kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өтініш пен оның түрлерімен жұмыс жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өтініш толтыруда алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруларына үйрету.Іс-қағаздарды рәсімдеуді үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өтініш пен оның түрлерімен жұмыс жасау»

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Досман С.Н.

Сабақтың тақырыбы: Өтініш пен оның түрлерімен жұмыс жасау.

Мақсаты: Әр оқушы өз бетінше қорытынды-тұжырым жасап, өз жауабын дәлелдей отырып, сауатты құжат үлгілерін құрастыра білу білімін жетілдіру.


Міндеттері:

  1. Өтініш құжатының түрлерімен танысып, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра білуді үйрету;

  2. Іс-қағаздарын рәсімдеудегі алған білімдерін әрі қарай дамыту;

  3. Студенттерге іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру.


Әдістері: Логикалық ойлауды қалыптастыру, білім алудың жоғарғы мотивациясын тудыру және студенттердің икем дағдыларын қалыптастыру.


Сабақтың жабдығы: Оқулық, поектор, тірек-кестелер, құжат үлгілері.

Пәнаралық байланыстар: Қазақ тілі, стилистика.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Г.Байжанова, Г.Маймақова «Іс жүргізу» Астана 2007

  2. З.Ерназарова «Іс қағаздары бойынша жазу дәптері» Алматы 2006

Сабақ құрылымы


Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу

Жоқ студенттерді анықтау

Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру

Үй жұмысын тексеру:


Кіріспе: Құрметті ұстаздар, студенттер бүгінгі сабағымыз дәстүрлі емес түрде жүргізіледі. Сабақ барысында толықтай бір мекеменің жұмыс күнін көрсете отырып, үй тапсырмасы мен жаңа тақырыпты ашамыз. Енді сабақты әрі қарай жүргізетін колледжіміздің әкімшілігімен таныстырып кетейін.

Колледж директоры –

Директордың ОІЖ орынбасары –

Оқу әдістемелік кабинет меңгерушісі –

Кадр бөлімінің меңгерушісі –

Бөлім меңгерушісі –

Хатшы –

Жұмысқа қабылданушы оқытушы –

Қалған студенттеріміз топ болып жұмыс жасайды.

2 студент сарапшы.


1. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» деген сөзден құжат атауларын құрастырып жазу. Уақыт 1 минут. (арыз, мінездеме, акт, жеке іс қағазы, келісім, қызметтік қағаз, анықтама, түсініктеме, телеграмма т.б.)


Үй тапсырмасын қайталау.


Колледж директоры: Саламатсыздарма. Бүгінгі жиналысымызды бастамас бұрын, Маржан ханым өткен жиналыстың хаттамасын берсеңіз.


Хатшы: Хаттама дегеніміз – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат. Өткен жиналыстың хаттамасы.

Өткен жиналыстың хаттамасының құрылымы бойынша тексере келе: Хаттама дұрыс құрылған. Мәліметтердің барлығы толық көрсетілген. Күн тәртібіндегі сұрақтар ашылып жазылған, жауапты тұлғалар көрсетілген. Шешім шығарылған. Директордың қолымен бекітілген.


Оқытушы: Студенттер өткен сабақта хаттаманы рәсімдеу туралы талқылаған болатынбыз. Хаттаманың неше түрі бар?

Жауабы: екі түрі бар. Толық хаттама, Қысқа хаттама. Анықтама беріледі. Тағы кім хаттама дайындап келді? Кезекті хаттаманы тексеруге береміз.


Колледж директоры:

Рахмет, ендеше хаттама бойынша өткен тапсырманы қайталайық. Өткен жиналыста қарастырылған бірінші тапсырма Абылайхан мырза колледждің оқытушыларын біліктілігін көтеру курсына жіберу туралы Білім басқармасына қызметтік хат жолдану керек болатын. Орындалдыма?


Директордың ОІЖ орынбасары.

Қызметтік хат дегеніміз – іс қағаздарының көп тараған бір түрі – қызметтік хаттар. Мекемелердегі қызмет бабындағы жиі жазылатын бұл хат көптеген мекемелерді өзара байланыстыруда ерекше рөл атқарады. Мұндай хаттар арқылы мекемелер арасында келіс сөздер жүргізіледі. Хаттардың мазмұны мен түрлері ғылым мен техникаға, экономика мен алыс беріс, мәлімет беру және анықтамалық сипатта да жазылады.

(Тақтадан қызметтік хаттың үлгісі көрсетіледі.)


Сарапшы:

Қызметтік хаттың құрылымы:

Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар. Ол әр кез сақталуы керек. Әдетте хат мынандай бөліктерден тұрады.

