейту. Тарихи м?раларымен ескерткіштерге ??рметпен ?арау?а т?рбиелеу
Дамытушылы?:?осымша материалдар ж?не ойын ар?ылы ар?ылы саба??а ?ызы?ушылы?ы мен белсенділігін арттыру, білімін шы?дау, ?зіндік ой ?орыту?а,?з бетімен ж?мыстану?а баулу. Сауда жолдарын картадан к?рсету ар?ылы картамен ж?мыс істей ?абілетін дамыту, логикалы? ойлауын ж?не эстетикалы? тал?амдарын дамыту.
Просмотр содержимого документа
«?лы Жібек жолы ж?не оны? тарихи ма?ызы»
Ашық сабақтың тақырыбы:Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы
Білімділік: Оқушыларды Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру. Қазақстан жеріндегі бағыттары мен тармақтары,керуен жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы және қазіргі таңда Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы жөнінде түсінік беру.
Тәрбиелік:Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту. Тарихи мұраларымен ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу
Дамытушылық:Қосымша материалдар және ойын арқылы арқылы сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, білімін шыңдау, өзіндік ой қорытуға,өз бетімен жұмыстануға баулу. Сауда жолдарын картадан көрсету арқылы картамен жұмыс істей қабілетін дамыту, логикалық ойлауын және эстетикалық талғамдарын дамыту.
- Жаңа тақырыпқа болжау айтады, білетіндерін еске түсіреді. Жеке жұмыс жасайды
- Топта талқылап, тізбектейді, салыстырады, айырмашылықтарын табады.
- термин сөздерді дәптерге жазады.
-Үй тапсырмасын күнделікке жазады
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылар зейінін сабаққа психологиялық түрде аудару және оқушыларды «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы бағалау.Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.
Сыныппен байланыс орнату. - Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса, бәріміз бірге қонақтармен сәлемдесейік - Балалар сәлемдеседі. - Балалар, сабағымызды сұрақ - жауап арқылы тәлім сәтінен бастайық. - Балалар, көңіл - күйіміз қалай? - Жақсы! - Ерекше сабақ өтуге дайынбыз ба? - Дайынбыз! - Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды осындай көңіл - күймен бастайық. Хормен: Жақсы оқып сабақты, Әдеп сақтау сәніміз. Сәлем бердік сіздерге Басымызды иіп бәріміз.