колледжі» коммуналды? мемлекеттік ?азыналы? к?сіпорны
№ 18 саба?
П?н аты: Мемлекеттік тілде іс ?а?аздарын ж?ргізу
Топ: 41 АП
О?ытушы: Мукашева Э.М.
Саба?ты? та?ырыбы: Мінездеме, топта?ы мінездеме.
Саба?ты? ма?саты: білім алушылар?а “Мінездеме, топта?ы мінездеме” та?ырыбы бойынша м?лімет беріп, ойларын д?рыс жеткізіп, ??жатты? ресімделу деректемелерін пайдаланып, тапсырмалар орындау?а баулу.
Саба?ты? міндеттері:
Білімділік: мінездемені? т?рлері мен оларды? жазылу ретін, ??рылымды? ж?йесін, макетін, не ?шін ?ажет ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылы?: іс ?а?азын ?лгі бойынша жазып, іс ж?зінде ?олдана білуге, тапсырмалар ар?ылы ойлау, есте са?тау ?абілеттерін дамытып, ж?мыс істей алу да?дысын ?алыптастыру.
Т?рбиелік: ?аза? тілін ?адірлеуге, м?дениетті с?йлеуге, адам?а т?н жеке ?асеттерді ба?алай білуге, отбасын, досын сыйлау?а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Мінездеме, топта?ы мінездеме»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы
«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
№ 18 сабақ
Пән аты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Топ: 41 АП
Оқытушы: Мукашева Э.М.
Сабақтың тақырыбы: Мінездеме, топтағы мінездеме.
Сабақтың мақсаты: білім алушыларға “Мінездеме, топтағы мінездеме” тақырыбы бойынша мәлімет беріп, ойларын дұрыс жеткізіп, құжаттың ресімделу деректемелерін пайдаланып, тапсырмалар орындауға баулу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: мінездеменің түрлері мен олардың жазылу ретін, құрылымдық жүйесін, макетін, не үшін қажет ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық: іс қағазын үлгі бойынша жазып, іс жүзінде қолдана білуге, тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: қазақ тілін қадірлеуге, мәдениетті сөйлеуге, адамға тән жеке қасеттерді бағалай білуге, отбасын, досын сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, тақылау, пікіралмасу.
Қолданылатын көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздарда тапсырмалар, құжат үлгілері, оқулықтар, мультимедия.
Жергілікті компонент: қаладағы мекеме, кәсіпорындармен байланыстыру.
Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері Сабақтың құрылымы:
І
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
ІІ
Сабақ мақсатымен таныстыру
3 минут
ІІІ
Үй тапсырмасы
20 минут
ІҮ
Жаңа тақырып
50 минут
Ү
Бекіту
10 минут
ҮІ
Бағалау
3 минут
ҮІІ
Үй тапсырмасы
2 минут
Қолданылған әдебиеттер:
Т.Ө. Нұрғалиева. Іс қағаздарын жүргізу және техникалық құжаттама. Астана, 2008 ж.
Н.Қ. Мухамедиева. Іскерлік қазақ тілі. Астана, 2007 ж.
В. Салагаев, Б. Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2006 ж.
Л. Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2000 ж.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, киім үлгілерін қадағалау, жоқ балаларды белгілеп журнал толтыру.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Бүгінгі біздің сабақ “ Мінездеме” тақырыбына арналған. Сабақ барысында мінездеменің түрлері мен олардың жазылу ретін, құрылымдық жүйесін, мінездеме макетін, не үшін қажет ерекшеліктерімен танысамыз, талқылаймыз, тапсырмалар орындаймыз, пікіралмасамыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Анықтама және акт тақырыбы бойынша
1. Сұрақ- жауап арқылы тексеру.
2. Үйге берілген тақырыптарда жазған үлгілерін тексеру
3. Тест жұмыстары (жеке жұмыс)
ІV. Жаңа тақырып:
1. Кіріспе сөз: / Қызығушылықты ояту /
2. Ассоциация құру: /Сын тұрғысынан ойлау /
3. Тақырыпты түсіндіру.
Ал қазір бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңыздар. Экран арқылы түсіндіру.
(Оқушылардың дәптерлеріне тақырып бойынша қысқаша конспекті жаздырту )
Мінездеме, топтағы мінездеме.
Мінездеме- өмірбаяндық мәліметтерге сүйене отырып, белгілі бір мекемеде, ұйымда жұмыс істейтіні немесе оқу орындарында оқитыны жөнінде оның іскерлігін, кәсіби біліктілігін, жеке басының ерекшеліктерін және т.б. қасиеттерін сипаттайтын және әкімшіліктің ол жайлы көзқарасын білдіретін іс қағазының бір түрі.
Мінездеме- ұсыныс қызметкердің біліктілігін және жұмысқа деген көзқарасын білдіретін мәліметтерді қамтиды.
Мінездеме- басқа жұмысқа ауысқанда, қызметкердің лауазымы өскенде немесе оқуға түскенде жазылады.
Қызметтік мінездеме - мұнда ұсынылған адамның аталмыш қызметке тән мінезі, іскерлік қасиеттері, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі сипатталады.
Аттестациялық мінездеме - қызметкердің аттестациядан өтуіне байланысты атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер- адамның жеке басының сапалық қасиеттерін, мінезін, білімін, шеберлігін, бейімділігін, адамдармен қарым-қатынасын сипаттау мақсатында жазылады.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады.
Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен расталады.
Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап етуші ұйымның аты;
6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;
7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса).
Мінездеме макетімен таныстыру
Аты-жөні, тегі, туған жылы, айы,күні, ұлты, білімі,
Жеке психологиялық санасы. Байқаулығы, сыншылдығы, көңіл аудару, есте сақтау ерекшелігі.
Негізгі пәндер бойынша үлгерімі. Еңбек сүйгіштігі, жауапкершілігі, ұйымдастырушылығы, тәртібі.
Өзіне жасалған сынды, ескертулерді қалай қабылдайды және оларға қатынасы.
Топпен, ұжыммен қарым-қатынасы, топтағы орны. Мәдениет этикасы.
Оқу орнындағы атқаратын қоғамдық жұмысы
немесе қоғамдық жұмыстарға араласуы.
Жағымсыз әдептері, мінезі.
Қандай мақтаулары мен ескертулері бар?
Қорытынды. Мінезінің ерекше қыры, атап өтетін қасиеттері.
Мінездемені қолдайтын жетекшінің қолы.
Мінездеме не үшін керек екендігін түсіндіру.
Оқуға түсу
Аттестациядан өту
Лауазымға тағайындалу
Еңбек келісімін ұзарту
Диссертациялық кеңеске тапсыру
Баска қызметке ауысу
Жұмысқа тұру
Басқа жағдайлар
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.
4. Үлгілермен таныстыру, талқылау.
4.1. Мінездеме
(қызметтік)
Алматы құрылыс және менеджмент колледжінің орыс тілі кафедрасының оқытушысы Аманоа Индира Батырханқызына.1970 жылы туған. Білімі-жоғары.Аманова Индира Батырханқызы Алматы құрылыс техникумы орыс тілі кафедрасының оқытушысы болып 1990 жылы 22 тамызда қабылданды; Алматы құрылыс университетіне 1992 жылы 15 тамызда қабылданды.
Аманова Индира Батырханқызы оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті маман.
Сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді, қазіргі сабақ жүргізудің әртүрлі әдіс-тәсәлдерін практика жүзінде белсене қолданады.Аманова И.А. кафедраның тәрбиелік іс-шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар студенттермен жеке оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады. Ғылыми жұмысқа икемі мол. Мақалалары бар.Аманова И.Б. салмақты мінезімен, адалдығымен көзге түсіп жүр. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Сондықтан студенттер мен әріптестерінің арасында беделі мол.
Мінездеме оқытушылықтан аға оқытушылыққа өту үшін берілді.
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі: қолы Н.К.Казкенов
4.2. Мінездеме
(аттестациялық)
Алматы көлік станциясының техник-механигі Омаров Марат Мұратұлына.1990 жылы туған. Білімі-жоғары.Омаров Марат Мұратұлы аталмыш көлік станциясында 2011 жылдан бастап еңбек етуде. Осы жалдар ішінде қатардағы инженерден бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді. Жаңашылдық ұсыныстары бар, техниканы жетік біледі. Білімді, іскер, ізденімпаз. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.
Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Үйленбеген. Балалары жоқ.
Атқарып жүрген қызметіне лайық.
Мінездеме еңбек келісімін ұзарту үшін берілді.
Алматы көлік станциясының директорынен
орынбасары: қолы Б.С.Өтепов
“Көлік колледжі “ КМҚК “Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығының оқушысы Кенесханов Дамир Айдынұлына 1998 жылы туған, ұлты қазақ.
4.3. Мінездеме
(жеке)
Кенесханов Дамир Айдынұлы 2013 жалдан бастап “Көлік колледжі “ КМҚК “Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығында оқиды. Оқу кезінде қабілетті, білімді, ұқыпты оқушы ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Колледжде өткізілетін іс-шараларға қатысады. Қалалық колледждер арасында өткізілген конференцияларға, жарыстарға белсене қатысты. Оқу озаты. Мінезі ашық, бірақ кейде сабырлы бола алмайды. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, ерік-жігері – орташа, қиын жағдайда, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі.Жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Дені сау.
Топ жетекшісі: Э.М. Мукашева
5. Тапсырмалар орындау
Грамматикадан мәлімет
Затқа тән сапа, белгіні сипаттауда туынды зат есімдер жиі қолданылады.