-Сәлеметсіздер ме, балалар! -Сыныпта кім кезекші? -Бүгін сыныпта кім жоқ? -Бүгін қай күн? -Қазір қандай жыл мезгілі? -Бүгін аптаның қай күні? -Келесі қандай жыл мезгілі болады? -Үй жұмысын тексеру Кіріспе: Бүгін біздің сабақ саяхат – сабағы. Сендердің өткен сабақтарда оқыған тақырыптарың бойынша алған білімдерінді сынап, пысықтап, қорытынды жасаймыз, алған білім дағдыларығңды тексереміз, сондықтан бүгін сабақта сендерге сәттілік тілеймін. Оның ішінде түрлі тақырыптардағы аялдамаларға тоқталамыз. Жеке және топ бойынша жұмыс істеп, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, өз білімдерінді көрсетесіңдер. Оқушылар төрт топқа бөлінеді, командаларына ат қояды. І – топ: «Мұғалім». Ұраны: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла». ІІ – топ: «Дәрігер». Ұраны: «Денсаулық зор - байлық». ІІІ – топ: «Менеджер». Ұраны: «Білім арзан, білі қымбат». ІV – топ: «Аспаз. Ұраны: «Ас атасы - нан». Жұмбақ жасыру . Мектептің жүрегі, білімнің тірегі. (Мұғалім) Сауықтырар сырқатты, жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер) Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші) Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер) Тәртіп заңын сақтайды, ел сенімін ақтайды. (Маи қызметкері) Тыныштықты отанның, күзететін адам кім? (Шекарашы) Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз) Дабылға тез жететін, жалынға сүнгіп кететін. (Өрт сөндіруші) Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір. (Аспазшы) Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы) Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып. (Сатушы) Ол көлікті тізгіндейді,жол жөнекей қасасынан жолаушы бір үзілмейді. (Шофер) Балалар осы шешілген жауаптарды бір сөзбен қалай айтамыз? Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын анықтаңдар: Мұнайшы – нефтяник Аудармашы – переводчик Тәрбиеші – воспитатель Сәулетші – архитектор Күйші – исполнитель кюев Ғарышкер - космонавт Сергіту жасау: Мәтінмен жұмыс 1.Мәтінді оқу 2. Кластер жасау 3. Мазмұндау І- топ: Біздің елімізде алуан түрлі мамндық иелерін құрметпен атап өтетін жақсы дәстүр бар. Біз шахтер, металлург, артиллерист, геологтер күндерін тойлаймыз. Мұғалімдер күні де бүкілхалықтық мейрамға айналды. Мұғалім әрқашан да балалардың ортасында болады. Ол сендерді тәрбиелейді, оқытады, қоғамның саналы құрыслысшы болып шығуға баулиды. Мұғалім дегеніміз құрметті әрі жауапты мамандық. Ол балаларға деген зор сүйіспеншілікті, сонымен бірге мұғалімнің білімі мен іскерлігін ұдайы жетілдіріп отыруын қажет ететін жұмыс.Олар педагогикалық колледжі немесе институтты бітіріп, мектепте келіп, бұрынғы мұғалімдерінің бастаған игілікті істерін жалғастырады. Мәтінмен жұмыс 1.Мәтінді оқу 2. Кластер жасау 3. Мазмұндау ІІ - топ: «Экономист» Бүгін экономист болу мәртебелі және пайдалы. Соңғы жылдары бұл мамандық ең танымал мамандықтар қатарына кіреді және жақын арада өз позициясын әлсіретпейді. Экономист жұмысы тек талап етілген емес, сонымен жоғары төленетін болып табылады. Бастаушы экономист жалақысы 500 доллар, қаржы директоры болып сіз ай сайын 2500-3000 доллар ала аласыз. Көптеген ЖОО-да, олардың негізгі бағытына қарамастан, экономикалық факультет барын байқамау мүмкін емес. Соңғы жылдары экономикалық білімнің мамандандыруына үлкен екпін жасалады. Әрбір жоғары оқу орыны өз саласының экономисттерін дайындайды. Мәтінмен жұмыс 1.Мәтінді оқу 2. Кластер жасау 3. Мазмұндау ІІІ - топ: «Бағдарламашы» Бұл мамандықтың мамандары әрқашан талап етіледі! XXI ғасыр – бұл жоғары технологиялар ғасыры. Осыған байланысты IT облысындағы мамандарға қажеттілік өте жоғары. Сонымен бірге бұндай еңбек лайықты төленетінін ескеру керек. Соңғы санақ деректеріне сәйкес, тәжірибелі бағдарламашылар ел бойынша ең жоғары еңбекақы алады. IT облысындағы мамандарға жұмыс табу қиын емес. Көп студенттер оқып жүріп тұрақты жұмыс табады. Жұмыс тәжірибесісіз «айтишник» еңбекақысы айына 500-800 доллар құрайды. Ал тәжірибелі маманның орташа жалақысы шамамен 1500-2500 доллар. Мәтінмен жұмыс 1.Мәтінді оқу 2. Кластер жасау 3. Мазмұндау ІV - топ: « «Мамандық таңдау» Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады. Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады. Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді. Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Кестені пайдалана отырып, сөйлемдер құрыңдар: Ғарышкер Шахтер Мұнайшы Тәрбиеші Аудармашы Сәулетші Күйші Композитор | өте қиын және керекті мамандық | болу үшін | көп оқу керек, мамандық алу керек, балаларды сүю керек, еңбек ету керек, домбыра шерте білу керек, шет тілін білк керек, жақсы сурет салу керек | Әкемнің, шешемнің, ағамның, олардың, сіздің (мамандық) | «Полиглот» ойыны. учитель- мұғалім -teacher врач- дәрігер - doctor повар –аспаз-cook продавец- сатушы-seller строитель –құрылысшы-builder художник –суретші- painter швея- тігінші-tailor доярка –сауыншы-milker Берілген мамндық иелерінің немен айналысатынын сәйкестендіріңдер: Құрысшы сурет салады 9 Жазушы аударады 7 Есепші рөлді ойнайды 10 Диқан елдестіреді 8 Кенші қорғайды 6 Қорғаушы егін салады 4 Аудармашы үй салады 1 Елші есептейді 3 Суретші кітап жазады 2 Актер кен өндіреді 5 Тест сұрақтары. 1. Ашық буынды көрсетіңіз. А) ой В) жас С) бас Д) ал Е) қа 2. «Серт» сөзі буынның қандай түріне жататынын табыңыз. А) Төрт дыбысты ашық буын В) Екі дыбысты бітеу буын С) Төрт дыбысты тұйық буын Д) Үш дыбысты ашық буын Е) Төрт дыбысты бітеу буын 3. Бірынғай тұйық буынды сөзді көрсетіңіз. А) Ең, өте, тым. В) Аш, ат, от. С) Есім, мысал, көп. Д) Ал, жай, көр. Е) Ет, кес, аса. 4. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді көрсетіңіз. А) Ша-ппа-шот. В) Көрс-ет. С) Бас-па-сөзд-ен. Д) А-лыс-тан. Е) Ыст-ық . 5. Қазақ тілінде буынның неше түрі барын көрсетіңіз. А) 2 В) 3 С) 4 Д) 7 Е) 5 6. Ашық , тұйық , бітеу буынды сөзді табыңыз. А) Туысқан. В) Жұрағат. С) Қиылыс. Д) Жиналыс. Е) Қатысқан. 7. Тек ашық буыннан құралған сөзді табыңыз. А) Ойбай. В) Алтай. С) Өзге. Д) Шағала. Е) Қарағай. 8. Бір буынды сөзді табыңыз. А) Еңлік. В) Жалт. С) Түлік. Д) Қуатты. Е) Проект. 9. «Мемлекет» сөзінде қанша буын барын табыңыз. А) 3. В) 2. С) 6. Д) 4. Е) 5. 10. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын түрін анықтаңыз. А) Ашық. В) Буын С) Аралас Д) Бітеу Е) Тұйық Жауаптар: Е Е В Д В А Д В А Д | «Менің болашақ мамандығым» эссе жазу. Смайликтер арқылы көңіл күйлерін білдіру. Әр оқушы өзінің тілек, немесе пікір жазады. белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын. Жарайсындар, сабақты бәріміз жақсы игеріппіз. Сонымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар, балалар! |