Просмотр содержимого документа
«М.Өтемісұлы "Ереуіл атқа ер салмай", "Жалғыздық" өлеңдері»
№ 15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Арызғұлова Б.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы
«Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, Махамбеттің елін езгіден ерліктің биік шыңына шақырған, ел бірлігін жырлаған өлеңдерін танып-білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, Махамбет өмірі туралы мәліметтер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақтарда өтілген ежелгі дәуір әдебиеті тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты қалай меңгергендерін білу.
Сұрақтар:
1. Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері кімдер?
2. Жүсіп Баласағұн кім?
3.”Құтты білік” кітабының кейіпкерлері кімдер?
4. Махмұт Қашқари туралы не білесіз?
5. Рабғузи туралы не білесіз?
6. Рабғузидің қандай әңгімелері бар?
7. Сәйф Сараи кім, оның кітабы қалай аталады?
8. Шығармаларының мазмұнына қысқаша түсінік беру. Шығармаларының негізгі идеясы не?
Жаңа сабақ.
Махамбет!
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме,
Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...
Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме...
Ондай жыр ем кеселге...
Махамбет өмірімен қысқаша таныстыру
1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмында дүниеге келген. 1846 жылы 20-қазанда Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Қараой деген
өңірде жерленген. Қазақтың көрнекті ақыны.
1836-1838 жылдары Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі.
Махамбеттің ата-тегімен ұрпақтары:
Беріш
Тумаш
Өмірзақ
Құлмәлі
Шыбынтай, Өтеміс,Қобылабай
Қожахмет,Ибраһим, Хасен, Бекмағамбет, Досымайыл,
Әйіп, Сүлеймен, Махамбет, Тоқтамыс, Сымайыл
Махмет, Нұрсұлтан
Сауғабай
Мырзағали, Шәкір
Жүректерді қозғалтып, бұлқынтатын, Махамбетше қиқулап, сарнататын. Ақынның өлеңдерін жатқа айтатын. Бар ма екен ортамызда жас Махамбет?
(Ақын өлеңдерін жатқа айту)
Махамбеттің шығармалары:
Өлеңдері:
«Ереуіл атқа ер салмай»
«Соғыс»
«Мінкен ер»
«Тарланым»
«Мұнар күн»
«Ұлы арман»
«Тайманның ұлы Исатай»
«Орай да борай қар жауса»
«Ерлердің ісі бітер ме?»
«Толарсақтан саз кешіп»
«Нарын»
«Баймағамбет сұлтанға айтқаны»
Күйлері:
“Өкініш”
“Қайран, Нарын”
“Жұмыр қылыш”
“Терезе”
“Арысты аңсау”
“Жорық”
Махамбет шығармашылығын зерттеушілер:
Х. Досмұхамбетов
М. Әуезов
Қ. Жұмалиев
З. Қабдолов
С. Қирабаев
М. Мағауин
Өлеңдерін мәнерлеп оқыту.
Ереуіл атқа ер салмай
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Өлеңде ақын не нәрсеге шақырады?
Сатылай талдату
Өлеңнің аты –
Авторы –
Тақырыбы –
Идеясы –
Шумағы –
Тармағы –
Бунақ –
Буын –
Ұйқасы –
Жырдың көркемдік ерекшелігі:
Өзіңнен туған жас бала, Аллитрация
Сақалы шығып жат болмай.
_________________________
Ереуіл атқа ер салмай, Гипербола
Егеулі найза қолға алмай.
_________________________
Түн қатып жүріп, түс қашпай, Ассонанс
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай.
Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде
Айдан көркем нәрсе жоқ,-
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,-
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ,-
Бірде бар да, бірде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ,-
Еріккен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды-
Тура әділдік биде жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да, менде жоқ.
Мына өлең жолдарының мағынасын ашып жаз
Заманым менің тар болды-
Тура әділдік биде жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да, менде жоқ.
Бекіту
Тест сұрақтары:
Махамбет кім?
а) ақын
ә) би
б) айтыскер
в) жазушы
2. Махамбет қай жылы дүниеге келді?
а) 1802 ж
ә) 1804 ж
б) 1803 ж
в) 1805 ж
3. Махамбет Қазақстанның қай облысында дүниеге келді?
а) Оңтүстік Қазақстан облысы
ә) Солтүстік Қазақстан облысы
б) Шығыс Қазақстан облысы
в) Батыс Қазақстан облысы
4. “Әй, Махамбет, жолдасым” деген өлеңдікім шығарған?
а) Исатай
ә) Махамбет
б) Ақтамберді
в) Дулат
5. Махамбет өлеңдерінде жиі кездесетін жер аты
а) Орынбор
ә) Қараой
б) Атырау
в) Нарын
. Исатайға арналған жоқтау өлеңі?
а) “Тарланым”
ә) “Ұлы арман”
б) “Жәңгірдің ісі”
в) “Нарын”
7. Махамбеттің әкесінің аты кім?
а) Бекмағамбет
ә) Өмірзақ
б) Махмұт
в) Өтеміс
8. Махамбет өліміне себепші болған адам?
а) Ықылас
ә) Жәңгір хан
б) Баймағамбет
в) Қарауылқожа
9. Махамбеттің күйін ата?
а) “Қосалқа”
ә) “Балбырауын”
б) “Нарын”
в) “Адай”
10. Махамбет қай жерде жерленді??
а) Орал
ә) Нарын
б) Бекетай құмы
в) Қараой
Білгенің абзал! 1.Алматылық көрнекті суретші Мадияр Ысқақов Махамбет ақынның суретін салған 2.Халық мұрасының жанашыры Мұстафа Исмағұлов Махамбеттің домбырасын
1979 жылы тауып алып, 1985 жылы халық аспаптар мұражайына тапсырған. 3.Махамбет ақынның мүсінін республиканың белгілі антрополгі Ноэль Шаяхметов жасаған.