kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "О?ушыларды? с?йлеу тілін ойын ар?ылы дамыту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

 

 

 

 

 

 

 

О?ушыларды? с?йлеу тілін ойын ар?ылы дамыту

 

                                     Ойын баланы? алдынан ?мір есігін ашып  оны?              

                                      шы?армашылы? ?абілетін дамытады, ойынсыз

                       а?ыл – ойды?  ?алыптасуы м?мкін емес

                                                                                        В.А.Сухомлинский

 

       Хал?ымызды? тарихи – м?дени м?раларыны? т?рлері сан алуан. Соларды? ?ай – ?айсысы да адам?а, оны? игілігіне ?ызмет етуге ба?ыттал?ан.

Осындай ??нды м?дени игіліктерді? бірі – ?лтты? ойындар.

Ойын да халы? педагогикасыны? ??рамды бір б?лігі. Адам баласы жаса?ан жеті кереметті? ?атарына сегізінші етіп осы ойынны? аталып ж?руі де жайдан – жай емес.

Ойындар та?ырып?а ?те бай ж?не ?р алуан болып келеді. Дегенмен, халы? ойыныны? неше алуан т?рлерін ту?ызып ?ана ?ой?ан жо?, соны іс ж?зінде ?олданып, оны? т?рбиелік, білімдік жа?тарын да к?ре білді.

Баланы? дамуында балалар ?рекеттеріні? негізгі т?рі – ойын зор роль ат?арады. Себебі, ойын с?би ?шін айналада?ыны танып білу т?сілі.Ойын олар ?шін о?у, е?бек, т?рбиені? мы?ты т?рі. Балалар ойындарыны? т?рбиелік ма?ызын жо?ары ба?алай келіп, педагог – ?алым А.С.Макаренко: «Бала ?мірінде ойынны? ма?ызы зор, ересек адам ?шін е?бекті?, ж?мысты?, ?ызметті? ?андай ма?ызы болса, на? сондай ма?ызы бар. Бала ойнау ?стінде ?андай болса, ?скесін ж?мыста да к?п жа?ынан сондай болады. Сонды?тан келешек ?о?ам ?айраткерін де т?рбиелеу алдымен ойыннан басталады» - деп жазады. ?р п?ндерді ойын саба?тар ар?ылы ж?ргізе отырып, ?р с?биді? жеке басыны? барлы? жа?ына, оны? саласына, ?рт?рлі ?имылына, сезіміне, ерік – жігеріне, мінез – ??л?ына барынша ы?пал етеді. ?рт?рлі ойын саба?тар ?йымдастыру ар?ылы ?р баланы? ?имыл – ?оз?алысын, белсенділігін арттырып, оны? т?ртібіне де о? ?сер ете отырып, айналасында?ы ?лкен – кішімен жа?сы ?арым – ?атынас жасай білуге ?йренеді.

Осы орайда бала бойында жа?ымды ?ылы?тарды? ?алыптасуына, ?мірлік танымыны? ке?еюіне ж?ргізілетін ойындарды д?рыс жолмен ?йымдастыруды? ы?палы ерекше. ?андай ойын т?рі болсын, дидактикалы? па, шы?армашылы? па, ?имылды болсын баланы? ой – ?рісін дамытады. С?здік ?орын молайтады, ойлау, есте са?тау, ?иялдау ?абілеттерін жетілдіреді.

         Балаларды? танымды? ?рекеттерін дамыту?а ба?ыттал?ан дидактикалы? ойындарды? зор ма?ызы – балаларды? ?имылын, ойлау мен с?йлеу белсенділігін дамытатынды?ында. Б?л дидактикалы? ойындарды? орталы?ы ойыншы?тар мен ойын ??ралдары болып табылады. Ал ?имыл ойындары ж?ру, ж?гіру, секіру, ла?тыру, ?а?ып алу ар?ылы балаларды? ?имыл – ?оз?алысын жатты?тыру?а, дамыту?а ж?не жетілдіруге м?мкіндік береді. Жалпы бала ойыншы? ойнап ?седі. Сол ар?ылы айналада?ы д?ниені танып біледі. Сол ойыншы?ты? к?мегімен ?зара ?арым – ?атынас?а т?сіп, тілін байытады, ой ?рісін жетілдіріп, д?ниетанымы ?седі.

 

 

  Кез – келген п?ндегі ойын ??ымына т?сініктеме берсек, б?л баланы?

 мінез – ??л?ына ?зі бас?аруымен ?атар топпен ж?мыс ж?ргізе білу ?рекеті, ол баланы? бір – біріне к?мектесу, тез ойлау ?абілетін, ал?а ?мтылысын дамытады. Ойын т?рінде ?ткізілген саба?та бала еш уа?ытта «жа?сы», «жаман» деп б?лінбей, барлы? бала?а ?олайлы жа?дай ту?ызылады.

       Тіл дамыту саба?ында «Маманды?ты? б?рі жа?сы» та?ырыбы бойынша

 «Кім болам?» ойыны.

Шарты: Бала ?зі ?ала?ан маманды?ын алады да, сол маманды? бойынша ??гімелейді

 «Кімге не керек?» ойыны.

Шарты: Алдын – ала ?зірлеп ?ойыл?ан заттарды, суреттегі маманды? иелеріні? ?асына ?ою керек. Б?л ойында негізгі ма?сат баланы тап?ырлы??а ?йрету.

      Тіл дамыту саба?ында «Киімдер» та?ырыбы бойынша  

«?ай мезгілде киеміз?» ойыны.

 Шарты: Бірнеше киімдерді? суреттерін та?та?а ілдім, бала ?зі ?ала?ан киімді алып жылды? ?ай мезгілінде киетіні ж?нінде ??гімелейді.

       Сонымен ?атар, математика саба?тарында да ойынды к?п пайдалану?а тырысамын.

 «?аш?ан сандар», «Кім ал?ыр», «Алды??ы к?ршісін тап», «?ай сан жо?», «Апта к?ндері сап?а т?ры?дар», «Поезд ??растыру» т.б ойын т?рлерін пайдаланамын.

      Сауат ашу саба?ында «?арыш?а ?шу» ойынын ж?ргіздім.

 Шарты: Балалар?а ?а?аздан с?ндеп жасал?ан зымыран ?лгісі к?рсетіледі де, кім ?арыш?а ?ш?ысы келсе, м?нда?ы тапсырмаларды д?рыс орындау. Тапсырмада ж?мба?тар шешу, санама?тар айту, с?здерді о?у.

 Ойын ма?сатында балаларды? білімге ??штарлы?ын арттыру.

       «С?з ойла, тез ойла», «Алма теру», «К?к?ністер жинау», «Кім білгіш» ойындарын ?немі пайдаланамын. Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты атасам, екі ?олдары?ды жо?ары к?теріп шапала?тау, ал дауыссыз дыбыстарды атасам е?кейіп шапала?тау. «Алма жинау» ойынында алма а?ашыны? суреті, жемісімен ілінеді. ?р алманы? артында дыбыс та?басы (?ріп) жазыл?ан, сол дыбыс?а с?з ??рау.

«?ажайып дорба» ойыны

 Шарты: бала сипап сезу ар?ылы не екенін табады.

«Ба?даршам» ойынында м??алім жасыл т?сті к?рсеткенде балалар ж?реді. Сарыны к?рсеткенде ала?андарын со?ады, ?ызыл т?сте тынышты? са?тайды.