  1. Тақырыбы

  2. Күні

  3. Хат жолданып отырған мекеменің аты

  4. Кіріспе сөз

  5. Хаттың жалпы мазмұны, мақсатын көрсететін бөлік

  6. Негізгі мәтін

  7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері

  8. Жіберушінің қолы

  9. Қосымша берілетін болса, оған сілтеме қосымша

  10. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет

  11. Постскриптум

Бүгінгі сабақта ұсынылып отырған қызметтік хатта жоғарыда айтып кеткен мәліметтер көрсетілген. Тек қызметтік хаттың жазылу мақсаты толық ашылмаған.


Колледж директоры: Асыл мырза қызметтік хатқа аталған сөйлемді қоып, өзгертіп алып келерсіз.


Оқытушы: Студенттер барлығымыз бері қарайық. Тақтада қызметтік хаттың үлгісі көрсетілген. Қазір орындарыңызда отырып, қызметтік хат құрастырасыздар. Салыстырып көреміз. Қызметтік хатта тіл байлық, сөйлемнің дұрыс құрылуына мән беріледі.

Колледж директоры: Хаттама бойынша күн тәртібінде қарастырылып, берілген екінші тапсырма Кадр бөліміне қатысты болған болатын. Екінші тапсырма: Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру мақсатында бірнеше бұйрықтар әзірлеу.


Кадр бөлімі: Бұйрық дегеніміз – жетекшінің мекемені басқару барысында алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында шығаратын қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.

Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді.

  1. Негізгі қызмет бойынша

  2. Жеке қызметкерлер құрамы бойынша

(Бұйрықтың үлгілері ұсынылады, экранға шығарылады.)


Сарапшы: Кадр бөлімінің ұсынып отырған бұйрықтары бойынша сараптама жасайтын болсақ, мәтініне тоқталайық. Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші және жарлық.

Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудың себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған сілтеме жасалады.

Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады.

Бұйрықтың мәтінінде екі бөлікте кездеседі. Сондықтан бұйрық дұрыс құрылған.


Тапсырма. Бұйрық құжатына қатысты бұрыштама түрлерін таңдай отырып, сөйлем құрастырыңыз.


Жаңа тақырып.

Колледж директоры: Бүгінгі хаттама бойынша барлық сұрақтар талқыланып бітті. Тапсырмалар жоғары деңгейде орындалғандығын атап өткім келеді.

Маржан ханым жаңа хаттаманы рәсімдей беріңіз. Бүгінгі талқыланатын тақырып: «Еңбек қатынастарын рәсімдеу. Өтініш және оның түрлері»


Оқытушы: Студенттер дәптерлеріңізге бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын жазып алыңыздар.


Колледж директоры:

Еңбек ресурстарын басқару саласындағы әкімшілік өзара байланысты міндеттерді қамтиды. Оларды мынадай кестемен беруге болады.



Еңбек ресурстарын басқару


Жоспарлау

-Стратегиялық мақсаттардың қойылымы

- Еңбек ресурстарының барлығын және қажеттілігін бағалау

Ұйымдастыру

- Еңбек әрекеттерін талдау

- Біліктілік талаптары мен қызметтік нұсқаулықтарды құрастыру

- Басқару міндеттерін анықтау

Басқару

- Кадр саясаты, қызметке тарту, іріктеу, жұмысқа қабылдау

- Өтемақы арқылы негіздеу

Есепке алу

- Жеке құрам қызметін бағалау

Осы көрсетілген кесте бойынша басқару және есепке алуға тереңірек тоқталайық.

Бос тұрған орынға қызметке үміткерлерді іштен, әлде сырттан іздеу мәселесіне көптеген фирмалар стратегиялық мәні бар мәселе ретінде қарайды.

Үміткерлерді еңбек нарығына іріктеу – фирма үшін жауапты кезең. Дегенмен, бұл екі жақты процесс. Фирма үміткерлерді қабылдау, әлде қабылдамау керектігін шешеді, ал үміткер – жұмыс туралы ұсынысты қабылдайма, жоқ па, соны шешеді.

Ендеше бүгінгі күні жұмысқа қабылдануға үмтікер боп келіп отырған азаматшамыз бар екен. Құрметті әріптестер, еңбек нарығында сұранысқа ие маманба, біздің талаптарымызға сай келеме талқылап жіберейік.

Айша ханым біздің мекемемізге қош келдіңіз. Өзіңізбен бірге түйіндемеңіз барма?


Айша: Түйіндеме өмірбаян мәліметтері ықшам, әрі толық түрде жазылатын құжат. Түйіндемеде Аты-жөні, мекен жайы, жалпы ақпараттар, туған жылы, күні, жері, ұлты, жұмыс тәжірибесі, білімі, тілді білуі, компьютерді игеруі, жеке қасиеттері, қосымша ақпараттар, ұсыным хаты көрсетіледі. Менің түйімдемеме зер салсаңыздар. (Түйіндеме үлгісі ұсынылады.)


Сарапшы: Түйіндемеде көрсетілу керек мәліметтерге сүйене отырып, Айша ханымның құжатын тексерсек, толық қамтылған. Толықтыру қосымша мәліметтер бөліміне енгізілсе деген ұсынысым бар.


Колледж директоры: Құрметті әріптестер, Айша ханым бізде арнайы пән оқытушысы болуға үміткер. Қосымша сұрақтарыңыз болса.


Тапсырма. Студенттерге толықтыру үшін кесте түрінде түйіндеменің үлгісі ұсынылады.


Колледж директоры: Жақсы. Айша ханымға басқа сұрақтарымыз жоқпа? Жоқ болса, жұмысқа қабылдау туралы ұсыныс жасаймын. Дауыс берейік. (Дауыс беру сәті өтеді).


Хатшы: «Иә» дегенге дауыс берейік. «Жоқ» деп қарсы шығатындар барма?

Қалыс қалушылар барма? Жоқ болса, барлығы бір ауыздан «иә» деп дауыс берді.


Колледж директоры:Барлығымыз бір ауыздан дауыс берсек. Айша ханым сіз бүгінгі сұхаббатасудан сәтті өттіңіз. Жұмысқа қабылдандыңыз.


Колледж директоры: Әрбір жұмысқа қабылданатын азамат немесе азаматша өтініш жазады.

Өтініш дегеніміз – жеке тұлғалардың басшыларға, мемлекеттік органдарға қандай да бір өтініш білдіруі. Іс қағаздардың негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін түрде жазылады. Өтініштер арнайы бланктерде немесе арнайы таза қағазға толтырылады.

Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:


  1. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш

  2. Жұмыстан босату туралы өтініш

  3. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш

  4. Кезекті еңбек демалысын сұрау туралы өтініш

  5. Кезектен тыс демалыс сұрау туралы өтініш

(Өтініштің үлгісі көрсетіледі. Оқытушының түсіндіруі)


Жаңа сабақты бекіту.


1 тапсырма. Топ студенттеріне тапсырма. «Сиқырлы сөз» деп аталатын тапсырма. Тақтада берілген жағдайлар бойынша өтініш үлгілерін жазамыз.


2-тапсырма. Өтініште кездесетін сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыз


А) 2016 жылдың/ бастап/ отбасы/ кезектен/ 15 қарашасынан/ байланысты/ 1 апта/ тыс/ жағдайына/ еңбек/ беруіңізді/ сұраймын/ демалыс.


Ә) Сізден/ факультетіне/ маркетолог/ экономика/ оқу құралын/ арналған/ ғылыми кеңеске/ жіберуді/ талқылауға/ сұраймын.


3-тапсырма. Жазылған өтініштерге сай етіп бұйрық рәсімдеу.


Жаңа сабақты қорытындылау

Сұрақ жауап.

1. Өтініш жазылатын жағдайларды нешеу және атаңыз?

Жауап: 5 түрін атап өттік.

2. Өтініште жазылатын адресат қандай сұрақтарға жауап беруі керек?

Жауап: кім? (қызметі), кімге? (аты-жөні), кімнен? (өтініш иесі)


Сабақты бағалау.

«Мен басқаның көзімен» деп аталады. Сабақ барысында өткен тақырып бойынша үй жұмысының орындалуын бағалау.

Үй тапсырмасы.

Колледж директоры: Бүгінгі жиналысымыз аяғына жетті. Айша ханым хаттаманың шешіміне жазыңыз. Үйге тапсырма. Бүгінгі тақырып бойынша өтініштің түрлерін толық жазып, соған сай бұйрықтарды рәсімдеп келу. Тапсырма барлығымызға түсінікті болса, жиналысымыз бітті. Сау болыңыздар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Өтініш пен оның түрлерімен жұмыс жасау

Автор: Досман Сания Нағмедханқызы

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388395

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Т?рбиені? ?дістері мен т?сілдері ж?не оны? т?рлері "
    ["seo_title"] => string(56) "t-rbiienin-distieri-mien-t-sildieri-zh-nie-onyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "193617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427655199"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?а?аздан г?л т?рлерін жасау"
    ["seo_title"] => string(27) "kagazdanghulturlierinzhasau"
    ["file_id"] => string(6) "269891"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450947818"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "«Ермексаздан ?шекей б?йымдар жасау» "
    ["seo_title"] => string(39) "iermieksazdan-shiekiei-bu-iymdar-zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "215342"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432652942"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(193) "МОДУЛЬДІК О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Т?РТІБІНДЕ ?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫН ?ТКІЗУДІ? Д?СТ?РЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ "
    ["seo_title"] => string(118) "modul-dik-ok-ytu-tiekhnologiiasy-t-rtibindie-k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-taryn-otkizudin-d-sturli-iemies-formalary"
    ["file_id"] => string(6) "210733"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431495834"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "Қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін жасау және қазақ әдебиетінің білім беру мазмұнын жетілдіру"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_tilin_dien_ghieiliep_ok_ytu_zhuiiesin_zhasau_zh_nie_k_azak_diebiietinin_b"
    ["file_id"] => string(6) "366617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481044993"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства