kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сәбіздің адам ағзасына пайдасы »

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Сәбіздің адам ағзасына пайдасы »

 Білімділік мақсаты: Көкөністің ағза үшін пайдасы туралы айта отырып, оқушыларға сәбізді өңдеуді, майға қуырып және әртүрлі салат түрлерін жасауды үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Еңбекті ұйымдастыра отырып, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Көкөністен тағам дайындауды үйрету. Ұқыптылыққа, шеберлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Аспаздық мамандықты меңгерту.

 Түрі: Кіріктірілген  сабақ, сайыс сабақ

 Әдісі: Топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.

 Пәнаралық байланыс: Биология,валеология.

 Көрнекі құралдар: Нұсқау картасы, пайдалы кеңестер, буклеттер

 Барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

а)Оқушыларды түгендеу

 ә)Арнаулы киімдерін тексеру

б) Қажетті құрал-жабдықтардың түгел екендігіне көз жеткізу.

ІІ  Қайталау,еске түсіру.

 Оқушылардан  сұрақты тест бойынша сұрау.

Оқушылар ең алдымен техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

а)Газбен жұмыс жасағандағы техникалық қауіпсіздік ережелері.

ә)Пышақпен жұмыс жасағандағы ережелер.

ІІІ Жаңа сабақ.

    Адам ағзасына қажетті барлық энергия тамақпен келеді. Дұрыс  тамақтану- денсаулықтың басты факторы. Ол адамның өмір сүруімен жұмысына жағымды әсерін тигізеді. Сондай-ақ тамақтануда минералды заттар үлкен қызмет атқарады. Тамақты дайындау барысында ең маңыздысы өнімдерді өңдеудің бар ережелерін сақтау. Бұл

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сәбіздің адам ағзасына пайдасы »»

Сыныптан тыс шара

Қатыскандар 6а,б сыныптар

Өткізген: технология пәнінің мұғалімі Гүлмира Тыныштыбайқызы Тажкуранова


Тақырыбы: «Сәбіздің адам ағзасына пайдасы »

Білімділік мақсаты: Көкөністің ағза үшін пайдасы туралы айта отырып, оқушыларға сәбізді өңдеуді, майға қуырып және әртүрлі салат түрлерін жасауды үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Еңбекті ұйымдастыра отырып, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Көкөністен тағам дайындауды үйрету. Ұқыптылыққа, шеберлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Аспаздық мамандықты меңгерту.

Түрі: Кіріктірілген сабақ, сайыс сабақ

Әдісі: Топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Биология,валеология.

Көрнекі құралдар: Нұсқау картасы, пайдалы кеңестер, буклеттер

Барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

а)Оқушыларды түгендеу

ә)Арнаулы киімдерін тексеру

б) Қажетті құрал-жабдықтардың түгел екендігіне көз жеткізу.

ІІ Қайталау,еске түсіру.

Оқушылардан сұрақты тест бойынша сұрау.

Оқушылар ең алдымен техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

а)Газбен жұмыс жасағандағы техникалық қауіпсіздік ережелері.

ә)Пышақпен жұмыс жасағандағы ережелер.

ІІІ Жаңа сабақ.

Адам ағзасына қажетті барлық энергия тамақпен келеді. Дұрыс тамақтану- денсаулықтың басты факторы. Ол адамның өмір сүруімен жұмысына жағымды әсерін тигізеді. Сондай-ақ тамақтануда минералды заттар үлкен қызмет атқарады. Тамақты дайындау барысында ең маңыздысы өнімдерді өңдеудің бар ережелерін сақтау. Бұл процесс 2 кезеңнен тұрады:

-алғашқы өңдеу; (сұрыптау, жуу, тазалау, кесу, майдалап турау)

-өнімді жылумен өңдеу; (пісіру, қуыру, бұқтырып пісіру, пассерлеу)

Бүгінгі шараның тақырыбы: «Сәбіздің адам ағзасына пайдасы».

Сайысымызға 6-сыныптың «Аспазшылар», «Даяшылар» атты қыздар тобы, сондай-ақ биолог маман Толғанай Бақытжанқызы, мектеп мейірбикесі Алтын Нәжімеденқызы және мектеп аспазшысы Әсел Қабдықайырқызы және әділ-қазылар қатысып отыр.

Әділ баға беретін әділ-қазы алқасымен таныс болайық:

1.Қаденов Қайырғали Батыргерейұлы -мектеп директоры.

2.Сарсенғалиева Дидара Наурызбайқызы оқу-ісінің меңгерушісі.

3. Куженова Нұргүл Қуанышқызы -мұғалім.

4.Мусирова Туғанай Бақытжанқызы- биология пәнінің мұғалімі

5.Калиева Алтын Нәжімеденқызы-мектеп дәрігері

6.Жумашева Бақытжан Сейпековна- ардагер ұстаз

Әр топ өздерін топ аттарымен,ұрандарымен таныстырып өтеді.

І- ші топ:

Аты:«Аспазшылар»

Ұраны:«Қолы қимылдағанның,аузы қимылдайды»

ІІ- ші топ:

Аты:«Даяшылар»

Ұраны:«Күш білімде»

Мұғалім:

«Тәтті тағам күн сайын,күш береді әрдайым» дегендей сайысымызды бастайық.

Жалпы сәбіз бәрімізге таныс күнделікті тамаққа қолданып жүрген көкөніс. Түсі қызыл сары.

Сәбізден не дайындайды? Қане кім айтады?



Шырын дайындайды

Тосап дайындайды


Салат жасайды



Тағам пісіреді

Дәруменге бай дәрі жасайды





Иә, өте дұрыс.

Енді сәбіз өсіру технологиясы жөнінде бүгінгі сабағымыздың қонағы биология пәнінің мұғалімі Толғанай Бақытжанқызына сөз берейік.

-Сәбіз дәрумендерге,оның ішінде каротинге бай дақыл. Мысалы,1 кг сәбізде 25-тен 250 грамға дейін каротин болады. Күтіп-баптай білсе әр гектардан 30-35 тонна өнім алуға болады.

Сәбіз суыққа, құрғақшылыққа да төзімді өсімдік. Сәбіз құмдақ топырақтарда өсіп өнім бере алады. Себу мөлшері дәл болу үщін сәбіздің тұқымын себер алдында ағаш үгіндісімен,құммен немесе 10-15 кг түйіршікті суперфосфатпен араластырады.Сәбіздің 4-5 жапырағы пайда болған кезде оны сиретеді.Сәбізді аяз түскенше жинап алған жөн. Сәбізді қомаларда сақтайды +1+2 ˚С , ауа ылғалдылығы 90-95% шамасында болғаны жөн.

Оқушылар біздің ағзамызға сәбіздің тигізер пайдасы туралы келесі қонағымыз мектебіміздің дәрігері Алтын Нәжімеденқызы айта кетсін.

-Сәбіз ағзаны жұқпалы аурулардан сақтайды. Көзге пайдалы, ағзаның жетілуіне, дамуына ықпал жасайды. Іш қатқанда, бауыр, бүйрек, жүрек, қан тамырлары жүйесі ауырғанда пайдалы. Сәбіз шырыны әсіресе балаларға пайдалы. Ең жақсы сорты қызыл түсті шырынды келеді. Жөтелге ем. Сәбіз тағамда витаминнің жетіспеуінен болатын ауруды жояды, организімнің тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Ұнтақталған, кепкен сәбізді жараны жазатын дәрі - дәрмек ретінде пайдаланады.

Сәбізден қандай тағамдар дайындауға болатыны туралы аспазшы Әсел Қабдықайырқызы таныстырсын.

-Балалар сәбізден көптеген тағамдар пісіреді. Сәбізден шырын дайындалады. Әр түрлі салаттар жасалады. Сәбіз адамзат баласына біздің эрамызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пайдаланған. Күнделікті тағамдарымыздың көбіне сәбіз қосамыз. Адам ағзасына қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді. Оның ішінде көкөністердің пайдасы өте көп. Салат қаймақпен, майонезбен, тұздықпен дайындалады. Көптеген салат түрлеріне сәбіз қосылады.


Әр топ мүшелері кезекпен-кезек мақалдар айтты.

1.Ас адамның арқауы

2. Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.

3. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

4. Ыдысына қарап асын іш.

5.Ас иесімен тәтті,табағымен жақсы.

6.Бақыр қазан қайнаса бәрімізге ортақ.

7.Ас үстінен аттама,астан үлкен емессің.

8.Жер асыңнан,жемес асың көп болсын.







V.Сарамандық жұмыс.

1.«Аспазшылар тобы»

  • Оқушылар өз беттерімен жұмыс жасайды.

  • Сәбіз

  • Ірімшік

  • Жұмыртқа

  • Сарымсақ

  • Аскөк

  • Майонез

  • Тұз,

  • бұрыш.

  • Салатты дайындау әдісі:
    Жұмыртқаны қайнатып аламыз. Жұмыртқа дайын болған соң суығанша тазаланған сәбізді үкіштен өткізіп аламыз, әрі қарай ірімшік және жұмыртқа мен сарымсақ.
    Аскөкті майдалап тураймыз. Барлығын ыдысқа салып араластырып, тұз бұрыш сеуіп майонез қосып араластырамыз. Салат дайын. Өте тез дайындалатын салат түрі.




  • 2.«Даяшылар тобы»

Орамжапырақ 1дана

  • Сәбіз 2-3дана

  • Болгар бұрышы 2-3дана

  • Пияз 1-2дана

  • Лимон шырыны

  • Күнжіт майы 3-5 ас қасық

  • Аскөк

  • Көк пияз

  • Дайындалуы:
    Орамжапырақты алып майдалап тураймыз, сәбізді үкіштен өткіземіз, пияз бен болгар бұрышын дөңгелектеп тураймыз. Барлығын үлкендеу ыдысқа салып , лимон шырынын құйып, қолмен жақсылап араластырамыз. Аскөкті майдалап турап салатымызға салып күнжіт майын құйып тағы жақсылап араластырамыз да



























Сапасына қойылатын талаптар. Сәбіздің иісі мен дәмі сезілуі керек.Түсі қызыл сары, консистенциясы нәзік, дайын салаттың дәмі тіл үйіретіндей болу керек.

Қорытындылау.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Сәбізді тамаққа қосатынды

Әлі де әртүрлі тағам дайындауды

Сәбізден салат жасауды

Пайдалы кеңес:

  • Өнімдерді ұқыптылықпен өңдеңіз.

  • Дайын тамақты ертеңге қалдырмай бірақ ішіп қойыңыз.

  • Пісірілген тамақты сақтауда, сақтау ережесін бұлжытпай орындаңыз.

  • Дайын тамақты дұрыстап толық ысытыңыз.

  • Шикі тамақтар пісірілген тамақтарға жақын болмасын.

  • Қолды бірнеше рет жуыңыз.

  • Асхана тазалығын ұстаңыз.

  • Өнімдерді жәндіктерден, кеміргіштерден қорғаңыз.

  • Таза немесе қайнаған суды қолданыңыз.



Бағалау.Әр топ дастархан мәзірін жасайды.

Әділқазылар жақындап,әр топтың дастарханына өз бағаларын берсін. Топты бағалау.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Мектептегі технология» журналдары.

2. «Шаңырақ» энциклопедиясы.

3. «Технология» оқулығы 6-сынып.

4. «Аспаздық» авторы Г.Бесімбаева, Е.Бесімбаев






























































М.Әуезов атындағы

Тақырыбы: «Сәбіздің адам ағзасына пайдасы »

Сыныптан тыс шара








Өткізген: технология пәнінің мұғалімі Гүлмира Тыныштыбайқызы Тажкуранова


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Сәбіздің адам ағзасына пайдасы »

Автор: Тажкуранова Гулмира Тыныштыбаевна

Дата: 01.04.2017

Номер свидетельства: 405688

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Т?здык?лдегі химиялы? ?осылыстарды? адам а?засына пайдасы "
    ["seo_title"] => string(64) "tu-zdykoldieghi-khimiialyk-k-osylystardyn-adam-ag-zasyna-paidasy"
    ["file_id"] => string(6) "112928"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1408994368"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""??ртты? адам а?засына пайдасы" жоба "
    ["seo_title"] => string(38) "k-u-rttyn-adam-ag-zasyna-paidasy-zhoba"
    ["file_id"] => string(6) "167938"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423152015"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "«Ешкі с?тіні? емдік ?асиеті ж?не пайдасы» ?ылыми конференция "
    ["seo_title"] => string(70) "ieshki-sutinin-iemdik-k-asiieti-zh-nie-paidasy-g-ylymi-konfierientsiia"
    ["file_id"] => string(6) "183715"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1425917306"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(214) "?ылыми жобаны? та?ырыбы:  “?азіргі заманда?ы ?лтты? ж?не фаст-фуд ?німдеріні? адам а?засына тигізетін пайдасы мен зияны”"
    ["seo_title"] => string(131) "g-ylymi-zhobanyn-tak-yryby-k-azirghi-zamandag-y-u-lttyk-zh-nie-fast-fud-onimdierinin-adam-ag-zasyna-tighizietin-paidasy-mien-ziiany"
    ["file_id"] => string(6) "307875"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458469811"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "Иіс сабынны? адам а?засына ?сері ж?не  оны ?й жа?дайында жасау технологиясы"
    ["seo_title"] => string(71) "iissabynnynadamagzasynasierizhnieonyuizhagdaiyndazhasautiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "282725"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453730301"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства