| Мектеп | Павлодар қаласының №41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі |
| Пән | Қазақ тілі мен әдебиеті |
| Пән мұғалімдері | Ахметова Маржан Қуандыққызы |
| Күні | 03.10.2017 жыл |
| Сынып | 5 орыс сыныбы |
| Ұзақ мерзімді жоспар тарауы | 2-бөлім. «Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала» |
| Сабақтың тақырыбы | 2-сабақ. «Қожа – әдепті бала» |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.2.О1.Тілдік тапсырмаларды орындату арқылы Қожа жайлы мағлұматтарды толықтыру; 5.1.2.А1.Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын әңгімеге қатысу; 5.1.2.Ж1.Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру,хатжазу. |
| Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Көркем әдеби шығармаларды түсінеді, сұрақтарға дұрыс жауап береді. |
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем әдеби шығармаларды түсінеді, мазмұндайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді, өзара диалогке қатысады, сөздерді дұрыс қолданып, хат жазады. |
| Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарма жайлы тілдесе алады, қосымша мәліметтер береді. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хат жазады. |
| Ойлау дағдыларының деңгейлері | Жоғары деңгей дағдылары |
| Бағалау критерийлері | Әдеби шығарманың мазмұны бойынша сұрақ құрастырады, жауап береді. Мәтіннің тақырыбын анықтайды. |
| Тілдік мақсаттар | Негізгі сөздер мен тіркестер Кейіпкер-герой Ықшам-небольшой,аккуратный,портативный Жағымды-приятный Туу куәлігі-свидетельство о рождении Ес білгелі-взрослый Қолайсыз-неудобный,неприемлемый Табанда өзгерту-тут же менять |
| Құндылықтарды дарыту | Мәтін арқылы оқушыларды кішіпейілділікке тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, орыс тілі |
| Алдыңғы білім | «Сүйікті жазушы» |
| АКТ қолдану | https://www.youtube.com, интербелсенді тақта |
| Сабақтың барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы 2 минут 2 минут | 1.Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. 2.Психологиялық ахуал тудыруда «Ыстық алақан» тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. 3.Қазақстандық кәмпиттер арқылы топқа бөлу. (Дәйектеме: ынталандыру үшін қолданылған). 1-тапсырма. (Топтық жұмыс). «Ішке-сыртқа» стратегиясы бойынша Қожаның бойындағы қасиеттерді І топ «Ішке» бағанына жазады, басты кейіпкердің бойынан табылмайтын қасиеттерді ІІ топ «Сыртқа» бағанына жазады. Қажеттілікті қажет ететін оқушылар үшін тірек сөздер беремін: қызғаншақ, өзімшіл, өркөкірек, ақылды, салақ, озат, әдепті, өтірікші, ұқыпты, ойы терең, жағымпаз, сабырлы, сараң, адал, ұры, жалқау, тәртіпті. (Дәйектеме:«Ішке-сыртқа» стратегиясын алдым,себебі басты кейіпкердің бойындағы қасиеттерді сұрыптайды). Бағалау: бір өркешті, екі өркешті түйе арқылы бағаланады. (Дәйектеме: Түйені алудағы себеп: фильм ауыл өмірімен байланысты болғандықтан, түйе суреті алынды) |   толық жауап толықтыруды қажет етеді |
| 6 минут | 2-тапсырма. (Жеке жұмыс). Өткен сабақпен байланыстыру (алдыңғы тақырып – 1-сабақ «Сүйікті жазушы») – барлық оқушылар орындай алатын тапсырма. Қосымша ақпаратты толтыру кестесі | Сүйікті жазушым | Сүйікті кейіпкерім | | | | (Дәйектеме: оқушылардың өткен материалдан алған білімдерін еске түсіру, тексеру) Дескриптор Білім алушы: - сүйікті жазушыны анықтау; - сүйікті кейіпкерді анықтау; Бағалау:«Менің атым-Қожа» фильмі жаз мезгілін суреттегендіктен, жазғы табиғат көріністерімен байланыстыру мақсатында оқушылардың білімі «Бұлт, ағаш, күннің көзі» суреті арқылы бағаланады: бұлт – «3» деген баға, ағаш – «4»деген баға, күннің көзі – «5»деген баға. |  |
| Сабақтың ортасы 10 минут | 3-тапсырма. (Топтық жұмыс). «Менің атым - Қожа» фильмінен үзінді көрсету. Ой шақыру, сұрақтар қою. І топ.Фильмдегі кейіпкерлерді ата. ІІ топ.Сенің ойыңша, Қожа қандай бала?  Бағалау: «Қолпаштау» арқылы оқушылардың өз-өздеріне деген сенімділігі артады. |  |
| 5 минут | 4-тапсырма. (Жұптық жұмыс). «Сен маған, мен саған»әдісі. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексеріп, жұппен талқылаңдар. |    |
| Ақпарат | Дұрыс | Дұрыс емес |
| Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз емес есімдер бар. | | |
| Адамның атының сүйкімді болуы да – зор бақыт па деймін. | | |
| Біз бір класта төрт Қожа бармыз. | | |
| Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. | | |
| «Қара Қожа» дегендерге: «Әу!» - деп жалт қарамайтын болдым. | | |
| Фамилиям – Қадыров ... Қадыр-менің атам. | | |
| (Дәйектеме: ақпараттың дұрыс, дұрыс емес екендігін анықтау үшін алынған тапсырма) Дескриптор Білім алушы: - ақпараттың дұрыстығын анықтайды; - ақпараттың дұрыс емес екендігін анықтайды. Табиғат суреттері арқылы бағалау: Тау – өте жақсы; Теңіз – жақсы; Шөл – жақсартуды қажет етеді. (Дәйектеме: «Менің атым-Қожа» фильмі қазақ жерінің таулы, қырлы жерлерінде түсірілгендіктен, табиғат көріністері алынды) |
| Сабақтың соңы 8 минут | Жинақтау(Жеке жұмыс). 5-тапсырма.«РАПТ» әдісі. Р- оқушы А-шетелдік досы П-хат Т-Қожаның - әдепті бала екендігі туралы  Берілген сурет пен тірек сөздерді қолдана отырып, шетелдік досыңызға Қожаның әдептілігі жайлы хат жазыңыз. Тірек сөздер: әдепті, ұқыпты, ақылды, жанашыр, адал, шыншыл, сабырлы. Дескриптор «Асық» арқылы бағаланады. «Асық» алшы,тәйкі,бүк (Дәйектеме:«РАПТ» әдісі ойды жинақтау,түйіндеу үшін және бағалау парақшасы өзіндік көзқарасын таныту үшін қолайлы ). | Бағалау критерийі | Дескриптор | | | Тірек сөздер арқылы Қожаның әдептілігі жайлы хат жазу | Қожаның әдептілігі жайлы өз ойын толық жаза алады – алшы | | | Қожаның әдептілігі жайлы түсінік бере алады - тәйкі |
| | Қожаның мінез-құлқына сипаттама бере алады – бүк | | |  |
| Рефлексия 5 минут | Чемодан-салып аламын, алдағы уақытта қолданамын. |  |
| Еттартқыш- алған ақпаратты өңдеймін. |  |
| Себет- керек емес ақпарат, лақтырып жіберемін. |  |
| Үй тапсырмасы 2 минут | «Т-кестесі»тәсілін пайдалану арқылы Қожа мен Жантасқа сипаттама беру. | |