kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?а?аздан г?л т?рлерін жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы: ?а?аздан г?л т?рлерін жасау
Саба? ма?саты:
А) білімділік: о?ушылар?а ?а?аздан г?л т?рлерін жасау жолдарын ж?не ?дістерін ?йрете отырып шеберлік шы?армашылы? де?гейі ар?ылы ?семдік пен с?лулы?ты ба?алай білуге ?йрету.
?) дамытушылы?: О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін, ?з бетімен ж?мыс жасау да?дыларын дамыту, о?ушыларды? ал?ан білімдерін ?мірде ?з бетінше ?олдана білуін ?ада?алау ж?не шы?армашылы? іскерліктерін арттыру
Б) т?рбиелік: о?ушыларды тал?аммен ж?мыс жасау?а, ептілікке, ??ыптылы??а, ?нерді с?юге, талмай е?бек етуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: дамытушылы? саба?
Саба?ты? типі: д?ст?рлі емес
Саба?ты? ?дісі: баяндау, т?сіндіру, с?ра?-жауап, жа?а техникамен ж?мыс,
С?здік ж?мыс: оригами, киригами, кусудама
Саба? к?рнекілігі: ?р т?рлі техникамен жасал?ан г?лдер (квиллинг, оригами), плакат, с?ра? жасырыл?ан жапыра?тар, слайдтар, кітапшалар, буклеттер, технологиялы? карталар.
Саба??а ?ажетті ??рал-жабды?тар: т?рлі т?сті ?а?аздар, ?айшы, желім, ?арындаш, ?шіргіш, т. б
П?наралы? байланыс: бейнелеу, технология, ?сімдіктану, т. б

Саба? барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і
1. о?ушыларды т?гендеу
2. сынып тазалы?ына назар аудару
3. ?ауіпсіздік ережелерін ?айталау

ІІ. ?ткен саба?ты пысы?тау
?ткен саба?ты «сар?ай?ан к?згі жапыра?тарды себетке жинау ар?ылы» пысы?тайы?. Ол ?шін жапыра?шалар?а жасырыл?ан с?ра?тар?а жауап берейік.
1. Оригами дегеніміз не?
?а?азды б?ктеу ар?ылы б?йымдар жасауды оригами дейді
2. Квиллинг дегеніміз не?
Квиллинг ?а?азды ширату ар?ылы б?йымдар жасау
3. Дизайн дегеніміз не?
Дизайн дегеніміз кез келген б?йымны? жа?а ?лгісін жан-жа?ты ойластырып, заман талабына сай жасау деген с?з.
4. ?а?азды? отаны ?ай ел?
?ытай
5. ?ай ?асырда пайда болды?
?ІІ ?
6. Апликация деген не?
Жапсыру ар?ылы орындал?ан ж?мыстар
Енді жа?а саба??а к?шейік

ІІІ. Жа?а саба?:
Ата-бабамыз темірден т?йін т?йіп, жа??а?а жан бітірсе, шы?ыс Азия хал?ы ?арапайым ?а?азды ?алай пайдалану керектігін жа?сы біледі, оны? ?ыры мен сырын да жеткілікті ме?герген. ?а?аз жайында, ?а?азды? кереметі жайында с?з ?оз?а?анда, оны? Еуропа ж?ртшылы?ына да жат д?ние еместігін айта кеткен ж?н. ?йткені ?а?азды? отаны саналатын ?ытай – Азия елдерімен ?атар алыста жат?ан еуропалы?тар да ?арапайым ?а?азды ?ол?нерде таптырмас материал ретінде ке?інен ?олданады.

?ытайлы? азамат Цай Лунь ?а?азды ойлап тап?анда ?андай ?лкен жа?алы? аш?анын, б?лкім, білмеген де болар?! Ол ал?аш а?ашты? ішкі бетінен алын?ан жа??аны ж??алап, т?рлі бейнелер салу?а пайдаланыпты. Осылайша, ?ытайлы?тар ж?н мен жібекті арзан ж?не ?олда бар материалмен – ?сімдік талшы?тары, т?т а?ашыны? ?абы?ы ж?не бамбук саба?тарымен алмастырды. М?лде жа?а материал – ?а?аз пайда болды. Ал оны? пайда болуы ресми т?рде б. э. д. 105 жыл деп саналады.

VII ?асырды? басында буддалы? монах Дан Хо Жапония?а жетіп, ?а?аз жасау ??пиясын ашады. Бастап?ы ?а?азды Жапонияда жібек талшы?тарыны? пілл?сінен алса, бертін келе ?ымбат шикізатты арзанымен алмастырып, бамбук саба?тары, а?аш ?абы?ы, кендір, ш?беректен ?а?аз алу технологиясы ?ол?а алынды. Ал ж?з жыл ?ткенде жапонды?тар ?здеріні? ?а?аздарын шы?арады, б?л сапасы жа?ынан ?ытай ?а?азынан да асып т?сті. Уа?ыт ?те келе ?а?аз Азия елдерінен со? арабтар?а, Батыс елдеріне жеткен.

?а?аз – біреулер ?шін тек жазу не сызу ??ралы болса, енді біреулер ?шін ?ол?нерде таптырмас материал екенін айтты?. ?а?аздан сан т?рлі д?ние жасау?а болады. ?а?азды? ?ыр-сырын білетіндер оны к?деге асыру жолдарын да жа?сы ме?герген. ?а?азды ?алай болса, солай тастамай, оны ?з орнымен ж?мсай білу – ?лкен ?нер. Ал оны керегіне жаратып, жа?а д?ние жасап шы?ару – на?ыз шеберлікті? белгісі.

?ол?нерді? квиллинг, киригами, оригами, скрапбукинг (а?ыл. scrapbooking – «??ра?кітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайнал?ан ?а?аз), аппликация (лат. аpplication – жал?ау, жабыстыру) сия?ты ж?не та?ы бас?а т?рлері д?л осы ?а?аз?а байланысты. Демек м?нда пайдаланылатын негізгі материал – ?арапайым ?а?аз.

?а?азды? ?ыр-сырын ?аны? білетіндерді? ?атары – ?ол?нерді? квиллинг деген т?рімен айналысатындар. ?а?азды жі?ішке ?рі ?зыншалап ?иып, оны шиыршы?тап (спираль т?різді), т?рлі форма?а келтіріп жа?а д?ние жасайтын ?ол?нерді квиллинг деп атайды. Шиыршы?тал?ан ?а?аздан ?демі г?лдерден бастап, сан т?рлі ою-?рнекті ?ажап д?ниелерді жасау?а болады. Тек ?иялы?ыз?а ерік беріп, жаны?ыз?а жа?ынды тани алса?ыз бол?аны.

Біреулер шиыршы?тал?ан ?а?аздан алуан т?рлі б?йымдар жасау орта ?асырларда Еуропа елдерінде дамы?ан десе, енді біреулер оны Таяу Шы?ыстан бастау ал?ан дегенді ал?а тартады. Сондай-а? б?л ?нерді? шы??ан жері – Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі. Дегенмен, б?л айтыл?андар?а ?арамастан, квиллингті? отаны негізінен О?т?стік Корея саналады. Б?гінде б?л елде ?а?аздан т?рлі б?йымдар жасаушыларды? ?лкен Ассоциациясы да ж?мыс істейді.
Сондай-а? шиыршы?тал?ан ?а?аздан жасал?ан ?демі г?лдер мен т?рлі ?рнектерді суреттер мен фотоальбомдарды с?ндеуге ке?інен ?олданады.

Г?л т?рлерін мынадай материалдардан жасау?а болады.
1. Т?рлі т?сті ?а?аздардан
2. Мата, был?ары, жіптерден
3. Таби?и материалдар я?ни кепкен ?сімдіктер мен д?нді да?ылдардан
1. «Г?л» туралы ма?ал-м?телдер:
?ыз ?ссе елді? к?ркі,
Г?л ?ссе жерді? к?ркі

Таулы жерді? суы ?демі,
Жары? жерді? г?лі ?демі

?р атаны? ?з ?лы бар,
?р б?таны? ?з г?лі бар.

?р г?лді? исі бас?а,
?р жерді? жынысы бас?а.

Бір г?л толып ашылады,
Бір г?л солып ашылады.

Г?л ашылмай б?лб?л сайрамас.

Г?лді г?л деме егер саба?ы болмаса.

Г?лді? тоны ?ыры? жамау, біра? исі бар.

Г?л ?айда болса к?белек сонда.

Г?л ?мір ?ызы?ы.

Г?л ?ссе жерді? к?ркі,
?ыз ?ссе елді? к?ркі.

Г?л саба?ымен ?адірлі,
Ас таба?ымен ?адірлі.

Г?лсіз болса жер м??ды,
К?лкісіз болса ел м??ды.

Г?лсіз б?лб?л ?нсіз.

Г?лсіз жапыра? т?л,
К?ксіз топыра? т?л.

Г?л табылады, мал сатылады.

Г?лші бір г?л ?сіргенше ж?з тікенні? уын ж?тады.

Дала к?ркі — г?л,
Ана к?ркі — ?л.

Дала г?лімен ?адірлі,
?йел ?лымен ?адірлі.
?ыз халы?ты? г?лі,
?ле? сауы?ты? г?лі.

?кісіз ?ыз болмас,
Тікенсіз г?л болмас.
2. Адас?ан ??ралдар
?алам --- біріктіреді
?айшы --- ?шіреді
?шіргіш -- ?лшейді
Желім --- жазады
Сыз?ыш --- ?ияды

Ж?мыс?а ?ойылатын талаптар:
1. ж?мыс барысында ?ауіпсіздік ережелерін естен шы?армау

2. ж?мысты технологиялы? н?с?ау картаны к?мегімен орындау.
Технологиялы? н?с?ау к?мегімен ж?мысты орындау.
1. ?а?азды б?ктеу ар?ылы, я?ни оригами техникасы бойынша «?ыз?алда?» г?лін ??растырамыз.
Г?л
1. Т?рлі – т?сті ?а?аздарды шаршы пішінді етіп ?иып аламыз.
2. 2. ?а?азды диагональ бойымен б?ктейміз.

3. ?шб?рышты ?а?азды? т?бесіне ?арай екі б?йір ?абыр?аларын б?ктейміз. Содан кейін б?ктелген б?лігін ?айта кері б?ктейміз.
4. Б?ктелген буынны? арасын ашып, суреттегідей ?алып?а келтіреміз.
5. ?а?азды? кіші ?шын ішке ?айырып, ?айта б?ктеуіміз керек.
6. Ендігі де б?ктелген б?ліктерді желімдеп, ?осамыз.
7. Осы б?ліктерді бір – бірімен желімдеп, ?демі г?л шы?арамыз. Ж?мыс ая?талды.

Сергіту с?ті
?олымызды жаяйы?,
?демі г?лге ??сайы?
Бір жабылып, ашылып,
Орнымыз?а ?онайы?.
2. ?а?азды жі?ішке етіп ?иып орау ар?ылы я?ни квиллинг техникасы бойынша «г?л» жасаймыз.

3. «Адас?ан ?ріптер» Ретсіз орналас?ан ?ріптерден термин, ма?ыналы с?з ??рау
Оригами --- имирога
Дизайн --- йаздин
Флористика -- фаткалроис
Апликация -- аялкипаца
Коллаж ---- олжакл
квиллинг -- нигклвли

4. ?орытынды. Г?лдерді толы? ая?тап, ше?бер ??рып бір-бірімізге жа?сы с?здер айтып г?лдерді сыйлаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?а?аздан г?л т?рлерін жасау»

Жамбыл облысы

Байзақ ауданы

Амангелді атындағы орта мектебі

Аюбаев Жумабай Қуанышбаевич

Сабақ тақырыбы: Қағаздан гүл түрлерін жасау

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: оқушыларға қағаздан гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау және шығармашылық іскерліктерін арттыру

Б) тәрбиелік: оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаңа техникамен жұмыс,

Сөздік жұмыс: оригами, киригами, кусудама

Сабақ көрнекілігі: әр түрлі техникамен жасалған гүлдер (квиллинг, оригами), плакат, сұрақ жасырылған жапырақтар, слайдтар, кітапшалар, буклеттер, технологиялық карталар.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, т. б

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, технология, өсімдіктану, т. б



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. оқушыларды түгендеу

2. сынып тазалығына назар аудару

3. қауіпсіздік ережелерін қайталау



ІІ. Өткен сабақты пысықтау

Өткен сабақты «сарғайған күзгі жапырақтарды себетке жинау арқылы» пысықтайық. Ол үшін жапырақшаларға жасырылған сұрақтарға жауап берейік.

1. Оригами дегеніміз не?

Қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасауды оригами дейді

2. Квиллинг дегеніміз не?

Квиллинг қағазды ширату арқылы бұйымдар жасау

3. Дизайн дегеніміз не?

Дизайн дегеніміз кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты ойластырып, заман талабына сай жасау деген сөз.

4. Қағаздың отаны қай ел?

Қытай

5. Қай ғасырда пайда болды?

ҮІІ ғ

6. Апликация деген не?

Жапсыру арқылы орындалған жұмыстар

Енді жаңа сабаққа көшейік



ІІІ. Жаңа сабақ:

Ата-бабамыз темірден түйін түйіп, жаңқаға жан бітірсе, шығыс Азия халқы қарапайым қағазды қалай пайдалану керектігін жақсы біледі, оның қыры мен сырын да жеткілікті меңгерген. Қағаз жайында, қағаздың кереметі жайында сөз қозғағанда, оның Еуропа жұртшылығына да жат дүние еместігін айта кеткен жөн. Өйткені қағаздың отаны саналатын Қытай – Азия елдерімен қатар алыста жатқан еуропалықтар да қарапайым қағазды қолөнерде таптырмас материал ретінде кеңінен қолданады.



Қытайлық азамат Цай Лунь қағазды ойлап тапқанда қандай үлкен жаңалық ашқанын, бәлкім, білмеген де болар?! Ол алғаш ағаштың ішкі бетінен алынған жаңқаны жұқалап, түрлі бейнелер салуға пайдаланыпты. Осылайша, қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. Ал оның пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады.



VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп, қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алса, бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырып, бамбук сабақтары, ағаш қабығы, кендір, шүберектен қағаз алу технологиясы қолға алынды. Ал жүз жыл өткенде жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан да асып түсті. Уақыт өте келе қағаз Азия елдерінен соң арабтарға, Батыс елдеріне жеткен.



Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.



Қолөнердің квиллинг, киригами, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері дәл осы қағазға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.



Қағаздың қыр-сырын қанық білетіндердің қатары – қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою-өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны.



Біреулер шиыршықталған қағаздан алуан түрлі бұйымдар жасау орта ғасырларда Еуропа елдерінде дамыған десе, енді біреулер оны Таяу Шығыстан бастау алған дегенді алға тартады. Сондай-ақ бұл өнердің шыққан жері – Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі. Дегенмен, бұл айтылғандарға қарамастан, квиллингтің отаны негізінен Оңтүстік Корея саналады. Бүгінде бұл елде қағаздан түрлі бұйымдар жасаушылардың үлкен Ассоциациясы да жұмыс істейді.

Сондай-ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фотоальбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады.



Гүл түрлерін мынадай материалдардан жасауға болады.

1. Түрлі түсті қағаздардан

2. Мата, былғары, жіптерден

3. Табиғи материалдар яғни кепкен өсімдіктер мен дәнді дақылдардан

1. «Гүл» туралы мақал-мәтелдер:

Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі



Таулы жердің суы әдемі,

Жарық жердің гүлі әдемі



Әр атаның өз ұлы бар,

Әр бұтаның өз гүлі бар.



Әр гүлдің исі басқа,

Әр жердің жынысы басқа.



Бір гүл толып ашылады,

Бір гүл солып ашылады.



Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.



Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.



Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.



Гүл қайда болса көбелек сонда.



Гүл өмір қызығы.



Гүл өссе жердің көркі,

Қыз өссе елдің көркі.



Гүл сабағымен қадірлі,

Ас табағымен қадірлі.



Гүлсіз болса жер мұңды,

Күлкісіз болса ел мұңды.



Гүлсіз бұлбұл үнсіз.



Гүлсіз жапырақ тұл,

Көксіз топырақ тұл.



Гүл табылады, мал сатылады.



Гүлші бір гүл өсіргенше жүз тікеннің уын жұтады.



Дала көркі — гүл,

Ана көркі — ұл.



Дала гүлімен қадірлі,

Әйел ұлымен қадірлі.

Қыз халықтың гүлі,

Өлең сауықтың гүлі.



Үкісіз қыз болмас,

Тікенсіз гүл болмас.

2. Адасқан құралдар

Қалам ----------- біріктіреді

Қайшы -------------- өшіреді

Өшіргіш ------------ өлшейді

Желім --------------- жазады

Сызғыш --------------- қияды



Жұмысқа қойылатын талаптар:

1. жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау



2. жұмысты технологиялық нұсқау картаны көмегімен орындау.

Технологиялық нұсқау көмегімен жұмысты орындау.

1. Қағазды бүктеу арқылы, яғни оригами техникасы бойынша «қызғалдақ» гүлін құрастырамыз.

Гүл

1. Түрлі – түсті қағаздарды шаршы пішінді етіп қиып аламыз.

2. 2. Қағазды диагональ бойымен бүктейміз.



3. Үшбұрышты қағаздың төбесіне қарай екі бүйір қабырғаларын бүктейміз. Содан кейін бүктелген бөлігін қайта кері бүктейміз.

4. Бүктелген буынның арасын ашып, суреттегідей қалыпқа келтіреміз.

5. Қағаздың кіші ұшын ішке қайырып, қайта бүктеуіміз керек.

6. Ендігі де бүктелген бөліктерді желімдеп, қосамыз.

7. Осы бөліктерді бір – бірімен желімдеп, әдемі гүл шығарамыз. Жұмыс аяқталды.



Сергіту сәті

Қолымызды жаяйық,

Әдемі гүлге ұқсайық

Бір жабылып, ашылып,

Орнымызға қонайық.

2. Қағазды жіңішке етіп қиып орау арқылы яғни квиллинг техникасы бойынша «гүл» жасаймыз.



3. «Адасқан әріптер» Ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрау

Оригами -------------- имирога

Дизайн ------------------ йаздин

Флористика ----- фаткалроис

Апликация -------- аялкипаца

Коллаж ----------------- олжакл

квиллинг ------------ нигклвли



4. Қорытынды. Гүлдерді толық аяқтап, шеңбер құрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтып гүлдерді сыйлаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?а?аздан г?л т?рлерін жасау

Автор: Аюбаев Жумабай ?уанышбаевич

Дата: 24.12.2015

Номер свидетельства: 269891


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства