Менің атам мен әжем алпыс жетіде. Олар – құрдас. Атам мен әжем ауылда тұрады. Атам аудандық емханада дәрiгер болып жұмыс iстедi. Әжем аудан әкімшілігінде қызмет атқарды. Олар – зейнеткерлер. Атам – ұзын бойлы, шымыр денелі, қалың қасты, түсі суық адам. Бірақ ол кісі өте мейірімді. Әжем – орта бойлы, толық денелі, аққұба адам.
Өткен аптада ауылға бардық. Ата-әжемізге көмектестік, көп жұмыс істестік. Жер қазыстық, ағаштардың былтырғы жапырақтарын жинастық, оларды сыртқа шығарыстық, алма ағаштарының қураған бұтақтарын кесістік. Үйдің алдындағы ауланы сыпырыстық. Шайға су әкелістік. Мен тамақ пісірістім. Содан кейін бәріміз отырып тамақ іштік, әңгімелестік.
Менің атам мен әжем бізге көп өсиет айтты. Мысалы: «Кешірім сұрағанға кешірім ете білу, кешірім беру – бұл да кісілік, қарапайымдылық белгісі. Кешірімшіл болсаң – кең боласың». Осы сөздердің астарында қарапайымдылық, ұлылық жатыр емес пе?
Алыстан туысқанымыз келді. Біз хал-жағдайымызды сұрастық, сонан соң шай іштік. Біраз сөйлестік те, қайтадан жұмысқа кірістік.
Халық арасында ризашылық – алғыс, бата түрінде беріліп жатады. «Ата-анаңның ризашылығын алсаң азамат боласың», — дейді халқымыз.
III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
III деңгей
Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.
Жазылым. Етістіктерді теріп жазып, жұрнақтарын белгілеңдер.
II деңгей
Сөйлесім. Мәтінбойынша диалог құраңдар.
Айтылым. Мәтінді негізге ала отырып, ата мен әже туралы әңгімелеңдер.
Жазылым. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
I деңгей
Жазылым. «Менің атам мен әжем» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.