     Мектеп табалдыры?ынан ал?аш атта?ан балалар?а сауат ашуды о?ытуды? тиімді ?дістеріне ерекше м?н берілуге тиіс. Сауат ашу саба?тарында ойынды ?тымды пайдалану сондай ?дістерге жатады. Ойын ар?ылы о?у процесін жандандырып, саба?ты? сапасын арттыру?а толы? м?мкіншілік бар. Баланы? с?здік ?орын молайтып, с?зді еркін, ?з ма?ынасында ?олдану?а, тез жылдам с?йлеуге жатты?тыру?а ойын – бірден – бір таптырмайтын ??рал. Мысалы, бірінші сыныпта балаларды жете ?имылдату ма?сатымен халы? ойыны «?уыр, ?уыр, ?уырмашты» ойнату пайдалы. Оны? шарты: Бірінші бала бас барма?тан бастап, шанаша??а дейін бір рет сауса?тарды? атын т?гел айтып береді. С?йтіп, бар сауса?ын ж?мып т?рып екінші бала?а, кез – келген сауса?ыны? атын айтады.

Б?л ойын балаларды? тілін жатты?тырады, еске са?тау ?абілетін жетілдіре т?седі. Ж?мба? шешу ойынын жарыс т?рінде ?ткізуге болады.

  Ж?мба? ойыны балаларды? ?здігінен ойлауына м?мкіндік жасайды, оларды дерексіз ойланудан на?тылы ойлау?а жетелей т?седі.

Бірінші сынып?а келген балаларды? кейбір ?ріптерге барлы?ыны? бірдей тілі келе бермейді. Б?л кезе?де на?ыз к?мекші халы? ойыны болып табылады.

Б?л ма?сатта ежелгі халы? ойыны жа?ылтпашты ?тымды пайдалану?а болады. Жа?ылтпаштарды? тіл дамытуда, с?зді таза с?йлеп, шира? айтуда?ы пайдасы к?п.

Саба?та ойын т?рлерін к?рделендіріп «ойлан тап», ойынын ойнату?а болады. Мысалы: м??алім ішінен «алма» деген с?з ойлап т?рып, «ал» деп бірінші буынды атайды. Балалар ?р т?рлі, «ал» буынынан басталатын бірнеше с?здер айтады (ала, ала?ай, алтын, алма, алаша, т.б.)

 

    Халы? ойынын ?аза? тілі саба?ында пайдалану – о?ушыларды? еркін с?йлеуін, тіл байлы?ын, с?зді? д?л ма?ынасын ба?дарлай білу ?асиеттерін жетілдіру. Ойындарды математика саба?ында пайдалану о?ушыны? ал?ан білімін к?нделікті ?мірмен берік ?штастыру?а ?олайлы.

  Математика саба?ында халы? ойындарын ?олдануды? т?рлі жолдары бар. Мысалы, ойын саба?ты? басында, не ортасында, не со?ында ?олданылуы м?мкін. Ойынды саба?ты? басында ?олдану ?й тапсырмасына о?ушыларды т?гел ?атыстыру ма?сатын к?здейді. Егер ойын саба?ты? ортасында ?олданылатын болса, онда м??алімні? ма?саты – о?ушыларды? к??іл – к?йін сергіту, шарша?анын ?мыттыру. Ойын саба?ты? со?ында та?ырыпты бекіту не сол саба?тан ал?ан білімді жина?тау ма?сатында пайдаланылады.

Ойындарды ?ткен саба?тарды ?айталау кезінде де ?олдану?а болады. Ол жа?дайда саба?ты? мазм?нын байыта т?седі, балаларды? ?иялдарын ?оз?ап, зейіндерін ке?ейте т?седі. Математика саба?ында «к?п», «аз» ??ымдары баланы? зердесіне ?ялату о?ай н?рсе емес. Ал, оны ?арапайым халы? ойыныны? негізінде т?сіндіре бастаса?, ол онша ?иынды? келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы о?ып ?йрене баста?анда о?ушыларды? т?сінігін же?ілдету ?шін санама? ойынын ойнату тиімді. «Санама?», «Он сауса?» ?ле?дерін жаттатып, мазм?нын т?сіндіру ар?ылы о?ушыларды? тілін ?стартып, логикалы? ой ж?йелерін ?алыптастыру?а болады. О?ушыларды? белсенділігін арттыра т?су ма?сатында ?рбір саба?ты т?рлендіріп ?ткізу орынды.

    ?орыта айт?анда, саба? ?рдісінде ойын кірістіру о?ушыларды? тілін дамыту, ?иялын ?ш?ырлап, шы?армашылы?ын дамытып, ізденімпазды?ын, ?ызы?ушылы?ын арттыра т?суге к?п ы?пал етеді. Жеке о?ушыны? к?з?арасын ?алыптастырады. Ойын барысында ?р баланы? шы?армашылы?ы артады, жылдам ж?мыс істеуге да?дыланады. О?ушыны? жеке ?абілеті аны?талады, ойлау ?абілеті дамиды. «Балапан ?ядан не к?рсе, ?ш?анда соны іледі» деп халы? айт?андай бала т?рбиесіне ат?сті ?арамай міндеттерімізді абыройлы да ?айсарлы?пен ат?арайы? дегім келеді.

 

 

 

Ауданды? тамыз ке?есі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Дайында?ан: Боран??л орта мектебіні?

                                     бастауыш сынып м??алімі: Г. Умирзакова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "О?ушыларды? с?йлеу тілін ойын ар?ылы дамыту" »

Оқушылардың сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту


Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның

шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз

ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін емес

В.А.Сухомлинский


Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар.

Ойын да халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес.

Ойындар тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді. Дегенмен, халық ойынының неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді.

Баланың дамуында балалар әрекеттерінің негізгі түрі – ойын зор роль атқарады. Себебі, ойын сәби үшін айналадағыны танып білу тәсілі.Ойын олар үшін оқу, еңбек, тәрбиенің мықты түрі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, педагог – ғалым А.С.Макаренко: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойнау үстінде қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қоғам қайраткерін де тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады» - деп жазады. Әр пәндерді ойын сабақтар арқылы жүргізе отырып, әр сәбидің жеке басының барлық жағына, оның саласына, әртүрлі қимылына, сезіміне, ерік – жігеріне, мінез – құлқына барынша ықпал етеді. Әртүрлі ойын сабақтар ұйымдастыру арқылы әр баланың қимыл – қозғалысын, белсенділігін арттырып, оның тәртібіне де оң әсер ете отырып, айналасындағы үлкен – кішімен жақсы қарым – қатынас жасай білуге үйренеді.

Осы орайда бала бойында жағымды қылықтардың қалыптасуына, өмірлік танымының кеңеюіне жүргізілетін ойындарды дұрыс жолмен ұйымдастырудың ықпалы ерекше. Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды болсын баланың ой – өрісін дамытады. Сөздік қорын молайтады, ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін жетілдіреді.

Балалардың танымдық әрекеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық ойындардың зор маңызы – балалардың қимылын, ойлау мен сөйлеу белсенділігін дамытатындығында. Бұл дидактикалық ойындардың орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары болып табылады. Ал қимыл ойындары жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, қағып алу арқылы балалардың қимыл – қозғалысын жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Жалпы бала ойыншық ойнап өседі. Сол арқылы айналадағы дүниені танып біледі. Сол ойыншықтың көмегімен өзара қарым – қатынасқа түсіп, тілін байытады, ой өрісін жетілдіріп, дүниетанымы өседі.


Кез – келген пәндегі ойын ұғымына түсініктеме берсек, бұл баланың

мінез – құлқына өзі басқаруымен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір – біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылысын дамытады. Ойын түрінде өткізілген сабақта бала еш уақытта «жақсы», «жаман» деп бөлінбей, барлық балаға қолайлы жағдай туғызылады.

Тіл дамыту сабағында «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбы бойынша

«Кім болам?» ойыны.

Шарты: Бала өзі қалаған мамандығын алады да, сол мамандық бойынша әңгімелейді

«Кімге не керек?» ойыны.

Шарты: Алдын – ала әзірлеп қойылған заттарды, суреттегі мамандық иелерінің қасына қою керек. Бұл ойында негізгі мақсат баланы тапқырлыққа үйрету.

Тіл дамыту сабағында «Киімдер» тақырыбы бойынша

«Қай мезгілде киеміз?» ойыны.

Шарты: Бірнеше киімдердің суреттерін тақтаға ілдім, бала өзі қалаған киімді алып жылдың қай мезгілінде киетіні жөнінде әңгімелейді.

Сонымен қатар, математика сабақтарында да ойынды көп пайдалануға тырысамын.

«Қашқан сандар», «Кім алғыр», «Алдыңғы көршісін тап», «Қай сан жоқ», «Апта күндері сапқа тұрыңдар», «Поезд құрастыру» т.б ойын түрлерін пайдаланамын.

Сауат ашу сабағында «Ғарышқа ұшу» ойынын жүргіздім.

Шарты: Балаларға қағаздан сәндеп жасалған зымыран үлгісі көрсетіледі де, кім ғарышқа ұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау. Тапсырмада жұмбақтар шешу, санамақтар айту, сөздерді оқу.

Ойын мақсатында балалардың білімге құштарлығын арттыру.

«Сөз ойла, тез ойла», «Алма теру», «Көкөністер жинау», «Кім білгіш» ойындарын үнемі пайдаланамын. Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты атасам, екі қолдарыңды жоғары көтеріп шапалақтау, ал дауыссыз дыбыстарды атасам еңкейіп шапалақтау. «Алма жинау» ойынында алма ағашының суреті, жемісімен ілінеді. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, сол дыбысқа сөз құрау.

«Ғажайып дорба» ойыны

Шарты: бала сипап сезу арқылы не екенін табады.

«Бағдаршам» ойынында мұғалім жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді. Сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсте тыныштық сақтайды.

Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға сауат ашуды оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуге тиіс. Сауат ашу сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын – бірден – бір таптырмайтын құрал. Мысалы, бірінші сыныпта балаларды жете қимылдату мақсатымен халық ойыны «Қуыр, қуыр, қуырмашты» ойнату пайдалы. Оның шарты: Бірінші бала бас бармақтан бастап, шанашаққа дейін бір рет саусақтардың атын түгел айтып береді. Сөйтіп, бар саусағын жұмып тұрып екінші балаға, кез – келген саусағының атын айтады.

Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырады, еске сақтау қабілетін жетілдіре түседі. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады.

Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойланудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.

Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді. Бұл кезеңде нағыз көмекші халық ойыны болып табылады.

Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтудағы пайдасы көп.

Сабақта ойын түрлерін күрделендіріп «ойлан тап», ойынын ойнатуға болады. Мысалы: мұғалім ішінен «алма» деген сөз ойлап тұрып, «ал» деп бірінші буынды атайды. Балалар әр түрлі, «ал» буынынан басталатын бірнеше сөздер айтады (ала, алақай, алтын, алма, алаша, т.б.)


Халық ойынын қазақ тілі сабағында пайдалану – оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын, сөздің дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіру. Ойындарды математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.

Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың көңіл – күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады.

Ойындарды өткен сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі, балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында «көп», «аз» ұғымдары баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады. Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды.

Қорыта айтқанда, сабақ үрдісінде ойын кірістіру оқушылардың тілін дамыту, қиялын ұшқырлап, шығармашылығын дамытып, ізденімпаздығын, қызығушылығын арттыра түсуге көп ықпал етеді. Жеке оқушының көзқарасын қалыптастырады. Ойын барысында әр баланың шығармашылығы артады, жылдам жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушының жеке қабілеті анықталады, ойлау қабілеті дамиды. «Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп халық айтқандай бала тәрбиесіне атүсті қарамай міндеттерімізді абыройлы да қайсарлықпен атқарайық дегім келеді.




Аудандық тамыз кеңесі









Дайындаған: Боранқұл орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Г. Умирзакова





















2014 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама "О?ушыларды? с?йлеу тілін ойын ар?ылы дамыту"

Автор: Умирзакова Гулжан Шалатаевна

Дата: 08.01.2015

Номер свидетельства: 151439


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства